Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтыңмедиафорумда сөйлеген сөзі.
2. Қазақстан Республикасының2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//
Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб.
3. Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000
4. Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология.
Москва, 2001
Казаков Ю.В., Тулепов М.И., Хамзина Б.С., Уалиев Ж.Р., Тулепова С.И.
ПРАКТИКООРИЕНТИРОВАННОЕ ОБУЧЕНИЕ МАГИСТРАНТОВ В РАМКАХ
ПОДГОТОВКИ КАДРОВ ПО ПРОГРАММЕ ГПИИР-2
Компетентностный подход, заложенный в основу образования, предполагает подготовку
выпускников, обладающих специальными навыками и мировоззрением, способных
интегрировать и координировать свою работу.
Данный подход акцентирует внимание на цели образования и в качестве результата
образования предлагает рассматривать не сумму усвоенной информации, а способность
выпускника действовать в различных проблемных ситуациях. С этой точки зрения оценка
формирования компетентности обучающихся на определенном этапе, по результатам освоения
образовательных программ является часто используемым средством контроля работы на
практике.
Подготовка конкурентоспособных креативно мыслящих специалистов по программе
магистратуры для промышленных предприятий, входящих в программу ГПИИР-2 необходимо
осуществлять при прохождении следующих этапов:
Актуализация учебных планов по специальностям магистратуры с учетом проблем,
стоящих перед промышленными предприятиями по программе ГПИИР-2 с участием
работодателей и запросов производства. Темы магистерских диссертаций согласовывать с
предприятиями.
Формирование принципов исследовательской деятельности при разработке УМКДП,
РУПов и силабусов и реализация их при изучении специальных и профильных дисциплин в
учебном процессе.
244
Закрепление магистрантов за конкретными производственными предприятиями
программы ГПИИР-2 для подготовки семестровых НИР, прохождения стажировок, производ-
ственных практик и подготовки магистерских диссертаций. Проведение представителями ИТР
предприятий для консультирования, соруководства магистрантами.
Использование технических базы оборудования, программных продуктов и инновацион-
ного технологического потенциала для выполнения прикладных магистерских диссертаций.
Обеспечить возможность прохождения стажировок магистрантов и их руководителей из числа
ППС на высокотехнологичных зарубежных предприятиях в рамках отрасли.
Обеспечить возможность руководства и участия магистрантов в программах грантового и
целевого финансирования, хозяйственно-договорных работ с промышленными предприя-
тиями, коммерциализации технологий разработок.
Развивать участие докторантов в разработке объектов интеллектуальной собственности.
Движение к автономности университетов в Казахстане может быть осуществлено с
увеличением грантового финансирования по приоритетным направлениям развития экономики
Казахстана, в рамках программы ГПИИР-2; увеличением числа ведущих научных сотрудников
за счет их подготовки в рамках повышения квалификации; достижением более тесных
взаимовыгодных связей с производством для решения их текущих и перспективных проблем
развития и созданием исследовательских структур в университете.
Для осуществления приведенных этапов необходимо повышение качества исследований,
которое может быть достигнуто за счет развития международных исследований; создания
эффективной приборной, лабораторной базы оборудования; развития междисциплинарных
связей; разработки методики качественных и количественных критериев оценки исследований;
привлечение ИТР предприятий в исследовательскую деятельность.
Задание целей обучения необходимо сопровождать показателями их достижения для
того, чтобы можно было точно и определенно сделать заключение о степени реализации этих
целей. Определение уровней достижения целей обучения не только облегчает проведение
контроля усвоения соответствующих целям знаний и умений, но и позволяет определить
достаточные для реализации данных целей методы и формы обучения. Поэтому модель
будущего специалиста определяется не только определенной структурой, но и конкретными
показателями достижения уровня профессиональной компетентности.
Шаги по совершенствованию практикоориентированного обучения магистрантов может
быть осуществлено в виду выполнения следующих этапов исследовательской деятельности:
интенсификация деятельности офисов коммерциализации бизнес-инкубаторов,
технопарков;
создание инвестиционных фондов для поддержки исследовательской и предприни-
мательской деятельности, стартапов, спинаутов;
способствование развития предпринимательской деятельности в университете.
Создание экспериментальной и производственной базы для изготовления макетов, опытных
образцов и серий инновационной продукции.;
Активизировать участие обучающехся в НИР; Повышение активности участия сту-
дентов в НИР и ориентация дипломных работ по результатам НИР. Увеличение активности
публикации в Рейтинговых изданиях
Исследовательская стратегия
1. Разработка стратегии ВУЗов на основе международного опыта
2. Расширение международного партнерства и усиление международного информа-
ционного пространства.
3. Вхождение в международные проекты приобщение студентов, магистрантов, докторов
PhD.
4. Привлечение лекторов ведущих университетов, проведение и участие в междуна-
родных семинарах и конференциях.
5. Развитие институтов повышения квалификации в рейтинговых международных
университетах.
6. Пересмотр методов и подходов финансирования научных исследований с учетом
регионов и их вклада в ВВП государства.
7. Пересмотреть маркетинговую и рекламную стратегию ВУЗов с переходом к
«ориентированному» маркетингу на производство.
245
8. Исследовательская работа совместно с заинтересованными промышленными и
заинтересованными профильными Министерствами.
9. Переориентирование рабочих и учебных программ, направленных на иссле-
довательскую работу.
Таким образом, профессиональная подготовка магистранта в той или иной специальности
представляет собой нормативную модель, отображая научно-обоснованный состав
профессиональных знаний, умений, навыков способов деятельности и выражает единство его
теоретической и практической готовности в целостной структуре магистранта.
Қалымбетова Э.К., Шадыманова Ж.Ә.
БОЛАШАҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЕТУДІҢ
ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
Аннотация: Мақалада еңбек ету барысындағы тұлғалық ерекшеліктердің психологиялық
астарлары, адамның еңбектің мәнін түсінудегі мәселелерқарастырылған. Осы тақырыпты
зерттеу қазіргі уақытта ешқандай өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Негізгі сөздер: еңбек субьектісі, еңбек әрекеті, еңбек мотивациясы, еңбектен қанағат алу.
Ключевые слова: субьект труда, трудовой деятельнось, мотивация труда, удовлетво-
ренность трудом.
Аннотация: В статье рассматривается психологические аспекты трудовой деятельности и
личностные особенности понимания смысла труда. Исследование данной темы актуально.
Abstract:This article addresses the problems of subjective significance of labor, age, sexual
difference of understanding the meaning of work and personal features subjectively understand the
importance of work. Study of the topic is relevant.
Соңғы жүз жылдықтарда "еңбек" ұғымы еуропалық мәдени дәстүрлерде мазмұны және
қабылдауы бойынша әртүрлі өзгерулерден өтті. Еңбекке қатынас табыну және сүйiну, көнiлi
қайту, өгейсiреу кезеңдерін басынан өткізді. В. Даль "Еңбек - бұл жұмыс, тапсырма, жаттығу, іс
болып табылады, яғни, осының барлығы күшті, талпынуды және күтімді қажет етеді, сондай-ақ
әртүрлі денелік қысым немесе ақыл-ой күшінің нәтижесінде қажуға алып келуі мүмкін" деген
анықтама береді [1].
Ал С. Ожегова " Еңбек - ақыл-ой және физикалық қысымды қажет ететін адамның
қоғамдық пайдалы және орнықты іс-әрекеті болып табылады деген [2].
Адамдардың көпшілігінің санасында еңбек өмір сүру барысында өзгеріп отырады деген
түсінік қалыптасқан. Еңбек ете бастаушыларда көптеген қуанышты жағдайларды күту мен
еңбекке қатынасты иллюзиялар болса, ал кейде кейбіреулерінде бұл сезім еңбектің дербес
өмірімен айналысар алдындағы үрейді туғызған. Кейінірек көбісінде еңбектен түңілу пайда
болған. Кемел жаста кейбір адамдарда өзінің жұмысына деген қызығушылық пен тұрақтылық
қалыптаса бастайды. Адамдардың зейнетке шығар алдындағы және шыққаннан кейінгі еңбекке
деген қатынастары жағымды болса (тек жақсы нәрселерді еске алады), ал зейнеткерлердің көп
бөлігі өздерінің жұмыссыздығын, әрекетсіздігін уайымдайды. Ия, осыдан адамдар үшін еңбек
етудің мәні қандай деген сұрақ туындайды. Тұлға үшін нақты еңбектің мағынасы жағдайларға
байланысты анықталады. Оған адамның балалық шақта қалыптасқан құндылықтар жүйесі
(немесе өмір сүру барысында және қазіргі сәтте өзекті болып табылатын құндылықтар),
еңбектің адам өміріндегі алатын орны ( пайдалы адам болудың тәсілі қандай және тіршілік
етудің әлеуметтік дұрыс қабылданған тәсілдері қандай), сондай-ақ өзіндік еңбек әрекеті, оның
заттық және құрылымдық мазмұны, құралы, шарты, өнімі әсер етеді.
Кәсіби әрекет - бұл ең бірінші еңбек әрекеті болып табылады. Осымен байланысты еңбек
етуде адамға өз еңбегін ұйымдастыру үшін не кедергі болуы мүмкін деген жағдайды қарастыру
маңызды. Осыған байланысты
Е. А. Климов еңбек туралы келесідей "сенімдерді" бөліп көрсетті:
"Жеңіл еңбек" қалайтындар - бұған өз жұмысына ешқандай күш жұмсамайтындар, есте
сақтауына қысым түсіргісі келмейтіндер, жасаған жұмысын ойлап, уайымдап, қобалжы-
майтындар және т.б. жатады. Осыдан шығатыны адам егер өз жұмысын, оның нәтижесін
246
уайымдамайтын, тәуекелге бел бумайтын болса, онда оның робот пен машинадан еш
айырмашылығы болмайды.
Аңқау антиэнтропизм, барлығын рет-ретімен орнындағысы келетіндер. Бұлардың
арасында да рухани дүниесіне кедергі келтіретіндей жағдайлар болуы мүмкін.
"Соқырлық" сезімі - бұл басқа адамдардың жанын түсіне алмау және басқалармен бірге
көңіл көтере алмау. Осының негізінде психолог, ол адамның ішкі жан дүниесін зерттеп,
нәтижеге қол жеткізуге тырысу керек. Осы арқылы ол осындай адамдарға көмектесе алады [3,
21-32б.].
Әрбір адамның еңбек ету барысында өз еңбегінен қанағат алу-алмауына байланысты
оның еңбекке деген қатынасын көруге болады. Енді еңбектен қанағат алу мен еңбектің мәніне
назар аударсақ. К.Замфир еңбектің мағынасыздығына мысал келтіреді. Мысалы, адамға
жалақысы жоғары төленетін, шұңқыр қазу жұмысы тапсырылса, яғни, оны күніге өзің кешке
қазасың деген шарт қойылса, онда осы жерден сұрақ туындайды, "адам өз еңбегінен қанағат
ала-алады ма?" деген. Ия, алғашында бұндай ұсыныс адамдарды қызықтыратыны сөзсіз, ал
егер сол жұмысшыға қоршаған адамдардың қалай қатынас жасайтынын елестететін болсақ,
онда әңгіме мүлде басқаша болмақ. Мамандардың айтуы бойынша, еңбек қоғамға пайдалы
болуы керек деп есептейді, сол арқылы адам өз еңбегінің жемісін қоғамда көре отырып еңбек
етуге талпынады деген тұжырымға келеді[4, 24-29б.] .
К. Замфир еңбектен қанағат алуды оның мазмұнымен байланыстырып бағалауды
ұсынады. Жүйе келесідей негізгі көрсеткіштерді көрсетеді, олардың әрқайсысын 5 баллдық
шкаламен бағалауға болады:
Жалпы шарты - бұған жұмысқа дейінгі көлік мәселесі; жұмыстың ыңғайлы кестесі;
әлеуметтік жалақылар (асхана, балабақша және т.б.); төлемақы; қызметте өсу мүмкіндіктері
жатады;
Еңбектің физикалық шарттары - бұған еңбектің қауіпсіздігі; жұмыс орнының эстети-
касы; дыбыс; температура; діріл және т.б. жатады;
Еңбектің мазмұны - әртүрлілігі - монотондылығы; еңбектің қиындылығы, қойылатын
талап; жетекшілік элементтері және жауапкершілік; жеке қабілеттіліктермен сәйкес келуі және
т.б. жатады;
Еңбекте адамдармен қарым-қатынас - бұған ұжыммен қарым-қатынас; тікелей
жетекшілермен қарым-қатынас жатады;
Еңбектің ұйымдастырушылық шеңбері - бұған кәсіпорындағы ұйымдастырушылық
деңгейі; қоғамдық пікірлермен сәйкестігі; әлеуметтік-психологиялық ахуал жатады [4, 43-51б.].
Адамның еңбектен қанағат алып жұмыс жасауы осы жоғарыда көрсетілген шарттарға да
байланысты болады. Себебі кез келген адамның еңбектің мәнін дұрыс түсініп еңбек етуі,
біріншіден еңбектен қанағат алып жұмыс істуіне алып келсе, екіншіден сол еңбек ету жолында
үлкен жетістіктерге жетуіне, шебер маман болуына өз септігін тигізеді.
Еңбектен қанағат алу кезіндегі негізгі мәселе болып, жұмыссыздық және соның
нәтижесінде өмірден қанағат алумен өзара байланысы болып табылады. М.Аргайлдың айтуы
бойынша, өмірде жұмыссыз бақытты адамдар да кездеседі. Бірақ, оларды, жұмысы бар,
бақытты адамдармен салыстыруға болмайды. Көпшілігі, жұмыссыздарға менсінбеушілік
қатынас қарсылық әдепті білдіреді деп көрсетеді, яғни: жұмыссыздар - бұлар жалқау,
асықпайтын, қайыршы адамдар деген көзқарас туындауы мүмкін. Бірақ, жұмыссыздыққа деген
икемділік адамдардың екі түрлі тобында кездеседі:
1. біліктіліксіз күш еңбегiмен шұғылданатындар;
2. түбегейлi уақыт иелері, яғни, өз уақыттарын асқа және сусындарға өткiзетiн жеке
меншiктiң иелерi.
Ал қазіргі кезде жұмыссыздықты, сәтсіздіктің белгісі, әлеуметтік таңба, ауытқудың
формасы ретінде қарастыруға болады. Егер жұмыссыздар өз уақыттарын өздері
ұйымдастыратын болса, онда олар жұмыссыздықтан аз тарығады: кейбір жұмыссыздар өз
біліктіліктерін кеңселер мен шеберханалар салу арқылы қолданады (олар жұмыссыздықты
оңай өткереді); ал біреулер жай ғана жаңа өмір сүруге бейімделеді, көбісі азғынданады (яғни,
төсекте ұзақ жатады, сағаттап теледидар қарайды, өз өмірін өзгертемін деген талпыныстардан
бас тартады және т.б.).
Мысалы, жұмыссыз «бақытты» адамдар үшін - бос уақыттың құндылығы, жұмыс
құндылығынан жоғары болып табылады. Мәселе, олардың өз бос уақытын қандай мақсатта
жұмсайтынында болып табылады (еркіндік еркіндік үшін бе сонда?).
247
Жұмыссыздарға деген эволюциялық көзқарастарға тоқталу қызықты болып табылады.
Елизаветта І кезінде Англиядағы барлық жұмыссыздарды қайыршылар ретінде санаған. Ал
өнеркәсiптiк төңкерiс мерзiмiнде - жұмыссыздар деп санаса, ал қазір бос уақытты иеленетін
адамдар ретінде санайды [5, 89-103б.].
Г.К. Уайттың айтуы бойынша еңбек жолын жобалау және оны жетiлдiруі екі тармақтан
тұрады: 1) жұмыс адамының есебі бойынша жобалануы керек; 2) бұл процесске
жұмысшылардың өзі қатысу керек [6, 232 б.].
Г. К. Уайт еңбек мотвациясын көтерудің негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетті:
1. Сыртқы еңбек мотиваиясын жобалау. Тапсырма бойынша - тапсырмаға деген талаптар
мәнді, түсініктіжәнебасшылықпен кері байланыс орнатуды қамтамасыз етуі жөн. Еңбекті
ұйымдастыру бойынша - еңбектің ұйымдастырылуы мақсатқа жетуге мүмкіндік беруі,
тиістіқолдау мен көмекті және оқыту мүмкіндігі мен қажетті ақпаратты алуды қамтамасыз етуі
керек. Жұмыс жағдайының сипаттамалары бойынша - тиісті төлемақы, қызметкерлердің дұрыс
қатынасы, жұмыс орнының эстетикалық тартымдылығы жатады.
2. Жұмысшының ішкі мотивациясын жобалау жұмысшының өз жауапкершілігі, оның
әрекетінің дербестігі мен жоспарлауға қатысуы.
3. Г. К. Уайттың көзқарасы бойынша "эквивалентті айырбастау" тұжырымдамасы өте
маңызды болып табылады. Бұл тұжырымдаманың монотонды өндірістерде алатын орны
ерекше. Мұнда бір сарынды еңбек жұмысты орындаудың түрлілігімен, тапсырмаларды
орындаудың темпімен, жұмыс орнының жағдайымен орнын толтырады.
4. Еңбек мотивациясын қалыптастыру кезіндегі оптималдылық принципі. Әр адамның
бойында жауапкершілікке сай индивидуалды табалдырық болады және ол стресс, конфликт
жағдайларын тудырады. Әсіресе бұл біліктілік пен білімнің, қажетті ақпараттың жетіспеушілігі
кезінде көрінеді.
5. Төлемақы мөлшері жұмысшының күтулеріне сай болуы жөн. Тиісінше осы күтулер
анықталынып, арнайы қалыптастырылуы керек. К.Замфир айтқандай "өндірістегі еңбекті
гуманизациялаудың тиімді тәсілі адамдардың өз-өзін және басқалар туралы білімдермен
байыту" болып табылады [6, 331б.].
Қазіргі уақытта басқарудың субьективті және интуитивті әдістерін есепке алу жөн.:
- физиологиялық көрсеткіштер - жұмыс ауыртпалығы денсаулыққа зиян тигізбеуі, жұмыс
таңдап алынған қызметкелер үшін тым ауыр болып көрінбеуі керек.
- өзара әрекеттесулердің психосоциалды көрсеткіштері - оператор жұмыстың
жылдамдығына әсер етеді және оның тәсілін өзгерте алады. Сонымен қатар, қызметтестерімен
визуалды және сөздік байланыс орната алуы және әрекеттесу кезінде жұмыстың тәсілін және
темпін өзгерте алу мүмкіндігі болуы керек.
- демалу үзілістерін анықтайтын психосоциалды көрсеткіште - оператор жұмыс темпіне
әсер ете алады және жұмыс күні кезінде өз уақытын ұйымдастыра алады. Осыған орай осының
барлығын қаншалықты орындауға болады және нақты өндіріс жағдайында орындау мүмкіндігі
бар ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру тек басшылықтың біліктілігі мен ерік-
жігеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар еңбек етушілердің өзіндік абырой сезіміне,
кәсіби мотивациясына, олардың өз еңбегімен қатар өз құқықтарымен мақтана алу сезімінің
болуына байланысты [7, 44б. ].
Сонымен қатар, В.Д. Шадриков, іс-әрекет мотивациясының сызбасын ұсына отырып,
еңбек әрекетіндегі мотивтердің қалыптасуы, қызметкердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға
байланысты деп көрсетеді. Еңбекке деген қажеттілігін қанағаттандыру бағытында тұлға әрекет
саласында өз орнын табады, яғни осыған байланысты кәсіби мотивтердің құрылымы
қалыптасады. Осы процестердің нәтижесінде іс-әрекеттің және оның жеке аспектілерінің
тұлғалық мағынасы қалыптасады [8, 26 б.]. Ал енді осымен байланысты адамдардың кәсіби іс-
әрекетіне тоқталып кетсек, К.К. Платонов оны келесідей белгілермен сипаттап көрсетеді:
1. Өнімділікпен (тиімділікпен, жетістілікпен);
2. Интенсивтілікпен, жылдамдық және қарқындылықпен;
3. Дәлдікпен және сенімділікпен;
4. Ұйымшылдықпен (шығынның санын азайту);
5. Біліктілікпен [9, 74 б.]
Еңбек субьектісі іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық
механизмдерді қарастыруға болады:
1. мотивация
248
2. адамның тұлға ретінде анықталуы
3. тұлғаның даярлығы
4. тұлғаның компетенциясы [10] .
Осы жерден, еңбек әрекетінің субьективті мәнін түсінумен байланысты
И.Г. Кокурина бойынша кәсіби әрекет мотивациясына тоқталып кетсек. Яғни, оның
айтуынша " Еңбек мотиваиясы - бұл еңбектің негізгі ынталарына маңызды орын беру процесі,
осының негізінде тұлғаның еңбек әрекетіне кері әсерін тигізетін, маңызды мотивтердің
құрылымдық деңгейі пайда болуы мүмкін" деп көрсетеді [11, 15 б.]. Сонымен, қорыта
келгенде, тұлға үшін еңбек етудің мәні әр кезде әртүрлі болған. Біз бұны зерттеген кезде,
адамның еңбекке деген қатынасы мен оның ішкі мотивациясын, қанағат алу факторларын
қарастырдық. Себебі, адамның неғұрлым еңбекке қызығушылығы жоғары болған сайын, оның
еңбегінің нәтижесі соғұрлым жемісті болмақ. Ал, еңбек етудің мәнін дұрыс түсініп, қабылдай
білген адамның еңбектегі дәрежесі жоғары болады. Әр адам - жеке қайталанбайтын тұлға
болып саналады. Сол себепті, олардың еңбек етуге деген қатынасы, түсінгі әртүрлі болмақ, ал
егер еңбек еңбек етудің мәнін дұрыс түсінген адамды, өз еңбегінің жемісінен көруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Даль 1982 – Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. М.: Русский
язык, 1982. Т. IV.
2. Ожегов 1970 – Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., 1970.
3. Климов Е. А. Введение в психологию труда. М., 1998.
4. Зеличенко А. И., Шмелев А. Г. К вопросу о классификации мотиваци-
онных
факторов
трудовой
деятельности
и
профессионального
выбора //
Вестник МГУ. Сер. 14. Психология. — 1987. — № 4.
5. Леонова
А.
Б.,
Чернышева
О.Н.
Психология
труда
и
организацион
ная психология: Современное состояние и перспективы развития: Хрестоматия. - М., 1995.
6. Замфир К. Удовлетворенность трудом: Мнение социолога. — М., -1983.
7. Қалымбетова Э. К. Еңбек психологиясы: Алматы "Қазақ университеті" 2008.
8. Леонтьев А. Н., Шадриков В. Д. Деятельность и способности. - М.1993.
9. Платонов К.К.Профессиография, ее значение и методика работы // Социологический
труд. - 1971. -№4. - С. 74-83.
10. Деркач А. А., Орбан Л. Э. Акмеологические основы становления психологической и
профессиональной зрелости. - М., 1998.-136с.
11. Кокурина Н. Г. Методика изучения трудовой мотивации. - М., 1990. - 208с.
Қалыш А.Б.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ НОРМАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ ХАҚЫНДА
(зерттеу тақырыбын негіздеу)
Әр түрлі жағдайларда адамдардың іс-әрекетін реттейтін қарым-қатынас пен этикет
қағидалары халық мәдениетінің ерекше саласына сирек айналатыны белгілі.
Мәдениеттің барлық жүйелерінің қызмет істеуіндегі қарым-қатынастың ерекше орны тек
қана коммуникация теориясының мамандары, лингвистер мен семиотиктердің ғана емес,
сондай-ақ, психологтар, социологтар, этнографтардың да қызыуғышылығын тудырып отыр.
«Этикет» түсінігі адамдар арасындағы қатынастың сыртқы көрінісіне байланысты іс-
әрекеттер қағидаларының жиынтығы (айналадағыларға деген сыпайы іс-әрекет, қарым-қатынас
жасау мен сәлемдесу түрлері, қоғамдық орындардағы мінез-құлық, өзін-өзі ұстау мен киім
киюі) болып табылады [1, с. 400].
Дәстүрлі халық этикетінің айтарлықтай маңыздылығы – оның адамдар арасындағы
қарым-қатынас тілін көрсетуінде, түсінік аппараты, яғни, өмірде болатын сан алуан
жағдайларда адамдардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесіне лайықты қарым-қатынас
ұстанымдарын айқындаудағы грамматика мен синтаксис болып табылады.
249
Осылайша этикет, тек қарым-қатынас жасаудағы ережелер жинағы ғана емес, әлеуметтік
жүйеде қалыптасқан маңызды мәдени құндылықтар жиынтығын көрсететін, бекітетін және
мақұлдайтын мәдениеттің ерекше құбылысы болып табылады.
Этикеттің ерекшеліктері әдет-ғұрыптың айтылған белгілерімен қатар тұрғанда басқаша
шындықты көрсетеді. Мәдениеттің нормалары мен құндылықтары ол үшін ақпарат болып
табылады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас үдерісіндегі негізгі нүкте ретінде пайдаланып,
ол оларды бекітеді және растайды.
Әрбір этикеттік жағдай – ол әрқашан сөзбен, ишаратпен, ыммен, тұрған тұрыспен және
т.б. амалдармен көрсетілетін диалог, жолдаулармен алмасу болып табылады. Этикеттік
жағдайларда мүдделі тұлға болып бүтін бір қоғам емес нақты адамдар қатынасады, этикеттік
ережелерді бұзу – әдет-ғұрыпқа байланысты болғандықтан, бүкіл қоғамды емес, бұзушыны
жазаға тарту қаупін тудыратын жағдай. Этикеттік ережелерді бұзудың өзі кейде ерекше ереже
болып табылады. Басқаша айтқанда, этикеттік жағдай – ойын қағидалары жеке еркіндік, мінез-
құлық, қызыуғышылық сияқты нақты өмірлік жағдайларға қатысты шығармашылық сәті. Кей
жағдайда этикет – ол шығармашылықтың барлық түрін қолдану арқылы қалаған тілекке жету
өнері. Көптеген қоғамда этикеттік суырыпсалма шеберлері ерекше қадірленеді, олар қарым-
қатынас кезінде өзінің іс-әрекет стратегиясын құруы соншалық, тіпті дәстүрді бұзуды
айналадығылар этикеттің ерекше талғампаздық белгісі ретінде қабылдайды [2, с. 121-122].
Алайда, этикет пен әдет-ғұрыпты қатаң түрде бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып
салыстыру, берілген категориялардың ерекшеліктерін анықтауға арналған тек теориялық әдіс
болып табылатындығын атап өткен жөн. Мәдениеттің шынайы кеңістігінде бұл құбылыстар бір
бірімен тығыз байланысты, ал кей жағдайларда өте ұқсас болады. Бұл рәсімдеу деп атауға
болатын этикеттік жағдайларға тығыз байланысты. Мысал ретінде көптеген дәстүрлі
қоғамдарда құда түсу, той жасау немесе қонақты салтанатты түрде күтіп алуды айтуға болады,
бұл жағдайда барлық қатысушыларының іс-әрекеті мәдени дәстүр тәртібімен қатаң
бақыланады, ал тәртіпттен бас тарту қатысушылардың кінәлаушылығына ұшырайды.
Этикет пен моральді салыстыру ерекше мәселе болып табылады. Мораль мен этикеттің
мәдени нормалар жүйесі болып табылатындығы оларды бірі-бірімен біріктіреді. Олардың
ерекшелігін этикетті таза іс-ірекеттік жеке сала, этнос пен этиканың адамдар қатынасын реттеу
саласындағы көрсеткіш ретінде қарастыру арқылы аша аламыз. Мораль мен этикеттің
арасындағы қатаң байланыс туралы күмәнді ойлар болмағанда, осы түсіндірулер жеткілікті
болатын еді. Тіл мен сөйлеу қоғамның рухани мәдениет құндылықтарына ұқсас
болмағандықтан және тек кіршіксіз мазмұнды көрсететін қарапайым жоспар ғана емес, оның
бойында іс-қимылдың ерекше табиғаты мен қисыны бар, сондай-ақ, этикет те этикалық
ұстанымдардың күнделікті көрсетілімі ғана емес екендігін түсінуге болады. Тіл мен
шешендіктің жоғары дәрежесін игеру әр қашан биік руханилық және білімділіктің көрсеткіші
ғана емес. Сонымен қатар, кейде шешендік білімсіздік пен надандықты қалқалап тұрған
бетперде болуы да мүмкін. Сондай-ақ, жоғары талғамдағы этикетілік те пасықтықты жасырып
тұруы мүмкін.
Жұмыстың зерттеу аймағы негіздемені қажет етеді. Бір қарағанда оның негізгі мазмұны
айқын – дәстүрлі халық әдебінің қағидалары, этникалық әдептің, этникалық мәдениеттегі
этикеттің нормалары хақында. Ақиқатында түсініксіз жәйттар көп. Қазіргі таңда осы саланың
ғылымында кемінде екі түсіндірмесі қалыптасқан.Оның біреуі С.М. Широкогоровпен Ю.В.
Бромлейдің құнды еңбектерімен байланысты. Бұл бағытта этникалық мәдениет тұрғысынан –
этностық мәдениет ерекше ортақ мәдениеті (соның ішінде тілдік), танымы тұрақты және де
өзгеден ерекшеленетін бірлігі, тарихи калыптасқан адамдар жиынтығы, деп түсіндіріледі [3, с.
13-15; 4, с. 48-51].
Келесі бағыты ертедегі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы этнография ғылымының
қалыптасуынан бастау алады. «Этникалық мәдениет» және «этникалық» өзгеше, қарапайым
халыққа тән, жоғарғы элитаға, өркениеттке қарама-қарсы қалыптасқан сипаттаманы білдірді.
Мұның негізгі мағынасында этникалық мәдениетінің фольклор мәдениетімен ұқсастығы жиі
баяндалған.
Ұлыбритания мен АҚШ-та «этник» түсінігі үстем таптардың англо-саксон тегінен
шыққан құрамындағы шетелдік мәдениет немесе нәсілдер тобының өкілін білдіреді, олармен
шектеулілік, дамымаушылық, төмендетушілікпен байланыстырылады. Бұл ұғым этникалық
әдеттегі деңгейде сақталған, 1960 жылдардағы Ұлыбритания мен АҚШ-тағы әлеуметтік
ғылымдарда этникалық теорияның санатында мүлдем өзгеше. Бұл терминмен отандық
250
ғылымда этнос деп аталатын шыққан тегі тарихи мәдени қауымдастықтан тысқары әлеуметтік-
психологиялық әрекетті тұлғалармен байланысты [5, р. 92-106].
Бірақ батыстық ғылымда бұрынғысынша өзінің қалыптасуы мен дамуында «жоғары»
яғни қалалық, ұтымды, кәсіби мәдениетте айтарлықтай айырмашылықтары бар этникалықты
дәстүрлі халық мәдениеті ретінде белсенді қолдануда. Әлбетте бұл американдық этнологияда
(мәдени антропологиямен қолданыстағы қосымша ғылыми пән) әсіресе оның «этноғылым» деп
аталатын қосалқы пәндерінен байқаймыз.
Дәстүрінің тарихи тамыры тереңде жатқан беделді, ғұлама ғалымдардың арқасында
этнологияның осы санаты отандық ғылымда да сақталған. «Этноэтикет» түсінігінің осы дәстүр
аясында толық айқындалатын құбылысы – халықтың (зиялы қауым, ақсүйектер, ғылыми
жағына және т.б. қайшы келетін) мінез-құлық ережесі, сол не басқа да қағидалардың болу
себептері, сонымен қатар халық өміріндегі осы қағидаларды тәжірибеде жүзеге асыру туралы
түсінік.
Екінші жағынан – дәстүрлі халық мәдениеті жергілікті ерекшелікке байланысты жан-
жақты өмір сүрді. Дәстүрлі халық мәдениеті өзінің жан-жақтылығымен қарым-қатынаста
типтік ортақ белгілері бар: жазу түрлерінің дамымауы – дәстүрге негізделген механизмнің
дамуы; әдеп ережелерінің жасаушысы – халық (осыған сай, халықтың ауызша шығармашылық
ескерткіштері қалыптасады), авторлық жаңа енгізілім ерсі қабылданады; тұрмыстың
бейсанасыз сипаты – әдеп ережелері орынды рефлекс душар етпейді, оның негізі жоғарғы буын
өкілдерінің беделінде, ал халық этимологиясы екінші фольклорлық сипаттамаға ие; әдеп
ережелері өзінің қызмет көрсету аясында материалдық жағдайы мен әлеуметтік дәрежесіне
тәуелсіз, барлығына міндетті.
Халық этикетінің ерекшелігі осы қоғамға тән дәстүрлі қоғамдық мәдениеттің сипатынан
таптық қоғамдағы әдеп, танымдық әдіске негізделген арнайы ерекше институт ретінде
сақталды. Таптық индуствриалдыққа дейінгі қоғамда әдеп институтсаналдық қарапайым халық
үшін сақталған жиынтық болған.
Ғұрыптық-коммуникативтік салаларында әдеп барлық дүниетанымын және халықтың
әлеуметтік құрылымынан көрініс табады. Мысалы, орталықазиялық көшпенділер қонақты киіз
үйдің батыс жақ бөлігіне отырғызады, ас пен сусынды оң қолдарымен ұсынады, отбасы
үлкендері де әрқашан киіз үйдің батыс бөлігіне отырғызылған, ғұрыптық іс-шараларда барлық
отырғандар жас ерекшелігі мен әлеуметтік дәрежесіне қарай ыңғайластырылады, оң жақ пен
батысқа қарай үйдің үлкендері, сол жақ пен шығысына қарай – балалар. Бұл тек өзгешелік
емес, фольклор мен діни ғұрыптардағы дүниетанымдық принциптердің қасиеттілігі, тазалығы.
Мәдени кеңістікте әдептің сіңіп кетуі халықтың тыныс-тіршілігінде оның мәнін анықтау
қажеттілігі өзге де нормативтік құбылыстардың ажырату ерекшеліктерінде. Шынында да,
әдептің тәртіптен ерекшелендіртін не құқықтық ережеде (отбасы және неке, мүлік, қылмыстық
және т.б.), адамгершілік, экономика, саясат, дін.
Қорыта келгенде, әдептің ерекшелігі сол жоғарыда айтылған салалардың алғышарттары
сынды және олардың нақты дамуының өзіндік тәсілі. Барлық көрсетілген институттар
әлеуметтік тәжірибиелерді тек адамдармен сөйлесу арқылы ғана жүзеге асырады. Бұл жерде
әдептің рөлі ерекше. Оны сөз, іс-қимыл қарым-қатынас құралы ретінде көруге болады десек те
барлық қатысушылардың өзара жыныстық, жас ерекшеліктік және әлеуметтік дәрежесі
ескеріледі. Осылайша әдеп өмірдегі болып жатқан жәйттарға некелік, жер мәселесі немесе діни
ғұрыптарда қарым-қатынас тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |