4-тарау. ҒЫлыми-педагогикалық таным әдіснамасы



бет9/24
Дата29.12.2022
өлшемі470 Kb.
#60171
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Мына тақырыптардағы зерттеулердің қарама-қайшылықтарының құрастырылу қисынын түсіндіріңіз:


«Жоғары оқу орнында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімін даярлаудың теориясы мен практикасы» (С.С. Маусымбаев);
«Болашақ мұғалімнің деонтеологиялық даярлығын қалыптастыру» (Қ.М. Кертаева);
«Қазақстан Республикасының классикалық университтерінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының үздіксіз жүйесінің дамуы» (Ә.М. Құдайбергенова);
2. Келесі зерттеулердің теориялық негіздерінің тақырыпқа сәйкестігін анықтаңыз:
«Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері» (Б.А. Досжанов);
«Мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру» (Н.А. Сәндібаева) .
3. Педагогикалық зерттеудің “мәселесі” мен “тақырыбы” ұғымдарының арақатынасын анықтаңыздар.
4. Педагогикалық зерттеудің болжамы мен тұжырымдамасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
5. Ғылыми болжамның құрылымы, оларды алға шығу жолдары және тексерудің әдістері туралы Е. Я. Режабек, Г. И. Рузавин, В. А. Штофф секілді ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасаңыз.
6. М.Т. Громкованың дәлелденуінше, «зерттеудің көкейкестілігінің мазмұнында зерттелетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау және б) сәйкессіздіктердің дәрежесін көрсету (қайшылық, мәселе, қақтығыс, даудамай, апат) кіреді» деген пікірін қолдайсыз ба? Жауабыңызды негіздеңіз.


4.3 Ғылыми-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері. Ғылыми -педагогикалық факт
Зерттеу әдістері. Әдіс белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен процедураларды орындауға бағытталған зерттеу қызметінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі жоғарылайды.
Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігі ұстанымы кез келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Әдістердің өздерін зерттейтін құбылыс табиғатымен байланыстыра отырып ғалым қайта қарастырады. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады. Ғылымда екі танымдық негізгі қабілеттер бар – ақыл-ойлық және сезімдік. Сезім оқып үйренілетін пәнмен байланысқа түсіріп, ол туралы сезімдік түсініктер алуға көмектеседі. Ақыл-ой зерделенетін пәннің ішкі құрылымын ашып көрсетуге, оның мәнді сипаттамасын анықтауға, зерттеу пәнін болып жатқан оқиғалардың мәнмәтініне ілестіруге ықпал етеді. Жоғарыда көрсетілген екі танымдық қабілеттерге сәйкес ғалым таным құрылымында – эмпирикалық және теориялық болып екіге бөлінеді.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді. Байқау –жаңа педагогикалық құбылыстады мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді. Байқау тәсілі өте қарапайым ұйымдастырылады. Бірақ, оның кемшілігі, зерттеушінің тұлғалық ерекшелігіне, көзқарасына, ынтасына, психикалық күйіне орай субъективтік қортынды жасалуы мүмкін.
Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғылымдармен, ағарту саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Әңгімелесуде жауап берушінің ақпараттары тікелей жазылмай, сырласу жағдайында күдік туғызбайтындай түрде жүргізіледі, зерттеуші материалдарды есте сақтауға тырысады. Сұхбат – бұл зерттеудің дербестік және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Бұл тәсіл - әлеуметтану ғылымынан педагогикаға енгізілген әдіс. Зерттеуші алдын-ала беретін сұрақтарын дайындап алып, сұхбаттасқан адамға бір жүйемен сұрақтар беріп, оның жауаптарын көзбе-көз жазып алады. Мысалы, ағарту саласымен шұғылданатын тарихшы ғылыммен педагогика тарихы жайлы мәселелер төңірегінде сұхбаттасқанда сұхбатты қолма-қол қағазға түсіреді. Сауалнама жүргізу – материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алады. Әңгімелесу мен сұхбат бетпе-бет ұйымдастырылса, сауалнама сырттай берілген сұрақтарға жазбаша жауап алатындықтан оларды матетматикалық әдіспен талдап қорытынды шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет