4 (30) 2015 (шілде-тамыз) 4



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,83 Mb.
#8535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1996.

2 Сухомлинский В.А. ‘О воспитании’ - Москва: Политическая литература, 1982 - с.270

3 «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 

2011.

4 Жанпейісова М. М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». 



Алматы 2006.

5 Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».// Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.

6 Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004.

Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр



Махмұд Қашқари.

65

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ 37.373.3



Таспулатова Г.К

Алматы қаласы,

Жалпы білім беретін №141 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ӘДІСІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Мақалада бастауыш мектептің оқыту процесінде әдістерді тиімді қолданудың дидакти   ка-

лық негіздері мен шарттары айтылған. 

Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты 

болуы оқыту әдісіне байланысты екендігін ескере отырып, оқыту әдістерінің құрылымын, 

жіктелуімен таныса отырып сабақты мәнді өткізуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық 

әрекеттерінің  сипатына  қарай  оқыту, 

сөздік  әдістің

  мазмұнымен,  мұғалімнің,  оқушының 

әрекетімен таныс болуы қажет. 

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының 

ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Мақалада бастауыш сы-

ныптың оқу-тәрбие үрдісіне жобалап оқыту технологиясының қолданылу ерекшелігі, жо-

балап оқытуда бастауыш сынып оқушыларына тигізетін кері әсері, сабақ барысында және 

сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі туралы 

айтылған. Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: оқушылардың танымдық, шы-

ғармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық 

кеңістікте жөн таба білу, іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Осыған орай, 

мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып,  мұғалімнің  қызметінің  мақсаттары  кеңейіп,  үлкен 

өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, 

шығармашылық  ізденісті  қолдау,  жағдайлар  туғызып,  оның  шешімін  табуға  бағыттау, 

жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді 

оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдісі тәжірибеге енгізілді.

Түйін сөздер: бастауыш сынып, жобалап оқыту технологиясы, әдіс, мұғалім, мектеп, 

оқушы, іс-әрекет. 

В  статье  написано  определение  особенности  использования  технологии  проектного 

обучения в начальной школе, а также развитие у них общих умений и навыков, необходимых 

в  исследовательском  поиске,  –  одна  из  основных  практических  задач  современного 

образования.  Проблема  исследования  заключается  в  том,  что  технология  проектной 

деятельности не проработана в методике начального обучения. В то время как существует 

необходимость использовать эту технологию для осуществления связи теории с практикой 

в  начальной  школе.  Использование  метода  проектов  позволяет  развивать  творческие 

способности, логическое мышление, стремление самому открывать новые знания и умение 

проявлять их в современной действительности. Метод проектов даёт ученикам возможность 

учиться весело и интересно, создаются условия для активизации личностного потенциала, 

индивидуализации  освоения  знаний,  коллективных  форм  их  применения.  В  результате 

проектной  деятельности  учащиеся  становятся  активными  участниками  образовательного 

процесса, продукт их творческой деятельности может иметь научную значимость и является 

предметом инноваций.

Ключевые слова: начальная школа, технология проектного обучения, методы, школа, 

ученик, действие.

The article is written definition of project features the use of technology in primary school, 

as well as develop their general skills needed in the research finding, - one of the main practical 


66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

problems of modern education. The problem of the study is that the technology of the project 

activity is not worked in the methodology of elementary education. While there is a need to use 

this technology for communication between theory and practice in primary school. Using project 

method allows to develop creativity, logical thinking, the desire to discover new knowledge and 

ability to show them in contemporary reality. Project-based learning gives students the opportunity 

to learn fun and interesting, the conditions for activation of personal potential, individualization of 

development of knowledge, collective forms of their application. As a result of project activities, 

students become active participants in the educational process, the product of their creative work 

may have scientific value and is the subject of innovation.



Keywords: elementary school, technology project-based learning, methods, school, student 

action.

XXI


  ғасырға  енді  аяқ  басқан  жа ңа  жағ-

дайдағы  қоғамда  Қазақстан  Республика-

сы  өзінің  тәуелсіздігін  жариялап,  өр ке ни-

етке  бағыт  алған  кезде  болашақ  жас  ұр-

пақты  мәдениетті,  білімді,  рухани  ин тел-

лектуалдылығы  жағынан  жоғары  етіп  тәр-

биелеудің мазмұнын түбегейлі жаңарту көз-

де луде. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан 

ұр пағын  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де  батыл, 

өзі не-өзі  сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі 

биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан аза-

мат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны 

ай рықша. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің 

есі гін  ашып  беріп,  рухани  дүниесінің  қа-

лып тасуына  негіз  салады.

 

Келешекте  жал-



пы  білім  алу  мен  кез  келген  арнаулы  ма-

ман дықтарға  талпынудың  іргетасы  осы 

бас тауышта  қаланбақ.  Сондықтан,  оның 

си  паты  мен  мазмұны,  оқытудың  әдістері 

мен  формалары  қазіргі  жағдайда  жан-жақ-

ты  талданып  отыр.  Өйткені,  баланың  жеке 

бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, бел-

сен ділігінің  қалыптасуы  мектепке  де йін-

гі  тәрбие  мен  бастауыш  сыныптарда  жү-

зе ге  аспақ.  Оқушының  рухани  күш-қуаты 

мен  ерік-жігерінің,  шығармашылық  қа бі-

ле тінің,  жалпы  мүмкіндіктерінің  ашы лар 

ке зі.  Бастауыш  мектептің  негізгі  мін де ті 

–  жеке  тұлғаны  дамытып,  оның  ал ғаш қы 

қалыптасуын  қамтамасыз  ету,  бі лім ге  де-

ген сенімін нығайту, іскерлігі мен дү ние та-

ны мын  қалыптастыру,  оқуға  деген  қы зы ғу-

шы лығын  оятып,  ынтасын  арттыру  болып 

та былады. Осы айтылғандардың ішінде қа-

зіргі мектептің алдындағы ең маңызды мін-

деттерінің  бірі  –  оқыту  әдісі

.

  Білім  бе ру де 



әдістерді  дұрыс  іріктеу  үшін  оқыту  әдіс те-

рі нің  теориясы  мен  тәжірибесін  жете  білу 

қажет.

Оқыту әдісі – оқу-тәрбие жұмыстарының 

ал дында тұрған міндеттерді дұрыс орындау 

үшін  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлесіп 

жұ мыс  істеу  үшін  қолданатын  тәсілдері. 

Әдіс  арқылы  мақсатқа  жету  үшін  істелетін 

жұ  мыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері 

та   нымға қызығушылық туғызып, оқушының 

ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді 

тү  сінуге  ықпал  етеді.  Мұғалім  баяндайды, 

әң  гімелейді, түсіндіреді, сонымен қатар зат-

тарды  немесе  көрнекі  құралдар  мен  тех ни-

калык  құралдарды  көрсетеді,  ал  оқушылар 

тыңдайды,  қызығады,  қабылдайды,  ба қы-

лайды, ойланады және т.б. таным әрекеттерін 

жа сайды. Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқу-

шы ларға білім беруде өзінің ic-әрекетін ба-

лалардың  таным  әрекетіне  басшылық  ету-

мен байланыстырады. Сонымен, оқыту әдісі 

де геніміз  -  оқушыларға  білім  беру  және 

оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқу-

шылардың  бірлесіп  жасайтын  кызметі  мен 

қарым-қатынасының  тәсіл-амалдары.  «Са-

бақ та берілетін оқу материалын оқушыларға 

жет кізу  үшін  әр  түрлі  оқыту  әдістерін  қол-

да нудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. 

Tіпті бip мазмұндағы оқу материалын мең-

гер ту  түрлі  әдістер  арқылы  жүзеге  асуы 

мүм кін» [1].

Білім беру үрдісінде ең жиі қолданылатын 

оқыту әдісі - ол мұғалімнің ауызша баяндауы. 

Сабақтың мазмұнын ашуда сөздің кұдыреті 


67

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

күш ті.  Сондықтан  да  сөздік  әдіс  сабақтың 

түр лі кезеңдерінде әсіресе, жаңа материалды 

тү сіндіру  барысында  кеңінен  орын  алады. 

В.А. Сухомлинский баланың ойы мен тілін 

да мытудағы сөздің мәніне тоқталып «Сөз – 

ең  маңызды  педагогикалық  құрал,  оны  еш 

нәр семен  ауыстыра  алмайсың.  Бастауыш 

сы ныптың мұғалімі ең алдымен тіл маманы» 

– деген [2]. Сөздік әдісті қолданғанда мұ ға-

лім  оқушыларға  білім  берумен  қатар  олар-

дың  таным  белсенділігін  дамытуға  (зе йін, 

қабылдау, ойлау т.б. процестерін) бай ла ныс-

ты  әрекет  жасайды.  Мұғалім  өзінің  баян-

дауын басқа әдістердің тәсілдерімен ұш тас-

тырады (бақылау, әңгіме, жазбаша және гра-

фи калық жұмыстар т.б.).

Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелер  мен 

сабақтастырып, түрлі көрнекі және тех ни ка-

лық  құралдарды  көрсетеді,  сонымен  қатар 

көр кем  сөзді  де  пайдаланады.  Мұғалімнің 

ауызша  баяндауы  барысында  сұрақтардың 

анық және түсінікті болуы мәтін мазмұнына 

бай ланысты  түрлі  жағдайлар  тудырып  оны 

оқушыларға  шештіру  баяндалатын  ма те-

риал дың  ең  маңызды  жерлеріне  ай рық ша 

мән  беру  және  баяндаудың  жүйелі,  дә лел-

ді  болуы  сөздік  әдіске  қойылатын  не гіз гі 

талаптардың  бірі  болып  табылады.  Мұ ға-

лімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, со ны-

мен қатар дауыс ырғағы мен мимикасы бет-

әл пет  құбылысы  мәнерлі  және  бай  болуға 

тиіс.  «Мұғалім  балалармен  сөйлескенде 

ашу ланбай,  күйгелектенбей,  сабырлықпен 

сөй леп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз тер-

миндерді қолданбастан әрбір затты ықы лас-

пен, қарапайым тілмен түсіндіруі керек», – 

де ген Ы.Алтынсарин [3].

Тақырыпты оқыту барысында түрлі әдіс-

терді  қолданудың  тиімділігін  озат  мұ ға-

лімдердің  іс-тәжірибесі  көрсетіп  отыр.  Мә-

се лен, үшінші сыныпта ана тілі мен өтілген 

са бақтың әдістерін қарастырып көрейік.

Сабақтың тақырыбы: Абай және табиғат. 

«Жаз» өлеңін оқыту.



Сабақтың  мақсаты:  Білімділік:  оқу шы-

ларға Абай туралы түсінік беру және «Жаз» 

өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық 

әрекеті  мен  танымдық  белсенділігін  та қы-

рып мазмұнына қызығуын, жүйелі ойын, ой-

лау әрекетін дамыту. Оқушылардың шы ғар-

машылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау.

Тәрбиелік: Тұған жерінің табиғатын сүюге 

эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Қолданатын әдістер: Сөздік баяндау, әң-

гіме, оқулықпен жұмыс, түрлі бейнелі көр не-

кілік. Абай портреті. Жаз мезгілінің суреті.

Сабақтың барысы:

І.  Үй  тапсырмасын  тексеру,  өткен  ма те-

риалды пысықтау ретінде сұрақ-жауап тәсілі 

ар қылы жүзеге асады.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспары:

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі;

ә) Мәтінді мәнерлеп оқу;

б) «Жаз» өлеңінің тақырыбы мен маз мұ-

нын түсіндіру;

в) Сөздік жұмыс;

г) Мәнерлеп оқу;

ғ) Өздігінен жұмыс;

д) Сазгерлік өнер. Абайдың «Желсіз түнде 

жарық ай» әнін тыңдату;

е)  Сұрақ-жауап  арқылы  сабақты  қо ры-

тын дылау;



Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ауызша  баяндау  арқылы  Абайдың  өмірі 

мен шығармашылық өнері туралы әңгімелеу,

Мәтінді  мәнерлеп  оқытып  әр  шумақтың 

мә нін талдау,

Жаз өлеңінің тақырыбы мен оның маз мұ-

нын  түсіндіру  және  оқушылардың  ұғымын 

бай қау,


Сөздік  жұмыс  өлеңіндегі  бейнелі  көр-

кемдегіш  сөздерді  анықтау.  Бұл  оқу шы-

лардың бақылауын зейінің байқауға мүм кін-

дік береді,

Жаздың  суретін  көрсетіп  осыған  бай ла-

нысты  өлеңнің  оқушылардың  бақылау  қа-

білетін дамыту мақсаты мен мазмұнын тал-

дау,


Оқушылардың  өздік  жұмысын  тақтада 

жа зылған  сұрақтарға  мәтін  қалыптастыру 

мақ сатымен  мазмұнынан  жауап  таптыру. 

Бұл оқушылардың кітаппен жұмыс істеу қа-

бі летін дамытады.


68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Дәптермен жұмыс. Өлең мазмұнынан жа-

ңа сөздерді атауларды тауып, дәптерге жаз-

ды ру  оның  мағынасын  түсіндіру.  Күркіреп 

- өзеннің ағып жатқандағы дыбысы. Шұр қы-

рап – немесе  кісінейді. Шалғын – жайылым 

не месе қалың шөп.



Мәнерлеп  оқу.  Оқушылардың  сөз  мә не-

рі не, өлеңнің шумақтарына дыбыс екпіннің 

қоя білу қабілеттеріне көңіл аудару.

ІІІ.  Өздігінен  жұмыс  «Абайтану»  дәп те-

рі бойынша Абай шығармаларының аты мен 

танысады. Тақтадағы сұрақтар мен тап сыр-

ма ларға жауап берді. 

Қорытынды: Бұл сабақта мұғалім та қы-

рып тың мазмұнын ашуда бір емес, әр түрлі 

әдістерді  тиімді  қолданып  оқушылардың 

та  нымдық  белсенділігін  дамытуда  өз  ше-

бер лігін көрсете алды. Бастауыш сыныптың 

қай пәнінде болсын оқушылардың шы ғар ма-

шылық қабілетін дамыта оқыту олардың са-

бақ қа  деген  қызығушылығын  оятып,  ойын, 

ынтасын, дамыта түседі. Алдыңғы қатарлы 

тә жірибені  жетілдіре  отырып,  оқу  үрдісіне 

жа ңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа тех но-

логияларын  енгізіп,  оқушылардың  жал пы 

дамуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Бала  жа ны 

жаңалыққа  құмар,  білмегенін  білгісі  ке-

ліп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын бол-

ғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олар-

дың осы талпынысын дамытуға көңіл бө луі 

тиіс.  Оқушылардың  сүйіспеншілігін  арт ты-

ру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-

тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру фор ма-

сын  түрлендіріп  отыру  –  мұғалімнің  басты 

мін деті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұ-

ға лімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қа-

бі леті үлкен рөл атқарады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А., 2003.

2 Сухомлинский В.А. О воспитании. 3-е изд. М., 1979.

3 Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: – Алматы: Ғылым, 1979.-110-129 бб.

Бақыт жолы – біліммен табылады

Ахмед Югнаки.


69

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

37.012


Б.А. Касбакова

Алматы қаласы,

Жалпы білім беретін №141 орта мектебінің оқу ісі орынбасары

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ 

ЖОЛДАРЫ

Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушыларға  тәрбие  беру  мәселелерін  әртүрлі  бағыттарда 

қалыптастырып, дамытуда отандық ғалымдарымыз да өз үлестерін көптеп қосып келеді. 

Мақалада сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз 

ету де оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың 

тәр биелік мақсатымен өзара байланысты болып келетіні айтылған. Ол әртүрлі тәрбие әре-

кет терінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Сыныптан 

тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері тұтас педагогикалық үдерістің қызметіне 

ерек ше сипат береді. 

Түйін сөздер: сыныптан тыс жұмыс, оқушы, тәрбие, мектеп, болашақ.

Одним  из  направлений  воспитания  является  формирование  духовно-нравственных 

качеств личности. Поэтому задача учителя сверхсложная: он должен раскрыть внутренний 

мир  школьника  и  заложить  основы  нравственных  отношений,  тем  самым,  формируя 

нравственную  воспитанность.  Современные  учебные  программы  для  школы  насыщены 

учеб ным  материалом,  но  на  воспитание,  привитие  духовно-нравственных  качеств  не 

остаётся времени. Поэтому характер нравственных взаимоотношений, который существует 

в процессе обучения, закрепляется и видоизменяется во внеклассной работе. Так как именно 

внеклассная  работа  богата  самыми  разнообразными  формами  и  содержанием.  В  статье 

сказано о внекалссных занятииях – формирование нравственного поведения, опираясь на 

собственный опыт переживаний, постигать логику человеческих чувств и учиться навыкам 

жизни.


Ключевые слова: внекалассные занятии, ученик, воспитание, школа, будущее.

One area of education is the formation of spiritual and moral qualities of the person. Therefore, 

the task of a super teacher: he should reveal the inner world of the student and to lay the foundations 

of moral relations, thus creating moral education. Modern educational programs for schools sated 

educational material, but on education, fostering spiritual and moral qualities do not have time. 

Therefore, the moral character of the relationship that exists in the learning process, is fixed and 

changes  in  extracurricular  activities.  So  how  class  work  rich  with  various  forms  and  content. 

The article said about vnekalssnyh employment - Formation of moral conduct, based on our own 

experience of, to comprehend the logic of human feelings and learn life skills.

Keywords: vnekalassnye class, student, education, school, future.

2013-2015 жылдарына арналған оқу про-

це сінің тәрбиелік құрамын күшейту бойын-

ша типтік кешенді жоспарының бағыттары-

на сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыру жә-

не іске асыруды жалғастыра отырып, өткенді 

пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін 

жан-жақты  дамыту,  жас  тұлғаны  рухани 

адамгершілік бағытта тәрбиелеу. 

Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жа-

ны азған, тілден, діннен безген, арбау мен ал-

дау, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты 

келеңсіз  жағдайлардың  кездесуі  -  ата-ана, 


70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

мектеп,  жұртшылық  тарапынан  тәрбиенің 

ке міс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан, 

қа зіргі таңда мектептің алдында тұрған өзек-

ті  мәселелердің  бірі  –  білім  берумен  қатар 

тәр бие  жүйесін  жетілдіру.  «Жалпы  білімді 

із гілендіре  отырып,  тәрбие  беру  жолдары 

қан дай? Тәрбие беру жолдарын қалай же тіл-

діруге  болады?  Міне,  педагог  қауымды  ой-

ландырып  отырған  осындай  мәселелер  біз-

дің  мектебімізде  төмендегідей  жолдармен 

ше шімін табуда» [1].

Тәрбие  мәртебесін  көтеруді  көздейтін 

бағ  дарлама  мектептің  алдына  жүктейтін 

мін  деттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің 

ай  қындығымен, нақтылығымен жандандыра 

тү  седі. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі 

тәр  бие жұмыстарын жаңа технологияларды 

пай далана отырып, дамыту; дені сау, ұлттық 

се зімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік, 

ең бекқор, білімді, алдына мақсат қойып, оған 

же тер  жол  таба  білетін  ұрпақ  тәрбиелеуге 

жағ дай жасау тиіс.

«Ашық  ақпараттанған,  әлеуметтік  жа ғы-

нан  мығым,  танымдық  және  шығар ма шы-

лық әре кетке білімді ортаны дайындау ар қы-

лы оқу шылардың жеке тұлға ретінде өзін-өзі 

да мыту,  өзін-өзі  танытуын  ұйымдастыру» 

[2].

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйым дас ты-



ру дың негізгі міндеттері:

Тәрбиелеу  және  дамытушылық  іс-әре ке-

тін ұйымдастыру;

Құзіреттілікті қалыптастыру және да мы-

ту;

Оқушының  жеке  тұлғасының  қалып та-



суы на  көмектесу,  оның  ішкі  мүмкіншілігі, 

бе йімділігі, мақсат-мүдделері мен шы ғар ма-

шылық қабілеттерінің байқалуы мен қа лып-

та суына жағдай жасау.

Ел Президентінің «Қазақстан 2050» жол-

да уын жүзеге асыру.

Жас мамандардың жұмысына жан-жақты 

әдістемелік көмек беру;

Қылмысты  болдырмаудың  алдын  алу 

мақ  сатында  сынып  жетекшілері  мен  ата-

ана  ларының  жұмысын  жетілдіру,  сынып 

же    текшілерінің кәсіби деңгейлеріне зерттеу 

жұ мысын жүргізу;

Мұғалім беделінің артуына жағдай жасау, 

озат тәрбиені кеңінен насихаттап, тарату;

Еліміздің  тағдырын  мықты  қолда  ұстай 

ала тын  болуы  үшін  дұрыс  кәсіптік  бағдар 

беру.


Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздік-

сіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жү-

зеге  асуы  тек  сабақ  жүйесінде  ғана  емес, 

сабақтан  тыс  жүргізілетін  әртүрлі  тәр-

биелік  әрекеттермен  ұштасады.  Ол  әдет-

те  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  жұ-

мыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәр бие 

жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қа лып тасуын 

қамтамасыз  етуде  оған  жағдай  ту ғы затын 

мұғалімдердің  басшылығымен  ұйым дас-

ты рылған  және  сабақтың  мақсатымен  өз-

ара  байланысты  болып  келетін  тәрбие  жұ-

мы сының  дербес  түрі.  Ол  әртүрлі  тәрбие 

әре кеттерінің  жиынтығы  ретінде  балаға 

кең  көлемде  тәрбиелік  ықпал  ете  алады. 

Бі  ріншіден,  оқудан  тыс  әртарапты  әрекет 

ба  ланың  сабақта  мүмкін  болмайтын  жан-

жақ  ты  дара  қабілетін  ашуға  ықпал  етеді. 

Екін шіден,  сыныптан  тыс  әр  түрлі  тәрбие 

жұ мысының түрімен айналысу баланың же-

ке  әлеуметтік  тәжірибесін  жандандырып, 

же тілдіреді, оның адамзат құндылықтарына 

не гізделген  білімдерін  байытып,  қажетті 

прак тикалық іскерлігі мен дағдысын қа лып-

тастырады. Үшіншіден, сыныптан тыс түр-

лі  тәрбие  жұмысы  оқушыларда  әрекеттің 

әр түріне  қатысты  қызығушылығының  да-

муына,  оған  белсенді  қатысуға  деген  құл-

шы нысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал ете-

ді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қы-

зы ғушылық  және  белгілі  бір  практикалық 

дағ ды қалыптасқан болса, онда ол өз бе тін-

ше  тапсырманы  нәтижелі  орындауды  қам-

тамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос 

уақытын  қандай  іске  арнауды  білмей  жат-

са,  соның  негізінде  жастар  арасында  қыл-

мыс  тың  көбеюіне  әкеледі.  Төртіншіден, 

сы  ныптан  тыс  әртүрлі  тәрбие  жұмысының 

фор  масы тек қана баланың өзіндік дара қа-

бі  летін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге 

оқу  шылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. 

Яғ ни,  оқу,  еңбек  әрекеттерінде  және  қо-



71

МҰҒАЛІМГЕ  КӨМЕК

ғам  дық пайдалы істерді атқаруда өзара ын-

тымақтастыққа,  бір-біріне  қамқор  болуға, 

өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге 

тәр биелейді.  Тіпті  оқудан  тыс  әрекеттің 

қан дай  да  бір  түрі  болмасын,  танымдық, 

спорттық,  еңбек,  қоғамдық  пайдалы,  оқу-

шы лардың  өзара  ынтымақтастық  тә жі ри бе-

сін  белгілі  бір  салада  байытады,  қо ры тын-

ды сында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жет-

кі зуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп 

көрініс  қойды  делік,  онда  өзара  қарым-қа-

ты нас  тәжірибесін  меңгереді.  Сыныптың 

та залығын ұжым болып атқарса, онда өзара 

мін деттерін  бөлісу  тәжірибесін  меңгереді. 

Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, 

бәрі  бірі  үшін»  деген  қағиданың  маңызын 

жете  түсінеді.  Бесіншіден,  сыныптан  тыс 

тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде 

уақытқа  қатысты  қатаң  шектеу  болмайды. 

Сынып  жетекшісі  оның  формалары  мен 

әдіс терін,  құралдары  мен  мазмұнын  және 

ба ғытын  таңдауда  ерікті  болады.  Бұл,  бір 

жағ дайда оған өзінің көзқарасы және сенімі 

болады. Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие 

жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау 

мүмкіндігінің  болмауы.  Себебі,  онда  тек 

жал пы жетістік пен оқушылардың жеке дара 

даму  деңгейін  бақылауға  ғана  мүмкіндік 

береді.  Соған  сәйкес  қандай  да  бір  форма 

немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте 

көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекше-

лік  сынып  жетекшісінен  табиғи  жағдайда 

жұмыс  жасауды,  балалармен  қарым-қа ты-

наста  немқұрайдылыққа  жол  бермеуді  жә-

не  оның  нәтижесін  бағалауда  оларда  шие-

ле ніскен  жағдайдың  болмауын  қажет  етеді. 

Же тіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы 

оқу шылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары 

бос  уақытта  (үзілісте,  сабақтан  кейін,  мей-

рам немесе сенбі және жексенбі күндері, де-

малыстарында)  ұйымдастырылады.  Со ны-

мен қатар, оған кең көлемде ата-аналар мен 

жұр шылық өкілдері қатыстырылады.

Қазіргі  жағдайларда  тәрбиелеушілер  на-

за ры  тұлғаны  қалыптастыру  мәселесіне  ау-

да рылады. «Тұлғалық бағытталған тәрбие», 

«оқу шыға  бағытталған  оқу»  түсініктері 

тәжірибелік, 

ұйымдастырушылық-пе да-

го       гикалық,  психологиялық  мазмұнмен 

то         лық тырылады:  интеллектуалды,  фи-

зи     калық  және  эмоционалды  даму  дең ге-

йі     нің  диагностикасы,  білім  мазмұнын  же  -

ке  қарқынының  тактикасын  және  стра-

те    гиясын  жасау  және  мінездің  нақты 

ерек шеліктерін  қалыптастыру.  Осыған 

бай ланысты  қатысушылар  санына  бай ла -

нысты  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысын  іс -

ке  асыру  формаларының  жіктелуі  те рең 

зерттеліп  келеді.  «Педагогикалық  про-

цес  ті  ұйымдастырудың  жеке,  топтық  жә-

не  жалпы  формалары  бір  жағынан  тәр-

бие  ленушінің  ерекшелігін  есептеу  және 

әре  кетін  ұйымдастыруды,  ал  екінші  жа ғы  -

нан-барлығының жеке тұлғалармен әріп тес-

ті гінің  әлеуметтік  жағдайларға  бе йім де лу ін 

қамтамасыз етеді»  [3]. 

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және 

фор малары  оқушының  қызығушылықтары 

жә  не сұраныстарымен анықталады. Сы нып-

та тәрбие жұмысының кең таралған түрі бо-

лып сынып сағаты табылады. Өзімнің тә жі-

ри бемнен  өткен  бір  тәрбие  сағатын  алатын 

бол сақ, мысалы:

Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан 

бас талады. 

Тәрбие  сағат  мақсаты:  Ата-ана  мен  оқу-

шы  арасындағы  ізгі  қарым-қатынастың  ор-

на уына  ықпал  ету.  Отбасы  құндылықтарын 

сақ тауға үйрету. 

Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер. 

Тәрбие  сағатқа  Шақырылды:  ата-аналар 

мен оқушылар, психолог.

Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе. Қазақ қоғамында отбасы - өмір-

дің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан 

бал қытар  жылуы.  Қазақтың  ошағы  дөң-

ге лек  үйдің  ішінде  болады  да,  бүкіл  жай-

дарлық  жағылған  отқа  үйіріледі.  От ба сы-

ның  амандығы,  ошақтағы  оттың  маздап 

тұ руы  –  үмітінің  өшпес  алауы.  Үй  ішінің 

қы зыққа,  қуанышқа  толы  болуы  да  соған 

бай   ланысты.  Оттың  басы,  ошақтың  қасы  – 

ырыс тың  ұйтқысы.  Сондықтан,  қазақ  оты-



72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ның  басын  тіршілігінің  тұтқасы  санап  ая-

лай ды.  Отбасының  басты  қазығы,  алтын 

дің гегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі 

бо  лып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты 

от басының  ықпалы  мол.  Отбасы  ата-ана 

мен  баланың,  келін  мен  ененің  және  басқа 

да  отбасы  мүшелерінің  жылы  қарым-қа ты -

насынан  құрылады.  Отбасы  берекелі,  та -

ту  болу  үшін  сыйластық,  мейірімділік,  жа -

нашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адам -

ның жүрегінен орын алуы керек. «Отан от-

ба  сынан басталады» дейді қазақ халқымыз. 

Ел  дің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, 

даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Оқушылар мен ата-аналарға сұрақтар: 

1. «Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғы-

мын қалай түсінесіңдер?

2. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?

3.  Ата-анамен  баланың  арасындағы  қа-

рым-  қатынас қандай болу керек?

4. Баланың отбасындағы міндеттері қан-

дай болу керек?

Тәрбие сағатының барысы:

1. Шаттық шеңбері Ата-аналар және оқу-

шы  лармен  бірлесіп  шаттық  шеңберін  құру. 

«Айналайын  балам...»,  «Асқар  тауым  әкем; 

Ай налайын анам...» Әр ата-ана баласына қа-

рап тұрып жоғарыдағы сөзді жалғастыру ке-

рек.


2. Біз бір отбасымыз... тренинг До  ма лақ-

танған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын 

тілек айту арқылы шаңырақ жасайды.

Қорытындылау. 

Сауалнама  жүргізу.  Қатысқандарыңызға 

рах   мет.

«Қазақстан 

Республикасының 

2015 

жыл ға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұ жы -



рымдамасында»  орта  білім  берудің  мақ са -

ты  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұ-

рыс,  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты 

ше шімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұл-

ғаны  қалыптастыру  деп  көрсетеді.  Мек теп 

оқушыларының  осы  тұлғалық  қа сиет терін 

дамытудағы отбасының ролі үлкен, сон дық-

тан,  ата-ана  –  мектеп  –  оқушы  ынтымағын 

арт тыру, еңбектерін бірлікте басты мақсатқа 

жұ мылдыру сыныптан тыс тәрбие жұмысын 

жан дандыруға алғышарт бола алады. Елба-

сы Н.Ә. Назарбаев бұл туралы: «Отбасында 

адам  бойындағы  асыл  қасиеттер  жарқырай 

көрініп,  қалыптасады.  Отанға  деген  ыстық 

се зім  жақындарына,  туған-туысқандарына 

де ген  сүйіспеншіліктен  басталады»  –  деп 

көр сеткен еді [4].

Жасөспірімдерді  азамат  етіп  тәрбиелеу, 

қо ғамдық  пайдалы  еңбекке  әзірлеу  процесі 

қо ғамның  барлық  азаматтарының  міндеті, 

от басы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп 

ат қаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата-

аналар  мен  жұртшылық  әрекетін  қа да ға-

лап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәр-

бие сіндегі  жұмыстарын  бірыңғай  бағытта 

ұйым дастырып отыратын ол – ұстаздар то бы. 

Қорытындылай  келе  айтарымыз,  еліміздің 

болашағы ұрпақ тәрбиесінде. Жас ұрпақтың 

әлеуметтік  ортадағы  сан  салалы  қарым-қа-

тынасы  мен  іс-әрекетін  ұйымдастыру  ба-

рысында  халықтық  тәжірибе  мен  ізгі  қа си-

ет терді  оның  бойына  дарыту  қашаннан  игі 

мақсат  болып  келеді.  Осыған  байланысты, 

бү гінгі  таңда  оқушыларға  жан  жақты  тәр-

бие  беру  мектепте  ұйымдастырылатын  сы-

ныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  жүзеге  аса-

ты нын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет