(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңберінде «Досыма тілек» әдісі арқылы оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілек айтады, бір-бірінің көңіл күйін көтереді.
|
Топтастыру үшін мұғалім «Жеміс ағашы» әдісін қолданады. Оқушылар өздеріне ұнаған жемістерін тақтадан таңдау арқылы бірігеді. Жемістің артқы жағында жазылған «Білімділер», «Дарындылар» деген атаулар бойынша 2 топқа бірігеді.
|
|
Жемістер бейнеленген жапсырма қағаздар
|
|
Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі
|
Тармақталу алгоритмдерімен таңдау алгоритмдерін программа құруда қолдануды қалай ұйымдастыруға болады?
Тармақталу және таңдау алгоритмдерін математика және геометрияда қолдануға мысалдар келтір.
Тармақталу және таңдау алгоритмдеріне қатысты өзіңе таныс қандай мәселелерді программалауға ұсынған болар едің?
|
Бағалау: Мұғалімнің оқушыларды қорытынды бағалауы «Басбармақ» әдісі
арқылы жүргізіледі.
|
|
Сабақтың ортасы
31 мин.
|
Практикалық жұмыс
(Т) 1-тапсырма
А және В сандары берілген. Осы сандардың қайсысы бүтін сан екенін анықта. Егер тек А саны бүтін болса «1», тек В саны бүтін болса «2», екеуіде бүтін сан болса «3», ал екеуі де бөлшек сан болса онда «0» саны экранға шықсын. Тапсырманың блок-схемасын құрастыр.
|