46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары. Көбелектілер қатары



бет24/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
78.Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары. Көбелектілер қатары.


79.Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары.Көкнәрлер тұқымдастарына сипаттама. Біріккен күлтелілік қатары. Айлаулықтар, сабынкөктер, алқалар тұқымдастарына сипаттама.


Сабынкөктер тұқымдасы (лат. Scrophulariaceae) – қос жарнақты шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта және шырмауық тәрізділер, көпшілік түрлері сапрофит, жартылай паразит және паразит болып келеді. Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі, негізінен, қоңыржай және субтропиктік белдемдерде өсетін 250 туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 23 туысқа бірігетін 170-тен аса түрі белгілі. Олар республиканың барлық облыстарында кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары көбіне кезектесіп, кейбір түрлерінде қарама-қарсы не жеке-жеке орналасады. Гүлі қос жынысты, пішіні, құрылысы жағынан алуан түрлі болып келеді. Тостағаншасы ұзынды-қысқалы 4 — 5 тостағанша жапырақшалардан, күлтесі 4 не 5-тен тұтасып кеткен, пішіні дөңгелек не қос ерінді болады. Аталығы негізінен төртеу, аналығы жоғары жатынды, қос ұялы. Жемісі — көп тұқымды қорапша, сирек жидек тәрізді. Көптеген түрінің тұқымдары желмен тозаңданады, вегетативті көбейетін түрлері де кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасының көпшілігі егістік пен шабындықтардың арам шөбі, кейбір түрлері улы болады, араларында балды және дәрілік түрлері де кездеседі. Қазақстанда өсетін 8 түрі (Бор сиякөгіЖоңғар сабынкөгіНұрания сабынкөгіАлатау бөденешөбіКиікшөптес бөденешөпТарбағатай қандыгүліШу-Іле қандыгүліДауыр цимбариясы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген
Айлауықтар тұқымдасы (лат. Boragіnaceae) – бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.100-ге жуық туысы, 2000-дай түрі бар. Қазақстанда айлауықтар тұқымдасының 40 туысы, 130-дай түрі кездеседі. Сабағы цилиндр тәрізді, оған жай жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырағының сыртын қалың түк басқан. Гүлшоғыры бұйра, кейде қос бұйра. Толық жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды. Әрбір гүлінің 5 тостағанша және 5 күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу болады, ол екі жеміс жапырағынан тұрады. Алдымен екі ұялы, кейін жалған пердемен бөлініп төрт ұялы, әр ұясында бірден тұқым бүршігі жетіледі. Жемісі – 4 жаңғақша. Жемістері гүл қасы жапырақшаларының қасаңданып кеуіп кеткен түкті өсінділері арқылы мал жүніне жабысып таралады. Айлауықтар тұқымдасы негізінен бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер. Оның көптеген түрінің гүлінен ара бал жинайды. Бояғыштар жасау үшін де пайдаланылады. Мал сүйсініп жемейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет