41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік



бет11/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абай былай дейді:
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,


Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Шәкәрім де ағасы Абай сияқты, өлеңді өнер деп білген, оған мол талантын, еңбекқұмар жігерін барынша жұмсап, қасиет тұта кіріскен. Оның әрбір өлеңі ұйқасқа қысылмайды, сөздері сара-сара, мағыналы да терең мазмұнды да, бейнелі де кестелі.
«Ән - өлшеуіш, өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу, не кем салу
Қапы қалу жарамас...»,- дегенді өзі ұстанып, өлеңнің буынына, әрпіне, ауаздылығына, әсерлілігіне қатты көңіл бөледі.
Сондай-ақ Абайдың «Қарасөздері» - қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» - қазақ философиясының шыңы. Форма жағынан Абай туындысы әдеби эссе болса, «Үш анық» - трактат.
Абай «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп «толық адам» танымын, 38-қарасөзінде ақыл, әділет, рақым қасиеттерінен «жәуәнмәртлік» ұғымын шығарды. Ал, Шәкәрім :
Ынсап пен мейірім, әділетті
Жаныңдай көріп жан сақта
Ол жолда өлсек неміз кетті
Мақсұтқа жетпей қалсақ та,- дейді де, «ұждан» деген осы үшеуі дейді. Бұл дүниеде осы үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүру мүмкіндігі жоқ. Яғни Абай шығармаларында адмгершілік қағидалары қалай көрініс тапса, Шәкәрімде де ол кенде емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет