73. Бір ән-өлеңді талдау
3 4 4
1. Мариям// Жагор деген// орыс қызы// - 11а
3 4 4
Он алты,// он жетіге// – келген кезі// - 11а
3 4 4
Қазаққа// Дудар деген// ғашық болып//-11б
3 4 4
Сондағы// Мариямның// айтқан сөзі//-11а
Қ-сы:
6
Дударари-дудым//-6а
1 3 2
Бір// сен үшін// тудым!//-6а
3 6
Шіркін-ай,// Дудари-ри-дудым!// -9 а
3 4 4
2. Дудар-ай,// ақ боз атты// жемдедің бе,//-11а
3 4 4
Жеріңе// уағда айтқан// келмедің бе?//-11а
3 4 4
Жеріңе// уағда айтқан// келмей қалып,//-11б
3 5 4
Мариям// заты орыс деп// сенбедің бе?//-12а
3 4 4
3. Ащыкөл,// Тұщыкөлдің// арасы бір.//-11а
3 4 4
Басыңа// камшат бөрік //жарасып жүр.//-11а
3 4 4
Дудар-ай,// келер болсаң// тезірек кел,//-11б
3 4 4
Орныңа// өңкей жаман //таласып жүр.//-11а
3 4 4
4. Қолында// Мариямның// өткір қайшы.//-11а
3 9
Қағазға// Мариям аты жазылсайшы.//-12а
3 4 4
Қор болып// бір жаманға// кеткенімше,//-11б
3 4 4
Алдымнан// қазулы көр// табылсайшы!//-11а
Авторы: Халық
Тақырыбы: Орыс қызының қазақ жігітіне ғашықтық сезімінің бейнеленуі
Идеясы: Ғашық жанның ішкі толғанысы мен ғашықтық сезімін білдіретін осынау бір ән тыңдарманын ерекше күйге бөлеп, бойдағы бар сүйіспеншілік сезімді ояту
Жанр түрі: лирика, халық әні
Шумақ:4
Тармақ:4
Бунақ:3
Буын:11-12
Ұйқас түрі: қара өлең
74.Сыңсу
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндегі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |