4 бет 8 бет №15 (108) 6 тамыз, 2015 жыл. АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата02.03.2017
өлшемі9,58 Mb.
#5111
1   2   3   4   5   6

Серік ҚАНТАЕВ,

3-курс білімгері.

 

Жаз



Беу, шіркін,                                                             

балалық!


Жетісу 

университеті



ЖАСТАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ

бейсенбі, 6 тамыз,

 2015 жыл

7

  

Қ



азақ әдебиетінің 

дарынды тұлғаларының 

бірі – Ілияс Жансүгіров 

кеңес дәуіріндегі сөз 

өнерінің барлық жанры-

на мол үлес қосты. Ақын 

халық поэзиясының озық 

үлгілерімен сусындады да, 

кейін әлем әдебиетінің 

өнегелерін пайдала-

нып, талантын түлетті. 

Оның творчествосында 

халықтың шешен, төкпе 

жырларының жаңа заман 

талабына сай жаңартылған 

нұсқалары мол.



ІЗДЕНІС

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ

 

ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖАСТАР ОБРАЗЫ

Ілияс 


ақынның 

терең 


идеялы,    

көркем  мүсінді,  эпикалық  кең  тынысты 

шығармаларының  танымдық,  тәрбиелік 

мәні  зор.  Олар  қалың  оқырманның                 

ойына  ой,  сезіміне  сезім  қосады,  қиялына 

қанат  бітіреді,  эстетикалық  ләззат  беріп, 

гуманистік 

адамгершілік 

идеяларды 

толғайды.

Ілиястың  шығармашылығы  көп  қырлы, 

алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма сала-

сында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы 

айқын  көркем  шығармалардың  маржан 

шоғырын  дүниеге  келтірген  құнарлы  да 

тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына 

арқау  болған  тақырып  өрістері  де  кең  әрі 

терең.  Туындыларына    өзі  ғұмыр  кеш-

кен  ортадағы  нақтылы  өмір  көріністерінен          

бастап,  тарихи  оқиғаларға  дейін  арқау  бо-

лып отырады.

Ілиястың  поэзиялық  туындыларының 

тақырыбы    да  ауқымды,  соның  бірі  қазіргі 

қоғамның  қозғаушы  күші  саналатын,  елдің 

ертеңі  -  болашақ  жас  ұрпақ,  яғни  жастар 

тақырыбы.  Оны  біз  Ілиястың  «Саналы 

жастарға»,  «Жастар  ұраны»,  «Заманда-

стар» сынды өлеңдерінен байқаймыз.

Халықтың келешегі үшін күресетін, оның 

тағдыры үшін алаңдайтын  көзі ашық, жаны 

таза, саналы жастар екендігін  өлеңдерінде 

толғана  жырлайды.  Ілиястың  «Саналы 

жастарға» деген өлеңі сол замандағы қазақ 

жастарының  ел-жұрт  алдындағы  тарихи 

міндетін  көрсетіп  берген  бағдарлама  десе 

де  болғандай.  Өлеңнің  беташарын    Ілияс 

мынадай жылы шумақтармен бастайды:

 Тербелесің, шайқаласың жас қайың,

 Жылы желің желпігенге жыл сайын.

 Желің де емес, желік те емес, қозғалсын,

 Өмір үшін әзірленген жасқайым,-

деп  жалынды  жастардың  кеше,  бүгін, 

және ертеңгі күніне үлкен сеніммен  қарайды.

Ілияс  -  қазақ  жастары  ой-санасының 

әміршісі 

іспеттес, 

келешекке 

бағыт 


-бағдар  сілтейді.  Үлкен  тебіреніспен,  жан 

толқынының  буырқанған  қуатынан  туған 

өлеңдері  қазір  де,  бұдан  былай  да  «Мен 

қазақпын»  деген  әрбір  жастың  жүрегіне 

жол тауып, биіктерге құлшыныс туғызарына 

сөз  жоқ.  Әнұран,  шақыру,  дабыл  сипатын-

да  қайта-қайта  «Жастарға»  деп  келетін 

тегеруінді  шумақтар  көкірегінде  сәл  ғана 

талпынысы    бар  жас  сананы  жалындата 

түседі.


Алаштың  ақындары  үшін  ең  негізгі 

мәселе-қазақ  елі  жерінің  тағдыры  болған. 

Тарихтан  бізге  белгілі  сол  замандағы  ел 

басына  күн  туған  кездер,  бодандықтың 

құрбаны  болған  елдің  ертеңіне  күдікпен 

қарағандар көп болса да, алаштың арыстай 

азаматтары үмітпен қарады. Сондықтан да  

енді үміті зор  арманы асқақ жастарға сенім 

артып, ізбасарларынан «арыстандай айбат-

ты, жолбарыстай қайратты» көргісі келді. 

    Қозғаласың, ұмтыласың жас ұлан,

    Жасты жасау - жас міндеті жасынан.

    Тілектесіп өміріне, жолына,

    Сол тілекпен бетті жерге жасырам,-

деп  Ілияс  оларға  күш-қайрат  береді. 

Жастардың бойынан қыранның қанатындай 

күштілікті,  таза  жүрек  пен  ер  мінезді,туған 

жерге  деген  шексіз  махаббатты  көреді. 

Соған  мақтанады.  Шабыттана  жырлайды. 

Жастың  жалынды,  жігерлі  болуы    жасы-

нан  байқалмақ.  «Отызда  орда  бұзбасаң, 

қырықта  қамал  алмайсың»  деген  қазақ 

нақылы тағы бар. Жастардың тұлғалық си-

паты жас кезінен бастап қалыптасады. Мы-

салы, жас сәби табиғатынан таза, пәк. Бұл 

жаста олар   өмірден әлі ештеңе көрмеген, 

бейкүнә,  еш  қулық,  сұмдықты  көңілге 

түймеген  шағы.  Бұғана    қатпай  тұрып  ата-

анасының тәрбиесін, балабақша, білім беру 

мекемелерінен  бастап  бірте-бірте  рухани 

адамгершілік  құндылықтарды,  Отанына 

деген  сүйіспеншілікті,  намысшылдық  пен 

қайраттылықты, ізгіліктің нұрын бойына қа-

лыптастырады.                         

Адамның  жасын  емес,  ақылы  мен 

қабілетін  таразылайтын  заман  туды.  Елдік 

істерді  еңсеруге  қауқары  жетіп  жатса, 

жастарға  неге  мүмкіндік  бермеске?!  Тек 

біздің  қоғамда  дарындыны  алға  сүйрейтін 

күш әлсіз. Әйтпесе, қазақ жастарының ішінде 

де техникамен «тыныстайтын» әмбебаптар, 

есепке  келгенде  ешкімге  есе  жібермеген 

«алтынбастылар» жетерлік.  Жалпы, қазіргі 

таңда жастардың дәулетті болуға ұмтылысы 

мен дүние танымдық және рухани байлығы 

жөнінен  ойланар  жайлар    аз  емес.  Әрине, 

бес  саусақ  бірдей  емес,  жастардың  да  ой-

қабілеті  әрқалай.  Бір  анығы,  әлеуметтік 

артықшылық дүние танымдық қасиет - ру-

хани байлықпен теңеспек емес. Рухы  бай 

адамның жаны таза, кіршіксіз,  дүние таны-

мы  кең,сондықтан ондай жастардың кемел 

келешекке ұмтылысы биік болады. 

Демек,  біз  үлкен  мемлекеттік  ұлы 

мақсаттарды 

бағындыру 

барысында 

жастардың бойындағы асыл қасиеттерді әлі 

де бағалай береміз.

  Оқы, орталас, ұйымдас,

  Бірлік, бірлес, жиыл жас.

  Жиылатын күн жетті,

  Қайтып ұйқың қиылмас,-

деп  Ілияс  атамыз  жастарды  оянуға, 

халыққа 

қамқоршы 

басшы 

болуға 


шақырады.  Бойларын  енді-енді  тіктеп, 

бойына  қуат  жинап  қолы  жетпес  ғарышқа 

ұмтылғанын, сенімді серік етуін талап етеді.

Бірақ,  біз,  қазіргі  жастар,  осы  ақын 

өсиетін 

орындап 


жүрміз  бе?  -  де-

ген  сұрақ  көкейде 

тұрады. 

Өлеңдегі 

баса 

айтылатын: 



қайраттылық,  рух-

жігер,  табандылық, 

әділеттілік, 

бәрі-


бәрі  тәрбиеден  ба-

стау  алады.  Әрине, 

ондай 

тәрбиені 



біз          жастар  ор-

тамыздан 

және 

көркем  әдебиеттен 



аламыз.  Қай  ақын, 

жазушыны  алсаңыз 

да,  жастарға  үлкен 

сеніммен  қараған. 

Мысалы: 

Мағжан 


Жұмабаев 

«Мен 


жастарға  сенемін» 

деп жырлап:

  Көздерінде от ойнар,

  Сөздерінде жалын бар,

  Жаннан қымбат оларға ар,

  Мен жастарға сенемін!-

деп  жастарды  ақиқаттың  ауылынан 

алшақтатпай,  ар  намысын  бірінші  орынға 

қоюға  үндейді.  Намыс-адам  тұлғасының 

күзетшісі. Ілияс  әділетсіздікке қарсы шығып, 

ар-намысын  алға  қойып  ұлы  күрескер 

ретінде  өмірден  озбады  ма?...Сондықтан 

асыл  тұлғалы  ақын    жүрек  соғуымен 

қалдырған    өсиетіне  жастардың адал бо-

луы  міндетті.    Сонда  ғана  сенім  ақталып, 

білімі  парасатына  сай,  жастарымызға 

елі  болашақтың  тізгінін  алаңсыз  сеніп 

тапсырмақ.

«Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, 

биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік бола-

ды», - деп ұлт көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев 

айтқандай,  бүгінгі  жастар  алдыңғы  буын-

мен  салыстырғанда  өзгешелеу.  Олардың 

ой-өрісі,  талпынысы,  сауық-сайран  құруы, 

былай  айтқанда,  адами  құндылықтары  да 

бөлектеу.  Қазіргі  жастар  мәңгілік  рухани-

адамгершілік  құндылықтарды  қабылдауға 

бейімді  келетінін  естен  шығармау  қажет. 

Жастардың  санасы  мен  тұлғасының 

қалыптасуына  әсер  ететін  жағдаяттар 

мол.  Көргені,  сезгені,  оқып-тоқығаны  озық 

жастың түйгені  де көп болмақ.

Болашақ  үшін  өлеңмен  ой  толғаған  

І.Жансүгіровтың  сонау  сын  кезеңде-ақ  

қазақ  елінің  «Мәңгілік  Ел»    болуына  сенім 

артуы,  оның  жандүниесінің  оптимистік 

рухының биіктігін көрсетеді. 

Камшат МҰХАМЕДЖАНОВА, 

гуманитарлық факультетінің 

3-курс білімгері.

Атамекен


 Даласына  бар байлық дарығандай,

 Мекенімнің мынау бір сәні қандай.

 Құшағы - құт, қойнауы - берекелі,

 Шөбі - шүйгін, суы - бал, дәмі қандай.

Көктемің көл, жазы нөсер, қысы қатты,

Жігерімді жалынды  жанығандай.

Сүйінгенде көркіңе, байлығыңа,

Табиғатпен тілдесем жаны бардай.

Батыр жортқан тауыңның шатқалдары,

Бейне сырлы тарихтың қатпарлары.

Сезбес, бәлкім, сан ғасыр қасіретін,

Жаңа өскен жас шыбық, жас талдары.

Дархан далам мұңдаспын  мұнарыңмен,

Жомарт жұртым тілдеспін тұманыңмен.

Табылмаған тарихты әйгіледің,

Тесік тас, Сын тас сынды  тұмарыңмен.

Ішке бүгіп алғандай бар асылын,

Түні қандай тұңғиық даласы мұң.

Қайғырсам аптабыңмен жылытасың,

О, менің, құт мекенім – жанашырым!..

                          

 Айбота ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ,

   1-курс  білімгері.

Елес болып сансыраттың санамды,

Сезбедің-ау жүректегі  жарамды.

Жыр сезіммен ақтарамын сырымды,

Қолға ұстап өлең тамған қаламды.

Менсінбей сен  кете бардың алаңсыз,

Сүйіп едім қалдырдың-ау хабарсыз.

Сені сүйем, мәңгіге сүйіп өтем,

Жүректі кеп тоңдырды  ғой қара күз.

Ойладым, қос жүректі егіз демен,

Келемін өмір жолдан сені іздеумен.

Қайтадан бұл жүректі жаралама,

Жалықтым жүрегіме ем  іздеуден.

Менсінбей сен алаңсыз жүрсең мейлі,

Тоңған жүрек жылынбай бүрсеңдейді.

Суытқан сен болсаң  да амал қанша,

Мендік жүрек жылынбай бүрсеңдейді.

Күндіз түні жүрегім сені қалап,

Көңіліңе көңілім кірсем дейді.

Тәңірден бір жылулық  сұрап жүрген,

Жайымды   жүрегіңмен білсең мейлі.

  

Рахат РАХИМЖАНОВ,



«Аққу – арман» жыр 

  сайысының жүлдегері.

Жүрек 


сыры

ЖАСТАР ҰРАНЫ

Біз, жастар, заманның

Иесі, қожасы.

Жаралған адамның,

Жалынды, жаңасы.

Ұйымшыл, ұраншыл,

Кіршіксіз, ақ жүрек,

Біздер шын тазасы.

Біздер бір жас шыбық,

Кім кесер қас қылып?

Біздермен кіреді,

Тұрмыстың мазасы.

Өзімшіл, іші тар,

Біздермен табылар

Жауыздың жазасы.

Жүрегі қара қан,

Жарлыны талаған,

Ондайдың біздерден

Қайрымсыз қазасы.

...Біз, жастар, заманның

Еңбекшіл еліміз,

Еңбекке таянып,

Еркелер серіміз.

Шаруа көркейер,

Еңбекпен ағылар

Ел үшін теріміз.

Жолымыз ортақшыл,

Жоқ бізде қорқақшыл.

Мейірімсіз жауыздан,

Бір бөлек жөніміз.

Жаңадан жасалған,

Гүлденіп жасарған,

Тұрмыстың тұтқасы

Көмекшіл көбіміз.

Кел, жастар, алға ұмтыл,

Ел үшін еңбек қыл,

Көркейер біздің ел,

Кеңесшіл кебіміз.



Жетісу 

университеті



ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ

бейсенбі, 6 тамыз, 

2015 жыл

8

Адасқанның алды – жөн, 

арты – соқпақ

ОЙТҮРТКІ

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

 «Екі жылдан бергі ермегім осы,- 

деп бастады жас жігіт әңгімесін.- 

«Карта», «Ит», «Ат» деген 

ойындармен бастадым. Бүгінде 

спорттық жарыстарға бәс тігемін. 

Бірде қанжығам майлы, бірде бос. 

Бақ шаппаса, жиі ұту мүмкін 

емес. 200 теңгеден  5 мыңға 

дейінгі аралықта қалтамды қағады. 

Қайтарымсыз болса, өкінішті, әрине. 

Бірақ өзім үшін қызық!»

Бұл  «Олимп»  букмекерлік  кеңсесінде 

болған  сұхбат.  Кеңсе  −  «ауырдың  асты-

мен, жеңілдің үстімен» оңай олжаны көздеп 

келген  жастардың  «ұясы».  Ұя  болғанда 

да  алғашқыда  бал  беретін,  содан  кейін 

арасы    шағып,  зәр  егетін,  өкініштен    жас 

төгетін қатігез ұя. Қадам бассаң «Олимп», 

«Зенит»,  «Betcity»,  «Гол+Пас»,  «Tennisi», 

«MegaBet»,  «Profit»  деген  жазулар  ілінген 

бұл    кеңселерден  көз  сүрінеді.  Ресми 

мәліметтер бойынша «Олимп» букмекерлік 

кеңсесінің  елімізде  184  нысаны  бар  екен. 

Оның қызметкерінің айтуынша (есімін ата-

мауды  сұранды),  букмекерлік  кеңселердің 

қызмет  тәртібі  қарапайым.  Кез  келген 

спорт  түрінен  жекелеген  ойыншыларға  не-

месе командаға алдын ала болжам жасап, 

белгілі бір мөлшерде, ең төменгі сома 500 

теңгеден кем емес, бәс тігесіз. Егер бағыңыз 

жанса, қойылған ұтыс коэффициентіне бай-

ланысты  иесіне  еселеп  қайтады.  Мәселен, 

қарағандылық  «Шахтер»  футбол  клубы 

мен  грекиялық  «ПАОК»  арасында  бола-

тын Еуропа лигасының алғашқы кездесуіне 

«Олимп» кеңсесі мынадай болжам жасап-

ты:  П1  –  «ПАОК»  жеңісіне  1,4  коэффици-

ент  белгілесе,  П2  –  «Шахтердің»  жеңісіне 

бақандай    8,75    коэффициент  берген.  Ал 

кездесу  тең  нәтижемен  аяқталады  деген 

болжамға  4,5  коэффициент  белгілепті. 

Егер  1000  теңгені  «Шахтердің»  жеңісіне 

қойып,  сырт  алаңда  кеншілер  командасы 

қарсыласын  тізе  бүктіріп  кетсе,  ол  ақша  8 

750  теңге  көлемінде  қайтарылады.  Яғни, 

өсім  бәс  тігілген  ұтыстың  коэффициентіне 

көбейтіледі.  Сондай-ақ  әрбір  букмекерлік 

орталықтың  меншікті  сайттары  бар.  Ол 

сайттарда  спорт  жаңалықтарымен  қатар 

тіркелген  қонақтар  үшін  электронды  бәс 

тігуге барлық мүмкіндік жасалған.

Психолог 

мамандар 

нашақорлық 

дертінен  әлдеқайда  қауіпті  деп  тапқан 

ойынқұмарлық  біреулер  үшін  қаржының 

көзі.  Қазақстан  букмекерлері  және  тотали-

заторлар  қауымдастығының  бағалауынша, 

еліміздегі  бұл  саланың  жылдық  қаржы  ай-

налымы  100-150  млн.  доллар.  Бизнестің 

тиімділігі – букмекерлердің өз есебінше 5-7 

пайыз.  Яғни,  барлық  кеңселердің  жылдық 

табысы  5-10  млн.  доллардың  төңірегінде. 

Ал  осы  кәсіптің  құлағын  ұстағандар  үшін 

клубты немесе ұтыс қабылдау орнын ұстау 

үшін бір жылда орташа есеппен 10-20 мың 

доллар қаражат жұмсалады.

«Жасында  ғылым    бар  деп  ескерме-

ген» жастардың жаңа әрі қызықты ойынын 

азарт  дейміз  бе,  жоқ  па:  -  деп  ата  дініміз 

исламға  үңілдік:  «Жеңіл  жолмен  келетін 

табыс  құмар  ойын  болып  саналады,  ал 

құмар  ойын  –  ақша  табу  немесе  ақшаның 

жеңіл әрі қиындықсыз және әділетсіздікпен 

жұмсалуы»  −  деп  Мәкхуль  анықтама  бер-

ген.  Қаситетті  Құран  Кәрімнің  «Мәида» 

сүресі 90−91 аятында былай делінген: «Ей, 

мүміндер! Арақ, құмар ойын, тіктеп қойылған 

пұттар  және  таяқшалар  –  шайтанның  лас 

амалдарынан.  Ендеше,  құтылуларың  үшін 

осындай  нәрселерден  аулақ  болыңдар. 

Расында,  шайтан  ішкілік  пен  құмар  ойыны 

арқылы араларыңда дұшпандық, кек салу-

ды және Алланы еске алудан, намаз оқудан 

бөгеуді қалайды.»

Әлемнің көптеген елдерінде етек жайған 

бұл қызмет түріне Украина тосқауыл қойса, 

көршілес Ресей елінде әлі талқылануда. Ал 

АҚШ  қатаң  түрде  тыйым  салған  көрінеді. 

Қашанда  қонақжай  Қазақстан  болса, 

өзгелер  өзекті  деп  санаған  бұл  мәселеге 

келгенде бей-жай. 

Еліміз 


ессіз 

ойынды 


ескерусіз  қалдырып,  «қолын 

мезгілінен 

кеш 

сермеп» 


жүрмесе болғаны...

«Жігіттер,  ойын  –  арзан, 

күлкі − қымбат». Ойланайық!

                                         



Айбек СЕЙДАХМЕТОВ, 

                                оқытушы, журналист.

Ұялы телефонның кесірі

А

йым ұйқысынан ояна сала, жастығының астындағы 



телефонын қолына алды. Бірден ғаламторға кіру 

функцияларын реттеп, жаңалықтарды оқуға кірісті. 

Әлеуметтік желілердің барлық түрлеріне тіркелген 

бойжеткен көзді ашып-жұмғанша біріне кіріп, екіншісінен 

шығып өз жұмысын мінсіз атқаруда. Біссіміләсін айтып 

төсектен тұру есі тұрмақ түсіне де кірер емес.

Ауылдан  келген  әжесі  бөлмесіне  кіріп: 

«Ботақаным тұра ғой енді. Беті-қолыңды 



жуып, таңғы асыңды ішіп, сабағыңа бар. 

Анаң  мен  әкең  ерте  тұрып,  сендердің 

қамдарың үшін күні-түні жұмыста жүр. Ал 

сендер  әке-шеше  алдындағы  перзенттік 

парыздарыңды білім алу арқылы өтеңдер 

құлыным», – деп немересін еркелетіп, ара-

сында  ақылын  айтып  қояды.  Әже  ақылын 

тыңдамақ  түгіл,  естіп  отырған  бала  жоқ. 

Көрпесіне оранып, теріс қарап, телефонды 

серік етті. Алақандай құрылғы әжесінен де 

қымбат секілді.

Бүкшеңдей  басқан  қарт  ана  ас  дайын-

дап жатып, сағатқа қарап қояды. Келінінің: 

«Апа,  Айым  сабаққа  сағат  11-ден  кете 

шығуы  керек.  Кешігіп  қалмасын»  де-

ген  сөзі  есіне  түсті.  Сағат  тілі  10-ды 

көрсетіп  тұр.  Қатпарлы  әжім  басқан  бетін 

алақанымен  бір  сүртіп  қойып,  немересінің 

бөлмесіне  тағы  келді.  Көрпесін  алып, 

бетінен  сүйіп,  төсегінен  әрең  деген-

де  тұрғызды.  Қолындағы  телефонынан 

арылмаған  күйі  дастарханға  жайғасты. 

Әжесімен  тіпті  сөйлеспеді  де.  «Қай  жерде 

артық кеттім. Ренжітіп қойдым ба екен? 

Әлде  қаланың  балалары  осындай  бола 

ма?  Ауылдағы  немерелерім  бір  сөзімді 

артық  айтқызбай,  шауып  кететін  еді»

–  деген  кейуана  терең  ойда.  Артынан  жау 

қуып  келе  жатқандай  саусақтары  шапшаң 

қимылдайды.  Соның  ішіне  кіріп  кеткісі-ақ 

келеді.  Амал  жоқ  ол  мүмкін  емес.  «Құдай-

ау, алақандай дүние сонша мұны неге маг-

нитше тартып алған? Қазіргі жастардың 

бәрі  соған  қызмет  ете  ме?  Керісінше,  ол 

адамға тәуелді болуы керек емес пе? Бұл 

бала  күні  бойы  осылай  жүрсе,  ана  миы-

нан не ми қалады?» деген сансыз сұрақты 

өз-өзіне  қойып  отырған  әженің  ойын  тарс 

жабылған  есіктің  дыбысы  үзді.  Самайын 

ақ  қырау  шалған  қарт  ана  тұңғиық  ойдың 

шыңырауында  отырып,  немересінің  үйден 

шыққанын да байқамапты. Тездетіп терезе-

ден сыртқа қараса, Айымның үйдегі әрекеті 

айна  қатесіз  көшеден  орын  алған  екен. 

Немересіне  қатқыл  үнмен  «Жолға  қара» 

деп қоңырау шалғысы келген, бірақ нөмірін 

таппады.  Іштей  күбірлеп  дұғасын  оқыды. 

Қолдан келген амал сол ғана болатын. 

Араға  біраз  уақыт  салған  соң,  есік 

қағылды. Кейуана ұлы мен келінін және ақ 

матаға оралған адам денесін көріп, көз жа-

сына ерік берді. 



Оқиға  желісі  өмірдің  өзінен  алын-

ды.  Оқыған  жанға  ой  салар  деген 

ниеттеміз. Расымен де, бір күн тұрмақ 

бір минутын телефонсыз елестете ал-

майтын жеткіншектер саны күн сайын 

көбейіп келеді. Соның салдарынан жол-

көлік  оқиғалары  да  көптеп  орын  алу-

да.  Қоғамдағы  келеңсіз  жайттардың 

басым  көпшілігі  әлеуметтік  желінің 

әлегінен болады десек қателеспеген бо-

лар едік. 

Еркежан САҒЫНЫШОВА.

Еңбекпен ақша тап

Ж

олың 


түсіп базарға бара 

қалсаң, неше түрлі өзіңе  

керек заттарға тап 

боласың. Бірі  арзан 

сапасыз тауар болса

енді бірі қымбат сапалы 

тауар. Біреу сапасына 

қарамай бағасын көтерсе, 

енді бірі сапалы болса да 

бағасын түсіріп жатыр. 

Ата-ана  бала-шағаның  қамы  үшін  не 

істемейді?  «Баланың жейтін тамағы мен 

киетін киімін тауып беремін» деп  қыстың  

қаһарлы  аязы  мен  жаздың  жан  шыдат-

пас  ыстығына  төзе  отырып,  жұмыс  жа-

сайды.  Ата-ананың  еңбегін  перзенттері 

бағалап  жатса  дұрыс.  «Мынауың  не?» 

деп  маңдай  терімен  тапқан  ақшасына 

әкелген  заттарына  риза  болмай  жата-

тындар да бар. 

Қаламыздың 

сауда 


орталығына 

барғанда  «Арбаттың»  бойын  жағалап 

өтсеңіз, сіздің  көзіңізге мынадай  заттар 

түседі: сары май, сиыр сүті, айран, тауық 

еті, лағманның наны, түрлі көкөніс салат-

тары тағы басқа да азық - түлік түрлері. 

Осыларды сатып тұрғандардың барлығы 

дерлік жағдайы төмен отбасылар.

«Өз нанымды қайыр тілеп емес, сауда 

жасап, еңбекпен  адал тапсам» деп ба-

зар жағалап күнкөріс  қамын жасап жүр. 

Кез - келген жерге тұра қалып, «әйтеуір 

адамдар  толассыз  жүретін  жер  болса 

болды» деп саудаларын «дөңгелетіп-ақ» 

жатыр. 

Сатсын,  ақшасын  тапсын!  Бірақ 



тазалықты  да    сақтау  керек  қой.  Мыса-

лы,    тауық  етінің    бетін    жаппай  ашық 

күйінде    сатып  отыр.  Оған    қонған 

көшенің    шаң-тозаңы,  түрлі  микробтар-

ды  қайтеміз.  Мақұл,    ол  тағамдарды  

қайнатып пайдаландық делік, бірақ дай-

ын күйіндегі тағамдарға қонған микроб-

тармен қалай күресеміз. 

Санитарлық-гигиеналық 

тұрғыдан 

жауап  бермейтін  тауарларды  сатқаны 

үшін сатушыларды жауапқа тарту дұрыс 

деп  ойласақ  та,  екінші  жағынан  «Қай 

жетіскенінен  отыр?»  деп  аяушылық  та-

нытамыз.  Олардың  затын  алушылар 

да тұрмысы төмен отбасылар. Қалтасы 

қалың  жандар    жабайы  сауданың 

маңыннан  да  жүрмейді.  Ал  тәртіп 

сақшылары тәртіп орнатқысы келгенімен 

жағдай еш өзгермейді. 

Міне,  көше  бойындағы  «сауда  көркі» 

осындай. Бұған кім кінәлі? Халықтың әл-

аухаты, әлеуметтік  тұрмысы   үкімет та-

рапынан түгел қамтамасыз етілсе,  осын-

дай  жағдай  туындар  ма  еді?  Әсіресе, 

ауылдық  жерлерде  жұмыс  көздерін  

көбейту керек деп ойлаймын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет