41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік



бет7/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қорыта келгенде, «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде ұлттық психологизмді пайдалана отырып, М. Жұмабайұлы Шолпанның бейнесі арқылы дәстүрлі қазақ отбасындағы үлгілі әйелдің үздік бейнесін көрсетті . Оны оқырманға анық сездіру үшін автор Шолпанды сан қырлы қасиеттермен мүсіндеген. Дәлірек айтсақ, отбасы бірлігін сақтаған, құдай қосқан қосағының бақытын ойлаған, ұрпақ жалғастыру қамына терең мән берген қазақи болмысты әйелдің бейнесін толық сипаттай білген.
«Жазушы тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел бейнесін сомдаған. Әңгіме соңында автор кейіпкерін азапқа салып өлтіреді. Бірақ, өлімнің, трагедияның себебі бар. Әңгімедегі азапты өлім М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Б.Майлиннің «Ұлтуған» тәрізді классикалық әңгімелерін түсіреді. Бұл шығармалардағы оқиғалар әр түрлі болғанымен, адам тағдыры алдыңғы сапқа шыққан. Бірінде өмірге келе сала қасіретке тап болған қазақ қызының тағдыры суреттелсе, екіншісінде бақытты ғұмыр кешіп отырған отбасының шаңырағы шайқалып, ақыры өлімге әкеп соқтырады.
45. С.Дөнентаевтың ағартушылық, демократтық бағыттағы шығармаларына мысалдар келтіріңіз.
Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға кеп көңіл бөледі...
Сәбит революциядан бұрын, 1913-1917жылдар арасында жазған өлендерінің бір сыпырасында халықты,жастарды оқуға , мәдениетке , дүние тану өнер-білімін, техниканы, ұлы орыс халқының оқуын, мәдениетін үйренуге, сонда үлгі алуға шақырып, үгіттейді. Мысалы,ол «Замандастар» деген өлеңінде:
Жабысайық өнерге,
Ынтықпай, қарап өленге,
Өзіміз керек демесек,
Керек қып бізді келер ме?
Сақтанбасақ бір қақтар,
Келешек мырза келерде,
Жумулы болып көзіміз,
Ізденбесек өзіміз.
Білімінен білгендер
Келіп бізге берер ме.
Ұмтылайық оқуға,
Айналмай көр-жер қоқымға…-дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет