4 (30) 2015 (шілде-тамыз) 4



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,83 Mb.
#8535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Keywords: culture, labor, ethics, culture of work.

Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі 

өзінің  жылдам  өзгеруімен,  жаңашылдығы-

мен ерекшеленеді. Ал, білім беру жүйесіндегі 

жа ңалықтың  негізі  –  әрбір  білім  алушыны 

же ке тұлға ретінде қабылдай отырып, оның 

тұл ғалық  ерекшеліктерін  ескеріп,  оларды 

бо лашақ  өмірдегі  бәсекеге  қабілетті  тұлға 

етіп тәрбиелеу.

Адам болашағын шешетін де тәрбие екен-

дігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы 

тү сінік  болғанымен,  оны  педагогикалық  – 

пси хологиялық  тұрғыдан  келгенде  қалай 

жүр гізу  керек,  қалай  ұйымдастыру  керек 

де ген мәселе күн тәртібінен түспейтін ақи-

қат.  Адам  өмірінде  тәрбие  мәңгілік  ка те го-

рия болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асы ру 

ешуақытта  ескірмейтін,  қайта  уақыт  оз ған 

сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз та ла бына 

лайық  жетіліп  отыратын  үзіліссіз  құ бы лыс 

деп  түсінеміз.  Демек,  осы  үдерісте  же ке 

тұлғаның физиологиялық және пси хо ло гия-

лық даму ерекшелігіне жете көңіл бөлу қа жет 

екенін  ғалымдар  дәлелдей  отырып,  ұлт тық 

құндылықтар негізінде жастарға тәрбие бе-

ру мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отыр-

ғанын  қатаң  ескертеді.  Тәрбие  берудің  кез 

келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алу-

шы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең 

алдымен  қазіргі  замандағы  педагогикалық 

пси хологияның  негізгі  ережелерінің  бірін 

атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның 

пси хикалық және жалпы алғанда, тұлғалық 

да муының шарты ғана емес, сонымен қатар, 

оның негізі және құралы болы табылады.

Қазіргі өзгермелі дүние жағдайында адам-

ның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа си  патқа ие 

болып отыр. Соған сай рухани құн дылықтар 

әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-


32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қа-

лып тастырудағы  білімнің  маңызы  туралы 

қа ғидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың 

оқы ту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі 

нә тижесі  ең  тұғырлы  мәселеге  айналды. 

Сон дықтан жалпы білім беретін мектеп қа-

бырғасындағы  әрбір  білім  алушыны  да ра 

тұлға  ретінде  жетілдіруге,  оның  шы ғар-

машылық қабілеттерін ұқыптылық, үнем ді-

лік  мәдениетін  қалыптастыру  негізінде  құ-

зы реттілік  тұрғыда  дамыту  бүгінгі  күннің 

ке  зек күттірмес мәселесі. Сондықтан ұлттық 

құндылықтар негізінде еңбек тәрбиесі ар қы-

лы  білім  алушылардың  ұқыптылық,  үнем-

ділік мәдениетін қалыптастыру негізгі мақ-

са тымыз  болып  табылады.  Осыған  орай, 

ұқыптылық,  үнемділік  әдебі  мен  өзі не-өзі 

қыз мет  ету  мәдениетінің  тарихи  бас тау ла-

рымен, түрлерімен таныстыра отырып, олар-

дың қазіргі сипатын белгілеу, осы әдеп пен 

мә дениетті  жастар  бойына  сіңіре  отырып, 

қа зіргі  заман  талаптарына  сай  азаматтарды 

тәр биелеп  қалыптастыру  мүмкіндіктерін 

бел гілеу  негізгі  міндетімізге  айналып 

отыр. Ұлттық құндылықтар негізінде ең бек 

тәрбиесі арқылы білім алушылардың ұқып-

тылық, үнемділік әдебі, өзіне-өзі қызмет ету 

мәдениеті  қалыптасқан,  қазіргі  заман  та-

лап тарына  сай  азаматтар  азамат  бейнесінің 

си паттамасы.  Әр  адам,  әр  отбасы,  әр  ауыл, 

әр  қала  ұқыптылық  пен  үнемшілдікті  ұран 

қылып  ұстаса,  қыруар  игілік  босқа  кет пес 

еді.  Еңбек  арқылы  адамның  денесі,  көз-

қарасы, эстетикалық және ақыл- ой дең ге йі 

дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құн ды-

лығы  артады.  Балалар  мен  жастардың  ең-

бек  тәрбиесі  ежелден-ақ  ата  –  ана  парызы, 

бү кіл  халық  міндеті.  Халық  еңбекті  асыл 

мұ рат  деңгейінде  қарады.  Адам  өзінің  жан 

жә не  тән  сұлулығын  еңбекте  ғана  көрсете 

ала тындығына  назар  аударады.  Сондықтан 

да  баланы  еңбекке  тәрбиелеу  үйелменнің 

қа сиетті  борышы.  Жас  ұрпақтың  еңбекке 

қа тынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мә-

селесі ретінде жырланды. Жас ұрпақты хал-

қы мыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей 

оты рып, «он саусағынан өнер тамған» нақты 

кә сіп иесі болуын көздеді. Бұл жерде еңбек 

дағ дыларын меңгеруде зор жігерліліктің қа-

жет екенін жақсы түсінді. Қоғамның ең басты 

та лаптарының бірі – әр азаматтың өмірде өз 

орнында  толық  күш  –  жігерін  жұмсап,  қо-

ғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үле-

сін  қосуы,  еңбекке  адал,  саналы  қатынасу 

қо ғамның өмір салтының алғы шарты. Мек-

тепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жал пы 

жүйесінің  құрамды  бөлігі.  Еңбекке  тәр бие-

леу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқу-

шыларының қоғамға пайдалы, өнімді ең бек-

ке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көз-

қа расты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, 

же ке  адамды  адамгершілік  және  зиялылық 

жа ғынан қалыптастырудың негізгі көзі. Жас-

өспірмді,  еңбекке  тәрбиелеудің  жалпы  мін-

дет тері  бірнеше  жеке  міндеттерді  орындау 

ар қылы  іске  асырылады.  Олар:  балаларды 

ең бекке  психологиялық  және  практикалық 

тұр ғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағ-

ды ларын дарыту, оқушылардың ынтасын жә-

не қабілетін дамыту. Балаларды еңбекке пси-

хологиялық және практикалық тұрғыдан да-

йындау - бұл қоғам үшіноқушылардың пай-

далы еңбекке даярлығын және талаптануына 

тәр биелеу, еңбекті өзбетімен, өз еркімен ын-

та ланып орындауға үйрету.

Адам  жан-жақты  және  үйлесімді  да му-

ында  еңбек  шешуші  факторлардың  бі рі. 

Ал  халық  педагогикасында  еңбекті  бү кіл 

тәрбие  жүйесінің  күре  тамыры  деп  қа рас-

тырады.  Адам  еңбексіз  дамымайды,  ке рі 

кетеді,  азады.  Еңбек  арқылы  адамның  де-

не сі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой 

деңгейі  дамып,  жетіледі,  еңбектің  мәні  жә-

не  құндылығы  артады.  Балалар  мен  жас-

тар дың  еңбек  тәрбиесі  ежелден-ақ  ата-ана 

парызы,  бүкіл  халық  міндеті.  Еңбек,  адам-

ның  еңбекке  қатынасы  тақырыптары  аңыз 

әң гімелер,  ертегілер,  мақал-  мәтелдер  жә-

не  ән-жырлардың  арқауы  болды.  Еркін  ең-

бек  барысында  өзінің  және  бүкіл  қоғам 

мү шелерінің  қажеттілігін  қанағаттандыру 

үшін  адам  материалдық  және  рухани  құн-

ды лықтыжасайды.  Шығармашылық  еңбек 

ба рысында адам өз күшінің шамасын және 


33

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

қа білетін анықтайды. Неғұрлым адам өз ең-

бегінің  қоғамдық  маңызына  терең  түсінсе, 

со ғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз ба сы-

ның бақыты.

Қоғамның  ең  басты  талаптарының  бірі 

-  әр  азаматтың  өмірде  өз  орнында  толық 

күш-жігерін  жұмсап,  қоғамдық  байлықты 

есе лей түсуге еңбек қосу, еңбекке адал, са-

на лы қатынасу қоғамның өмір салтының ал-

ғы  шарты.  Ол  үшін  адам  еңбекке  лайықты 

тәр биеленуі керек. Осы заманғы ғылыми бі-

лім мен қаруланған, белсенді және қоғамдық 

іс-әрекетке  жан-жақты  даярланған  еңбек 

адамын  қалыптастыратын  әлеуметтік  тәр-

бие. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік 

бағ дар, мектеп оқушыларының қоғамға пай-

да лы  еңбекке  тікелей  қатысуы  оқуға  деген 

са налы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат бо-

лып өсудің, адамды адамгершілік және зия-

лылық  жағынан  қалыптастырудың  негізгі 

кө зі болып табылады. Осымен қатар, мұны 

ең бек  тәрбиесінің  мақсаты  деп  түсінуіміз 

қа жет. Еңбек мәдениет дағдыларын дарыту, 

оқу шылардың  ынтасын  және  қабілетін  да-

мы ту.  Балаларды  еңбекке  психологиялық 

жә не  практикалық  тұрғыдан  –  дайындау 

-  бұл  қоғам  үшін  оқушылардың  пайдалы 

ең бекке  даярлығын  және  талаптануын  тәр-

биелеу,  еңбекті  өз  бетімен,  өз  еркімен  ын-

та ланып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі 

про цесс  мұнда  оқушылардың  әдеті,  сезімі 

қа  лыптасады. Мысалы, балалар адамдардың 

та бысты еңбегіне масаттанады немесе адал 

ең беккерлердің  есебінен  келген  адамдарды 

жа  ны сүймейді, жек көреді, керек десе олар-

мен  күресуге  де  даяр  тұрады.  Еңбастысы, 

ба  лаларды  еңбекке  даярлауды  1-сыныптан, 

ал үйелменде балалық шақтан бастау, олар-

ды еңбек түрлеріне қатыстыра отырып, ең-

бек тің адамды қайратты және бақытты ете-

тін дігіне  сенімін  қалыптастыру.  Еңбектің 

дағ дылары оқушының бойында қалыптасса, 

ол мектепті бітіргеннен кейін қандай да бір 

жағ дайда  болмасын  ұжымдық  қатынаста 

нор маларын және жолдастық өзара көмекті 

әр уақытта қолдайды.Осылаай мақсатқа ба-

ғытталып жүргізілетін оқушылардың ын та-

сының  қабілетінің,  шығармашылық  ой  өрі-

сінің дамуына мүмкіншілік жасайды, ең бек-

тің тәрбиелік құндылығы артады.

Ерекше  еңбектің  түрі  табиғаттағы  еңбек 

ба  лалардың  өсімдіктер  мен  жануарларды 

кү  туге  қатысуын,  табиғат  мүйісінде,  бақ-

ша  да, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. 

Жа  нуарларды  күту  процесі  оларды  қа да-

ға лау  мен  тығыз  байланыстырылады.  Ба-

ла лар  өсімдіктердің  өсуі  мен  дамуы,  жа ну-

ар   лардың  жай-күйін  күтімге  байланысты 

еке нін  сезіне  бастайды.  Тірі  табиғат  мүйі-

сінің  тұрғындарына  қамқорлық  пен  ықы-

лас  күшейеді,  олар  балалардың  сүйікті  жа-

нуарларына айналады. Еңбектің бұл тү рінің 

байқағыштықты  дамытуға,  тірі  нәрсе нің 

бәріне  ұқыпты  қарауға,  туған  елдің  та би-

ғатын  сүюге  тәрбиелеу  үшін  ерекше  ма ңы-

зы бар. Ол педагогтың балаларды дене жа-

ғы нан  дамыту,  қозғалыстарын  жетілдіру, 

тө зімділігін  арттыру,  дене  күшін  жұмсау 

қа білетін  дамыту  міндеттерін  шешуіне  кө-

мек теседі.  Экологиялық  білімнің  негізін 

са луға  жағымды  әсер  етеді.  Қол  және  шы-

ғар машылық еңбегі өзінің тағайындалуы бо-

йынша адамның эстетикалық қажеттіліктер-

ін  қанағаттандыруға  бағытталған  еңбек 

бо  лып  табылады.  Оның  мазмұны  табиғи 

ма   териалдардан  картоннан,  қағаздан,  мата-

мен,  мех,  табиғи  материалдардан,  ағашпен 

жұ  мыс  жасау  т.с.с  пайдалана  отырып  зат-

тар жасау. Қол еңбегі балалардың қиялы мен 

шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүм-

кін дік  береді,  қолдың  ұсақ  бұлшық  еттерін 

да мытады, тұрақтылыққа, төзімділікке және 

бас таған  жұмысын  соңына  жеткізе  білуге 

тәр биелейді.

Қазір  адамзаттың  көкжиегі  кеңейді,  бо-

йың дағы  қабілетін  жарқырата  көрсетудің 

сан  қилы  жолдары  да  бар.  Қызықты  өмір 

сү ріп,  жемісті  еңбек  етудің  мүмкіндіктері 

де толып жатыр-ау, бірақ отбасылық қарым-

қа тынастың  бұзылуы  үйреншікті  жағдайға 

ай налып  қоғамдағы  мінез-құлық  нормасы 

ре тінде  қалыптасып  келеді.  Өзін-өзі  жетіл-

діру, кемшіліктерімен, әлсіздіктерімен кү ре-

се білуіміз керек. Өзін-өзі тәрбиелеп, ке мел-


34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

дік ке ұмтылуы да басқа адамдармен қарым-

қатынас жасай білуі де, әр адамның бойында 

бір  тамшы  қан  боп  ағып  жүрген  ібілісті 

аластауға әрекеттенуі де осыған жатады.

Ата-ананың  балаға  өнегесі  барлық  жағ-

дай дағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. От-

ба сындағы  шынайы  ұлттық  тәрбие  қолға 

алын бай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін тат  пай, 

оның  ұлттық  менталитеті  қалыптаспайды. 

Ондай жағдайда ол өзін де, өзгеніде сыйлап, 

құрметтеп, отбасының, елінің намысын ой-

лап  жарытпайды.  Мұндай  мәселелерде  әсі-

ресе отбасының ролі ерекше. Себебі тәр бие 

отбасынан  басталады.  Жеке  тұлғаны  тәр-

би елеуде  ата-аналарды  оқу-тәрбие  үрдісіне 

қа тыстыру,  олармен  тығыз  байланыс  жасау 

мә селесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған 

орта  өзінің  құндылықтарымен  тұлғаны  жа-

сай тынын, ескере отырып, біз мектептің ата-

аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара 

әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар 

күшімізді салуымыз керек. Қазақ халқы ең-

бек ті  бүкіл  тәрбие    жүйесінің  күретамыры  

деп қа растырды. Еңбекке асыл мұрат дең ге-

йінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп аланы ең-

бекке  сүйіспеншілікпен,  еңбек  адамдарына 

құр  метпен қарауға, халық шаруашылығының 

са лаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек 

іс-әрекетінің  барысында  олардың  дағдысы 

мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа ма-

мандық таңдауға түсінеді. Отбасында ең бек-

ке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар бе ру 

баланың  қоғамға  пайдалы,  өнімді  ең бек ке 

тікелей  қатысуы  оқуға  деген  сапалы  көз-

қарасты  тәрбиелеудің,  жеке  адамды  адам-

гершілік  және  зиялылық  жағынан  қа лып-

тастырудың негізгі көзі болып табылады.

Мен еңбекке баулу жұмысының жетекшісі 

болсам  не  істер  едім  деген  сұрақ  бәрімізді 

де  мазалауы  қажет.  Қазіргі  бала  тәрбиесі 

от басының ғана жеке ісі болудан, бүкіл қо-

ғамымыздың  терең  ісінің  бір  бөлігіне  ай-

налды.  Қоғам  мен  мектеп  балаларды  тәр-

бие леуде  ата-ананың  көзқарасын  дұрыс 

қа  лыптастыруға  үлкен  ықпал  жасайды. 

Оқу  шы  еңбегінің  жемісті  болуы  да  күн де-

лікті уақытын тиімді пайдалана алуына бай-

ла нысты. Ол үшін әрбір ата-ана баласының 

тәулік ішіндегі мерзімді тиімді пайдалануы 

тәр тібіне  басшылық  етіп,  көмектескені  өте 

орынды.  Әрбір  оқушыны  еңбекке  баулу 

тәр биелеу үшін де оның жұмысқа деген қа-

білетін терең мән беру қажет. Оқушы са бақ 

әзірлеуге  қанша  уақыт  жұмсайтыны,  ең-

бегінің  нәтижесі  қандай  болатынын  оның 

жұмыс  қабілеттілігінің  дәрежесіне  бай ла-

ныс ты.  Жұмыс  қабілеттілігі  төмен  болған 

жағ дайда оқушы сабақ әзірлеуге көп уақыт 

жұм сайды,  аз  қыдырады,  аз  қимылдайды, 

мұ ның  өзі  оның  жұмыс  қабілетін  тө мен-

де теді. Оқушыға ол өзінің бар күшін оқуға 

жұм сайтындай болып көрінеді, үстел ба сын-

да кітап пен дәптерден бас алмай отырады, ал 

мұның нәтижесі көңілді толтырмайды. Жан-

жақты  ойластырылып  жасалған  күн  тәр тібі 

оқушының  уақытты  дұрыс,  мақсатты  пай-

далана білуіне күнделікті тұрмысы мен өмір 

тіршілігіне бағыт-бағдар жасап, жол – жо ба 

нұсқайды. Бұл оны білімге де іскерлікке де 

үйретіп,  еңбекке  дағдыландырады.  Жақ-

сы  мінез,  жарасымды  қылық,  өнегелі  іс ке 

тәрбиелейді.  Сондықтан,  әрбір  ана  ба ла-

сының  күн  тәртібін  орындап  отыруын  қа-

да ғалаудың  маңызы  зор.  Ал  мұндай  әдетке 

бау луда  ата-ананың  жеке  басының  өнегелі 

ше шуші міндет атқарады. Сондай-ақ оларды 

бала  еңбегіне тиісті назар аударып, оны белгі-

лі мақсатқа бағыттап отыруының да ерекше 

мәні бар. Отбасындағы еңбек тәрбиесін мек-

тептегі  тәрбиенің  ажырамас  бір  бөлім  деп 

қа растырамыз.  Өйткені,  оқушы  мектептен 

кел ген  соң,  сабақ  оқумен  шектелмейді,  үй 

шаруасында ата-анасына көмектеседі, түрлі 

бұйымдар  жасайды,  шеберлікке  төселеді. 

Бұл оқушылардың өнімді еңбекке араласып, 

кә сіптік білімді меңгеруі көзделеді. Сондай-

ақ,  бала  әр  түрлі  нұсқаларды  бейнелеп  су-

рет  салып,  саз  аспаптармен  әуестеніп,  ән 

орындап көркем өнермен айналысады. Оқу-

шының  отбасындағы  бұл  еңбегін  эс те ти-

калық  тәрбиеден  бөліп  қарауға  болмайды. 

Ба ланың отбасындағы еңбегі – жалпы қо ғам-

дық еңбектің бір түрі. Баланы еңбекке тәр-

биелеудің  басты  шарттарының  бірі  -  ең бек 


35

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

әрбір  адамның  әдетіне  айналуы  керек.  Қа-

жет ті шарты - еңбек ләззаты, оның сұлулығы 

өз еңбегінің рахатын көре білу кісіліктің бас-

ты белгісі. Абай өлеңдерінің тәлім – тәр бие-

лілі  маңызы  зор.  Онда  балаларды  оқу  оқы, 

ең бектеніп мал тап, талап қыл, халқыңа пай-

да  келтір,  құр  жатпа  дей  отырып,  еріншек, 

өті  рікші,  мақтаншақ  сияқты  қасиеттерден 

бо  йын аулақ ұстауға шақырады. «Өзің үшін 

ең  бек  қылсаң  өзі  үшін  оттаған  хайуанның 

бі  рі  боласың»,-дейді.  Ш.  Құдайбердиевтің 

фи  лософиялық  тұжырымында  «адамның 

жақ   сы  өмірінің  негізі  адал  еңбек,  нұрлы 

ақыл,  ыстық  жүрек  болуы  керек.  Осы  үш 

қа   сиет  барлығына  басшы  болуға  тиіс»  деп 

адам өмірінде адал еңбекті алдыңғы орынға 

қояды.


Өмір тәжірибемнен алынған ой-өрнекте-

рі. Автор: Клара Қаражанова Әзіржанқызы.

Адам өмір сүрудің қызықты болуы үшін 

ең бек ете білу керек.

Еңбек адамға шабыт сыйлайды.

Еңбек еткеннің денсаулығы да мықты бо-

ла ды.

[1]  «Ұлттық  тәрбие»  журналы  №2,  2012 



Қаражанова К.Ә «Жеке тұлғаны тәр бие леу-

де гі отбасы тәрбиесінің рөлі»

Жан-жақты қабілетімді дамытуда тек қы-

зу еңбек арқылы жеттім.

Еңбек адамының көңілі шат.

Еңбек - бос уақытты тиімді ұйымдастыра 

білудің тәсілі.

Еңбек мінездің жақсы қалыптасуына ті ке-

лей байланысты.

Еңбек надандықтан арылтады.

Еңбек күншілдікті жояды.

Еңбек өсек – аяңмен араз.

Еңбек адамы көрсеқызар болмайды.

Еңбексіз өткен әрбір күн, бос өткен күн.

Еңбек адамы, жалқау адаммен жаны қас.

Баланы еңбекке жастай тәрбиеле.

Еңбек білімге ұмтылдырады.

Еңбек жан сергітеді.

Еңбек  табандылыққа,  төзімділікке  тәр-

бие лейді.

Еңбек адамы тәртіпті сүйеді

Еңбек адамы ұйқыны сүймейді.

Еңбекпен шыққан ащы тер адам ағ за сын-

да ғы зиянды шлактарды жояды.

Еңбек адамы оптимист болып қа лып та са-

ды.


Еңбек адамы бос сөзді білмейді.

Еңбекқор адам, батыл – ержүрек.

Шын бақытты еңбектен таптым.

Еңбек қиялыңды көкке өрлетеді.

Болашақтан жақсылық көргіңіз келсе, ба-

лаңызды, ұрпағыңызды бесіктен қатты тәр-

биеле.

Еңбектену  арқылы  болашақтан  жақсы 



үміт күтемін.

Өмір нәрі еңбек. Өмір мәні еңбек арқылы 

жа мандықты жеңбек.

Халық тәрбиесінің қазығы - еңбекке бау-

лу, ел көсегесін көгертер азамат өсіру. «Ең-

бек  екінші  атаң»,  Асырайтын  да  еңбек,  ая-

лай тын  да  еңбек.  Атаңдай  аяулы  да  еңбек, 

ая лайтын  да  еңбек.  Жандүниеңнің,  рухани 

тұл ғаңның жамағат алдында ешбір бүкпесіз 

көрінер алаңы 

«Баланы  –  жастан...»  деген  мақал  ха лық 

басынан  кешкен  күйзелістердің  тари хын 

зерттеген  әрбір  адам  жер  бетіндегі  күй-

зелістердің  тарихының  барлығы  на дан дық-

тан  екеніне  көз  жеткізе  алады»  деген  ұлы 

фи лософ К. Гельвецкий. Егер ата-анасынан 

жақ сы  өсиет  естіп,  үлкендердің  үлгі-өне-

ге сін көріп-өссе, ондай баланың жаман бо-

луы  мүмкін  емес.  «Адамның  бойында  бір 

ға на  жамандық  бар,  ол  надандық.  Бұған 

қар сы  қолданылатын  бір  ғана  дәрі  бар,  ол 

–  ғы лым»  деген  еді  Писарев.  Расында  да, 

адам бойындағы жамандықтың барлығы на-

дандықтан туындайды. Надан адам екі аяқты 

жануармен  тең.  Бұл  тұста  «Жасында  торай 

болғаннан үлкейгенде шошқа шығар» деген-

ді  Маяковский.  Тәрбиенің  негізі  мектепке 

де йін  отбасында  қалыптасады.  Сондықтан 

бар жауакершілікті мектепке жауып қоймай 

ба ла тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарап 

жас тайынан қолға алған жөн. Бала тәрбиесін 

уыс тан шығарып алсаңыз, оны қалпына кел-

тіру үшін қатты қиналасыз.


36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 322.2



М. М. Нуров

Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының сарапшысы, гуманитарлық 

ғылымдар магистрі

ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ИДЕЯСЫ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БОЛМЫСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Мақалада зайырлы мемлекет идеясы және оның әлемдік тәжірибедегі қалыптасуы қарастырыла-

ды. Батыс және бірқатар азиялық елдерде зайырлы мемлекет идеясының даму процесі сарапталады. 

Сонымен қатар, қазақстандық зайырлы мемлекет үлгісімен салыстырмалы талдау жүргізілген.



Түйін сөздер: зайырлы мемлекет, дін, концепция, қоғам, саясат, тұрақтылық.

В  данной  статье  рассматривается  идея  светского  государства  и  мировой  опыт  становления 

секуляризма.  Анализируется  процесс  развития  идей  светской  модели  государства  на  Западе  и 

в ряде азиатских стран. Также сделан сравнительный анализ с казахстанской моделью светского 

государства.

Ключивые словасветское государство, религия, концепция, обшество, политика, стабильность.

In this article is considered idea of the secular state and world experience of formation of secularism. Is 

analyzed development process of ideas of secular model of the state in the west of and in a number of the 

Asian countries.Also is made comparative analysis with Kazakhstan model of the secular state.



Keywords: secular state, religion, concept, society, policy, stability.

Жаһандану дәуірі қазіргі заманда қандай мем-

лекеттің  болмасын  даму  жолына  тікелей  әсер  

етіп, оның қалыптасуының жан-жақты салалар-

ын  қам тиды.  Осы  үрдістерден  қарастырғанда, 

қо ғам  мен  мемлекет  арасындағы  байланыстың 

тұ рақ ты, мызғымас қалыпта болуы мемлекеттің 

да му  стратегиясының  барынша  өміршең,  мем -

ле кеттің  басты  қазынасы  адам  өмірі  мен  қа-

уіп сіздігін  қамтамасыз  етудегі  саясатының 

тұ рақтылығы  болмақ.  ХІХ  ғасыр  соңынан 

бас талған  мемлекеттердің  саяси  процестерін 

дін нің  әртүрлі  эманципация  түрлерінен  бо-

са тылу  әрекеттері  етек  алды.  Дегенмен,  дінді 

мем лекеттен  бөлгеннің  өзінде,  оның  қоғамдық 

са наға  тигізетін  тікелей  әсерін  жоққа  шығару 

мүм кін  емес.  Сондықтанда,  бұл  бағытты  әрбір 

мем лекеттің  кешенді  қалыптастырған  саясаты 

бо луы қажет.

Мәдени-рухани  және  саяси-әлеуметтік  да-

му  кезіндегі  адам  баласының  өмір  сүріп 

отыр ған  ортасы  –  қоғамның  мемлекеттік  ти-

пі  зайырлы  болып  қалыптасуы  үшін  мем ле-

кеттік  билікпен  діннің,  діни  ұйымдардың  ара-

сындағы  байланыстары  барынша  бір  жүйе ге 

келтірілген  болуы  қажет.  Оның  үстіне  әлеу-

мет тік  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  қарым-қа-

тынастардың  зайырлы  мемлекеттегі  қа лып-

тастыру  барысындағы  дін  ықпалының  ма ңыз-

ды лығын жоққа шығару мүмкін емес. Осы тұр-

ғыдан алып қарағанда, еліміздегі мәдени-ру хани, 

саяси-әлеуметтік қарым-қатынастарды рет теуде, 

халыққа ұсынылып отырған әлеуметтік бағ дар-

ла малардағы  діннің  мәні,  сонымен  қатар  діни 

жағ  дайды реттеуде қажеттілігі өзінің қазіргі за-

манғы рухани әлеуметтік әлемдегі ең өзекті мә-

се лелердің бірі екендігін көрсетеді.

Қазіргі  заманда  өмір  сүрудің  тиімді  әре кет-

те рін  қарастырған  кезде  мұсылман  елдерінің 

бұ  дан  зиян  көрмейтіндігі  сөзсіз,  алайда  ол 

үшін  жаһанданудың  басқа  субъектілерімен  ұқ-

сас  стратегия  қалыптастыру  қажет.  Осындай 

әдіс  аясында  Батыстың  мұсылман  әлемінің  ру-

ха ни  ұлттық  құндылықтары  мен  әлеуметтік 

бір  ліктерінің  бұзылуынан  мазасыздануы  ай-

қын жағдай, себебі ешбір ұлт осы үдеріс сал да-

рынан болатын қауіп пен мүмкіндіктерден сақ-

тан дырылмаған.  Сондықтанда  қазіргі  кездегі 

за йырлылықты  ұстанатын  ел  үшін,  оның 

азаматтарының  ешбір  құқықтары  шектелмей, 

ер  кін  өмір  сүруі  мен  ар-ождан  еркіндігін  жү-

зеге  асыру  өте  маңызды  мәселе.  Қоғам  әр түр-

лі  көзқарастармен  ерешеленетін  адамдар  то-

бының  біртұтас  бірлестігі  болатын  болса,  сол 

тұтастықтың қауіпсіздігі мен бүтіндігін сақ тай-

тын мемлекеттік идеология болуы қажет.



37

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Мемлекеттің күш-қуаты мен ғылым мен бі лі-

мін қалыптастыруда сауатты өмір салтын жа сау 

қажет.  Әлеуметтік  жағдайы  жақсы,  білім  бе ру 

саласы  жоғары  болған  елдің  болашағы  жар-

қын.  Әлеуметтік  бағдарламалар  мен  білім  про-

цес теріндегі  діннің  алатын  өзіндік  орны  бар. 

Діни білім беру арқылы зайырлылық қағидасын 

ұстай, оның біздер үшін керекті жақтарын ашып, 

осы мәселеден туындайтын міндеттерді анықтау 

зайырлы  қоғамның  қазақстандық  болмысын 

көр  сету болмақ.

Әлемдік  тәжірибеден  анық  болғандай, 

зайыр лы  мемлекет  немесе  «секуляризация» 

(көне ла тыннан. saecularis - дүниелік, зайырлы) 

мем ле кеттің  шіркеулік  меншікті  (көбіне  жер) 

за  йырлылыққа  айналдыруы  [1]  Еуропадан 

бас  тал ды.  Секуляризация  Реформация  ке зін-

де  кең  жүргізілді  және  батыс  Европада  шір-

кеудің  рұқ са  тымен  діни  жағдайдан  зайыр лы 

жағдайға  өту  процесі    кең  етек  алды.  Еуропа-

лық    қоғамның      жаңа  даму  жолын  таңдауда 

дін  нің  үстемдігін  әлсірету  арқылы  шіркеу  мен 

мем  лекет арасындағы шекараның нақты ал шақ-

тығын  белгілеу  шарты  тұрды.  Бұл  жағ дай да, 

алғашқы  зайырлы  мемлекеттің  қағидасы  мем -

лекетті  толықтай  діннен  ажырату  үшін  емес, 

мемлекеттік  биліктегі  белгілі  бір  шір кеу  дің 

үстемдігін  болдырмау,  қоғамдық  са на дағы  ді-

ни  құндылықтарды  сақтайтын  кон цеп ция сын 

құру  болды.  Және  осы  арқылы  бірінші  қо ғам 

өкілдерінің  екінші  қоғам  үстіне  діни  дү ние та-

ным дық  көзқарастарын  күшейтпеу  қор ға ны шы 

бо лып есептелінді. 

Ал  біздің  жағдайда,  зайырлы  мемлекет  қа-

ғидасын  ұстану  жаңа  тәуелсіз  ел  болған  мем-

ле кет  үшін  жан-жақты  даму  жолындағы  стра-

те гиялық  мақсатты  уақытқа  сәйкес  орындау 

бо лып  табылады.  Біздің  еліміздің  көпшілігін 

құ райтын мұсылмандар үшін зайырлы мемлекет 

қа ғидасы ғасырдан бергі келе жатқан ислам діні 

құн дылығы  мұрасы  арасындағы  байланысты 

үзіп, қоғамдық өмірдегі моральдық тәрбиесі мен 

білім  берудегі  орнын  мойындамау  болып  кө рі-

нетін құрал ретінде көрінеді. Дегенмен, осы тү-

сі нікте  шындықтың  көрінісі  болғаннын  өзінде, 

мұ сылман  үшін  басқа  дін  немесе  батыстық  се-

ку ляризмнің  сипаттарын  көрсетпейді.  Біздің 

бұ дан  секуляризм  түсінігін  түсінуде  батыс  се-

ку ляризмінің  тарихи  жағдайы  мен  алғашқы 

мақ саттарын  зайырлы  догматизм  әсерінің  бар 

екендігін көреміз. Осының әсерінен, кейбір мұ-

сыл ман  елдері  зайырлы  мемлекет  қағидасына 

ұқ сас мемлекет концепциясын ұсынған болатын. 

Де генмен, ол концепцияның мазмұны мен мақсат 

мін деттері батыстық секуляризммен арадағы өз-

ара ұқсастықты көрсетті.

Енді  мысал  ретінде,  қазіргі  кездегі  мұсыл-

ман дық  популистік  қозғалыстардың  ұстанымы 

ис лам діні қағидасы мен құндылықтарына қарсы 

тұ рып қана қоймай, тарихи мұсылман қоғамында 

жа салған  саяси  тәжірибеге  де  қарама-қайшы. 

Діни сенім мен құндылықтардың саяси құрылым 

мен тарихи мұсылмандық қоғамның мемлекеттік 

би лік  арасындағы  байланысының  қай  деңгейде 

еке нін  көрсету  де  маңызды  мәселе.  Сондықтан 

да біздің еліміз үшін ар-ождан бостандығы мен 

ер кіндігі қағидасына қатер төндірмей, саяси іс-

әрекеттің  концептуальдылығы  негізінде  қо ғам-

дық  өмірдің  моральдық  нүктесін  барынша  да-

мы татын жол іздеуіміз керек.

Секуляризм  анықтамасы  күрделі  әрі  көп-

қыр лығымен  ерекше.  Дегенмен,  қазіргі  ғы лы -

ми  әдебиеттерден  зайырлы  мемлекет  қа ғи  дасы 

анықтамасының  оның  алдыңғы  қо ғам да  орын 

алған  анықтамасынан  өзгешелік  кө рін бей ді. 

Сонымен  қатар,  өзінің  мәні  жағынан  «се ку ля-

ризм»  Батыс  елдерінен  бастау  алып,  кейін  бас-

қа қауымдастықтар таралған қазіргі таңдағы құ-

былыс.  Секуляризм  ұғымын  біз  жоғарыда  атап 

өт кендей,  оның  қазіргі  анықтамаларының  бірі 

ре тінде,  оның  мақсаттарының  бірі  мемлекеттің 

еш бір  дін  және  діни  құндылық  қозғалысынан 

ал шақ, нақты бір дінді насихаттамайтын билігі 

мен кеңсесі жоқ деп қарастырылады. Негізгі сая-

си-әлеуметтік  құндылық  ретінде  зайырлы  мем-

ле кеттің  Еуропадағы  идеясын  XV  ғасырдағы 

ре форматорлық қозғалыстың өкілдері болып та-

бы лады. Шіркеу мен мемлекет бөлінуін қалаған 

ал ғашқылардың қатарындағы Р. Декарт, Т.Гоббс, 

Дж. Локк және Ж.Ж. Руссоны атап өтуге болады. 

Мы  салы  Р.  Декарт,  «сенімділік  пен  ақиқаттық 

бі лім  тек  қана  менің  шынайы  Құдай  туралы 

тү сінігіме  тәуелді,  мен  оны  түсінбейінше,  бас-

қа  туралы  ешқандай  да  бір  толық  білімді  тү-

сі ну  дәрежесінде  болмадым»  [2]  –  деп,  өзінің 

ре форматорлық  идеяларына  сала  отырып  дін 

немесе сенімді құдайылыққа айналдыру бол ма-

ғандығын  айтады.  Ал,  Ж.Ж.  Руссо  болса,  дәс-


38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

түр лі  тәжірибедегі  қолданыстағы  дінге  сыни 

көз қараспен  қарап,  оның  қазіргі  мемлекет  ту-

расынан  жүйелілікте  болуын  қалады.  Ол  дін-

нің қоғамдағы тыныштықты сақтайтын дог мат-

тарын  қолдап,  оған  қарсы  тұратындарды  то ле-

рант тылық емес деп атаған болатын [3]. 

Зайырлы  мемлекет  идеясы  алғашқыда  дін ді 

қоғамнан  немесе  діни  сананы  саяси  іс-әре кет-

терден ажыратудағы құрал емес болатын, ол мем-

лекетті шіркеулік құрылымнан, саяси және ді ни 

билікті  алшақтату  болды.  Зайырлылықты  та-

мырын біз діни иерархия мен орталықтанған дін-

ге қарсы бас көтерген протестанттарда жат қан-

дығын білеміз. Осы жағдайдан кейін, уақыт өте 

келе, оның ықпалы мен бағыты өзгере бас та ды. 

Алайда, бір ғасырдан соң, еуропалық озық зия-

лы лар арасында діннен әлі де болса кері күштің 

бар лығын  сезінген,  олар  үшін  маңызды  болған 

эман ципация мен алға жылжудың барысы болды. 

Со лардың  бірі  К.Маркс,  зайырлы  мемлекеттің 

қо ғамдық  санадан  діннің  алшақтағанын  айт-

қан ның  өзінде,  діни  өмірден  қауіпті  көрді.  Бұл 

оның  секуляризмнің  тек  мемлекетке  қажет  мә-

се лесіндегі  діннің  бәсеңдігімен  байланысты. 

Де генмен, діннің жекешеленуі азаматтық қоғам 

құ руына әсерін тигізді. Мәселен, АҚШ-нда дін-

нің жекешеленуі жоғары деңгейде болса да, ол 

қоғамды әртүрлі діни бірлестіктерге бөліп, эко-

но микалық  өмірге  нақты  ықпалын  тигізіп  ішкі 

ын тымақтастықты  құрылуын  қамтамасыз  етіп 

ке леді. 

Біздің  мемлекетіміздің  Конституциясында 

көр сетілгендей,  зайырлы  мемлекет  ретінде  біз-

де  белгілі  бір  дін  өз  үстемдікке  ие  емес.  Заң 

ал дында  барлығы  бірдей  және  «Діни  қызмет 

жә не діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәй-

кес діни бірлестіктер өз қызметін құжатта көр-

сетілген  ережеге  сәйкес  әрекет  етуде.  Діни  тү-

сі ніктердің  дұрыстығын  қадағалау  және  түсіну 

үшін мемлекет тарапынан білм беру жүйесінде 

бір қатар  өзгерістер  болып,  оның  нәтижесінде 

дін танушы мамандарды дайындау қолға алынып, 

оның алғашқы топ өкілдері де халықты діни бі-

лі мін жетілдіру жұмыстарына араласып кетті. 

Енді  біз  зайырлы  мемлекетті  батыстан 

бас тау  алып,  оны  түсіну  мен  талқылаудағы 

әлем нің  басқа  да  аймағының  тәжірибесін  қа-

растырғанымыз  абзал.  Соған  мысал  ре тін де, 

«Мемлекет  және  секуляризм.  Азия  перс пек-

тивалары»  [4]  атты  Сингапур  Ұлттық  уни вер-

си тетінде  М.Сиам-Хэн  Хэн  (Michael,  Siam-

Heng Heng) және Чин Лью Тен (Chin Liew Ten) 

редакциялығымен  жарық  көрген  кітапта  ба-

тыстық  тәжірибені  ескере  отыра,  азиялық  тә-

жір ибенің  үлгілері  көрсетілген  сингапурлық 

идея ны  аламыз.  Біздің  мемлекетіміздегідей, 

көп теген  Азия  мемлекеттері  үшін  зайырлы 

мем лекет  құрудағы  мемлекеттің  әлеуметтік-

эко номикалық  және  саяси  дамуы  да  өзекті  мә-

се лелердің  бірі.  Себебі,  зайырлылық  көбіне 

Еуро палық  мемлекеттер  тарапынан  тәжірибесі 

бол ғандықтан, азиялық мемлекеттер үшін өзін-

дік  тәжірибесін  ұсыну  бірден-бір  маңызды 

мә селе.  Осы  кітаптың  бірінші  тарауында  дін 

мен  зайырлылық  концепциясына  шығыс  азия-

лық,  нақтырақ  айтқанда,  сингапурлық  көз қа-

рас туралы баяндалады. Автор (Prasenjit Duara) 

бұл тарауда негізгі салмақты дін мен сек у ляри-

зацияға  береді.  Алға  қойылған  мақсат-мін дет-

тер ді  айта,  батыстық  тәжірибені  негізге  ала 

оты рып,  тұжырымды  социологияның  азиялық 

қа уымдастықтары  туралы  эмпирикалық  мә лі-

мет теріне келетінін келтіреді.

Осыған сәйкес, құрылымның төмендегідей:

1) Жаһанданудың тарихи ықпалы, негізі Ба тыс-

тың – шіркеудің мемлекеттен бөлінуі және азия-

лық  қоғамның  протестанциялануы;  2)  та ри хи 

қарым-қатынастың космологиялық және қо ғам-

да ғы  күнделікті  өмірдегі  басымдылығы  және 

3)  қазіргі  заманғы  императивтер  -  мемлекеттен 

ке летін  діншілдіктің  зайырлылыққа  қарсылығы 

көр сетілді. 

Бұл  тарихи-әлеуметтік  құрылым  са лыс-

тырмалы  түрде  ХХ  ғасырдағы  дін  мен  за йыр -

лылықтың  қатынасы  құрылу  жолында  азия-

лық  пен  батыстық  емес  қоғамдарының  «дін», 

«секуляризм»,  «мемлекетке»  берген  анық та ма-

ла рын  көруге  болады.  Сонымен  қатар,  Қытай 

мем лекетін мысалға келтіре отыра, өткен ға сыр 

басынан  басталған  зайырлы  мемлекеттің  кон-

цепциясын  талқылайды.  Басқа  тарауларда  за-

йыр  лы  мемлекеттің  негізгі  мәселелері,  Қытай 

сая сатындағы  діни  зайырлылық,  Үндістандағы 

сек у ляризм, Индонезиядағы зайырлық аза мат  ты-

лыққа шақыру, Түркиядағы дін және мемлекет, 

прагматикалық секуляризм, азаматтық дін және 

Сингапурдағы  саяси  легитимділік  мәселелері 

қарастырылады. 

Қорыта  келгенде,  зайырлы  мемлекет 

қалыптастырудағы  әлемдік  тәжірибеге  сүйену 

келешекте белгілі нәтижелілігімен стратегиялық 

мақсаттардың  және  елдің  экономикалық 

дамуындағы бірқатар серпілістерін бермек.



39

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет