75.Маусымдық ғұрып фольклоры Маусымдық жырлар. Жаз шыға жайлауға, қыс түсе қыстауға қоныс аударып жүрген көшпендi халықтар табиғат аясына етене жақын ғана емес, оның құбылмалы өзгерiстерiне тәуелдi де болған. Бiр малы екеу болып, ауыздары аққа тиетiн көктем мен жазды қаншалықты зарыға күтсе, «қылышын сүйретiп келетiн қысқа» әркез ыждаһатпен дайындалған. Қазақ даласында көктем мен күз ұзақ болмайды. Сондықтан да қазақ ұғымында алты ай қыс, алты ай жаз» деп бүкiл жылды негiзiнен екi-ақ кезеңге бөлу салты да бар.
Маусымдық ғұрып фольклоры: Наурыз туралы өлеңдер мен фольклор
Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері
Жарапазан
76 Қамбар батыр жырын талдау «Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Назымның ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақ – дара мінез иелері. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді. Эпостағы этникалық мәліметтер оның оқиға суреттелетін кезеңнен кейіндеу туғанын аңғартады. Жырда қазақ халқының тарихи жауы – қалмақ, кейінгі этникалық бірлестік – ноғайлы атауларымен бірге қазақ этнонимі де жиі кездеседі. Қамбардың шыққан тегіне қатысты — уақ, «Ноғайлының Қамбары», Назымның әкесі Әзімбайға келгенде – «12 баулы өзбек» тіркестері қолданылған. Жыр сюжетінің алғаш аңыз түрінде туып, бері келе эпостық үлгіге ауысқаны аңғарылады.
«Қамбар батыр» жырының 1888 жылы Қазандағы «Университет» баспахансында басылым көрген У.Тухфатуллин, 1890 жылы Санкт-Петербургте шыққан «Түрік хрестоматиясындағы» (3-том) И.Н.Березин, белгісіз жыршының «Кәрімовтер» баспаханасында жарыққа шығарған нұсқалары Кеңес кезеңінде де бірнеше мәрте түрлі өзгерістермен жарияланып отырған. Сондықтан топтаманың 43-томына осы жыр үлгілері түпнұсқа негізінде дайындалып, Ә.Диваев, Қалқай, Б.Мұқамбайұлы, Ш.Қалмағамбетов, М.Жапақов, Ә.Шоқатаев және белгісіз айтушы мен С.Әбжанов жеткізген екі ертегілік нұсқалармен толықтырылды.