41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік



бет5/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Оян, қазақ!» мазмұнына келгенде, бұл – қазақ ұлтшылдарының сол кездегі пурграмы деуге болады. Қазақ ұлтшылдары ұлт туын қолға алып, патша үкіметіне қарсы шыққанда осы «Оян, қазақты!» өздеріне пурграм ретінде қолданылды. «Оян, қазақ!» жарыққа шыға сала, қазақ зиялыларының жəрдемімен, қазақ елінің түкпір-түкпіріне аз уақытта тарап, тіпті, сол кездегі ұлт туын ұстауға ынталы оқығандар «Оян, қазақты!» ел аралатып сатты. «Оян, қазақ!» көп кешікпей қуғынға ұшырады. Жер-жердегі патша үкіметінің полициялары «Оян, қазақты!» іздеп, оны ұстаушыны қузап, сатушыны абақтыға жаба бастады. «Оян, қазақ!» үшін Міржақып абақтыға түсті. Бұл туралы өмір тарихында толық айтылды. Ахмет Байтұрсынұлының «Масасы» ұлтшылдықты қазақ даласына ызыңдаған маса ғана болса, «Оян, қазақ!» аттан салып, айғайға басқан ащы ұран болды. Бұлай болған себебі, XX ғасырдың басынан бастап қазақ даласы отаршылдық қысымға қатты түсті. Сол қысылған даланың «Оян, қазақ!» қайдағы қышыған жеріне барып тиді. Бұдан былай сөзді «Оян, қазаққа!» берейік.

44. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ішкі монологтың көркемдік қызметін айқындаңыз.
«Шолпанның күнәсі» әңгімесі 1923 жылы «Шолпан» журналының № 4, 5, 6, 7, 8 сандарында жарияланған. Шағын әңгімеде ой көп, үлкен проблема бар. Шолпан – жасандылықтан ада, риясыз шындықпен бейнеленген образ.
Әңгіме сол кездің жалаң үгіті мен насихатына еш мойын бұрмаған, шағын жанрдың нағыз көркем үлгісін көрсететін шығарма. Әсіресе Мағжанның адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып берген , нәрі мол , қуаты күшті, айшықты жазылған «Шолпанның күнәсі» әңгімесі қазақ прозасына жаңа бағыт сілтегендей болып еді. Бірақ жазушылырдың көбі ол жолды таңдап алған жоқ. Мұхтар мен Жүсіпбек қана өз шығармаларында «Шолпанның күнәсіндегі» терең психологизмді жалғастыра білді.
Шолпан деген жас келіншек өте бақытты. Бағына орай құдай оңдап теңіне қосылды. «Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сансыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан...» [6,91]. «Оңдай бақыт кез келген қазақ қызының маңдайына ол кезде біте бермегенін автор ескертіп өткен. Шолпанның орамал тартып келіншек болған алғашқы уақытта жатса-тұрса алладан тілейтіні – сол бақытын қайтсе де аман сақтап қалу. Тіпті күйеуі мен екі арасын баладан қызғанады. Бұл тілек дертке айналып, ішке түседі, жан дүниесінің төрінен орын тебеді»[3,282]. Шолпан бейнесі арқылы отбасы бірлігін сақтаған, құдай қосқан қосағының бақытын ойлаған әйелдің бейнесін толық сипаттай білген. Шолпан теңіне қосылған бақытты әйел, дәстүрлі отбасындағы ерін ардақтайтын адал жар. Отбасының алтын діңгегі махаббат үшін құрбан жанның сезімін мына жолдардан анық ұғына аламыз: «Задында баланы жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасындағы жібектей нәзік махаббат жібі үзілмеу үшін, екі жанды бір-біріне қоса білген иманнан да ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп, жік салмау үшін бала болмауын тілеп еді Шолпан» [6,91б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет