77 Айтыс және оның түрлері
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
78 Қыз Жібек жырын талдау
Жырдың композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы: Жағалбайлы еліндегі оқиға.
Оқиғаның дамуы: Төлегеннің жар іздеп жолға шығуы.
Оқиғаның байланысуы: Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі
Оқиғаның шиеленісуі: Бекежанның Төлегенді мерт қылуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Хорен қалмақтың Қыз Жібекті айттыруы.
Оқиғаның шешімі: Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы.
«Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше, бүгінге дейін құнын жоймаған құнды жыр. Жырдың басты маңызы- адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмытыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіруімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |