4-7-бет. «Ер Тарғын» елдің болашағы



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата03.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#7073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Құрметті отандастар!

Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған 

жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, 

мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шара-

лар туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда еліміздің 

болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын 

жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық 

міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше 

орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі 

және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кең 

көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, 

қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Партиядан 

сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта 

жаңғыруларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс. Мен 

барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азамат-

тарды Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, 

бір жеңнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге 

асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз 

жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін 

бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. Біз 

Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!  



Қымбатты қазақстандықтар!

 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт 

мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен 

айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз 

көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына 

қосылу мақсатына қадам басамыз.    

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін 

бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан 

біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, 

тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай 

еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды 

бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы 

әрдайым биікте желбіресін!



Алға, Қазақстан!

8

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан   2015 Жыл  //

айна

 

„

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының есігі екі күн бойы жабылған жоқ. Киелі өнер ордасында 



осымен екінші рет халықаралық дәрежеде «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты фестивалі өтті.

ҮЗДІКТЕР ҮЗЕҢгІ ҚАғЫСТЫРғАН бАйҚАУ

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Ауқымды шараның алғашқы күні өнер десе 

ішкен асын жерге қояр жерлестеріміз бен сахна 

саласының  саңлақтары  бас  қосып,  байқауға 

қатысушы  театрлардың  салтанатты  шеруін 

тамашалады.  Бұдан  әрі    фестивальдің  ашылу 

салтанаты театрдың үлкен залында өтті. Шараны 

ашып берген Жамбыл облысы әкімінің бірінші 

орынбасары          Бекболат  Орынбеков  өнер  до-

дасына  жиналғандарды  Қазақ  хандығының 

550  жылдық  мерейтойымен  құттықтаса,  ҚР 

Халық әртісі, Жамбыл өңірінің талантты тумасы 

Тұңғышбай Әл-Тарази театр өнерінің тарихы мен 

келешегіне қатысты салмақты ойларын ортаға 

салып,  үміткерлерге  сәттілік  тіледі.  Өлшеуі 

жоқ өнер додасында ең бірінші болып Қырғыз 

Республикасының  эксперименталдық  «Сахна» 

театры «Песнь ветра» драмалық аңызын сахна-

лады. Мәскеулік сахна сыншылары «21 ғасырдың 

театры»  деп  бағалаған  қырғыз  театры  аталған 

драмалық аңызды шебер ойнап шығып, бірден 

көрермендердің  көңілін  баурап  алды.  Қоюшы 

режиссері Кенжегүл Сатыбалдиеваның еңбегіне 

актерлер де, халық та тәнті болды. Түскі үзілістен 

кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма 

театры  ақын Иран-Ғайыптың «Абылай» драмасын 

қойды. Жалпы аталған шығарма қазақ халқының 

жаугершілік қиын замандағы өмірінен сыр шерт-

кен тарихи дүние. Жоңғарлармен болған майдан, 

Аңырақай шайқасы, жауға қасқая қарсы тұрып, 

қол бастаған Абылайдың ержүректігі батыл су-

реттелген туынды. Дегенмен, салмақты дүниені 

сахнаға  алып  шыққан  актерлерден  ешқандай 

ойнау шеберлігі байқалмады. Драманы айқаймен 

бастап,  шумен  аяқтай  салды  десек,  көрермен 

көзі куә. Музыкалық әрлеуге қатты басымдылық 

беріліп, актерлердің кәсіби жаңа қырын ашатын 

сәттер мүлдем аз (қоюшы режиссер Ерғали  Ора-

зымбетов). Байқауда үшінші болып  Ғ.Мүсірепов 

атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық бала-

лар мен жасөспірімдер театры Григорий Хугаевтің 

«Қара шекпен» спектаклімен өнер көрсетті. Келер 

жылы 70 жылдығын тойлағалы отырған балалар 

мен жасөспірімдер театрының актерлері нағыз 

талантқа тән өнер көрсетті. Олардың шебер ойнау-

ынан көрермендер екі жарым сағаттық қойылымды 

сілтідей  тынып,  рухани  демалып,  сана  сарап-

тамасынан өткізіп, үлкен әсермен тамашалады 

(режиссері Асхат Маемиров).

-  Бұл  жарыс  өнер  жарысы  ғана  емес,  әр 

театр өзінің қай деңгейде екендігін бағамдауға 

мүмкіндік  беретін  сәт.  Мүмкін  бір  театр  озар, 

бір театр қалар, мәселе онда емес. Мәселе осы 

бәйгеге  үзеңгі  қағыстырып  шабуда.  Бірі  озып 

кетсе, екіншісі атын қамшылайды. Осылай бүгінгі 

заманауи  театр  ағымының  қайда  кетіп  бара 

жатқандығы бағамдалады, сарапталады. Шараның 

маңыздылығы да сол. Біз өз қазанымызда өзіміз 

қайнап, бір жерде отыра берсек, айналамыздағы 

дүниелерден  мақрұм  қалар  едік.  Сондықтан, 

бұл бір-бірімізді бағалау үшін қажет әрекет. Бұл 

шараның  жыл  сайын  жоғары  деңгейде  өтуіне 

тікелей ықпал етіп, қолдау көрсетіп отырған - об-

лыс әкімі Кәрім Көкірекбаев. Бұл - ол кісінің өнерге 

деген  және біздің өңірімізден шыққан талант иесі 

Тұңғышбай Әл-Таразиге деген құрметі. Бір сөзбен 

айтқанда, Тұңғышбай Әл-Тарази арқылы  театр 

өнерінің дамуына үлкен үлес қосып отыр,- дейді 

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының дирек-

торы, жазушы-драматург Болат Бекжанов. 

Расында,  осымен  екінші  рет  халықаралық 

дәрежеде  ұйымдастырылған  додаға  биыл  Еу-

ропа  елдерінің  театрлары  да  қызығушылық 

білдіріпті. Қаржы дағдарысына байланысты келе 

алмағандықтарына қынжылып, Еуропадан Таразға 

хаттар жіберіпті. Осылай қазақ мәдениетіне үлкен 

қызығушылық тудырған фестивальдің екінші күні 

Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген өнер 

қайраткері, Ш. Айтматов атындағы сыйлықтың 

лауреаты Нұрлан Абдыкадыров актерлер арасын-

да мастер-класс өткізді. Бұдан әрі Талас облыстық 

музыкалық драма театры (Қырғызстан)  Хамза 

Хаким  Ниязенің  «Аялдардан  Шан  Кече»  атты 

спектаклімен бақ сынады. Әйел затының әр қилы 

адуынды  мінездерін  ашқан  қойылымды  театр 

актерлері ойдағыдай ойнап шықты. Бесінші бо-

лып «Ночь в дали от Родины» атты қойылыммен 

халықаралық  фестивальдердің  бірнеше  дүркін 

жеңімпазы  Тәжікстан  Республикасының 

М.Вахидов атындағы мемлекеттік жастар театры 

өнер көрсетті. Жалпы бұл спектакль ақын Бозор 

Собирдің шығармасы негізінде, бас кейіпкердің 

Отанына, туған жеріне, атажұртына деген ыстық 

махаббатын жеткізеді. Қойылым екі  актердің ғана 

ойнауымен де ерекшеленді. Қойылымнан кейін 

шараға алыстан ат терлетіп келген өнер майтал-

мандары мен талантты актерлер тамыры тарихқа 

байланған Тараз шаһарының көрнекті жерлеріне 

саяхат жасады. Ең соңғы болып Өзбекстан Респу-

бликасы, Ферғана облыстық орыс драма театры 

«Крутые виражи» комедиясымен өнер көрсетті. 

Француз драматургі Эрик Ассудың пьесасын те-

атр актерлері өз деңгейінде алып шықты. Қазылар 

алқасының шешімі бойынша биылғы халықаралық 

фестивальде  «Үздік  ер  адам  рөлі»  номинаци-

ясы  жүлдесімен  Тәжікстан  Республикасының 

М.Вахидов  атындағы  мемлекеттік  жастар 

театрының  актері    Абдумумин    Шарифи, 

«Үздік эпизодтық ер адам рөлі»   Ғ.Мүсірепов 

атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық ба-

лалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Ербол                                                                                                                            

Садырбаев,  «Үздік  эпизодтық  әйел  рөлі» 

Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік 

Академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер 

т е а т р ы н ы ң   а к т р и с а с ы ,     Қ а з а қ с т а н 

Республикасының еңбек сіңірген әртісі  Лидия 

Кәден, «Тарихи тақырыптағы қойылым» номина-

циясы жүлдесімен   Оңтүстік Қазақстан облыстық 

орыс драма театры , «Актерлік дуэт» аталымы 

бойынша  Өзбекстан  Республикасы  Ферғана 

облыстық  Мемлекеттік  орыс  драма  театры, 

«Үздік актерлік ансамбль» аталымымен Қырғыз 

Республикасы Бишкек қаласының «Сахна» экс-

перименталды театры және «Режиссураға деген 

актерлік  адалдық»  номинациясымен    Қырғыз 

Республикасы Талас облыстық  музыкалық драма 

театры марапатталды.

??????????????. 

  

сахнада мәдениет майданы. 



  Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

«Өмір» көрерменге жол тартты

 

„

Облыстық қазақ драма театрында «Өмір» атты психологиялық драманың 



тұсауы кесілді. Жаңа туындының авторы - жазушы-драматург, ҚР Мәдениет 

қайраткері болат бекжанов.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Оқиға желісі бақуатты жанұяның шаңырағында өрбиді. Сан 

жыл отасқан Айна мен Өмір сырт көзге сән-салтанаты жарасып, 

тұрмыста таршылық тауқыметін тартпаған жұп болып көрінеді. 

Алайда, бір перзентке зар екеудің арманы бір болғанымен,  ішкі 

жан дүниелері екі бөлек. Айна ақша мен айланың құлы болса, 

Өмір ән әлемінен ғана рахат тапқан қарапайым музыкант.  

Айнаның сырт көзге төрт құбыласы тең көрінетін паңдығын, 

қимыл-қозғалысын,  жан  күйзелісін  әйелдің  төрт  бұрышын 

айнала қоршаған шыны-айналар айна-қатесіз қайталап, сұлу 

мүсінінің сиқын қашырғандай. Ерлі-зайыптының ұрысы ұрпақ 

жалғастығына келіп тіреле берген соң, сәби сүюге сүйіспеншілігі 

артқан қос жұп дәрігер көмегіне жүгінеді. Дәрігер Өмірдің 

жастық шағында кездескен махаббаты Сана болып шығады. Бұл 

кездейсоқ кездесу Өмірдің Сананың алдында шындықтың бетін 

ашып, анасына шет елде ота жасату үшін қалталы қызға аяқ асты 

үйленіп кеткенін мойындатады. Ал Айнаның бала сүйе алмай 

қалуының бірден-бір себебі - жас кезінде қалталы азаматтан бала 

көтеріп, алдыртып тастауы болады. Сана тығырыққа тірелген 

жұпқа жатырын жалға беретін жас қыз Арданы тауып береді. Осы 

сәт бедеу әйелдің өзегін өртеген өкініш пен күйзелген жанының 

айқайы би тілімен үйлесіп, сезім нүктесін дөп басқан сырлы 

саз жеткізе білді. Шымылдықтың арғы жағынан жүрек сырын 

жеткізген әуен шер болып құйылып жатқандай ұтымды шықты.

Суррогат ана болуға келісім берген Арда Өмірге ішкі сырын 

ақтарып,  бұл абыройсыз іске анасына шетелде ота жасатуға 

қаражаты жетпегендіктен барып тұрғанын айтып, өзінің әлі он 

екіде бір гүлі ашылмаған пәк екенін  жеткізеді.Соңыра,  Өмір 

шарасыздықтан  шаранасынан  бас  тартқалы  тұрған  Ардаға 

қосылады. Осы сәтке дейін бар ғұмырының бұралаң-бұлтарысын 

ақша шешеді деп ойлап келген Айнаның ойы жеңіліс табады. Өз 

отына өзі өртеніп, пәруананың күйігін кешкен келіншек өзінің 

айна-болмысымен бетпе- бет келіп, жиған-терген байлығын 

аспанға шашады...

Спектакльді қоюшы режиссер Мәлік Ақүрпеков қойылым 

барысында ми қозғалысына, сана серпілісіне, жалпы адам психо-

логиясына әсер еткісі келгені көрініп тұрды. Мұңмен астасқан му-

зыка, бимен өрілген күйзеліс соның бір айғағы болса, бір пенденің 

бет пердесін ашуға көмекке келген шыны-айналар шынашақтай 

қыздың шар басын шыр айналдырып жіберуге қауқары жетті. 

Қойылым барысында Қажыбай Айтыбаев – Өмір, Тоқжан 

Таханова – Айна, Жадыра Құлтаева – Сана, Перизат Рыспанбетова  

Арда рөлдерін сомдап, көрермен қошеметіне бөленді. 

ақшаға айырбасталмас тағдыр... 

  Суретті түсірген В.Алсуфьев


ӘлеуеТ

9

//   «ЖаМБыл - ТаРаз»  //  №49 (1284), 3 ЖЕлТоқсан 2015 Жыл  //



АРМАНДАРЫ ТАЗА, 

ЖҮРЕКТЕРІ ІЗгІ

 

„

Жол жиегіндегі тасы да сыр шерткендей ою-орнекке толы. Қоңыр мұң ескен 



қоңыр ғимараттағы тіршілік иелерінің жүрегіне жазылған жазу ма дерсің?!  

Ешқашан, ешкім оқи алмайтын... Әр бөлмесі мұнтаздай таза, қабырғасы  аршыған 

жұмыртқадай аппақ.  Мұндағы балғындардың кіршіксіз ақ көңілдері іспетті. бұл - 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақыл-ойы дамуында  кемістігі бар 

балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты». 

Мен әлемді жүрегіммен сеземін

 

„

Көру мүмкіндігі шектеулі немесе мүлде көз жанарынан айырылған 



азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмай, мәдени-рухани сауықтыра 

отырып, бастамаларын қолдау мақсатында  Жамбыл облыстық 

көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының 

ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде  «Үміт қанатында» атты 

байқау болып өтті. 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жарық күнді, күннен тараған шуақты, 

анаңның жүзінен төгілген мейірімді, әкеңнің 

құшақ жая ұмтылған сәттегі қуанышын, 

бәрін-бәрін  көз  қарашығына  сіңіріп 

өстік. Көктемде қауыз жарған гүлдердің  

қызылына қызығып, жаздағы жапыраққа 

тұнған таңғы шыққа күлімсіредік. Жау-

ыннан соңғы кемпірқосақтың түрлі түсіне 

таластық. Қыраулы қыста ақ қардан аққала 

соғып, шаттана жүгірдік.  Ары мен адалдығының таразысы басым адамды неге ақ, 

көңілін кір шалған жанды неге қара жүрекке теңегенімізді де ешкім түсіндірмеді. 

Себебі, біз Алланың берген шапағатының арқасында дүниедегі барлық қызыл-жасыл 

әлемнің, ақ пен қара түстің көзайымы болып жүрміз. Ал бұл қуанышқа толы  әсерлі 

сәттерді тамашалап, куә болуды жазбаған, яғни,  тек сезіне алатын зағип жандар да 

бар. «Өзімді алсаң ал, көзімді алма» деп үлкендердің Жаратқанға жалбарынатыны 

жарық сәуленің құнының тым биік екендігінде болса керек-ті.

Қазылар алқасы  мүшелігінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар 

және құжаттама басқарма басшысының орынбасары, қазылар алқасының төрайымы  

Мүбәрак Жинақбаева болды. Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің 

суретші-қалпына келтіруші Гүлмира Нұрмағанбетова мен Айша Бегалиева, 

облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльми-

ра Дутбаева  және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  «Тараз» 

коорпоративтік қорының президенті Семби Сәрсенбиев болды.

Алғашқы «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» тақырыбында ән салу кезеңі 

ұсынылды. Одан кейін «Жүректен шыққан жырларым – туған өлкеме» атты 

авторлық шығарма, үшінші кезеңде «Көк тудың желбірегені» мәнерлеп өлең оқу, 

төртінші «Музыка өрнегі» аспапта ойнау  және де «Біз жасаған бұйымдар» атты 

қолөнер бұйымдары қойылды. Онда түрлі-түсті моншақтан тоқылып жасалған 

әсем бұйымдар мен қазақтың тұрмысына қажетті құрал-жабдықтар қамтылған. 

Байқауға қолөнер бұйымдарымен қатысушы Әшірбай Байкулиевтің киіз үй 

жабдықтарын жөндеп, жаңартумен айналысқанына 10 жылдың жүзі болды. 

- Қазіргі таңда киіз үйді жаңартып, жөндеуді балаларыма үйретіп жатырмын. 

Әйелім Жанбота да киім-кешек тігіп, құрақ құрайды. Бүгінде қазақтың салт-

дәстүріндегі тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды жинап жүрмін. Біршама 

қазақтың бұйымдарын қолдан жасаймын,- дейді қазақтың көне бұйымдарын жинап, 

жаңартумен айналысып жүрген Әшірбай аға.

Кеш соңында кезең бойынша жеңімпаздар анықталды. «Мен әлемді жүрегіммен 

сеземін» ән номинациясы бойынша  1-орын  Кәусар Бақыт, 2-орын Алмаз                         

Рысбек, 3-орын Мансур Назаровқа бұйырды. «Жүректен шыққан жырларым - туған 

өлкеме» атты авторлық өлең оқуда 1-орын  Болатхан Қасымқұловқа, 2-орын Жаннұр 

Қоңыратбаеваға, 3-орын  Ермек Атақозиевке табысталды. «Көк тудың желбірегені» 

мәнерлеп оқу кезеңі бойынша 1-орын Азамат Катамбаев, 2- орын Аружан Құттыбай, 

3-орын Семкүл Абахановаға бұйырды. «Музыка өрнегі» кез келген аспапта әуен орын-

даушылар номинациясы  бойынша Сейітхан Құлжанов пен  Бақдәулет Абдрахманов 

қана қатысқандықтан екеуі тең түсті. Ал соңғы «Біз жасаған бұйымдар» қолөнер 

көрмесіне бұйымдарын ұсынғандар арасында 1-орын Аңсар Баймұратов, 2-орын 

Әшірбай Байкулиев, 3-орын Сағадат Белқожаевқа берілді. Жеңімпаздарға сый-сияпат 

көрсетіліп, барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Бүгін осы мектеп-интернатта қалалық  мәдениет 

үйінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының өнерлі ба-

лалары интернат тәрбиеленушілерінің көңілін көтермек 

мақсатта ән-жырға толы көңілді кеш өткізіп жатыр екен. 

Терезенің жақтауына сүйеніп, балаларға қарап, 

ойға шомып кетіппін. Көңілімді терезеден сырғып 

түскен күртеше бұзды. Алуға оқталғаным сол, ана-

дайдан жүгіріп келген 12-13 жасар бала сырт киімді 

лезде жерден көтеріп үлгерді. Кішкентай қолдарымен  

мұқият сипап, қағып, биікке іліп қойды. Менің көз 

алмай  қарап  тұрғанымды  байқап,  жымиюды  да 

ұмытпады. Шашынан сипағаным сол, кеудеме басын 

қойып, құшағыма тығылды. Жүрегі жатсынудан ада 

баланың жүзіне қарап, есімін сұрадым. Ол әлдене деп 

былдырлады.  Ия, ол сөйлей алмайды екен. Бәлкім, 

ойлау жүйесі де дұрыс қалыптаспаған шығар. Бірақ 

сол сәт оның жанарынан төгілген мейірім шексіз, кімді 

болсын жатырқамайтын әдеті соншалықты әдемі еді.

Бұл мекемеде 3 тігін, 3 ағаш өңдеу шеберханасы, 1 

әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау, 16 оқу  бөлмелері, 

сенсорлық бөлме, дәрігер, егу, изолятор бөлмелері 

және дене шынықтыру кешені орналасқан. Педагог, 

психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік ұстаз да 

балалардың ертеңі үшін еңбек етуде. 

Мұнда 185 балаға   арналған жатын бөлме қажетті 

жиһаздармен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз 

етілген.    Жыл  сайын  4-5  оқушы  республикалық 

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалады. 

Мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығына 

арналған республикалық «Жұлдызай» фестиваліне, 

сондай-ақ «Бәріміз бірдейміз,  кемсітуді  білмейміз»  

атты мүмкіндігі  шектеулі  оқушылар  арасындағы  

байқауға да балалар бір кісідей атсалысып, қатысып 

тұрады.  Ал  жуырда  Американың  Лос-Анджелес 

қаласына барып, Қазақстан Республикасының во-

лейбол командасында ойнап, 3-орынға ие болғандар 

арасында  Азляр Нұрсұлтан  мен Ізбасар Талғат спорт-

тан ғана емес, жалпы басқа сабақтардан да көзге түсіп 

жүрген үздіктер. 

- Мен бәрінен де биология сабағын жақсы көремін. 

Ал болашақта полиция қызметкері болуды арман-

даймын. Қылмыскерлерді ұстап, түрлі жағдайларда 

жақсы адамдарға көмектескім келеді,- дейді оқу үздігі 

Нұрсұлтан.

Қоңыр  тіршілікпен  астасқан,  қоңыр  үнді 

балғындармен қош айтысып, тысқа шыққанымда:

«Өлі балық жолығар өлмегенге!

Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!

Өмір деген осылай, жаным менің,

Қайтер едік, өмірге келмегенде?!»-деген өлең 

жолдарының күйтабағы жүрегімде шыр айналып 

тұрды...

Жатырқамайтын жүрекпен...  

  Суреттерді түсірген В.Алсуфьев

«Жұмыспен 

қамту» 

акциясы 

жүзеге асуда

Диляра ДАРХАН

Бұл  іс-шараға  Тараз  қалалық 

жұмыспен  қамту  орталығының 

қызметкерлері мен «Нұр Отан» пар-

тиясы    Жамбыл  облыстық  филиа-

лы  қоғамдық  қабылдау  бөлімінің 

меңгерушісі Бахыт Төлемісова, «Нұр 

Отан» партиясы Тараз қалалық фили-

алы төрағасының бірінші орынбасары 

Балжан  Пернебекова  және  де  БАҚ 

өкілдері қатысты. 

Жұмыс іздеп келушілер арасында 

алғашқы болып есік қаққан 4 баланың 

анасы  Н.Гамзина  болды.    Бүгінгі 

таңда «Әйелдерге арналған дағдарыс 

орталығын» мекен еткен 29 жасар әйел 

арнайы мамандығы болмағандықтан, 

кез  келген  жұмысты  атқаратынын 

айтты. Жұмыспен қамту орталығының 

мамандары әйелді он айлық курстан 

өтуге кеңес беріп, сондай-ақ  жұмыс 

кестесі екі күн немесе екі түн алмасып 

отыратын  кеспе жасау мекемелеріне  

жіберді. Түскі ас пен кешкі асы тегін 

ұсынылатын жұмыс орнын тапқанына 

Надежда Гамзина қуана келісті.

1981 жылы дүниеге келген Жанат 

Сетимова  2012 жылы Өзбекстаннан 

елге оралған екен. Сауда-саттықпен 

айналысуға ұсыныс тастаған әйелді өз 

сұранысы бойынша 3 күн тәжірибеден 

өтуге сауда орталығына жіберді. Жұмыс 

іздеушілер арасында жоғарғы оқу ор-

нын бітірген Гүлмира Сырлыбаева да 

бар. Ол Евразия ұлттық университеті 

мен Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық 

техникалық университетін тәмамдаған. 

Қалада тіркеуде жоқ әйелге  жұмыс 

істеу үшін ең бастысы қалаға тіркеуге 

тұру қажеттігі айтылды. Әзірге әйелдің 

мамандығына сай вакансия жоқтығы 

да ескертілді.

Сондай-ақ Бауыржан Бақытжанов 

жеңіл  көлігімен  жүргізуші  болып 

жұмыс жасағысы келетінін алға тарт-

ты. «Ақ жол», «Люкс» және тағы да 

басқа  қалаішілік  такси  қызметіне 

әңгімелесуге  жіберілді.  Жұмыс 

сұраушы 54 жасар Мираш Игілікова 

да макарон цехына жіберілді. 

Жұмыспен қамту орталығындағы 

сұранысқа  ие  мамандықтарға 

тоқталсақ,  «Дарын»  мектеп-интер-

натына математика пәнінің мұғалімі, 

№17 орта мектебіне дене шынықтыру 

пәнінің мұғалімі, №1 балалар үйіне 

тәрбиеші, «Білім Тараз» балабақшасына 

музыкалық жетекші, ағылшын пәнінің 

мұғалімі  және  орыс  тілі  пәнінің 

тәрбиешісі  қажет  екен.  Акция  ба-

рысында  алынған  сәйкес  кеңестер 

мен  насихаттық  жұмыс  толықтай 

қанағаттандырылды. 

 

„

«Жамбыл 



облысы Тараз 

қаласы әкімдігінің 

халықты жұмыспен 

қамту орталығы» 

коммуналдық 

мемлекеттік 

мекемесінде 

азаматтарды 

жұмыспен қамтуға 

жәрдем көрсету 

мақсатында «Нұр 

Отан» партиясының 

қызметкерлері 

«Жұмыспен қамтудың 

жол картасы - 2020» 

бағдарламасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет