46-шы ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата09.03.2017
өлшемі7,5 Mb.
#8691
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

Әдебиеттер
1.  Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007 
3. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. 
– А.: Білім, 2008. 
 
 
 
Токкарина А.М. 
 
ЖАПОН  ЖАЗУЫНДАҒЫ ИЕРОГЛИФТЕРДІҢ   
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ 
          
Бұл  мақалада  қазіргі  таңдағы  жапон  иероглифінің  жапон  жазбасындағы  алатын  орны,  
шетел  азаматтары  жапон  тілін  оқу  барысында  үлкен  кедергі    туғызатын  иероглифтерді  алып 
тастау  мәселелері,  иероглифтиң  балама  жолдары  қарастырылған.  Зерттеу  жұмысының 
мақсаты-жапон  иероглифінің  жапон  жазбасына  қажеттілігін  анықтау.  Зерттеу  барысында 
жапон иероглифінің артықшылықтарымен кемшіліктері қарастырылған. 
Кілт сөздер: иероглиф, кана, дәстүрлі жазу, канго. 
 
Японские иероглифы в современной японской писменности 
В  данной  статье  рассматриваются  японские  иероглифы  в  современной  японской 
писменности,  а  также  вопросы  по  удалению  иероглифов  в  изучении  японского  языка 
иностранным  гражданами  и  поиск  альтернатив  иероглифам.  Целью  исследования  является 
выявление  необходимости  иероглифов  в  японской  писменности.  В  ходе  исследования, 
выявлено приемущества и недостатки японских иероглифов. 
Ключевые слова: иероглиф, кана, традиционная писменность, канго. 
 
Japanese characters in the modern Japanese writing 
This article discusses Japanese characters in contemporary Japanese j. jaunsudrabins focus on 
writing, as well as questions on removing characters in studying Japanese foreign nationals and the 
search for alternatives to characters. The aim of the study is to identify the appropriate characters in 
the Japanese j. jaunsudrabins focus on writing. The study identified advantages and disadvantages of 
Japanese characters.         
Tags: character, kana, the traditional alphabet, the Kangoo. 
 
Жапон жазуындағы ең маңыздысы да игеруге  қиыны да– иероглифтер болып табылады . 
Кананы  ғана  білетін  адамдардың  Жапонияда  сауатсыздар  қатарына  жатқызылуы  бекер  емес.  
Иероглифтік  жазбаны  қолданатын  Жапонияда  ғана  емес,  басқа  да  мемлекеттерде  иерогли-
фиканы  реформалау  мәселесі  бірнеше  рет  көтерілген.  Сондықтан  бұл  жазудың  артықшы-
лықтары мен кемшіліктері қызу талқылануда.  
Иероглифтерді қолдайтын және оларға қарсы  дәлелдер ХХ ғ. 30 жж жариялана бастады.  
Кеңес Одағының ірі қытайтанушы  академик В.М.Алексеев, сол кездегі ғалымдардың көпшілігі 

58 
 
секілді  иероглифтік  жазуды  жоюды  жақтады,  алайда  ол  қарсы  дәлелдерді  де  ескерді.Егер 
иероглифтер  кейбір  кездері  әріптен  қиын  болса,  басқа  жағдайда  олар  кешен  ретінде 
қарапайым»  деп  жазған  болатын.  Иероглифтер  артықшылықтарының  қатарында,  ол  бір 
белгімен ұзақтығына тәуелсіз тұтас бір кешенді жазу мүмкіндігін, графикалық сипатынан оның 
мәнін  жорамалдауға  болатынын,  иероглифтің  омонимиядан  арылудағы  ролін,  сонымен  қатар 
мәдени  дәстүрлердің  иероглификамен  тығыз  байланысын  көре  білді.  Бұған  иероглифтердің 
айтарлықтай  ыңғайсыздық      тудыратындығы  қарсы  шығады:  белгілердің  күрделілігі,  оларды 
есте сақтаудың қиындығы, оларды үйретудің ұзақтығы, сонымен қатар иероглифтер жүйесінің 
көнелілігі мен сөйлеу барысында оларды жазудың ыңғайсыздығы жатады.  
Қазіргі  жапон  тілші  ғалымдары  да  компьютерлендіру  аспектілерін  қосып,  осы  жөнінде 
айтады.  Жапония  еуропалық  мәдениетке  қосылғаннан  кейін  иероглификаны  жоюды 
жақтаушылар  көбейді.  Олар — жапон  жазуын  латындандырушылар,  канаға  көшуді  жақтау-
шылар  деп  атады.  Олардың  келтірген  фактілерінің  көбісі  сенімді.  Шынында  да,  жапон  тілін 
үйрету – ұзақ  үрдіс  және  көп  жағдайда  осыған  байланысты    жапон  мектептерінде 12 жыл 
оқиды.  Иероглификаны  оқытуға  көп  уақыт  берілетіндігіне  қарамастан,  барлығы  дұрыс 
игерілмейді. 1975 жылы жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша, бастауыш мектептің бесінші 
сынып  оқушылары  үйренген  иероглифтерінің 84,5 % дұрыс  оқып, 52% жаза  алған;  орта 
мектептің бірінші сынып оқушылары сәйкесінше 77,2 % және 60,4 %. Әрине, иероглифтердің 
бір  бөлігі  кейін,  оқыған  кезде  барып  есте  қалады.  Сонда  да,  бірде-бір  иероглиф  білмейтін 
жапондықты табу қиын болса да, басқасын қойып, жоғары білімі бардың кез келген иероглифті  
дұрыс  оқып,  жаза  алмауы  да  кездеседі. 1979 ж.  телебағдарламалардың  біріне  бұрынғы  ағарту 
министрін  бірнеше  иероглифті  жазуын  сұрап,  ол  бұл  тапсырманы  қатесіз  орындаған  жоқ. 
Осылайша, иероглифика тілді толық меңгеруге кедергі болатыны анық. Әрине, машина жазуы 
мен типографиялық жазбада да белгілердің алфавиттік жазудағы белгілердің санынан он шақты 
есе көп болуынан туындайтын  қиындықтар болатыны сөзсіз. Иероглификаға қарсы болғандар 
қазір  де  белсенділік  танытуда: «Канамодзикай»  қоғамы 1982 ж.  өкімет  пен  Либералды-
демократиялық  партияға  өз  идеяларын  ұсынған  болатын,  алайда  оларды  тек  аздаған  адамдар 
ғана  қолдады.  Шын  мәнінде,  тек  иероглифті  жою  емес,  сонымен  қатар  оларды  ретке  келтіру 
және қысқарту мәселелері де талқыланды. Мұндай жағдайдың болу себебі неде? Иероглифика 
мен  оның  жапон  ұлттық  мәдениетімен  байланысының  беделінде.  Ғасырлар  бойы  Жапонияда 
иероглифті  білу  білімділік  пен  әлеуметтік  жағдайдың  айтарлықтай  жоғары  екендігін  білдірді; 
кананың  мұндай  беделі  болмады,  әйелдер  сауатты  болса,  әдетте  кананы  ғана  білгендігі  тегін 
емес. Жапонияда жазу культы мен Қытайдан енген конфуцийлік түсініктер үлкен роль атқарды. 
Қазір де жапон тілдік ойлауы үшін жазылған нәрсе ғана ақиқат, шындық деп саналатындығын 
атап  өтеді.  Иероглифтер  алдында  үрей  де,  оларға  деген  құрмет  те  сақталады,  ал  адамның 
білімін  де  қазіргі  кезде  ол  білетін  иероглифтер  санымен  бағалайды.  Қазіргі  уақытта  барлығы 
белгілі бір дәрежеде иероглифтерді меңгергендіктен, олардың беделі бұрынғыдай жоғары емес.  
Жапон  мәдениеті  қытай  мәдениеті  секілді  иероглификамен  тығыз  байланысты  емес: 
классикалық  әдеби  шығармалар  арасында  иероглификаны  барынша  аз  пайдалану  арқылы 
жазылған  немесе  мүлде  оларды  қолданбай  ХІ  ғ.  жазылған  «Гэндзи  Моногатари»  секілді  ірі 
шығармалардың  бірін  атауға  болады,  алайда  ескерткіштердің  көбісі,  соның  ішінде  соңғы 
ғасырлардағы ескерткішердің көбісі – иероглифтік мәтіндер. Бұл мәдени және психологиялық 
факторлардың  жиынтығы    иероглифтік  жазудың  сақталуына  септігін  тигізеді.  Сонымен  қоса 
олар  саяси  мәселелерге  де  байланысты:  Жапонияның  билік  басындағылары    мәдени  мұраны, 
дәстүрлі  жазу  жүйесін  сақтап  қалуға  мүдделі  еді. Алайда иероглификалық  жазудың  сақталып 
қалуының  себебін  осы  деп  қана  білу  тым  қарапайымдап  жібергені  болар  еді.  Ғасырлар  бойы 
жапон  тілі  иероглифтік  жазуға  икемделді,  нәтижесінде  тілді,  ең  алдымен,  оның  лексикалық 
жүйесін    айтарлықтай  өзгертпей  тұрып,  иероглификаны  қарапайымдандыруды  мүмкін  емес 
ететін  өзгерістер болды.  
Бұған  дейін  қытай  тілінен  иероглифтермен  қоса  оқылулары  да  енгендігі  жайында  атап 
өтілген болатын. Соңғылары – қытай сөздері, яғни канго, жапон тілі лексикасының көп қабатты 
негізін  құрады.  Олардың  аздаған  бөлігі  ғана  қытай  тілінен  енген  сөздер,  канголардың  көбісі 
қытай  түбірлерінен  Жапонияда  туған  күрделі сөздер  болып  табылады. Канго  кез  келген, тіпті 
тұрмыстық  мәтінде  де  кездеседі,  бірақ  олардың  саны  қоғамдық-саяси,  ғылыми-техникалық 
әдебиеттерде көп. Бунгода жазылған 20-30 жж. мысалы, әскери тақырыптағы  мәтіндерде олар 

59 
 
бүкіл лексиканы құрады, ал түпкі төл бірліктердің ролі грамматикаға барып тірелді. Кангоның 
маңыздылығын  батыс  еуропа  тілдеріндегі  грек-латын  элементтердің  маңыздылығымен 
салыстыруға болады.  
Ғасырлар бойы ХХ ғ. басына дейін канго мәдени лексиканың, әсіресе терминологияның  
құрылу  құралы  ретінде  қызмет  етті;  қазір  олармен  батыс  еуропа  тілдерінен  енген  сөздер 
бәсекелестік  тудыруда.  Ежелгі  жапон  лексикасы  бұл  мақсаттарға  жету  жолында  бірнеше 
себептерге  байланысты  қолайсыз  болды.  Біріншіден,  қытай  түбірлерінің  қысқалығы  мен 
олардың  бір–біріне  кез  келген  мөлшерде  тіркесуі    иероглификаны  білетін  адамдарға  түсінікті 
құрылымдағы  қажетті  сөз  тудыруға  мүмкіндік  берді,  мысалы:  до:буцугаку  «зоология» (до: 
«қозғалу»,  буцу  «зат»,  гаку  «ғылым»),  кэйацуки  «манометр» (кэй  «өлшеу»,  ацу  «қысым»,  ки 
«құрал.  Жапон  түбірлері    ұзын  және    күрделі  сөздегі  компоненттер  саны  шектеулі 
болғандықтан  ыңғайсыз  (әдетте  екіден  көп).  Екіншіден,  қытай  түбірлері  ХVІ-ХVІІғғ.  дейін 
ықпалды  болған  қытай  мәдениетімен  ассоциацияланатын,  ал  жапон  түбірлерінің  беделі  зор 
болмады; канго мәртебесі жазумен байланысты болғандықтан биік болды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ 
ғ.  басында  еуропа  мәдениетін  игеру  кезеңінде  көптеген  жаңа  түсініктер  пайда  болғанда 
кангоның көлемі бірден артты: еуропа тілдері лексикасын белсенді калькалау жүрді, тек кейін 
ғана кірме сөздер кеңінен таралды.  
Канго  ыңғайлылығының  теріс  жағы  да  бар,  ол – омонимия.  Қытай  түбірлерінің 
қарапайым  фонетикалық  құрылымы,  әсіресе  сөздер  енгенде  қытай  тілінде  сөздерді  айыра 
алатын  тондық  айырмашылықтар  жойылған  жапон  тілінде    омономия  тудырмау  мүмкін  емес 
еді. «Сёкё-дай-канва-дзитэн»  үлкен  сөздігіндегі  мәлеметтерге  қарағанда,  Жапонияда  бұрын-
соңды  қолданылған 48 902 иероглифтің  барлығы 323 ондық  оқылуы  бар.  Күрделі  сөздер 
тудырғанда  омономия  жарым-  жартылай  жойылады,  алайда  айтарлықтай  болып  қалады. 
Мысалы, «Үлкен жапон-орыс сөздігінде» ко:сё: дыбысталуы бар 23 канго келтіріледі, олардың 
барлығы  екпіні  жағынан  бірдей  және  «қолөнерші», «ауызша  дәстүр», «ауызша  жаулап  алу», 
«арсенал», «ресми  хабарлама», «заңды  жезөкшелік», «нотариалды    бекіту», «өндірістік 
жарақат», «келіссөздер», «байланыс», «(тарихи)  зерттеу», «марапаттау», «шағып  алу», «оқу 
орнының  белгісі», «бизань», «кен  түзілісі», «жоғары  сауда  училищесі», «халық  байлығының 
министрі»  және  т.б.  Мұндай  омонимдер  иероглифті  білген  жағдайда  түсінуге  оңай,  бірақ 
тыңдағанда және канамен және латын әрпімен жазғанда қиындық тудырады.  
Қазіргі  кезде  мәдени  лексика,  соның  ішінде  терминология  жазуда  ғана  емес,  ауызша 
сөзде де қолданылатындықтан, канго омонимиясы үлкен мәселеге айналды. Кангоны, әсіресе, 
телевизия  мен  радиода  шектеу  шаралары  қолданылуда.  Алайда  олардан  толық  құтылуға 
болмайтындықтан, ақпаратты ауызша айта отырып, оның жазбаша нұсқасы қатар ұсынылады. 
Жапон  телевизиясының  бағдарламасын  көріп  отырған  шетелдік  азаматтың  көзіне  бірден 
жазбаша  ақпарат  түседі.  Жаңалықтарды  айтқан  кезде  диктордың  артқы  жағында  айтылып 
жатқан  ақпараттың  негізгі  мазмұны  таблода  жазылатын;  қазіргі  уақытта  ол  таблосыз,  тура 
экранда    жазылады.  Тележарнама  мен  хабарландыруларда  көбінесе  ауызша  мәтін    болмайды. 
Телевизиядағы  жазбаша  мәтіннің  ролі  мақсатты  шаралардың  нәтижесінде  артып  келеді. 
Ғылыми  баяндамалар  мен  дәрістерде,  әдетте,  негізгі  терминдерді  тақтаға  жазады  немесе 
(қазіргі  кезде  жалпыға  бірдей  болған)  тыңдаушыларға  мәтінді  немесе  тезистерді  алдын  ала 
таратады.  
Алайда  іс  жүзінде    ауызша  сөйлегенде  кангоны  батысеуропа  тілдерінен  енген  кірме 
сөздермен жиі алмастырады. Мысалы, сэйсэй–гэнгогаку «генеративті лингвистика» (қазіргі тіл 
білімі  бағыттарының  бірі)  термині  жазуда  қолданады,  бірақ  ауызша  айтқан  кезде    жапондық 
фонетикаға  ыңғайлап,  америка  терминін  қолданады.  Кангоның  көбісі  ағылшын  тілінен  енген 
синоним  кірме  сөздерімен  ығыстырылуда.  Жазба  тілде,  әлі  де  канго  көп,  бұл  олардың  беделі 
мен  ыңғайлылығының  дәлелі  бола  алады;  күрделі  канго  құрылымы  батыс  еуропа  тілдерінен 
енген кірме сөздерге, соның ішінде грек-латын тілінен енген халықаралық сөздерге қарағанда 
білімді жапондыққа түсініктірек.  
Сонымен,  канго  мөлшерінің  көп  болуы  жапон  тілділер  үшін  әрі  ыңғайлы,  әрі  қиын. 
Сөйлеу  тілінен  мәдени  лексиканың  едәуір  қабатын  қолданыстан  шығарып,  сәйкес 
мағыналарды  білдіру  үшін  жаңа  сөздер  тудырмайынша    иероглификаны  алып  тастау  мүмкін 
емес. Соңғы үдеріс біртіндеп атқарылып жатыр, алайда ол аяқталуға жақын емес. 
 
 

60 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Алпатов В. М. Япония: язык и общество. – М.: «Наука», 1988 – 136 с. 
2.  Происхождение китайских иероглифов //http://www.epochtimes.ru./content/view(21224/4) 
3.  Кадзуаки  Судо.  Японская  письменность  от  истоков  до  наших  дней. – М.: «Восток-  Запад», 
2006 – 139[5] с. 
4.  Уолш Л. Самоучитель по чтению японских иероглифов. – Ростов н/Д: «Феникс», 2004 – 192 с. 
5.  Alfonso Anthony. The Japanese Writing System: A Structural Approach.            Unit 1. – Tokyo: 
Sozosha, Inc., 1981 – 280 p. 
6.  Головнин И. В., Гривнин В. С. Японская филология. – М.: Издательство Московского Универ-
ситета, 1968. – 138 с. 
7.  Кун  О.  Н.  Как  различить,  запомнить  и  правильно  написать  похожие  иероглифы  в  японском 
языке. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2007. – 221 [3] с. 
8.  Неверов  С.  В.  Общественно-  языковая  практика  современной  Японии. – М.: «Наука», 1982 – 
149 с. 
 
 
 
Тоқбергенова А.А. 
 
5В090300-“ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ” МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ  
“ЖЕР РЕСУРСЫН БАСҚАРУ” ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ 
 
Қазіргі  кезеңде  жоғары  оқу  орындарында  инновация  және  инновациялық  қызмет 
мәселесіне  ерекше  ден  қойылуда.  Біздің  қоғамдаға  нарықтық  экономика  жағдайында 
бәсекелестік қабілетті арттыру тікелей осы инновациялық шешімдер мен қызметтерді қажет 
етеді. 
Инновациялық  білім  беру - іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу  ісін 
дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  оқытушының  кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  басқа 
жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге 
бағытталған.  Мұндай  технологияларды  қолдану  арқылы  қазіргі  таңда  студенттердің  құзі-
реттілігін арттыруға мүмкіндік туады.  
Оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  дамыту 
міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және 
оқытудың  мақсатына  жетуге  тиімді,  әрі  нақты  жол  ашады.  Болашақ  маман  иелерінің 
бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби 
қүзыреттілікті  қалыптастыруда  жаңа  технологияны  қолданудың  ролі  зор.  Сонымен  қатар 
технологияны  тиімді  пайдалана  білу  оқытушының  шеберлігі  мен  іскерлігін  және  кәсіби 
қүзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді 
[1].
 
Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  барысында  оқыту  міндеттері  жаңаша 
сипат алады: 

педагогикалық қызметтің өзекті мәселе-лерін білу; 

оқу бағдарламасының түрлендірілген нүсқауларын қүрастыру; 

оқу моделін қүрастыру; 

оқу жобаларының мазмұнын анықтау; 

оқушылардың жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар жасау. 
Оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  дамыту 
міндет-терін  көздейді.  Оқытушының  жеке  түлғаны  зерттеуіне,  оны  толық  танып,  білуге 
және  оқытудың мақсатына  жетуге  тиімді, әрі  нақты  жол  ашады. Болашақ маман  иелерінің 
бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкерші-лік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби 
қүзыреттілікті  қалыптастыруда  жаңа  технологияны  қолданудың  рөлі  зор.  Сонымен  қатар 
техно-логияны  тиімді  пайдалана  білу  оқытушының  шеберлігі  мен  іскерлігін  және  кәсіби 
құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді. 
Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  барысында  оқыту  міндеттері  жаңаша 
сипат алады: 

педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу; 

оқу бағдарламасының түрлендірілген нүсқауларын құрастыру; 

оқу моделін құрастыру; 

61 
 

оқу жобаларының мазмүнын анықтау; 

оқушылардың жаңа материалды меңгеруінде деңгейленген жаттығулар жасау; 
Біріншіден,  таным  тұрғысынан  қызығушылықты  қалыптастыру  қажет.  Әрбір  маман 
өзінің  болашақ  мамандығын  жақсы  көріп,  кәсіби  шеберлігін  дамытуға  үмтылып,  кәсіпкер-
маман  ретіндегі  жеке  біліктілігін  арттырып,  нарық  сүранысына  сәйкес  өсуге  бағытталуы 
тиіс. 
Екіншіден, маман білімінің мазмұны, мамандығының практикасымен ұштасуы қажет. 
Яғни, студент оқу үдерісі барысында жалпы мәдениеттілік және әдіснамалық дайындықтан 
өтіп, білім жүйесінің жалпы теориялық негіздерін меңгеруі тиіс. Оқу үдерісінің теориялық 
негіздері  және  жеке  тұлға  теориясының  негіздері  ұштасқанда  ғана  білім  алушылардың 
инновациялық әрекеттері нәтижелі болатындығы айқын. 
Сонымен қатар, үшіншіден, мамандарға бейімділік дағдыларын сіңіру қажет. Сабақты 
қалыптасқан  әдіс  бойынша  біркелкі  өткізбей,  әр  сабақ  сайын  ғылым  мен  техниканың, 
педагогикалық  өлшемдердің  озық  тәсілдерін  пайдалана  отырып,  ерекше  өткізуге  болады. 
Сонда студент әр сабақта әр түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындай отырып, бейімділік 
өлшемдерін меңгереді. Мүндай студент болашақта қандай ортаға тап болғанына қарамастан, 
өз  ісіне  ғана  қажетті  инновациялық  технологияны  таңдап,  әрі  сол  ортаға  өз  болмысын 
бейімдей отырып әрекет етеді.
 
 
Болашақ  маманның  танымдылық  қабілеті  әлеуметтік  кәсіби  қоршаған  ортаға  тез 
кірігуі-мен,  өзін  кәсіби  түрғыда  жүзеге  асырудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін  қолдануымен, 
заманауи  инновациялық  технологияларға  қызығушылық  танытуымен  ерекшеленеді.  Бүған 
келешектегі маманның  әлеуметтік  кәсіби  қоршаған  ортаны  танып-білуі,  кәсіптік  білімін  өз 
тәжірибесінде  қолдануы,  инновациялық  технологияларды  зерделеуі  және  оларды  меңгеруі 
жатады. 
Инновацияның  өлшемдік  бірліктері  оқытудың  әдістемелік  мақсат-міндеттері,  оқу 
үдерісі,  оқытудың  нәтижесін  бағамдаумен  анықталады.  Оған  болашақ  маманның  жүйелі 
оқу-тәрбие  үдерісінде  сабақты  тиімді  үйымдастыра  білуі,  студенттермен  тығыз  қарым- 
қатынас  орнатып,  біртұтас  ғылыми-педагогикалық  үдерісті  зерделеуі  және  сабақтың 
нәтижесі жоғары болуы үшін қажетті жаңа технологияны таңдауы тиіс. 
Қазіргі  таңда  республикада  жерге  орналастырушы  мамандардың  құзіреттілігіне 
талаптар  жоғары  болып  отыр.  Өйткені  бұл  саладағы  кәспорындар  мамандармен  толық 
қамтамасыз  етілген  деп  айтуға  болады,  бірақ  жас  мамандардың  теориялық  білімі  жоғары 
болғанмен,  нақты  тапсырмалар  мен  мәселелерді  шешуде  білімі  жеткіліксіз  болып  отыр. 
Сондықтан  «Жерге  орналастыру»  мамандығы  студенттеріне    негізгі  базалық  пән  болып 
табылатын  «Жер  ресурстарын  басқару»  пәнін  оқытуда  жер  ресурстарын  баксқарудағы 
нақты шешімдерде шешудегі кәсіби құзіреттіліктерді дамыту үшін  инновациялық әдістерді 
пайдаланудың маңызы ерекше. 
Пәнді  оқытудың  негізгі  мақсаты:  студенттерге  жердің  өндіріс  құралы  және 
жылжымайтын  мүлік  объектісі  ретінде  негізгі  қасиеттері  туралы  білім  бере  отырып,  жер 
мәселелерін  шешудегі  тәжірибелік  дағдыларды  қалыптастыру,  жер  ресурсын  басқарудың 
негізгі әдістері мен қағидаларымен таныстыру.  
Міндеттері:  жер  қатынастары,  жерге  орналастыру  және  жер  кадастрының  мәні  мен 
түсініктерді анықтау; 

   Жер  ресурсын  басқарудың  теориялық,  ұйымдастырушылық  және  құқықтық 
негіздері туралы түсінік қалыптастыру; 

  Жер  алқаптары  мен  оларды  экономикалау  бағалау,  жерді  пайдалану  мен  қорғауға 
мемлекеттік бақылау жүргізу туралы мағлұматтар беру; 

  ҚР  жерге  орналастыру  мен  жерді  пайдалануды  жетілдірудің  негізгі  бағыттарын 
айқындау; 

  ҚР жерге орналастыру мен жерді пайдалануды жетілдірудің негізгі бағыттары және 
жер қатынастарының даму болашағын қарастыру; 

  Шет  елдердегі  жер  кадастры  мен  жер  қатынастарының  даму  тарихы  мен  қазіргі 
жағайы бойынша мәліметтер беру. 
Бакалавр пәнді оқу нәтижесінде төмендегідей жалпы мәдени және кәсіби құзіреттерге 
(ЖМҚ/КҚ) ие болу керек:  

62 
 
- зерттеудің  жаңа  әдістерін  өзінше  үйренуге,  кәсіби  әрекетте  ғылыми-өндірістік 
бағытының өзгеруіне дайын болу (ЖМҚ); 
- практикада  және  ұйымды  басқаруда  алынған  зерттеушілік  және  жобалық  жүмысты 
ұйымдастыру дағдыларын қолдануға қабілетті (ЖМҚ); 
- жер  ресурстарын  ұтымды  пайдалану  туралы  негізгі  білімдерін,  жерді  пайдалану 
тиімділігін  жоғарылату  бойынша  жүйелік  көрсеткіштерін,  аумақтың  әлеуметтік-эконо-
микалық даму бағдарламаларын, сызбаларын, жобаларын экологиялық және экономикалық 
сараптамадан өткізуге қабілетті болу (КҚ); 
- ел мен әлемнің жер ресурстары туралы, білгілі бір жер пайдалану, ресупблика, аудан 
шегінде антропогендік әсерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар туралы білімді қолдануға 
қабілетті (КҚ); 
- жер  ресурстарын,  жылжымайтын  мүлікті  ұтымды  пайдалану  мен  қорғау  бойынша 
жобалық,  жоба  алды  және  болжамдық  мәліметтерді  жасау  әдістемелері  туралы  білімді 
қолдануға,  жобалық  шешімдер  нұсқаларын  техникалық-экономикалық  негіздеуге  қабілетті 
(КҚ); 
- Республикадағы  Жер  туралы  заңнамалар  мен  нормативтік  құжаттарды,  жер-мүлік 
қатынастарын  реттеудегі  құқықтық  мәселелерді  реттеуде,  мүлік  және  жер  мәселесі 
бойынша  туындаған  жанжалдарды  шешуде,  жер  мен  жылжымайтын  мүліктерді  пайда-
лануды  мемлекеттік  бақылау  бойынша  заңдар  мен  нормативтік  құжаттарды  пайдалана  алу 
(КҚ); 
- Жер  ресурсын,  жылжымайтын  мүлікті,  кадастр  және  жерге  орналастыруды 
басқарудың қағидалары туралы білімін қолана алу (КҚ);  
- Басқару  шешімдерін  құрастыру  үшін  жылжымайтын  мүліктің  бірыңғай  объектісі 
туралы білімды қолана алу (КҚ-8); 
- Жер  және  басқа  да  жылжымайтын  мүлікті  пайдаланудың  отандық  және  шетелдік 
тәжірибелерін, ғылыми-техникалық ақпараттарды оқуға дайын болу (КҚ). 
Жоғарыда  аталып  отырған  құзіреттілктерді  қалыптастыру  үшін  жобалау  әдісін 
қолданудың маңызы үлкен. 
Жобалау әдісі  - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту  тәсілдері жиынтығы. 
Бұл  әдіс - студенттерге  әрекеттерін   өз  бетінше  жоспарлауға,  ұйымдастыруға  және 
бақылауға мүмкіндік береді.  
Жобалау әдісі студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда 
және  презентация  жасауда  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  жағдай  жасайды.  Бұл  әдіс  қарым-
қатынастың  жаңа  түрін  үлгілеуге  арналған.  Жобалау  студенттің  өз  бетінше  ойластырып, 
жүзеге  асыруға  арналған  жұмысы. «Жер  ресурстарын  басқару»  пәні  бойынша  бұл  әдісті 
пайдалана  отырып,  мәліметтерді  жинап,  жүйелеп  және  сыни  ойлауға   үйренеді.  Сонымен 
бірге    әдістерді  талдау,  салыстыру  арқылы  жұмысына  тиімді  әдісті  таңдай  алады, 
аудиторияның  алдында  сөйлеуге,  ойын  дәлелді  және  логикалық  жүйелікпен  жеткізуге, 
аудиторияны  өзіне  қарата  білуге  дағдыланады.  Жер  ресурсын  басқару  бойынша  шешімі 
қиын  сұрақтарды   өз  бетінше  шеше   біледі,  өз  көзқарасын  дәлелдеп,  шешімінің 
дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады [2]. 
Пәнді  оқыту  барысында  үнемі  ізденіс  жұмыстарын  жүргізе  отырып,  оқытушы 
студенттермен  бірге  жоғарыда  аталып  өткен құзіреттіліктерді  қалыптастыру  үшін  белсенді 
түрде  инновациялық  әдістерді  пайдалану  керек  және  осы  сала  бойынша  болып  жатқан 
өзгерістер  мен  жетістіктерді  ескере  отырып, студенттерден  нарықта  сұранысқа  ие  болатын 
маман қылптастырудағы жаңа әдістерді меңгеру керек.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет