4 бет 8 бет №15 (108) 6 тамыз, 2015 жыл. АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата02.03.2017
өлшемі9,58 Mb.
#5111
1   2   3   4   5   6

К.ЕСМАҒАМБЕТОВ,

                            тарих ғылымдарының

        докторы, профессор.

      (жалғасы кейінгі санда)



Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 6 тамыз, 

2015 жыл

ӨНЕР

МЕРЕЙТОЙ ҚАРСАҢЫНДА

Тарихты таңбалаған



Қазақ біртұтас ел ретінде еншісін алып, 

бөлек мемлекет құрғалы 550 жыл өтсе, биыл 

сол 550 жыл ішіндегі оқиғаларға тарихи 

тұрғыдан баға беріліп, қорытынды жасала-

тын жыл. Іргетасы 550 жыл бұрын қаланған 

«Мәңгілік елдің» төрт құбыласын түгендейтін 

жыл. Елбасы айтқандай, бұл той тойлай-

тын емес, ой ойлайтын жыл. Сондықтан, 

бүгінгі зиялы қауым Қазақ хандығының 550 

жылдық мерейтойын мән-мағыналы шара-

лармен атап өтуді жөн көріп отыр. Соның 

бір айғағы «Көркемөнер галереясында» 

«Қазақ хандығының шежіресі»  атты Ал-

маты облысының кәсіпқой суретшілерінің 

жұмыстарынан жинақталған көрме 

ұйымдастырылып,  көрермендер назарына 

ұсынылды.

«Сәнді  сурет 

тек  сүйсін

е 

көрмекке 

жақсы, ал мәнді 

сурет 

белгілі  бір  мәнді, 

суретшінің 

сезімі  мен  іңкәрлігін

,  әрекеті 

мен  мінезін,  табиғи 

дарынын 

білдіреді» 

ӘЛ-ФАРАБИ.

«Өзінің  салған 

суретіне 

көңілі 

толған  суретшінің 

бұл  өнерме

н 

қош  айтыса 

беруіне  болад

ы, 

себебі  суретші 

шырқау  шыңға 

шықтым 

деп  масайрайд

ы  деген-

ше,  оның 

даму  өрле

уі  бітті  де

й 

беріңіз  де, 

шығармашылығынан 

енді  қайтып 

елеулі  ештеңе 

күтпей-ақ қойыңыз»

Орыс суретшісі В.А.СЕРОВ.

 

«...Киелі  жыр 



өнерінің  асыл 

ру-

хын  қотара 

жұтып,  бойына 

барынша 

сіңірген, 

кейін  оны 

өзекті сана 

сүрлеуінің 

сүзгісінен 

өткізіп, 

қылқалам-тағд

ырға 

байлау  арқылы 

мына  дүрбел

ең 

дүниені  бо

ямасыз  с

омдайтын 

адам -  суретші»     

   

  Фольклортанушы Б.ЖҮСІПОВ.

Қазақ 


хандығы 

— 

қазақтардың  XV  және  XIX 



ғасырлар аралығында қанат 

жайған,  тәуелсіз  ұлттық 

мемлекеті.  Қазақ  хандығы 

қазақ  халқының  ғасырлар 

бойы  сақтап,  қорғап  келген 

мемлекеттігінің  нышаны.  Ол 

ұлан – байтақ өңірді мекенде-

ген қазақ тайпаларының ба-

сын қосып шоғырландыруда, 

қазақтың  этникалық  тер-

риториясын 

біріктіруде, 

қазақтың  байырғы  заман-

нан  басталған  өз  алдына 

жеке ел болып қалыптасуын 

біржолата  аяқтауда  аса 

маңызды  және  түбегейлі  шешуші 

рөл атқарды.

Көрменің  негiзгi  мақсаты  -  жа-

старды, халықты Отан сүйгіштікке, 

ұлттық  мәдени-мұраны  сақтау, 

әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерімізді 

дәріптеу,  рухани  байлығымызды 

жоғалтпай, асқақтату, ұлттық рух-

та  тәрбиелеу.  Егемендi  елiмiздiң 

қол  жеткiзген  толымды  табыста-

рын,  шыққан  биiктерiн,  қарышты 

қадамын,  заңғар  заманын  әлемге 

паш  ету.  Тарих  тағлымдарын 

кеңiнен 


насихаттау. 

Көрмеге 


қойылған  20  суретшінің  40-тан 

астам  туындылары  осы  айтылған 

сөздің  дәлелі  ретінде  Қазақ 

хандығының 550 жылдығына және 

«Жер  жаннаты-Жетісудың»  әсем 

табиғатын  бейнелеуге  арналды. 

Қолөнер  шеберлерінің    ағаштан 

көркемдеп  ойылған  кескіндемелік 

жұмыстары  келушілерді  шабыт-

тандыра түскені сөзсіз.

Тарих тағлымдарын кеңiнен на-

сихаттайтын  бұл  шараға  Алматы 

облысының  кәсіпқой  суретшілері 

мен қолөнер шеберлерінің туынды-

лары да қойылды. Көрменің ашылу 

салтанатына келген 200-ден астам 

көрермен  ықыласынан  қылқалам 

шеберлеріне  деген  ыстық  ықылас 

пен өнер құдыретіне табыну сезіліп 

тұрды.  Солардың  қатарындағы 

БАҚ  өкілдері,  суретшілер  мен 

қала  қонақтары  көрмені  тамаша-

лап  ризашылықтарын  білдірді. 

Мазмұны  бай,  тәрбиелік  маңызы 

зор шеберлер жұмысын көпшілікке 

ұсыну  арқылы  галерея  қоры  тың 

шығармалармен  толықты. 

Бірінен  бірі  өтетін  үздік  туын-

дыларды  саралау  әрі  бағалау 

әділқазылар  алқасына  да  оңай 

соқпағаны 

анық. 


Байқауға 

Қазақстан 

Республикасы 

Суретшілер 

және 

Дизайнер-



лер  одағының  мүшесі,  Көркем 

академиясының  академигі,  Қытай 

Өнер  академиясының  профессо-

ры, «Жетісулық желтоқсандықтар» 

қоғамдық  қорының  президенті 

Ермұхан 


Жүнісхан 

төрағалық 

етті.  Әділқазылар  құрамында  

Алматы  облысының  мәдениет, 

мұрағаттар 

және 


құжаттама 

басқармасының 

бөлім 

бас-


шысы  Л.М.  Есболова,  Алматы 

облысының  мәдениет,  мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасының 

бас  маманы    Ә.Ә.  Оралов,  ҚР     

Суретшілер  Одағының  мүшесі, 

Көркем  академиясының  корре-

спондент  мүшесі,  «Көркемөнер 

галереясының»  директоры  Қ.Қ. 

Қаблисанов  және  «Көркемөнер 

галереясының»  бөлім  меңгерушісі 

А.К. Оразбаевалар болды. 

Мерейтой 

қарсаңында 

ұйымдастырылып отырған  көрмеге 

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу 

мемлекеттік 

университетінің 

ұжымы  да  атсалысты.  Олардың 

қатарында  мәдениет  және  өнер 

факультетінің  «Бейнелеу  өнері 

және  дизайн»  кафедрасының 

аға 


оқытушылары 

Бақытжан 

Ахметовтың «Атамекен», Мұратхан 

Әбділдаевтың  «Ұрпаққа  аманат», 

магистр  Динара  Утельбаеваның 

«Хан 


Жәнібек» 

туындылары 

және  «Бейнелеу  өнері  және  сызу» 

мамандығының  3-курс  студенті 

Сымбат  Сарсенбаеваның  «Керей 

мен Жәнібек» шығармалары бар. 

Саралаудан  өткен  туынды-

лар  жайлы  өз  пікірлерін  ортаға 

салған  әр  сарапшы  төмендегідей 

ойтолғамдарымен бөлісті.

Л.М.  Есболова  –  Алматы 

облысының  мәдениет,  мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасының 

бөлім  басшысы:  «Туындылардың 



мағынасына  және  орындалу  тех-

никасын  бағалап,  осы  аталған 

суретшілердің 

жұмыстарын 

жүлделі  орындарға  ұсына  оты-

рып,  соңғы  кезде  көркемсурет 

өнерінің  шарықтауын  жоғары 

бағалаймын»    десе,  Алматы 

облысының  мәдениет,  мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасының 

бас маманы Ә.Ә. Оралов:

-  Тарихқа  жүгініп,  бейне-

леу 

өнерінде 

тақырыптан 

ауытқымай,  сюжетті  көрсете 

білген  жас  суретшілердің  туын-

дыларын    сүйсіне  де  қызыға  та-

машаладым - десе, ҚР Суретшілер 

Одағының  мүшесі,  ҚР  Көркем 

академиясының 

корреспондент 

мүшесі Қ.Қ. Қаблисанов:



Байқаудың 



ереже-шар-

ты  бойынша  сюжетіне  және 

орындалу  техникасына  қарай: 

1-орынға 

С.Сарсенбаеваның 

«Керей  мен  Жәнібек»,  2-орынға 

А.Бейсенбетовтың  «Қадырғали 

Жалайри»,  3-орынға  екі  суретші 

Д.Утельбаеваның 

«Хан 

Жәнібек»  және  Б.Ахметовтың 

«Атамекенін» 

 

ұсынамын,-

деген  шешімін  айтты.  Басқа 

да 

сыншылардың 



келісімімен 

«өте  жақсы»  деп  қабылданған 

шешімді  Қазақстан  Республика-

сы  Суретшілер  және  Дизайнер-

лер  одағының  мүшесі,  Көркем 

академиясының академигі,  Қытай 

Өнер  академиясының  профессо-

ры, «Жетісулық желтоқсандықтар» 

қоғамдық  қорының  президенті 

Ермұхан 


 

Жүнісхан 

мырза                    

қорытындылады.                                                                

-  Көрмеге    20    суретші  40       

туындысымен  қатысып  отыр, 

тақырыпқа  сай  және  орында-

лу  шеберлігіне  қарай  таңдау 

өте  қиын.  Осы  туындылардың 

ішінде    С.Сарсенбаеваның  «Ке-

рей  мен  Жәнібек»  шығармасын 

ерекше  атап  өткім  келеді  және 

болашағынан  зор  үміт  күтеміз,- 

деп  әділқазылар  төрағасы  мара-

пат иелерін көрме төріне шақырып, 

өз  қолынан  лайықты  сый-сияпат 

көрсетті.

Өнердің    тылсым  әлеміне 

жаңадан  қадам  басқан  суретші 

қыз  жетісулықтарға  аз  уақыт 

ішінде  қол  жеткізген  табыстары-

мен  таныс.  Университетіміздің 

өнерлі  жастарының  алдын  орап 

келе  жатқан  бойжеткен  Сымбат 

Сарсенбаеваға  біз  де  өз  тарапы-

мыздан  тілектестігімізді  білдіріп, 

қатты  қуандық.  «Жүйріктен  жүйрік 

озар жарысқанда» - демекші,  осы 

байқауда  сырлы  өнерді  жанына 

серік  еткен  суретші  қыз  талан-

тына  тағы  бір  рет  тәнті  болған 

талдықорғандықтар  разы  болып 

тарқасты. 

«Қазақ 

хандығының 

шежіресі» 

 

атты 

Қазақ 

хандығының  550  жылдығына 

арналған  облыстық  кәсіпқой 

суретшілер 

мен 

қолөнер 

шеберлерінің 

туындыла-

рынан  жинақталған  көрме-

байқауының 

нәтижесінен 

байқағанымыз, 

өткен 

та-

рих  пен  бүгінгі  болашақтың 

үміт  жібі  жалғасын  тауып, 

«Мәңгілік елдің – мәңгілік өнері» 

жанданғандығы. 

БАЯН ЖАҢАБАЕВА.

 

Б. Ахметов «Атамеке

н» 180 х 125 к.м.б.

Д. Утельбаева «Хан Жәнібек» 200 х 150 к.м.б.

М. Әбділдаев «Ұрпаққа аманат» диптих, 

100 х 140 батик, ағаш.

С. Сарсенбаева «Керей мен Жәнібек» 180 х 130 к.м.б.

   ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ


Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Баян Шаянбаева

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс №968

Таралым 2000 дана

Жауапты хатшы Ү.Өмірзақов

Тілші А.Дегтярёв

Корректор Б.Жаңабаева

Беттеуші А.Кенжебекова,

                 П.Қалиханқызы



Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 6 тамыз, 

2015 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

КӘДЕ

Жетісу 


университеті

ТӘМСІЛ

Қызғаныш пен ашу туралы



БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

Жапон елінің бір 

қалашығында қарт 

самурай тұратын. 

Ол өз шәкірттерін 

білімді, ақылды 

етіп тәрбиелейді. 

Бір күні сабақ ба-

рысында өзінің 

тәртіпсіздігі мен 

қатігездігімен елге 

аты жайылған жау-

ынгер келеді.

Оның  өзіндік  әскери  тактикасы  бола-

тын. Ол қарсыласына ауыр сөздер айтып, 

ашуландырады.  Ызаланған  қарсыласы 

жекпе-жекке  шығып,  ашудың  салдарында 

қателіктер жіберіп, жеңілетін.

Бұл жолы да жауынгер қарт самурайды 

ашуландыру  үшін  ауыр,  балағат  сөздерін 

жаудырады.  Алайда  самурай  оған  қалт 

етпейді. Әлгі жігіт үш рет қайталап көреді. 

Самурай  сабағын  жалғастыра  береді. 

Ызаланған  жауынгер  есікті  теуіп,  кетіп 

қалады.

Мұны бақылаған шәкірттері самурайдан: 



«Ұстаз,  неге  оның  мұндай  тәртіпсіздігіне 

жауап  бермедіңіз?  Оны  жекпе-жекке 

шақыру керек еді!» деп ызаланады.

Дана самурай:

-  Сізге  біреу  сыйлық  алып  келіп,  сіз 

қабылдамасаңыз,  ол  кімнің  қолында 

қалады? - деп сұрайды.

-  Өзінің  иесінде,  -  деп  жауап  береді 

шәкірттері.

Бұл 



қызғаныш, 

ашу, 


кемсіту 

мен  мысқылға  да  қатысты.  Оларды 

қабылдамағанша,  барлығы  өз  иесінде 

қалады, - деп айтады самурай.

Расында да, біреудің ашулы сөзін көңілге 

алмасаңыз,  жүйкеңіз  тозбайды.  Демек 

денсаулығыңыз  да  қалыпты  болады.  Бұл 

өсиет  әңгіме  адамды  сабырлы,  кешірімді 

болуға шақырады.

«Ғибратнама» кітабынан

Өз сыңарыңызды қалай танисыз?

Егер адам кеткісі келсе, үйін де, баласын 

да,  тіпті  өлім  аузында  жатқан  мүгедекті 

де  тастап  кетіп  қалады.  Кеткісе  келме-

се, жаныңызда болады. Егер адам сіздің 

сыңарыңыз  болуды  қаласа,  ешқандай 

кемшіліктеріңізге  қарамайды.  Егер  адам 

болғысы  келмесе,  сіздің  ерекшелік, 

артықшылықтарыңыз  оны  ұстай  алмай-

ды.

Өзін  ұсқынсыз,  тартымды  емес  санай-



тын  адамның  өзіне  де  оны  сүйетін  жан 

кездеседі.  Қанша  жерден  сұлу,  тартым-

ды  болсаңыз  да,  сізден  теріс  айналып, 

басқаға кететін жандар болады.

Егер сізден біреу бас тартса, онда тұрған 

ештеңе  жоқ.  Одан  сіз  гүл  секілді  солып 

қалмайсыз. Өмірде сіздің сыңарыңыз бар. 

Осыны  ұмытпаңыз.  Ол  сізді  барыңызбен 

қабылдап, жақсы көретін болады.

Егер  оны  кездестірсеңіз,  бір  күні 

айырылысатыныңызды  ұмытпаңыз.  Өмір 

болмаса  да,  өлім  айырады.  Бұл  дүниеге 

адам  жалғыз  келіп,  жалғыз  кетеді. 

Сондықтан  барыңызды  бағалап,  әр  сәтті 

жіберіп алмауға тырысыңыз.

Қаншалықты 

сүйсең, 

соншалықты 

жылы сезімге бөленесің. Егер біреуге ма-

хаббат  сыйлай  тұра,  жек  көрушілік  пен 

ауырлықты сезінсеңіз, демек оған тәттімен 

әрленген у бердіңіз. Мұндай сый үшін алғыс 

қабылдауыңыз екіталай.

Жібере  біліңіз.  Сүйіктіңіз  тек  сіздің 

сыңарыңыз  деген  атаққа  лайық  деп 

санамаңыз.  Біреуге  барыңды  беру  –  си-

рек  кездесетін  талант,  сондай-ақ  сирек 

кездесетін  лағынет.  Өзіңізді  жоғалтып 

алмаңыз, қорқыныштан арылыңыз. Кететін 

адам  бір  күні  кетеді.  Сізді  сүйетін  адам 

мәңгі жаныңызда болады.

Сеніңіз, жылытыңыз, рақмет айта біліңіз. 

Ертеңгі  күннің  қандай  болатынын  ойлап, 

басыңызды ауыртпаңыз. Ең бастысы қазіргі 

шақ.  Жылдарды  аяп,  сүймейтін  адамның 

қасында болудың еш мәні жоқ.

Құны  бар  нәрсені  ақшамен  сатып  алуға 

болады.  Біреудің  көз  жасына  қалып, 

ұрланған  нәрсе  100  еселеніп  басыңызға 

келеді.  Шын  жүректен  берілген  нәрсенің 

бағасы қымбат.

Өз адамыңызды қалай анықтайсыз? Бұл 

аса  қиын  нәрсе  емес.  Жолда  келе  жатып, 

бір  біріңізге  соқтығысып  қаласыз.  Ол  да, 

сіз де білген жоқсыз. Бір-біріңізді таптыңыз. 

Енді  қай  жаққа  барсаңыз  да,  бірге  жол 

жүресіз.

АДАМДАР 

БІРГЕ БОЛУДЫ 

ҚАЛАСА, ОЛАР-

ДЫ ЕШТЕҢЕ АЙ-

ЫРА АЛМАЙДЫ. 

ПАРЫЗ, АДАЛ 

НИЕТ СЕКІЛДІ 

НӘРСЕЛЕР 

БІР АДАМДЫ 

БАСҚАҒА ҚОСА 

АЛМАЙДЫ.

КҮЛЕ ОТЫРЫҢЫЗ

Студенттің логикасы

Студенттердің логикасын тексеретін емтихан өтіп жатыр.

Профессор:

- Самолет бортында 500 кірпіш бар. Оның біреуі жерге түсіп кетті. Сонда бортта неше 

кірпіш қалды?

Студент:

- Осы да сөз болып па?! 499!

-  Дұрыс  айтасың.  Келесі  сұрақты  қояйын.  Пілді  тоңазытқышқа  салу  үшін  қандай  үш 

әрекетті орындауымыз керек?

- 1. Тоңазытқышты ашамыз. 2. Ішіне пілді кіргіземіз. 3. Тоңазытқышты жабамыз.

- Ал осы тоңазытқышқа бұғыны қалай кіргіземіз? Бұл жолы 4 әрекет орындауымыз керек.

- 1. Тоңазытқышты ашамыз. 2. Ішіндегі әлгі пілді шығарамыз. 3. Орнына бұғыны кіргіземіз. 

4. Артынша тоңазытқышты жабамыз.

- Жарайсың! Бүгін аң патшасы арыстанның туған күні. Оның туған күніне бір жануар ғана 

келмеді. Не себепті?

- Бұғы әлі тоңазытқыштың ішінде болғандықтан, бұл жиынға келе алмады. Ары қарай 

кеттік. Әжей қолтырауындар жүретін ми батпақтан өте ала ма?

- Ия. Өйткені қолтырауындардың барлығы туған күнге кеткен.

- Әп, бәрекелді! Бірақ әжей осы ми батпақтан өтіп бара жатып, бәрібір өліп кеткен екен. 

Неге?

- Мммм... Ол батып кеткен шығар?



- Жоқ, оның басына ұшақтан түскен кірпіш құлады. Емтиханды қайта тапсырасыз!

Тойдағы кемпір

 Бір тойда асаба былай деген екен

Құрметті той 

қонақтары,алдарыңызға ас 

қойдық,екі қолды бос қойдық. 

Алдарыңыздағы асты кезінде ата-

бабаларымыз немісті қалай қырса, 

солай жапыра жеп отырыңыздар!

Содан той бітеді.Бір кемпір 

қолында екі көк пакет шығып бара 

жатыр екен. Асаба:

- Әже,мынауыңыз не?

Кемпір:

Е,қарағым, бұлар пленге түскен 



немістер ғой-депті.

Тойдағы шал

Бір тойда қонақтар үстелде 

ұзағырақтау уақыт отырып қалыпты.

Шыдай алмай отырған бір ақсақал:

-Әй,асаба! Тұрғызбайсың ба, бізді!-деп 

айқай салыпты. Асабада не жазық. 

Той иесі берген тізім бойынша жүретін 

сорлы ғой.Тізімге қарап:

-Ақсақал,қазір Жүзбайдан келген 

(Жүзбай-елді мекен) құдағи сөз 

сөйлейді содан кейін тұрамыз-депті.

Сондағы ақсақалдың айтқаны:

-Құдағи жүз бай тұрмақ, мың бай-

дан қайтып келсе де  шаруам жоқ , 

тұрмасам болмайды ...

Тазалық құмар  

Күйеуі  жұмысқа  кетіп  бара  жатып 

әйеліне:

- Сен менің пиджагімді тазалап койдың 

ба?

- Әрине, тазаладым.



- Ал, шалбарымды ше?

- Иә, тазаладым.

- Ал аяқ киімімді ше?

Сонда әйелі:

- Не онда да қалта бар ма?-депті.

Жүрегімен айтады!

Бір  студент  «Достар,  бүгін  бір  талант-

ты  әншінің  концерті  болады,  соған 

барайықшы» депті. Сосын жастар жина-

лып концертке барады. Зал адамдарға 

лық  толы.  Сахна.  Музыка.  Залда  бір 

тыңдарман:  «Дауысты  күшейтіңдер» 

деп  айқайласа,  екіншісі:  «Дауысы 

естілмейді!»  деп  айқайлапты.  Сон-

да  үшіншісі:  «Ол  дауыспен  айтпайды, 



жүрегімен айтады!» деп айғайлапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет