46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет38/46
Дата12.03.2017
өлшемі6,55 Mb.
#9175
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46

кодификации. 
В  других  организациях  знания  тесно  связаны  с  людьми,  носителями  этих  знаний.  Роль 
компьютеров  в  таких  организациях  сводится  к  аппарату,  помогающему  людям  осуществлять 
коммуникации  друг  с  другом.  Такую  стратегическую  линию  можно  назвать  стратегией 
персонификации. Выбор той или иной стратегии зависит от рыночной стратегии организации, 
т.е.  от  того,  как  организация  организует  свою  деятельность,  а  также  от  организационной 
культуры учреждения, в частности, вуза  и конкретных  его сотрудников. 
Для правильного выбора стратегии необходимо ответить на следующие вопросы: 

какую  продукцию  или  услугу  оказывает  организация:  стандартную  или 
специализированную; 

какой  вид  знания  является  ключевым  для  организации:  явно  выраженные  или 
неявно выраженные знания; 

создает организация зрелый продукт или инновационный
В  случае  если  ответы  на  поставленные  вопросы  будут  содержать  вторые  варианты,  то 
следует избрать стратегию персонификации. Если это будут первые варианты – следует избрать 
стратегию кодификации. 
Таким  образом,  стратегия  управления  знаниями  тесно  должна  быть  вписана  в  общую 
стратегию  организации  и  другие  более  частные,  функциональные  стратегии,  такие  как 
кадровая, финансовая, организационная и др
Далее рассмотрим информационные технологии, используемые в управлении знаниями. 
Многие из подходов, которые активно используются в современных методах управления 
знаниями, являются известными и проверенными временем информационными технологиями. 
К ним, в частности, относятся: 
компьютерное  обеспечение  групповой  работы;  распространенные  и  открытые 
гипертекстовые  системы;  геоинформационные  системы;  настольные  поисковые  технологии; 
INTRANETS,  представляющие  собой  внутренние  корпоративные  сети,  использующие IP 
(Internet Protocol) стандарт  передачи  данных  и  используемые  для  оперативной  передачи 
информации, а также многие другие. 
Следует  отметить,  что  информационно – технологическая  составляющая  в  управлении 
знаниями чрезвычайно важна. Но не менее важно не упускать из вида и другие составляющие, 
как  то – управление  персоналом  и  организационная  культура,  управление  развитием 
организационной структуры и процессов управления. Узкий, исключительно информационно – 
технологический подход заведомо обречен на неудачу. 
Опыт внедрения систем управления знаниями показывает, что основными трудностями в 
таких  проектах  являются  организационная  культура,  а  также  способности  и  установки 
сотрудников к передаче знаний. 
Данные  статистики  подтверждают  критическую  значимость  не  технологической,  а 
организационно – культурной составляющей в системах управления знаниями. 

263 
 
В  настоящее  время  направление  управления  знаниями  является  новым,  но 
многообещающим  с  точки  зрения  повышения  эффективности  деятельности  организации,  в 
частности, университета. 
 
 
 
 
Литература 
1.  Байденко  В.И.,  Оскарссон  Б.  Базовые  навыки  (ключевые  компетенции)  как 
интегрирующий  фактор  образовательного  процесса // Профессиональное  образование  и 
формирование личности специалиста. – М., 2002. С. 22-46.  
2.  Давидович  В.  Судьба  философии  на  рубеже  тысячелетий // Вестник  высшей  школы. 
2003. - № 3 – С.4-15.  
3.  Зеер Э.Ф., 1997.  Зеер Э.Ф. Психология профессий. Екатеринбург, 1997.  
4.  Ландшеер  В.  Концепция  «минимальной  компетентности» // Перспективы.  Вопросы 
образования. 1988. - № 1.  
5.  Наперов В.Я. Разговаривая с Ли Якоккой // Специалист. – 2000. - № 4 – с.32. 
6.  Новиков А.М. Профессиональное образование в России. – М., 1997. 
 
 
 
Малмакова А.Е. 
 
ЖОО-ДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Білім,  білік  пен  дағды  нәтижесін  есепке  алуды  бақылауға  (Е.В.Гурьянов)  және  оның 
тәрбиелік қызметіне (П.Г. Ананьев) 30-шы жылдары көптеп көңіл аударыла бастады. 
40-60-шы  жылдары  бұл  мәселе  төңірегінде  отандық  ғылым  мен  практика  тәжірибесін 
жинақтау жұмыстары қолға алынды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, 
кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н.Т.Дайри). 
Осы  мәселені  дұрыс  шешудегі  оң  қадам 70-ші  жылдары  Педагогика  ғылымы 
Академикасының  оқыту  мазмұны  мен  әдістері  ғылыми  зерттеу  институты  қызметкерлерінің 
зерттеулерінен  бастама  алды.  Мұнда  оқу  тәрбие  процесінің  барлық  буындарын  басқару  және 
тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды. 
80-ші  жылдардан  бастап  оқыту  нәтижесін  есепке  алу,  бақылау  және  бағалаудың 
мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің диагностикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау 
қолға  алынды.  Оның  әділдігін,  дәлдігін  көтеруге  бағытталған  мәселелер,  үлгерім  нәтижесін 
есепке  алуда  қатаң  тәртіпке  келтіру  жүйесіне  арналған  жұмыстарға  көп  көңіл  бөлініп,  бұл 
бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда. 
Дегенмен,  бүгінгі  таңда  ЖОО–да  оқыту  теориясын  да  бақылау  немесе  бағаның  мәні 
тәсілдері бойынша әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр. 
Оқыту  процесінде  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  есепке  алу,  бақылау  және 
бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны 
дұрыс  ұйымдастыра  білуі - көптеген  жағдайда  оқу  тәрбие  процесінің  табысты  болуының  оң 
кепілі. Ол үшін оқытушы студенттің берілген оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен 
көлемін  үнемі  анықтап  отыруы  тиіс.  Бұл  бағытта  ЖОО-да  студенттердің  сабақтар  жүйесінде 
білім,  білік,  дағдыларын  есепке  алу,  бақылау  және  бағалаудың  маңызы  ерекше.  Бақылаудың 
көмегімен  теориялық  білімді  меңгерудегі  сапа,  біліктілік  пен  дағдының  қалыптасу  дәрежесі 
анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық 
және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. 
ЖОО оқыту процесі кезінде педагог ақпаратты жеткізу мақсатында әр түрлі әдістер мен 
құралдар  қолданады.  Материалдың  қаншалықты  игерілгендігі  туралы  білу  үшін  алынған 
білімді  тексеру  жүйелі  түрде  жүргізілуі  керек.  Оқыту  процесінің  табысты  болуы  дұрыс 
қойылған білімді тексеруге байланысты болады. 
Педагогикалық біліктіліктің бөлігі: білу, сезіну, үйретілетін материалдың түсінікті болуы 
болып табылады. Тексеру міндеті дегеніміз - жоғары сапалы оқытуды қамтамассыз ету, бірақ 

264 
 
студенттің  білмейтін  жерінен  ұстау,  абыройын  түсіру,  олқылық  пен  қабілетсіздік  комплексін 
қалыптастыру емес [1]. 
Басқару  теориясы  бойынша  бақылау  жеке  тұлғаны  кәсіби  жан-жақтылығын 
қалыптастыратын басқару функциясы ретінде түсіндіріледі. 
Студенттің  оқуын  бақылау  мен  тексеру - педагогикалық  процестің  маңызды  сатысы. 
Бақылау арқылы оқытушы оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат ала алады. Бақылау арқылы 
берілген мақсаттан ауытқу салдарын бақылау, тексеру мен анықтау үшін жүргізіледі.  
ЖОО-да  тексеру  дегеніміз  студенттердің  игерген  білімін  анықтау  мен  өлшеу.  Тексеру 
бақылаудың  құрамдас  бөлігі  болып  табылады,  оның  дидактикалық  фукциясы - оқытушы  мен 
студент  арасындағы  кері  байланысты  қамтамассыз  ету,  оқу  материалының  қаншалықты 
дәрежеде игерілгендігі туралы объективті ақпарат алу. 
ЖОО-да бақылау келесі функцияларды атқарады: 
1)  Бақылаушы – бақылау нәтижелерін ескере отырып, кері байланысты орнату; 
2)  Үйретушілік –алдын-алу-ескерту мақсатында, білімді меңгергендігі туралы студенттер 
жұмысын белсендендіру, түзету,  жоғары сатыға көтеру, білімді бір жүйеге келтіру мақсатында 
студенттерге  қосымша  түсіндіру,  сұрақтар  қою,  жауап  алу,  студеттерде  дағды    мен  біліктілік 
қалыптастыру; 
3)  Тәрбиелік–студенттерді жүйелік жұмысқа үйрету, адамгершілік сапалары мен өзін-өзі 
бағалау қасеттерін қалыптастыру; 
4)  Дамытушылық  –есте  сақтау,  зейін,  пәнге,  шығармашылыққа  деген  қызығушылықты 
арттыру; 
5)  Мотивациялық–оқуға деген себептер мен  қажеттілікті дамыту; 
6)  Диагностикалық пен болжамдық (бақылау мүддесін жүзеге асыру бойынша)  және т.б.  
Педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлі келесі бақылау түрлері бар: 
1. Алдын-ала (бастапқы) — жүргізілетін оқу тақырыбы бойынша біліктілігін анықтау. 
2.Ағымдағы – материал  игерілгендігін  тексеру  және  әр  сабақтың  нәтижелерін    бағалау. 
Күнделікті жүйелі бақылау, тест тапсырмалары және т.б. көмегімен жұзеге асырылады. 
3.  Тақырыптық  (мерзімді) – мерзімді  түрде  тараулар  мен  тақырыптар  өткен  мерзімге 
байланысты жүргізіледі, ұзақ уақыт аралығында студенттерді білімін жүйелендіру мақсатында  
игерген  дәрежесі  тексеріледі.  Қайталайтын-жалпылайтын  сабақтар  жүргізіліп,  бақылау 
жұмыстарына дайындайды. 
4.  Қорытынды – келесі  курсқа  өткізу  үшін,  семестр  соңында,  жылдың  соңында 
жүргізіледі.  Бұл  сатының  мақсаты  одан  ары  қарай  білім  алуды  жалғастыруды  қамтамассыз 
ететін  минимум дайындықты қамтамассыз ету.  
ЖОО-да жүргізілетін білімді бақылау принциптері: 
1.  Әрекеттік  принцип  баға  студенттерді  де,  оқытушыны  да  оқу  жұмысында  жаңа 
нәтижеге жетуге жұмылдырады. 
2.  Жүйелілік принципі тексеру мен бағалау жоғарғы оқу орнында оқытудың өн бойында 
үздіксіз, жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс. 
3.  Саралау  принципі  тексеру  кезіндегі  білім  саны  мен  сапасының  айырмашылығын 
нақты көрсетіп белгілі жолмен жазу қажет. 
4.  Объективтілік  принципі  әрбір  баға  қабылданған  білім,  білік,  дағдының  нақты  саны 
мен сапасына сай келіп, үлгірімнің нақты жағдайын көрсеткені жөн. 
5.  Талап  бірлігі  принципі  білім,  білік,  дағдының  бір  деңгейін  барлық  оқытушылар 
біркелкі бағалағаны дұрыс. 
Жан-жақтылық  принципі  бақылау  оқу  бағдарламасының  барлық  тарауларын  қамтып 
теориялық  білімді,  студенттердің  интеллектуальдық,  сарамандық  іскерлігі  мен  дағдысын 
тексеруді қамтамасыз етуі керек. 
Қазіргі кезде Ю. К. Бабанскийдің бақылау әдісі бойынша  студенттердің білім дәрежесі 
мен  біліктілігін  анықтауға  болады.  Ғалым-дидактиктердің  бақылау  әдістері  мен  формаларына 
қатысты  көзқарастарының  әр  түрлілігіне  қарамастан,  оларды  белгілі  бір  жүйеге  келтіруге 
болады: 
1. Бақылау әдісі  - бұл студенттің біліктілігі мен ой өрісінің дамуын жөнінде мағлұматтар 
алу,  білім алу процесі кезінде студенттерді күнделікті зерттеу. Бақылау нәтижелері еш жерде 
ресми түрде тіркелмейді, бірақ оқытушы студентті бағалау кезінде ескереді. 
2. Ауызша бақылау әдістері – олардың негізін сұрақ-жауап (сабақ, емтихан, коллоквиум 
кезіндегі  студенттердің  оқытушы  сұрақтарына  жауаптары)  форма  немесе  студенттің  монолог 

265 
 
түріндегі жауабы жатады. Ағымдағы ауызша бақылау жеке, топ, аралас түрінде әр сабақ сайын 
жүргізіледі. Бұл әдістер – сұрау, сөйлесу, әңгімелеу, түсіндіру, тексті,  технологиялық картаны, 
сызбаны    оқу,  тәжірибе  туралы  айту,  ауызша  емтихан  және  т.б.  Оқыту  кезінің  белгілі  бір 
мерзімінде емтихан түрінде білімді белсенді және пысықтап тексеру  жүргізіледі. 
3.  Жазбаша  бақылау  әдістері – жоғары  дәрежеде  үнемділік  пен  эффективтілікпен 
сипатталады; студент білімін терең әрі объективті тексеруге мүмкіндік береді. Бағдарламалық 
бақылаумен толықтырылады. 
Жазбаша  жұмыс  кезінде  студент  теориялық  білімін  дәлелдеп,  нақты  тапсырмаларды 
шешуде қолдана алатын біліктілігін көрсету керек.  
4.  Практикалық  бақылау  әдістері – студенттің  білімін  нақты  тапсырмаларды  шешуде 
қолдану  икемділігі  мен  біліктілігін  практикада  тексеру  мақсатында  жүргізіледі.  Зертханалық 
жұмыстар  жүргізу,  кесте,  сызба,  сызбанұсқалар  құру,  приборлар  дайындау  және  т.б.  түрде 
болады. Бұл әдістер алған білімді практикада қолдану принципін қанағаттандырады. 
5. Дидактикалық тесттер – өтілген белгілі бір материалдар бойынша студентпен игерілу 
дәрежесін  тексеру  үшін  жасалатын  стандартты  тапсырмалар  топтамасы.  Бұл  сұрақтар 
топтамасына 3-5 жауаптан  дұрысын  немесе  аяқталмаған  сөйлемдерді  аяқтау  керек. 
Дидактикалық  тестердің  артықшылығы - объективтілігі,  нәтижелерді  алудың  оңайлығы, 
оперативтілігі,  уақыттың  үнемділігі.  Сонымен  бірге  педагогикалық  әдебиеттерде  графиклық 
бақылау  әдісі  (Г.  И.  Щукина),  бағдарламалық  және  зертханалық  бақылау  әдісі  (Ю.  К. 
Бабанский), кітап қолдану әдісі, мәселелік жағдайлар әдісі (В. Оконь) келтірілген. 
Бақылаудың  тақырыптық  түрін  ұйымдастырудың  практикалық  мәселелері  П.Горбунов, 
Е.С.Березняк,  В.И.Иващенко,  А.К.Исақов,  Е.И.Перовский,  С.Ф.Сухарский,  Н.В.Чертинский, 
В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған [2]. 
Бағалау тексеру процесінің рөлін атқарып, баға тексеру нәтижесі сияқты бағалау пайымы 
кезінде көрінеді. Баға – студенттер жұмысының сапалық көрсеткіші. Баға – бұл шартты белгі, 
кодтық белгі, ескерткіш таңба (сандық көрсеткіш). 
Студенттердің оқу еңбегін бағалау жүйесі студенттің оқу қызметінің барлық түрлерінің 
нәтижелілігі  мен  оқу  материалын  меңгергенінің  процессуалдық  жағы,  сонымен  бірге  жеке 
тұлғалық сапалары мен қасиеттерін ескеру керек. Қолданатын оқу-танымдық қызметін бағалау 
–  жоспарланған  мақсаттармен,  білім  стандарттары  мен  оқу  бағдарламасының    талаптарын  
студенттердің  алдыларына  қойған  тапсырмаларымен  салыстыра  отырып,  тапсырмалардың 
орындалу  дәрежесін  анықтау.  Осылайша,  бағаға  игерілген  білімнің  көлемі,  жүйелілігі  мен 
жалпылылығы  жатады,  сонымен  бірге  арнайы  пәндік,  жалпы  оқу  мен  интеллектуалды  дағды 
мен  икемділік,  әмбебаптық  компетенция,  адамның  жетекші  сферасының  жеке  тұлғалық  білім 
параметрлері мен компоненттері жатады. 
Студенттер  игеру  процесінің  өзіндік  уақытша  шекарасы  бар  екенін  білу  керек  және 
бағалау  сияқты  белгілі  бір  нәтижемен  біту  керек  екендігін  білуі  керек.  Бұл  кері  байланыс 
функциясын атқаратын бақылаудан басқа қол жеткізілген нәтижілерді көрсететін бақылаудың 
басқа  түрін  енгізу  керек.  Мұндай  бақылау  түрі  қорытындылау  деп  аталады.  Қорытынды 
оқудың жеке цикліне, сонымен бірге жеке бөліміне қатысты болуы мүмкін. Тәжірибеде оқуды 
қорытынды  бақылау  тақырып  немесе  курс  соңында  оқу  нәтижелерін  бағалау  үшін 
қолданылады [3]. 
ЖОО-да  арнайы  жүргізілген  зерттеулер  көрсеткендей,  белгілі  бір  студенттер  тобының 
білімі  әр  оқытушымен  әр  түрлі  бағаланған  және  баға  көрсеткіші  бір-біріне  сәйкес  келмеген. 
ЖОО-да  бақылаудың  дұрыс  ұйымдастырылмауы - білім  сапасының  төмендеуінің  бірден-бір 
факторы,  сондықтан  оқытушы  бақылауды  білім  берудің  ажырамас  бір  бөлігі  екендігін 
ұмытпағаны  шарт.  Дүниежүзіндегі  реформалармен  бекітілмеген  білімді  тексеру  жүйелері 
мақсатты  нәтижелерге  әкелмегендіктері  ескерілу  керек.  Әр  түрлі  жағдайларға  байланысты 
субъективті  элементті  ығыстыру  өте  қиын.  Біріншіден,  оқу  нәтижелерін  (білім,  біліктілік, 
дағды,  игеру,  үлгерім  және  т.б.)  белгілеу  шартты  болып  табылады.  Осы  барлық  түсініктердің 
сандық  формадағы  өлшемдері  болмайды.  Екіншіден,  білімді  жалпылай  қолжетімді  тікелей 
өлшеу  әдістері  жасалмаған,  ол  туралы  тек  студенттің  жауаптары  мен  қозғалысы  арқылы  ғана 
жүргізіледі. 
 
 
 
 

266 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.  http://lekcion.ru/Programmirovanie/3141-vopros--raskrit-sushchnost-funktsii-kontrolya-i-
otsenki-znaniy-i-umeniy-uchashchihsya-oharakterizovat-vidi-i-metodi-kontrolya-znaniy-
uchashchihsya.html 
2.  Бим-Бад Б.М. Педагогический энциклопедический словарь. - М., 2002. С. 219. 
3.  Иванова  В.А.,  Левина  Т.В.  Педагогика http://www.kgau.ru/distance/mf_01/ped-
asp/06_01.html 
 
 
 
Мамаева М.Қ. 
 
ТЕСТ АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 
 
Студенттердің  ойлау  мәдениетін  қалыптастыру,  жеке  адамның  ішкі  әлемін,  өзіндік 
түсінігінің  дамуын  қамтамасыз  ету,  оқытуда  белгілі  бір  нәтижеге  жету  мақсатында  ғалымдар 
оқу  үдерісін  «технологияландыру»,  яғни  оқытуда  кепілді  нәтиже  беретін  «өндірістік-
технологиялық процеске айналдыру» мәселесін көтеруде.  
Технология – шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модульмен оқыту. 
Оқыту  технологиясының  негізгі  мақсаты – берілген  үлгі  бойынша  өнім  алу,  оқытудың 
тиімділігін, сапасын көтеру.  
Тест  тапсырмалары  арқылы  оқытуды  технологиялық  әдіс  деп  санайтын  Ресей  тестологі 
В.С.Аванесов  «Тест  тапсырмаларын  қолдану  тек  білімді  тексеріп  қана  қою  емес,  оның  басты 
қолданылу ортасы оқу процесі, өзін-өзі тексеру мен өздігінен білім алу процесі», - дейді. [1, 5] 
Білім  беру  жүйесінде  тапсырма  сұрақ,  жаттығу  түрінде  беріліп  келді.  Тапсырмалардың 
осылай  берілуін  сынға  алған  В.С.Аванесов: «Сұрақтар  мен  оған  берілетін  жауаптар  кейде 
айқын  емес,  көпсөзділікке  ұрындырады,  нақты  жауапты  табу  интеллектуалды  энергияны  көп 
жұмсауды қажет етеді», [1;9] - дей келе, тестілеудің технологиялық әдісі дұрыс жауап пен қате 
жауапты дәл және тез ажырата алуға әкелетінін атап көрсетеді.  
Оқу  үдерісіндегі  тапсырмалар  екіге  бөлінеді:  оқыту  тапсырмалары  және  бақылау 
тапсырмалары.  Бірінші  тапсырмалар  оқу  үдерісінде  жеке  тұлғаны  дамыту  үшін,  екінші 
тапсырмалар оқу үдерісі аяқталған соң, алған білім деңгейін анықтау үшін пайдаланылады.  
Көпшіліктің  түсінігінде,  тест  тапсырмалары – бақылау  құралы.  Тест  тапсырмалары 
арқылы  бақылау    Қазақстанда  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуде  және  жоғары  оқу  орындарында 
қалдық білімді тексеруде қолданылып келді.  
Тест тапсырмаларының келесі функциясы - оқытуда қолдану – кенже қалып келеді. Тест 
тапсырмаларын оқытуда қолдану үшін тест тапсырмаларының формаларын толық білу қажет.  
В.С.Аванесов тест тапсырмаларының 4 формасын [1, 21-95] төмендегідей көрсетеді:  
1) жабық тест – бір немесе бірнеше дұрыс жауаты табу;  
2) ашық тест - жауап варианттары жоқ, жауапты өзі қою;  
3) сәйкесін табуға арналған тест – бірнеше тапсырма мен бірнеше жауап беріліп, сәйкесін 
табу;  
4)  ретімен  орналастыруға  арналған  тест – алған  білімді  жүйелі  ретімен  айта  білуге 
арналған. 
Тест  тапсырмаларының  әр  формасына  тоқталып,  мысалдар  келтірейік.  Жабық  тест 
тапсырмалары екі түрлі:  
1)  бір дұрыс жауапты табуға арналған тапсырма; 
2)   бірнеше дұрыс жауапты табуға арналған тапсырма.  
Жабық  тест  тапсырма  мен  оған  берілген  жауаптан  құралады,  тест  тапсырушы  жауапты 
басқа  жақтан  іздеп  жатпайды,  мүмкін  жауаптардың  бірін  ғана  таңдайды.  Жабық  тест 
тапсырмаларының  ішінде  ең  көп  қолданылып  келгені – бір  дұрыс  жауапты  табуға  арналған 
тапсырма. Бұл тест тапсырмасы сынға көп ұшырады. Оның кемшілігі – жауапты ойланбай-ақ 
тез  тауып  алу.  Дегенмен,  жақсы  жасалған  тапсырмада  жауапты  ойланбай  таба  алмайды.  Ол 
үшін мүмкін жауаптар – дистракторлар дұрыс таңдап алынуы керек. Дистрактор (tu distract) – 
ағылшын  тілінде    алаңдату  (отвлекать)  деген  сөз.  Осы  сөзге  мән  берсек,  мүмкін  жауаптың 
дұрыс  жауаптан  мүлде  алшақ  емес  екенін,  оған  жуық,  ойланып  таңдауды  қажет  ететінін  білу 
керек.  

267 
 
Бір дұрыс жауапты табуға арналған тест тапсырмасына 1-2 мысал: 
Сөздердің жалғау арқылы байланысы: 
А) әкім болу 
В) әйгілі әнші 
С) Гүлшаттың қызы 
Д) әдемі кеш 
Е) телефон арқылы сөйлесу 
 
Сөйлемдегі күрделі толықтауыштың ішкі байланысу формасы: 
Ауылыңның атын ұмытсаң да, салтын ұмытпа (ауған мақалы) 
А) қиысу 
В) меңгеру 
С) матасу 
Д) қабысу 
Е) жанасу 
 
Бұл  екі  тест  тапсырмасын  салыстырсақ,  бірінші  тапсырма  жеңіл,  дұрыс  жауапты 
ойланбай-ақ табуға болады, себебі жалғау арқылы байланысып тұрған сөздер біреу ғана, қалған 
дистракторлар дұрыс жауапты табуға нұсқап тұр.  
Екінші  тапсырма  қиын,  ойланып  жауап  беруді  талап  етеді.  Бұл  тапсырманы  орындау 
үшін синтаксистің сөз тіркесі бөлімін де, сөйлем мүшесі бөлімін де білу керек. Бір тапсырманы 
орындау  үшін  екі  жақты  ойлану  қажет.  Сондықтан,  бір  дұрыс  жауапты  табуға  арналған 
тапсырмаларды  тек  жеңіл  деп  есептеуге  болмайды.  Тапсырманың  бұл  түрі  де  жеңіл,  орташа, 
қиын деңгейлерде жасалады.   
Демек, дистракторлар дұрыс жауаптан көңіл аудартып, алаңдатуға тиіс, яғни салыстырып 
ойлауға  әкелуі  керек.  Біз  қолданып  жүрген  тестерде  қате  жауапты  табуға  да  арналған  тест 
тапсырмалары кездеседі. Мұндай тест ұсыну дұрыс емес. Себебі оқу үдерісі дұрыс білім алуға 
негізделген деген пікірді В.С.Аванесов айтады.  
Дистракторлар  саны  көбейген  сайын  ойланбай  тауып  алу  мүмкіндігі  азаяды.  Бірнеше 
дұрыс  жауапты  табуға  арналған  тест  тапсырмалары  осы  үшін  ойлап  табылған.  Тест 
тапсырмаларының  бұл  түрі  «не  не  үшін?» (что  для  чего?)  дегенді  білу  үшін,  кәсіби  білімді 
тексеруге  бағытталған  функционалды  тест  болып  есептеледі.  Олардың  дистракторлары 5-12 
аралығында,  эстетикалық  дұрысы - жұп  сандармен  берілгені – 6, 8, 10, 12. Тестің  бұл  түрі 
білімді толық, жан-жақты тексеруге әкеледі.   
Бірнеше дұрыс жауапты табуға арналан тест тапсырмаларын салыстырып көрейік:  
1.  Cөйлемдегі бастауыш: 
А) ойды тиянақтап тұрады 
В) айтылатын ойға негіз болады 
С) субъектінің қимылын білдіреді 
D) субъектінің сапасын білдіреді 
E) қимылдың субъектісі болады 
F) зат есімнің сапасын анықтайды 
G) қимыл процесінің объектісі болады 
H) сөйлемдегі басқа мүшелерге тәуелсіз болады 
 
2.Үйірлі анықтауышты сөйлем: 
А) Ұзын бойлы кісі үйге еңкейіп кірді. 
В) Бойы ұзын кісі бұл үйге еңкейіп кірді. 
С) Біз оқыған университетте баламыз да оқып жүр. 
D) Біздің ұстаздарымыздың оларға да үйретері көп.  
E) Үні жоқтың міні жоқ. 
F) Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас. 
G) Кең пейілдің ішінде кен жатады. 
H) Шын жомарт жоқтығын елемейді. 
 

268 
 
Бірінші  тапсырма  сөйлемнің  бастауышының  белгілерін  толық  білуге  әкелетін  оқытуға 
арналған  тест  болса,  екінші  тапсырма  теориялық  білімді  дұрыс  қолдану  нәтижесін  бақылауға 
арналған тест.  
Тест  тапсырмаларының  екінші  формасы – ашық  тест  формалары.  Мұндай  тест 
тапсырмалары ереже-анықтамаларды нақты айта білуге, пікірдің құрылымын әр түрлі өзгертіп 
айта  білуге,  атау,  факт,  қасиет,  белгі,  т.б.  дәл  айта  алуға  жетелейтін,  оқу  үдерісінде  көп 
қолданылатын тапсырма. Мысалы:  
  Толықтырыңыз:  
1.  Құрама баяндауыш дегеніміз - ... 
2.  Күрделі мүшенің ішкі қатынасы - ... 
3.  Іштей субъектілік - предикаттық қатынасқа құралған күрделі мүше - ... 
4.  Бұйрықты сөйлемнің мақсаты - ... 
5.  Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем - ... 
Тест  тапсырмаларының  үшінші  формасы – сәйкесін  табуға  арналған  тапсырмалар. 
Мұндай  тест  тапсырмалары  ассоциативі  білімді  тексеруге  бағытталған.  Бұл  тапсырма 
фактілердің  сәйкестігін,  заттар  мен  оның  қасиетін,  субъект  пен  оның  әрекетінің  сәйкестігін 
анықтауға, дәл табуға арналған.  
Мысалы:  
Сәйкесін көрсетіңіз:  
1. Бір негізді сөйлем:  
 
А) жалаң сөйлем 
2. Екі негізді сөйлем:  
 
В) жайылма сөйлем 
С) белгілі жақты сөйлем 
D) белгісіз жақты сөйлем 
E) жалпылама жақты сөйлем 
F) атаулы сөйлем 
G) толымды сөйлем 
H) толымсыз сөйлем 
   
 Жауаптары:  
1.  Д, Е, F 
2.  А, В, С, G, Н 
 
Сәйкесін көрсетіңіз:  
1.  Аналитикалық тәсілмен байланысатын сөз тіркестері:    А) қиысу 
2.  Синтетикалық тәсілмен байанысатын сөз тікесітері:     В) матасу 
   
 
 
 
 
 
 
 
 С) қабысу 
   
 
 
 
 
 
 
 
 Д) меңгеру 
    
 
                                                                              Е) жанасу 
Жауптары: 1. С, Е 
                    2. А, В, Д 
Тест тапсырмаларының осы түрін оқытуда да, бағалауда да қолдануға болады.  
Тест  тапсырмаларының  төртінші  формасы – ретімен  орналастыруға  арналған  тапсырма. 
Тапсырманың  бұл  түрі  білімді  бағалауда  ғана  емес,  біліктілік  пен  дағды  қалыптастыруда  аса 
қажетті  болғандықтан  оқу  үдерісінде  жиі  қолданылады.  Грамматикалық  тұлға  туралы 
тұжырымдап  айтуда  оның  белгілерін  ретімен  еске  сақтауда  немесе  бүтінді  бөшектеп  анализ 
жасауда  да  ретімен  осы  тапсырманы  орындату  арқылы  жақсы  нәтижеге  жетуге  болады,  яғни 
анализ және синтез жасауда бірізділік қалыптастыруда қолданамыз.         
Мысалы:  
1. 
Сөйлемді сөз тіркесіне талдау реті:  
   Б  айланысу формасын табу 
       синтаксистік қатынасын анықтау 
       сөз тіркесінің түрін табу 
       байланысу тәсілін анықтау 
       жай немесе күрделі тіркес екенін анықтау 
 
 
 

269 
 
2. Жақсыз сөйлем: 
     баяндауышқа сүйеніп құралған 
     бір негізді сөйлем 
      баяндауышы үш жаққа ортақ 
    баяндауыштағы әрекеттің субъектісі бірде бар, бірде жоқ 
     бірақ субъект грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтын 
Тест тапсырмаларының осы формасын қолдану арқылы білім алушыны жүйелі талдауға, 
ойын жүйелі құрап айта алуға үйретуге болады.  
Қорыта айтқанда, жоғарыда талданған тест формаларының қайсысын оқытуда, қайсысын 
бағалауда қолдану пәннің түріне, мақсатына байланысты. Тест тапсырмаларын таңдап қолдану 
творчестволық ізденісті де талап етеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет