4 (30) 2015 (шілде-тамыз) 4



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,83 Mb.
#8535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘДЕБИЕТТЕР

1 ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2 Рубинштейн С, Абульханова-Славская К Основы общей психологии //Питер, Мастера 

психологии ISBN 5-314-00016-8; 2007.

3 Н.Назарбаев «Біздің халқымыз 

жаңа өмірге бейімделуі керек».// «Егемен Қазақстан». 31 

мамыр. 2000.

4 Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары, А., 1992.

5 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2014.


56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37. 06



Н. Аймбаева 

Алматы қаласы,

№30 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларын  шығармашылық  жаттығулар  арқылы  оқыту 

оқу шылардың қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, оқу ма-

те риалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тә-

сіл дері арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жүзеге асырылады.

Түйінді сөздер: Логика, ойлау, мектеп, оқушылар, шығармашылық.

В статье рассматриваются интенсивное развитие творческих способностей и проблема 

развития познавательного интереса учащихся начальных классов. В то же время, развитие 

логического  мышления  учащихся  осуществляется  различными  средствами  обучения,  к 

которым  относятся  как  содержание  учебного  материала,  средство  организации  учебной 

деятельности учащихся.



Ключевые слова: Логика, мышление, школ, ученики, творчество.

The article deals with the intensive development of creativity and the problem of development 

of informative interest of pupils of primary school. At the same time, the development of logical 

thinking of students is carried out by various means of training, which includes the content of the 

educational material, the means of educational activity of students.

Keywords: logic, thinking, schools, students, work.

Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдын-

да  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі  –  дү-

ние жүзілік  білім  әлеміне  ену  болып  отыр. 

Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жа ңа 

бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жа ңа-

рту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жү-

зе ге  асыру  алғышартта  тұрған  баршамызға 

аян.  Сондықтан  да  мектеп  қазіргі  уақытта 

та лап етіп жатқан жас жеткіншектерге деген 

әлеу меттік  тапсырысты  қанағаттандыруды 

қа жет  етсе,  бүгінгі  мұғалімнің  шеберлігі, 

мә дениеті,  психологиялық-педагогикалық 

жү йеде ғылыми ізденістер басты бағытта бо-

лып отыр. 

Осы  тұрғыда  Қазақстан  Республикасы-

ның  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  білім  ме-

кемелерінің  2  съезінде:  «Болашақта  ең бек 

етіп,  өмір  сүретіндер  –  бүгінгі  мектеп  оқу-

шы лары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, 

Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан 

да  оларға  жүктелген  міндет  ауыр  болады» 

[1], – де ген сөзі еріксіз еске оралады.

Демек,  Егеменді  Қазақстанның  болашақ 

по  тенциалын  оқытып-тәрбиелейтін  мұ ға -

лім нің  шығармашыл,  жан-жақты  бі лім ді, 

парасатты,  мейірімді,  сезімтал,  интел лек-

туал ды,  мәдениетті,  ғылыми  зерттеуші,  із-

денімпаз болуы – заман талабы. Бұл қа сиет-

тер ге  ие  болу  үшін  мұғалім  үнемі  ізденіп, 

кә сіби шеберлігін жетілдіріп отыруы тиіс. 

Қазіргі  уақыттың  негізгі  талаптарының 

бі рі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қа-

былдай алатын, логикалық ойлауы дамыған 

жа ңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл 

адамға айналдыру. Оқытудың мақсаты оқу-

шы ларға білім беру ғана емес, сонымен бір-

ге  олардың  ойлау  қабілетін  дамыту  және 

бел сендіру  оқушылардың  білімді,  дағдыны 


57

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

те леді.  Өйткені  логикалық  ойлау  кейінірек 

бей нелік  ойлаудың  негізінде  қалыптасады, 

ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми 

білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Әйт-

се де бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ер-

те рек  логикалық  «жолға»  шығару  дегенді 

көр сетпейді.

Біріншіден,  ойлаудың  логикалық  форма-

ла рын игерудің өзі ойлаудың логикалық же-

тілген  бейнені  формалары  ретінде  игеріл-

мейінше,  толық  құнсыз  күйде  қалып  оты-

ра ды.  Дамыған  көрнекі  схемалық  ойлау 

ба   ланы  логика  табалдырығына  жеткізеді. 

Екін  ші ден,  логикалық  ойлауды  игеріп  бол-

ған нан  кейін,  бейнелік  ойлау  өзінің  мәнін 

еш бір  жоғалтпайды.  Ал,  оқушылардың  ой-

ла уын  дамытып,  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен 

са палы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге 

үй рету  –  математика  сабағының  міндеті. 

Жа ңа  буын  математика  оқулығының  басты 

ерек шеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа 

ла йықталған  материалы,  негізінен  алғанда, 

төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады. 

Со лардың бірі – балалардың шығармашылық 

іс-әрекетке  бейімдеу  мақсатын  көздейтін, 

оқу лықта  жасыл  түсті  қоршауға  алынған 

шы ғармашылық жаттығулар. 

Шығармашылық  жаттығу  –  бұл  нақ ты 

мәні  берілмеген,  есепті  шартты  ма тема ти-

калық  заңдылықтар  арқылы  орындау.  Шы-

ғар машылық  тапсырмалар  оқушылардың 

жа ңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін бел-

гілі бір жаңалықтардың авторы ретінде се зі-

неді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі 

қы зығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік 

бе реді. «Оқушылардың логикалық ойлау қа-

бі летін  дамытуға  бағытталған  стандартты 

емес  тапсырмаларды  шығармашылық  жат-

ты ғулар  деп  атаймыз»  [3].  Сондықтан  шы-

ғар машылық жаттығуды ұдайы жүргізе оты-

рып  біз  оқушылардың  тек  пәнге  деген  қы-

зығушылығын  ғана  емес,  логикалық  ой ла-

уын да дамыта аламыз. Логикалық білім бе-

руді бастауыш сыныптан бастау керек. Оқу-

шы лардың ерекшеліктерінің бірі – бастауыш 

сыныптардағы  оқушылардың  логикалық 

ойлауын дамытуды, логикалық байланыстың 

мең геру  үшін,  болашақта  танымдық  және 

тә жірибелік іс-әрекетке оқушыларды да йын-

дау қажетті шарт болып табылады.

«Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өз ара 

барлық байланыс қатынастарымен сәуле лен-

діретін,  миымызда  жалпылай  және  жанама 

түр де сөз арқылы бейнеленетін процесс» [2].

Балалардың  ойлауын  дамыту  туралы  М. 

Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның 

өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым 

ауыр,  сондықтан  басқыштап  іс  істеу  керек. 

Оқу лықтағы берілген тапсырмалар, суреттер 

ба ланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқу-

шының оқуға, білімге деген ынта – ықы ла-

сы,  құштарлығы  болуы  керек»  [2,1].  Оқу 

ма териалын  балалардың  ойлау  қабілеті  же-

терліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйым-

дас тырса  ғана,  оның  ойлау  қабілетінің  да-

муына  мүмкіндік  туады.  Сондықтан  да, 

мұ ғалім  балаларды  үнемі  ойланып  оқуға 

ба ғыттауы  тиіс,  бұған  оқу  үрдісін  жүйелі 

ұйым дастыру,  сабақта  бала  логикасын  дұ-

рыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пай-

далану  арқылы  жетуге  болады.  Дұрыс  ой-

лаудың формалары мен заңдары туралы ғы-

лым логика деп, ал ой қорытындыларының 

обь ектив пікірлерге негізделетін процесі ло-

ги калық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қо ры-

тын дылардың  қисындылығында,  олардың 

шын дыққа  сай  келуінде.  Логикаға  түскен 

құ былыс  түсіндіріледі,  себептері  мен  сал-

дар лары қатесіз анықталады. Ұғымдар ара-

сындағы  байланыстар  мен  қатынастар  ло-

ги калық ойлау жолымен ашылады. Бұл бай-

ла ныстар  мен  қатынастардың  дұ рыс тығын 

теріске  шығаруға  болмайтыны  пі кір лерде 

көр сетіледі.  Психолог  –  ғалымдар:  Н.Н. 

Поспелов,  Ю.А.  Петров,  А.Н.  Леонтьев, 

«ло гикалық ойлау» ұғымына нақ ты анық та-

ма  берген.  Олардың  пікірінше  «ло ги ка лық 

ойлау»  дегеніміз  логика  заң ды лық та рын 

пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұ жы рым-

дар ды  қолдануға  негізделген  ой лау дың  бір 

тү рі.

Бастауыш сынып баланың логикалық ой-



лауын  дамытудың  негізгі  кезеңі  деп  есеп-

58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ма ғынасын түсіндіруге математика сабағын-

да мүмкіншілік көп. Бірте – бірте ақыл ойды 

жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге 

әке леді.  Осы  арқылы  баланың  өзіндік  көз-

қа расы  қалыптасып,  өзіне  деген  сенімі 

арта ды. «Сабақта қызықты жаттығулар, ло-

гикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді 

пайдаланудың  пайдасы  зор»  [5].  Мысалы, 

2-сыныпта  математика  сабағында  баланың 

ло гикалық  ойлауын  шығармашылық  жат-

тығу арқылы дамытуда пайдаланған жұмыс 

түрі.

Міне,  осыған  байланысты  мынадай  шы-



ғармашылық  тұрғыдан  логикалық  ойлауға 

есептер  беріледі.  Теңдеу  құрып  оны  шеше 

бі луге үйретеді. Бер: Ақдананың ойлаған са-

нынан Шешуі: ең үлкен бір таңбалы санды 

(х – 9) + 11 = 100 азайтып, нәтижеге ең кіші 

екі х – 9 = 99 таңбалы санды қосқанда, 100 

х = 108 шықты. Ақдана қандай сан ойлады? 

Ж  /  бы:  108  Ол  сан  туралы  тағы  не  айтуға 

бо лады?

Міне,  бұл  есеп  ойлауға,  теңдеу  құрып, 

оны есептеп, келесі үш орынды санды өтуге 

дайындық болып келеді.

Мысалы:  Үш  сөреде  кітап  тұр.  Төменгі 

сө редегі  кітап  қалған  екі  сөреге  қарағанда 

екі  есе  аз,  ал  ортаңғыда  қалған  екеуіне  қа-

ра ғанда үш есе аз, ал үстіңгі сөреде 30 кітап 

тұр. Үш сөредегі кітап қанша? Шешуі: Тө-

мен гі  сөредегі  кітаптарды  бір  бірлік  десек, 

он да  ортаңғы  және  жоғарғы  екі  сөреде  екі 

бірлік,  ал  үш  сөредегі  барлық  кітаптар  үш 

бірлік.  Бұдан  төменгі  сөреде  барлық  кі тап-

тың бөлігі, ортаңғы сөреде барлық кітаптың 

бө лігі.  Төменгі  және  ортаңғы  екі  сөреде 

бар лық  кітаптың  бөлігі,  бұдан  жоғарғы  сө-

ре дегі 30 кітап барлық кітаптың бөлігі; бар-

лық  үш  сөредегі  кітап  (кітап).  Әрбір  шы-

ғармашылық есеп логикаға негізделген. Ло-

гикалық ойлау арқылы оқушының пәнге де-

ген  қызығушылығы  артады.  Білсем,  үй рен-

сем  дейді,  тіпті  математикаға  қабілеті  жақ-

сы,  зерек  оқушылардың  өздері  логикалық 

есеп терді  құрастырады.  «Логикалық  есеп-

тердің  оқу  процесіндегі  маңызы  зор»  [5]. 

Мұн дай есептер оқушының ойлау қабілетін, 

ма  тематикаға  деген  қызығушылыған  арт -

тыру  үшін  өте  тиімді.  Логикалық  есеп тер 

математикалық  олимпиадаларда,  әр  түрлі 

жа рыстарда жиі қолданылады. Шығар ма шы-

лық деңгейдегі есептер жоғары сы нып тарда 

да  беріледі.  Сонымен  бірге  математика  ап-

талығы да, сыныптан тыс жұмыстарда шы-

ғармашылықпен  айналысатын  оқушыға  ло-

ги калық есептерді шешу тиімді. Сабақтарда 

ба лалардың  математикаға  деген  ынтасын 

арт тыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей 

бі лу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар ау-

дарылады.  Пәнге  деген  ынтасы  мен  өз  бе-

тінше  ойлай  білу  өзара  тығыз  байланысты. 

Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олар-

дың оқу жұмысында да белсенділігі ар тып, 

өз  бетінше  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  бер-

ген де олардың пәнге деген ынтасы өседі.

Оқушылардың логикалық ойлауын да мы-

ту үшін:


Есепті, жаттығуларды талдай білу 

іс керліктерін қалыптастыру;

Сызба графиктік модель бойынша 



есеп  объектілерінің  арасындағы 

бай  ланыстарды түсіндіру;

Есептегі нақты заттарды оның мо-



делімен ауыстыру;

Пәнге деген қызығушылығын, сү-



йіс пеншілігін арттыру;

Сыныпқа  дұрыс  психологиялық 



жағ дай орнатуға мүмкіндік туғызу. 

Қазақстан  Республикасының  білім  бе-

ру  стандартында  білім  берудің  басты  мін-

де ті  логикалық  ойлауды  дамыту  бо лып 

табылатындығы  атап  айтылған.  Оқу шы-

лардың  шығармашылық  қабілетін  да-

мытуда  логикалық  тапсырмалар  орын да-

тудың  маңызы  зор.  Логикалық  тап сыр -

малар  оқушыларды  белсенділікке  тәр -

биелеу,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  дағ -

дыландыру,  сондай-ақ  оқушыларды  икем-

ді лік  пен  шеберлікке  баулу  мақсатында 

пай даланылады.  Оқу  процесіндегі  осындай 

іс -әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп 

отыр ған шығармашылық қабілеті жоғары, өз 

ой ын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға 

ер кін сіңетін, өндіріске белсене араласатын 


59

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

аза мат қалыптасады. Оқушылардың бойында 

өз бетінше оқып-үйренуге деген ұмтылысы 

кез  келген  ұстазды  толғандырады.  Қазіргі 

ұс таз оқушы ғана емес, жасампаз зерттеуші, 

із денімпаз  үйлестіруші,  рухани  демеуші, 

шы ғармашылыққа бағыттаушы болуы тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы.

2 Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002. - 415 бет. 

3  Қосанов  Б.М.  Математика  курсындағы  шығармашылық  жаттығулар:  орындау 

технологиясы. – Алматы, 2005. - 72 бет.

4 Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2003. - 

135 бет.


5 Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // 

Бастауыш мектеп, 2000. №8,9.

Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей

Шал ақын.


60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.06



Г. Н. Садырбаева

Алматы қаласы,

Жалпы білім беретін №141 орта мектебінің мұғалімі

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мақалада  география  пәнінде  жаңа  технология  қолданудың  маңыздылығы  айтылған. 

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көп-

теген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үр-

ді сін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде 

мұғалімнің рөлі, мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиістігі және 

оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажеттілігі туралы қарастырылған. «Технология 

–  бұл  қандай  да  болсын  істегі,  шеберліктегі,  өнердегі  амалдардың  жиынтығы»  делінген. 

Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа технологияларды пайдаланудың сапасы 

туралы жазылған. География пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын 

қолдану тиімді. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни 

ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс-әрекетіне сын тұр-

ғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.

Түйін сөздер: география, жаңа технологиялар,әдіс-тәсілдер, сыни ойлау.

В  статье  сказано  о  применение  новых  технологиях  на  уроках  географии.  Вопросы 

активизации  учения  учащихся  относятся  к  числу  наиболее  актуальных  проблем  со-

вре менной  педагогической  науки  и  практики.  Реализация  принципа  активности  в 

обучении  имеет  определенное  значение,  т.к.  обучение  и  развитие  носят  деятельностный 

характер, и от качества учения как деятельности зависит результат обучения, развития и 

воспитания учащихся. Школа нуждается в специалистах, обладающих методологической 

компетентностью, которая предполагает наличие, а также использование учителем мето-

до логических  знаний,  умений  и  навыков  в  педагогической  (практической  и  научно-ис-

следовательской)  деятельности.  Поэтому  методологические  аспекты  педагогического  об-

ра зования в последнее десятилетие находятся в центре внимания. Ключевой проблемой в 

решении задачи повышения эффективности и качества учебного процесса является ак ти-

визация  учения  учащихся.  Ее  особая  значимость  состоит  в  том,  что  учение,  являясь  от-

ражательно преобразующей деятельностью, направлено не только на восприятие учебного 

материала, но и на формирование отношения учащихся к самой познавательной дея тель-

ности.


Ключевые слова: география, новые технологии, методы, критическое мышление.

The article says about the use of new technologies in geography lessons. Questions activation 

exercises  students  are  among  the  most  urgent  problems  of  modern  pedagogical  theory  and 

practice. The implementation of the principle of activity in training is of some importance, since 

training and development of the activity are the character and the quality of teaching as a result 

of the activities depends on training, development and education of students. The school needs 

specialists with methodological competence, which presupposes the existence of, and the use of 

the teacher methodological knowledge and skills in teaching (practice and research) activities. 



61

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Therefore,  methodological  aspects  of  teacher  education  in  the  last  decade  are  in  the  center 

vnimaniya. Klyuchevoy problem in solving the problem of improving the efficiency and quality of 

the educational process is to intensify the teaching of students. Its particular significance lies in the 

fact that the doctrine, as a reflective transformative activity is directed not only to the perception of 

educational material, but also on the formation of the ratio of students to cognitive activity. 



Keywords: geography, new technologies, techniques, critical thinking.

Жас  ұрпаққа  саналы  тәрбие,  сапалы  бі-

лім  беру  –  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі 

еке  нін  қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде 

бо  лып  жатқан  әлеуметтік-саяси  және  жа-

ңа  технологиялық  өзгерістер,  тәрбие  мен 

бі лім  беру  жүйелерінің  ісін  жаңа  са ты ға 

кө  теру  үшін  білім  саласында  жа ңа,  тиім-

ді  әдіс-тәсілдеді  қолданудың  қа жет ті лігі 

дә  лелдеп  отыр.  Жалпы  білім  беру  жү йе-

сін  дегі  және  мектеп  мұғалімінің  ал дын-

да  тұған  көлемді  әрі  жауапкершілігі  мол 

мін  деттердің  бірі  –  оқушыға  тиянақты  бі-

лім  беру  болып  табылады.  Тиянақты  бі лім 

де геніміз  –  жаттанды  емес,  белгілі  жү йе сі 

бар  (қарапайымнан  күрделіге  қарай  да мы-

тыл ған),  тұрмыспен,  күнделікті  өмір мен 

ты ғыз  байланысты,  оқушының  ой-өрі сі нің 

дамуына көмектесетін ұғымдар жиын ты  ғы. 

Бүгінгі  заманғы  педагогикалық  са ла да ғы 

жаңалықтардың  бірі  –  оқытудың  іс-тә жіри-

бе сіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып та-

былады. «Жаңа форматтағы біліктілікті арт-

тыру» курсының да мақсаты да осыны көз-

дей ді.  Бастысы  ол  өзгерістер  мұғалімге  де, 

оқу шы үшін де оң нәтиже беруі тиіс. 

Оқытудың жаңа технологияларын қолда-

на  отырып,  саналы,  салауатты,  жан-жақты 

да мыған, рухани бай, заман талабын орын-

дай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Қа -

зіргі заманда білім беру ісінде талап дең ге-

йі нен  шығу  мұғалімнің  іздену  шеберлігіне 

ті реледі. Бүгінгі талап оқушыға білім бе ру-

мен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, 

оны дағдыға жеткізіп қана қоймай ба ланың 

ақыл-ойын,  қабілетін  дамытуға,  әре кет  нә-

ти жесінде  белгілі  тұжырым  жа сай  алуға 

үй ретуге негізделеді. Әрине, оқыту дың бар-

лық  әдістері  баланы  дамытуға  ба ғыт тал-

ған.  Дегенмен  осы  кезге  дейінгі  дәстүрлі 

оқы туда  оқулық  пен  мұғалімнің  пікірін 

ны сана  етумен  шектелеп  келді.  Ал  бүгінгі 

оқыту  оқушы  қабілеті,  оны  жан-жақты  да-

мыту,  даму  әрекеттерін  ұйымдастырудың 

қа жеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог 

А.С. Выготский «баланы дамыту әрекеттері 

оқыту  барысында  іске  асатынын  дәлелдей 

ке ліп,  бала  дамуының  екі  түрлі  ортасы  бо-

ла тыны  жайында  теория  ұсынды.  Бірінші 

ор тасы – айналасындағы үлкендердің әсері, 

қа білетінше  еркін  атқара  алатын  іс-әрекеті 

бол са, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әре-

ке ті» [1]. Ал, біздің мақсатымыз – баланың 

са бақ  үстіндегі  оқу-әрекетін  тиімді  әрі  қы-

зықты  болатындай  етіп  ұйымдастыру,  әре-

кет  нәтижесін  байқау,  бағалау  және  со ның 

нәтижесінде  алдағы  жұмыстарды  жос-

парлау  болып  табылады.  Оқитын  пән  қан-

ша лықты  бағалы  болса  да,  мұғалімнің  ше-

бер лігі  қандай  жоғары  болса  да,  мұғалім 

оқу шының  өз  белсенділігін  туғыза  алмаса, 

бер ген  білім,  күткен  нәтиже  бермейді. 

Оқу шының  адам  ретінде  қалыптасуы  бел-

сен ділік  арқылы  жүзеге  асады.  Жаңа  тех-

но логияның  басты  мақсаттарының  бірі 

-  баланы  оқыта  отырып,  оның  еркіндігін, 

бел  сенділігін қалыптастыру, өз бетінше ше-

шім  қабылдауға  дағдыландыру.  Міне,  сон-

дық тан  Кембридж  тәсілдерін  сабақта  қол-

да ну дың  маңызы  зор.  Осы  жеті  модульді 

бі  лім  беруде  тиімді  пайдалануда,  дәстүрлі 

са  бақта пайдаланатын жұмыс түрлеріне қа-

ра ғанда топпен жүргізілетін жұмыс түрі оң-

тайлы  нәтиже  береді.  Ұйымдастыруда  ал-

ғаш қы  қадам  оқушыларды  топқа  бейімдей 

оты рып,  сыныпта  психологиялық  ахуалды 

қа лыптастыру бағытында болуы керек. Сон-

дық тан,  оқушыларды  топқа  бейімдеу  үшін 

түр лі психологиялық тренингтер өткізіп, са-

бақ қа қатысты топтастыру жүргізуге болады.

Бұл  тәсілдің  басқа  технологиялардан 

ерекшелігі  жеті  модуль  арқылы  іс ке  аса-



62

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ды.  «Сабақ  –  оқытушының  пе да го-

гикалық  мәдениетінің  айнасы»  [2],  –  деп 

А.Сухомлинский  айтқан.  Сабақта  оқу шы-

лардан  жиі  тақырып  бойынша  жеке,  жұп-

тық,  топтық  жұмыс  яғни  пирамидалық  тә-

сіл  түрлері  қолданылады.  Өйткені,  ол  оқу-

шы ның  ойлауын,  елестету  мен  есте  сақтау 

бел сенділігін,  дағдысын  білім  саласының 

да муын қамтамасыз етеді. Мұғалім бала бо-

йын дағы  туа  біткен  түрлі  қасиеттерді  дәл 

байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға 

беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне 

жағ дай  туғызуы  керек,  көмектесуі  қажет. 

Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни 

дәс түрлі  оқытудың  таптаулары  сүрлеуінен 

арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа маз-

мұ нын  жасауға  бетбұрысты  әрбір  мұғалім 

өзі нен  бастағаны  жөн.  Мұғалім  шәкіртке 

бі лім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-

ойы  мен  қабілетінің  дамуына  көңіл  бө ліп, 

«оқи  алуға  үйрету  керек».  Мұғалім  оқы-

туға  кіріспес  бұрын  оқушылардың  мі нез-

де рін  зерттеп,  білімдерін  тексеруі  тиіс. 

«Қа зіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  тех-

нологиялармен  байланысты  әлемдік  стан-

дартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қа-

жет»  [3]  –  деп,  Елбасымыз  өз  жолдауында 

ай тып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақ па-

рат ты  техногиялармен  қамтамасыз  етуде. 

Яғ ни,  ақпараттық  технологиялардың  білім 

бе руде  маңызы  зор.  Ол  оқушыларға  үлкен 

ақ параттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. 

Оқу шылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жа-

сағанда диалогқа түскені жөн. Себебі, қа бі-

леті  әртүрлі  оқушылар,  бір-бірімен  жұмыс 

жа сағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, 

яғ ни  жауапкершілікті  сезінеді.  Топтық  жұ-

мыста  оқушылар  өзін-өзі,  бірін-бірі  ба-

ға лау,  немесе  топ  аралық  бағалау  жүзеге 

аса ды.  Топтық  жұмысты  ұйымдастыру  ар-

қылы  оқушылардың  белсенділігі,  шы ғар-

машылығы артады. Топтық жұмысты жү зе-

ге  асыру,  оқушылардың  сыни  ойлауын  да-

мы туға,  мүмкіндік  береді.  Оқушыға  сыни 

ой лауын  жүзеге  асыратындай  тапсырма 

бер генде ғана, оқушы ойланады. Сыни тұр-

ғы дан  ойлау  -  бақылаудың,  тәжірибенің, 

ой лау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алған 

ақ паратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  жә-

не  синтездеуге,  өмірде  қолдана  білуге  ба-

ғытталған  пәндік  шешім.  «Балаларды  диа-

лог  пен  дәйектер,  талқылауға  тарту  бел-

сен ді  жүргізілетін  жағдайда  олардың  оқуы 

тиімдірек  және  жетістіктері  жоғары  бо ла-

ты нын  дәлелдейтін  зерттеулер  де  көбейе 

түседі» [4]. 

Сыныпта мұғалім оқушылармен ин те рак-

тивті  тілдесу  арқылы  тиімді  әңгіме  үлгісін 

жа сай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өз-

ара  ынтымақтастыққа  ықпал  ететін  жағдай 

жасауға міндетті. Оқыту дегеніміз – баланы 

субъ ект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, со-

ған сай қабілетін арттыратын жағдайлар ту-

дыру  болып  табылса,  қызықтыру,  зейініне 

әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты 

мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі 

кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жа-

ңа  технологиясын  қарастыру  (қалай  оқыту 

керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақ-

сат ты  өз  бетінше  шеше  алатын  жағдайға 

жет кенде ғана субъектілік орын алады.

Қазіргі  білім  беру  тұжырымдамасының 

талабында  мұғалім  мен  оқушының  қарым-

қа тынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, 

мұғалім  –  ұйымдастырушы,  бағыттаушы, 

оқу шы  –  ізденуші,  белсенді  болуы  керек. 

Оқушының өз бетімен білім алуының бір тү-

рі  –  шығармашылық  тапсырмалар  орындау 

ар  қылы  білім  алу.  География  пәнінен  оқу-

шыларға  өз  бетімен  жұмыстар  орнату 

арқылы шығармашылықпен білім алуға қол 

жеткізуге болады. Өзіндік жұмыстарда:

Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

Оқушының  шығармашылық  қабілеті  да-

ми ды;


Ізденушілік қабілеті артады;

Жауапкершілігі жоғарылайды;

Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалып та-

сады;


Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Әрбір  ұстаздың  міндеті  мектеп  оқу шы-

ла рын  отан  сүйгіштікке,  ақыл-ойын  жан-

жақ ты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қы-

ран-түлегіне  қайыспас  қанат  сыйлайды, 


63

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ұс таз-шәкіртіне  талап  сыйлайды»  деген 

хал қымыздың  қанатты  сөзі  ұстаз  арқылы 

да  рыған. Білім беру саласында озық тех но-

логиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, 

оқыту әдістемесін өзгертеді. 

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олар-

дың  біртұтас  дүниетанымының  қа лып та-

суында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, бі-

лік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жа на-

ша  білім  мазмұнын  құру  жалпы  білім  беру 

жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім 

беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден 

де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың 

жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлт-

тық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу 

мін деті  мойнымызда.  Барлық  кедергілерді 

же ңу  табысқа  талпыну  өз  қолымызда  деп 

бі лемін. «Оқусыз–білім жоқ, білімсіз–күнің 

жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін 

жо ғалтпайды [5].

Білім  беру  жүйесінің  барлық  саласында 

жа  ңа технологияны жоспарлы түрде ен гі зіп, 

жү йелік интегралды өткізу немесе қам та ма-

сыз  ету  қажеттілігі  туындап  отыр.  Қазіргі 

за мандағы технология әрбір тұлғаның білім 

алу үдерісінде шығармашылық қабілетін да-

мытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы 

«жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік 

білім алу траекториясын таңдауына жол бе-

ретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу 

бағдарламаларының  бағдарламалануы  жә-

не өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үде-

рісінің  біртұтастығын  сақтай  отырып  оны 

дараландыруға  мүмкіндік  беретін  компь-

ютердің маңызды дидактикалық қасиеті не-

гізінде  тұлғаның  оқу  үдерісінде  танымдық 

қыз метін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа 

бі лім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді 

тығыз байланыстырады» [6].

Әлемдік  өркениетке  қадам  басқан 

Қазақстан ның  қоғамдық-саяси,  эконо мика -

лық,  мәдени  дамудағы  жаңа  бастамалар 

мен  түбегейлі  өзгерістер  білім  беру  жүйе-

сі  не  өз  әсерін  тигізіп,  білім  деңгейін,  оқы-

ту  әдіснамасын  жетілдіруде  тың  ізде ніс тер 

жасауға  мүмкіншілік  туғызып  отыр ған-

дықтан, төмендегідей мақсаттар қо йыл ды.

–  жаңа  технологияны  қолдану  арқылы 

бiлiмнiң сапасын көтеру;

– жаңа ақпараттық және те ле ком му ни ка-

циялық технологияларды енгiзу арқылы бi-

лiм беру мазмұнын жаңарту;

– жаңа технологияны қолдану саласы бо-

йын ша оқушылардың мамандыққа баулу ме-

ханизмiн құру.

Мысалы, 8 сыныптағы «Ірі өзендерге си -

паттама» тақырыбын өткен кезде Ертіс өзе-

нінің  шатқалында  Бұқтырма  сағасынан  тө-

меніректе салынған биіктігі 96 м орасан зор 

Бұқтырма бөгеті туралы айта келіп, оқу шы-

ларға: «Осындай құрылысты салу неге ке рек 

болды? Бөгетті жеңіл, арзан тәсілмен са луға 

болатын  жол  табуға  болмады  ма?»  де ген 

проблемалық сұрақ қою арқылы оқу шы лар-

дың  осы  бөгеттің  құрылысын  салуға  деген 

жал пы  қызығушылығын  оятуға  болады. 

Осы  арқылы  оқушыларды  топ  -  топ  болып 

бі  рігіп, карта арқылы жұмыс жасап жол та-

бу ға шақырдым. Оқушылар жер бедері, өзен 

ерекшелігі,  соған  сәйкес  құрылыс  ма те-

риал дарын  таситын  жағдайларды  ескерген 

бар  лық  мүмкін  нұсқаның  сызбасын  салып, 

оны әр топ бір - бірімен салыстырып, одан 

ке йін  оны  Бұқтырма  бөгетінің  си пат та ма-

сы мен  салыстырып  өздерінше  қо ры тын-

ды  -  түйін  жасады.  Бұл  сабақта  оқу шы-

лардың  бәрі  де  ізденісте  болып,  бәрі  де 

қызу  жұмыс  жасап,  сабақтың  барысында 

қы зығушылық танытты. Сондықтан да, оқу-

шы ның айтқан көзқарасын қолдайтын не ме-

се  оны  жоққа  шығаратын  элементтері  бар 

са бақ  -  өзінен  өзі  оқушылардың  танымдық 

қы зығушылықтарын тудырады.

География     пәні  ең қызықты, оқушы-

лар                             дың  белсенділігін,  танымдық  қабілетін 

арт тыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен 

әр бір сыныптың танымдық қызығушылығы-

ның тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. 

Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқу шы-

лардың  танымдық  қызметінің  белгілі  бір 

деңгейіне  есептелінеді.  Сондықтан  да  оқу-

шы лардың  танымдық  қабілеттерін  дамыту 

үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу ке рек. 

Осылайша  жаңа  технологиялардың  да муы 

жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына кө мек-

те седі және сонымен бірге оның сапасын жо-

ға рылатады.  Бұл  технологияның  өзектілігі 

қо ғамның ақпараттандыру жылдамдығының 

артуымен сипатталады. Әр түрлі пән са бақ-

тарында  жаңа  технологияны  пайдалану  бі-

лім  мазмұнын  жаңартумен,  ақпараттық  ор-

та  ны  қалыптастырумен,  сондай-ақ  сапалы 

бі лім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен 

ерек шеленеді.


64

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет