Өлік жөнелту ғұрпы. Отбасылық ғұрып фольклорының іщіндегі ең көне де,көркем мазмұнға да мағынаға да бай жанрлық түрдің бірі. Адамзат саналы ғұмырға жетіп,өмірдің мәніне көз жүгірте бастағае сәттегі алдынан шыққан ұлы жұмбақтың бірі-өлім. Барша әлем ғұмыр бойына сол жұмбақтың шешуін іздеумен келеді. Оған дін де,ғылым да адамзат ақылының даму кезеңдеріне орай өзінще жауап беріп келеді. Адамның рухани әлемі өскен сайын сауалдан-сауал, жауаптан жауап туындап келеді. Осы сауал мен жауап өнер тілімен де өрнектеліп ,адамзат дүниетанымының дәстүрлі мәдениетіне көшкен асыл мұраға айналды.
Былайша айтқанда,тынымсыз іздену жолында сан түрлі наным-ченім туып, алуан алуан әдет-ғұрыптар қалыптасты. Олар адамзат санасымен бірге өсіп,қоғамдық жағдайға қарай әрқилы қалыптасып,халықтардың аралас құраластығына қарай бір-бірімен тоғысқан әсерлер нәтижесінде байып,көркейе дамып келеді. Өлік жөнелту ғұрпына: естірту,көңіл айту,жоқтау жатады.
67. Шешендік сөздер Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан ее мәні зор халық даналығы.