46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы



бет23/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Ботаника

Ерінгүлділер (лат. Lamiáceae), немесе Тауқалақайгүлділер (лат. Labiátae) Қосжарнақтылар класының тұқымдасы, тұқымдасқа 250-дей[3] тегі және 7850-дей[3] өсімдіктер кіреді, оның арасында кең таралған: жалбызсәлбенжаужапырақтасшөпкиікоты, т.б. түрлер кіреді. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.
Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2).
Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.
77.Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары. Раушангүлділер тұқымдасы. Итмұрындар, алхорылар, алмаларға сипаттама.
Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т.б. Раушан, итмұрын – бұталы өсімдіктер. Шыршай, байғұт, қойбүлдірген – көпжылдық шөптекті өсімдіктер
Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп.
Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік, және т.б. ағаштарында болады.
Алхоры – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады. Қолданылуы Алхорының құрамында су, қант, пектиндік заттар, өзектер, органикалық қышқылдар, В1, В2, РР, С,А дәрумендері, сонымен қатар натрий, калий, магний, фосфор, йод, мыс, мырыш сияқты минералды заттар бар, әсіресе, темірге бай. Және де алхорыда Е дәрумені шие, апельсин, мандарин, алмұрт жемістеріне қарағанда көбірек болады. Алайда С дәрумені аз, бірақ бұл оның пайдалылығын кемітпейді. Өйткені құрамында Р дәрумені көп, ол қан қысымын түсіруге және қан тамырларын нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар алхорының құрамында темір көп болғандықтан, ағзаны темірмен қамсыздандырушы деп атауға болады. Темір – қан аздықтың алдын алу және емдеу үшін қажет. Алхоры ағзаны холестериннен тазалауға жақсы көмектеседі. Кептірілген алхорыны ішті жүргізуге, несеп айдағанға қолданады. Алхорыдан компот, шырын, тосап, қақ жасайды.
Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.[1] Итмұрынның пайдасыИтмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады[2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет