4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет38/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
ха общий

1. Жанр түрі: Эпостық жыр.
2. Авторы: Халық.
3. Тақырыбы:Отан қорғау, батырлық, ерлік.
4. Идеясы: Ел бірлігін сақтау, батырлықты дәріптеу.
5. Оқиға орны. Қырым жұрты.
6. Оқиға кезеңі. Ноғайлы дәуірі.
7. Кейіпкерлері.
Тарғын,
Ақжүніс,
Қартқожақ,
Ақшахан.....
8. Тұлпары: Тарлан, Қанатты қара.
9. Ұлттық салт - дәстүр. Дұшпан да болса сыйластық: Қартқожақ өз жолын сұрайды. Тарғын «Кезегін бабай алсын деп» беруі.

Оқиғаның басталуы. Тарғынның Қырым жұртына баруы.
Оқиғаның Дамуы. Соғыстың басталуы. Тарғынның батыр болып көзге түсуі.
Оқиғаның Шиеленісуі Тарғынның Ақжүністі алып қашуы. Қартқожақтың ізінен баруы.

70.Сатиралық ертегілер


Сатиралық ертегілер – фольклордың толық өнер болған түрі. Мұнда
ертедегі нанымдар мен түсініктер күлкіге айналады, олар жоққа
шығарылады. Ежелгі ұғымға негізделген сюжеттер мен мотивтер қайта қаралып, жаңа дәуір тұрғысынан бағаланады. Сөйтіп, бұрынғы қасиетті делінетін сенімдер, пайымдар, оларға сүйенген образдар мүлде кереғар мағынаға ие болады, олар тіпті күлкі етіледі. Мысалы, хикаядағы шайтан мен Алдар көсе ақымақ ететін шайтан – екі бөлек, бір-біріне ұқсамайтын образдар. Хикаяда шайтан адамға зиянды, қауіпті де, қолынан келмейтіні жоқ зұлым болса, сатиралық ертегіде шайтан ақылы шолақ, қауқарсыз, бейшара кейіпкер. Сонымен бірге ертегінің бұл түрінде өмірдің келеңсіз жақтары, адамның жағымсыз мінез-құлқымен, ісі ащы мысқылға, мазаққа ұшырайды, ашық сыналады. Мұнда жұмсақтық жоқ, тұспалдап айту, ишарамен білдіру
өте аз. Бұл тәсілдер, негізінен, анекдотта кездеседі, бірақ қазақ фольклорында аталмыш жанр айтарлықтай дамымаған, өйткені ол – қала тұрғындарының фольклоры. Анекдот тек XX ғасырда ғана етек ала бастады
71.Бата сөздер
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады.
Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға құлақ үлестіреді.
Бата – негізінде намаздың соңына қол жайып айтылатын дұға.

Бата
Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Әулие дарысын,
Әруақ жебесін!
Дастарханға береке берсін,
Ерге дәулет берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін.
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет