41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік


ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуын өз сөзіңізбен жазыңыз



бет2/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
42. ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуын өз сөзіңізбен жазыңыз.
ХХ ғасыр – қауырт қоғамдық құбылыстар мен метаморфозалар ғасыры. Тарихи ұлттық сана түлеп, жаңғырықты. Алаш тұлғаларының қоғамдық сананы біржолата жаңа белеске көтеріп кетуі әдебиеттің түбегейлі мүдделерін айқындап бергендей еді. Жаңа қаламгерлер, жаңа қоғам, ел қайраткерлері шықты. Саяси күрестің маңызы артты. Ел болып бірігу үшін үлкен ортақ мүдде керек болды,ұлттық азаматтық тұтастыққа қол жеткізу керек болды. Осы орайда алаш ардагерлері, исі алаш қауымы бірі ағалық, бірі інілік жолмен «Алаш баласы» болып, туыстық жүйе құрды. Сондықтан да Алашорда үкіметі – елдіктің, мемлекеттіліктің белгісі, қазақ халқының ең басты «ескерткіші» деуге әбден болады.
Қазақ әдебиетінің тарихын, көне дәуірден бүгінге дейінгі өткен жолын зер сала қарасақ, сол дәуірдің бәрінде де жалғасып үзілмей келе жатқан бір ұлттық идея– халықтың бірлігі, тәуелсіздік, ешкімге бодан болмай дербес ел болу идеясы. Сол арқылы халық өзінің намысын, биік мәртебесін қорғаған. Мұның тегі арғы түрік мұраларынан бастау алатыны даусыз, «Күлтегін» жырында кездесетін «әкеміз, ағамыз құрған халықтың атақ-даңқы өшпесін деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым» – деген сөздер сол халық мүддесі жолына өмірін арнаған, жанын да қиюға дайын батырдың монологы. Осы ұлт мүддесі үшін ол сыртқы жаумен алысады, елінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға тырысады
«Қазақ» газеті ұлт-азаттык қозғалысының бостандық үшін күрес идеясына ұласуына зор әсер етті. Алашорда кұрылған тұста тәуелсіз мемлекеттің идеологиясына негіз болған осы идеялар еді. Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен ойы бір, ақылы бір жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін жалғастырып алып кетті. С.Торайғыров, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов сияқты бірін-бірі толықтыра шыққан жастар тобы әдебиеттің жанрлық, тақырыптық ізденістерін байытып, қазақ халқы өмірінің шындығын кең көлемде бейнелеуге жетті. Елдің артта қалушылығын сынап шеней отыра, отаршылдық езгіге қарсы үн көтерді, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға тырысты. Бұл салада Сұлтанмахмұттың таланты айрықша танылды. Ол Алашорда көтерген идеяның жауынгер жақтаушысы болды. Ұлт көсемдерінің соңынан еріп, қазақ халқына атар таң, келер жарық, сәуле, нұрды солардың есімімен байланыстырды. “Таныстыру” (1918) поэмасында “Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов… бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі Айым” деуінің де сыры осында.
ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жаршысы, Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш деп ұран салады. Ол барлық ерлерді бостандық, еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіп тізе қосуға, бір тудың астына бірігуге шақырады.
Алаш туы астында,
Біз – алаштың баласы.
Жасасын, Алаш, жасасын!
Қазақ арасынан шыққан тұңғыш романшы Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасы да, «Қамар сұлу» (С.Торайғыров), «Қалың мал» (С.Көбеев), «Ақбілек» (Ж.Аймауытов), «Қыз көрелік» (Т.Жомартбаев) – бәрі-бәрінде де Алаш идеясы жатыр. Әйел теңсіздігі тақырыбын жарыса жазысқан авторлардың бәрінің көксегені – бостандық. Әйел құқығын арттырып, мәртебесін көтеру – егемен елдің есігіне бет алған алғашқы сатыдан сүрінбей өтуі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет