41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік



бет8/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Осы сияқты, ол «Талап» деген өлеңінде де халықты, жастарды оқуға, білімге, талаптылыққа, техника үйренуге шақырады. Ақынның бұл өлеңі мынадай:
Әр дәулет саған даяр етсең талап ,
Бақ келмес іздеп сені жатсақ қарап.
Нұр жауар талаптыға деген қарттар,
Жүргенге жөргем бар ғой бұрыннан ақ
Жалғызғызбын, жарлымын деп қорғаланбай,
Сал құлаш бір өзіңді жүзге балап.
Әр бірі талаппенен тауып жатыр,
Дүниеде нелер өнер көрсең санап…
Жоғарыда Сәбит Дөнентаев өз өлеңдерінің алғашқы жинағын «Ұсақ-түйек» деп атады дедік.Осы атақ Сәбит өлеңдерінің бәріне сай келеді деуге болады . Оның балалар әдебиетіне қосылатын шығармалары негізінен ұсақ, қысқа , шағын әрі мазмұнды, түсінуге жеңіл болып келеді . Ақын өлеңдері қысқа жазылса да белгілі оқиғаларға құрылғандықтан, өзіне лайық кейіпкерлері, типтік образдары бар.
46. С.Дөнентаевтың қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып, дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан-алуан, кейіпкерлері — аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады. Жазба әдебиетінде өлеңмен жазылған мысқыл кеңінен орын алды. Түп-төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгіме ңұсқалармен жалғасып жатыр. Уағыздап, нақтылық айту тәсілі жағынан халықтың мақалдарымен, нақыл сөздерімен де ұштасады.
Қазақ жазба әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырып кеткендер Абай мен Ыбырай. Олардың дәстүрін жалғастырушылардың XX ғасырдың басындағы әдебиет өкілдерінің бірі жерлес ақын журналист Сәбит Дөнентаев. Қазақ әдеби тарихы, әдебиеттану ғылымында бұрын мүлде аз зерттелген саланың бірі мысал жанры.
С. Дөнентаев шығармалары да әдебиеттану ғылымында бірнеше зерттеулерге өзек болып зерттелгенімен, мысал өлеңдері жан-жақты зерттеле қоймаған.
Сәбит Дөнетаев мысал әдісімен мінез-құлық түзеу тұрғысынан жазған бірталай өлеңдері бар, атап айтсақ, «Бит пен бүрге», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Ұры мен баласы», «Ауырған арыстан», «Бір көлдегі үш балық», «Бұлбұл» сияқты өлеңдері өзіндік мысалшыл сатиралық стилін анықтайды. Ол нені болсын еппен, баппен айтқанды, астармен жеткізгенді жөн көрді. Өнер тілін, өлең тілін сатираға, аллегорияға (пернелеп айтуға), метонимияға(алмастыруға) ұластырып, алыстан орағытып әкелгенді дұрыс санады. Бұл Сәбит Дөнентаев лирикасының басты кредосы болды. Әрбір мысал өлеңінде қазақ тұрмысына, қоғамдық ойына бейімдей беруге назар аударады.
1915 жылы Уфа қаласында 19 жастағы С.Дөнетаевтың «Уақ-түйек» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді. Мұнда ақынның көптеген мысал өлеңдері кірген. Бұнда Крыловтан, Тоқайдан аударма есебінде келген мысалдар да бар. Өмірдің көп қалтарысын С.Дөнетаев қазақ ұғымына лайықтап, қарапайым жұрт ұғар дәрежеде түсінікті тілмен айтып баяндайды.
«Екі теке» мысалында бір-біріне жол бермеген текелер мысалға алынып, ең дұрысы кішіпейілділік екені, адамдар арасындағы сыйластық жөн деп ескертеді. Елімізде ауызбіршіліктің, ыңтымақтың болмауы:
Екі теке келіп түсті көпірге,
Біреуі - әрі, бірі бері өтуге,
Көпірдің дәл ортасында килігіп,
Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.

... Екеуі де суға құлап тыныш тапты...2. 17


(«Екі теке»)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет