46-шы ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары


Список используемой литературы



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата09.03.2017
өлшемі7,5 Mb.
#8691
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32

Список используемой литературы: 
1.  Кукушин В. С. Теория и методика обучения. Высшее образование. Ростов-на-Дону. «Феникс». 
2009 г. 
2.  Панина  Т.С.,  Вавилова  Л.В.  Современные  способы  активизации  обучения - АСАDЕМА, 
Москва. 2006г. 
3.  Инновационные педагогические технологии. Активное обучение. Москва. «Академия». 2009г. 
4.  Гин А.Б.  Приемы педагогической техники Учебная книга, 2007г. 
5.  Шадриков В.Д. Познавательные процессы и способности в обучении Москва «Просвещение», 
2005 г. 
 
 
 
 
Черикбаева Л.Ш., Шмыгалева Т. А., Тюлепбердинова Г.А.,  
Адилжанова С.А.,Темірбекова Ж.Е. 
 
 «CISCO PACKET TRACER» ПРОГРАММАЛЫҚ ӨНІМІН КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ 
ПӘНІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 
 
Бәрімізге  белгілі  Қазақстанда  жаңа  технологияларды  игеріп,  оның    жетістіктерін 
пайдалана  алатын  мамандар  санының  жетіспеушілігі  қазіргі  кездегі  үлкен  мәселелердің  бірі 
болып табылады. Дүние жүзіндегі озық ақпараттық технологиялар біздің елімізден табылса да, 
басым бөлігі шет ел мемлекеттерінен көптеп табылады. Ондай технологиялар ретінде интернет 
және  желілік  технология  саласында  әлемдік  көшбасшы  болып  саналатын  Cisco Systems  
компаниясының желілік құрылғыларын атап айтуға болады.
       
Cisco желілік академиясының бағдарламасы желілік құрылғыларын   жетік игеріп шыға-
тын  мамандар  даярлауда  әлемдік  көшбасшысы  болып  саналады. Cisco желілік  академиясы – 
бұл ауқымды экономика шарттарын қанағаттандыратын Интернет технологиясы аумағындағы 
студенттерге  білім  беретін,  электрондық  оқыту  кешендік  бағдарламасы.  Академия 
бағдарламасының негізгі бағыты – жалпы қабылданған стандарттар мен шешімдерді  пайдалана 
отырып  локальді  және  глобальді  желілерді  практикалық,  теориялық  жобалайтын  мамандар 
дайындау.  Академия  толық  оқу  материалдарымен  қамтылған  және  студенттерді  ақпараттық 
технология  саласында  қажетті  білім  алумен  қамтамасыз  етеді.  Бағдарлама  Интернет  арқылы 
алуға  болатын  оқу  материалдардан,  алған  білімдерін  бағалаушы  электрондық  тестілеу 
жүйелерінен,  практикалық  лабораториялық  сабақтардан,  сонымен  қатар  кәсіптік  деңгейдегі 
сертификаттар алуға  дайындық курстарынан тұрады. Cisco желілік академиясы қазіргі заманға 
өте  қажетті  желінің  технологиялық  білімдерін  берумен  қамтамасыз  етеді.  Сабақтарды Cisco  
Systems  оқу  орталықтарында  арнайы    аттестациядан  және    сынақтан  өткен  оқытушылар 
жүргізеді.  
Мұнда  студенттерге  желі  туралы  базалық  білім  беретін CCNA 1 – 4 курстары  және 
желілік  желі  туралы  тереңдетілген  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  курстары  да  бар.  Осы 
программаны  аяқтап «Cisco Желілік  Сертификацияланған  Кәсіпкері» (Cisco Certified 
Networking Professional) сертификатын  алуға  емтихан  тапсыру  мүмкіндігін  алады  және  сол 
емтиханға дайындайды.
 
 
Cisco желілік академиясы бағдарламасы оқу орталықтары негізінде жұмыс жасайды және 
де 161 елдегі 11,000 оқу  орталықтарын  қамтиды.  Бұл  бағдарлама – ара  қашықтықтан  оқыту 
бағдарламасы,  яғни  академия  студенттері  бүкіл  жер  шарының  кез – келген  жерінде  отырып 
білім алу мүмкіндігі бар, яғни студент таңдаған курсын өзі қалаған кез-келген академиядан оқи 
алады.  
2008 жылдың тамыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық Университетінде «ҚазҰУ 
Желілік  Академиясы»  (KazNU Networking Akademy) ашылды.  Бұл  жергілікті  академия 
құрылуына  көп  уақыт  болмаса  да  алдына  қойған  мақсаттары  көп.  Сол  мақсаттарының  бірі – 
жалпы желі бойынша білім алып, осы алған білімдерін толықтырып, болашақта осы бағытпен 

94 
 
өзінің  еңбек  жолын  жалғастырғысы  келетін  студенттерді,  жас  маманадарды Cisco желілік 
академиясы  бағдарламасы  бойынша  оқыту,  оларға  қазіргі  таңдағы  әлем  бойынша  озық 
мемлекеттер студенттерімен қатар білім беру  болып отыр. Төменде Cisco академиясының web 
беті көрсетілген. 
 
 
Сурет - 1. Cisco желілік академиясы. 
 
Бетте  көрсетілген «KazNU Networking Akademy» сілтемесі  арқылы  ҚазҰУ  Желілік 
Академиясына кіре аламыз. 
Мұндағы кез-келген сілтемені пайдаланып, өзіңізге қажетті ақпараттарды ала-аласыздар. 
Академия инструкторлары студенттерді қосып немесе академия тізімінен алып тастауға, жаңа 
кластар  ашуға  және  тағы  да  басқа  әрекеттер  орындай  алады.  Жоғарыда  көріп  отырғандай 
академияның  әрбір  студенттерге http://cisco.netacad.net адресімен  сайттағы  қажетті 
материалдарын  алуға  болады.  Бағдарламаны  толықтай  бітіргеннен  соң,  әрбір  бөлім  бойынша 
ақырғы емтихан тапсырады да, «Cisco Желілік Сертификацияланған Кәсіпкері» (Cisco Certified 
Networking Professional) және «Cisco Желілік  Сертификацияланған  Маманы»  сертификатын 
алуға емтихан тапсыру мүмкіндігін алады.  
Қазіргі  таңда  информатика  кафедрасының  «Информатика»  және  «Есептеуіш  техника 
және  бағдарламалық  қамтама»  мамандықтарының  студенттері  осы  бағдарлама  бойынша 
тіркеліп,  білім  алуда.  Жыл  сайын, «KazNU Infomatics Department Networking Akademy» 
ашылғаннан  бері  жоғарыда  айтылған  мамандықтар  бойынша 30-дан  аса    студент  әр  түрлі 
деңгейлерде  білім  алып,  арнайы  сертификаттар  алуда.  Сонымен  қатар  академияның  бағдар-
ламасы  бойынша  зертханалық  жұмыстар  жүргізуіне  арналған  арнайы  желілік  құрылғылар 
«информатика» кафедрасының зертханалық орталықтарының бірі болып саналатын, механика-
математика  факультетінің 216-аудиториясында  орналасқан.  Яғни,  бұл  бағдарлама  бойынша 
студенттердің арнайы құрылғылармен шынайы жұмыс жасау мүмкіндіктері бар. 
Желілік  академияның  тағы  бір  айта  кететін  артықшылығы – желілік  құрылғылармен 
Packet Tracer-де  визуальды  түрде  жұмыс  жасау. Packet Tracer – бұл  желілік  құралдарды 
алмастыратын    таптырмас  туынды.  Cisco Packet Tracer программалық  өнімі    мәліметтерді 
жіберу  үшін  (сымды,  сымсыз)  желі  жұмысының  программалық  симуляторы  болып  табылады. 
Оның көмегімен: 
 
Cisco  желілік  құрылғылары  бағыттауыштар  және  тағы  басқа  да  құрылғыларын 
пайдаланумен визуалды жергілікті желілер құруға; 

95 
 
 
Мәліметтерді  тасымалдау  желісінің  физикалық  және  логикалық  моделдерін  жобалау 
дағдылану; 
 
Cisco  желілік  құрылғыларының  конфигурациялары  мен  дайын  шаблондарың  өте  көп 
түрлерін алуға; 
 
Cisco  құрылғыларына  командалық  жол  арқылы  визуалды  қосылуға  мүмкіндік  береді 
(Сурет-2); 
 
 
Сурет - 2.  Packet Tracer программалық өнімі 
 
Packet Tracer программалық  өнімін Cisco компаниясы  шығарған  және  телекоммуника-
циялық  желілерді  игеруге  қолдануға  ұсынылған,  сонымен  қатар  жоғарғы  оқу  орындарында 
зертханалық сабақтарды жүргізуге арналған.  
Бағдарламада бүгінгі күнде компанияларға өте қажетті желілік мамандар дайындау және 
технологиялық  білімдерін  дамыту  жолдары  қарастырылған.  Берілген  программалық  өнімнің 
аса кең көлемдегі мүмкіндіктері желілік инженерлерге: есептеуіш желілерін құруға, бақылауға 
және баптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар программалық өнім оқу процесінде таптырмас 
құрал,  ол  білім  алушылардың  оқыған  материалдарын  тереңірек  түсінуіне  ықпал  ететін  желі 
жұмысының айқын бейнесін көрсетеді.  
Желі  эмуляторы  желілік  инженерлерге  желіні  кез-келген  қиындықта  құруға,  әртүрлі 
деректер пакеттерін жіберуге, құруға, сақтауға және өз жұмысына сипаттама беруге мүмкіндік 
береді.  Желі  мамандары  екінші  және  үшінші  деңгейдегі  коммутаторлар,  жұмыс  станциялары 
сияқты  желілік  құрылғыларды  қолданып,  игере  алады,  олардың  арасындағы  байланыстарды 
анықтап  байланыстар  жасау  сияқты  көптеген  жұмыстарды  жасай  алады.  Желіні  жобалау 
аяқталған соң, командалық жол немесе терминал арқылы таңдап алынған құрылғыны баптауға 
болады.  
Берілген симулятордың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі онда «Симуляция режимінің» 
болуы (Сурет-3).  
 

96 
 
 
 
Сурет – 3. Cisco Packet Tracer-дегі «Симуляция режимі» 
 
Бұл режимде желі ішіндегі тасымалданатын пакеттер графикалық түрде көрініп тұрады. 
Бұл мүмкіндік желі маманы және желі пәні бойынша зертханалық жұмыс жасаушы студентке 
желіде  қандай  протокол  қолданып  жатқандығын,  қандай  интерфейспен  осы  сәтте  пакет 
жылжып  бара  жатқандығын  және  т.б.  әрекеттерді  айқын  түрде  көріп  отыруына  мүмкіндік 
береді.  Сонымен  қатар Packet Tracer программасы  әртүрлі  мақсаттарға  арналған  көптеген 
құрылғылар санын моделдеуге және де жоғары деңгейдегі күрделіліктегі кез-келген өлшемдегі 
желіні жобалауға мүмкіндік береді.   
Берілген  программалық  өнім  қазіргі кезде  «Информатика»  кафедрасының  студенттеріне 
«Компьютерлік  желі»  пәнін  оқытуда  таптырмас  программалық  өнім  болып  отыр.  Студенттер 
бұл программаның көмегімен зертханалық жұмыстар жасайды. Желі курсын толықтай игеруде 
бұл программаның маңызы аса зор. 
 
Пайдаланылған материалдар: 
1.  http://cisco.netacad.net 
2.  http://www.usedcisco.ru/ 
3.  http://www.cisco.com/web/RU/learning/netacad/index.html 
4.  http://www.google.ru/search 
 
 
 
Шадаева М.Т. 
 
ЖАПОН ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНДА (СӨЖ) 
АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Қазіргі  ғаламтор  заманында  шет  тілін  оқып-үйрену  кезінде  қолданылатын  тілдік 
материалдар  түрінің  байи  түскені,  оларға  оңай  қол  жеткізе  алатындығымыз  кімге  де  болсын 
анық  жайт.  Native speaker лермен,  яғни  сол  тілдің  өкілдерімен  тілдік  қарым-қатынасқа  түсу 
тілді меңгеру деңгейін арттыруда маңызды роль атқаратын болса, оның  түрлі мүмкіндіктерін 
қарастыру  қазіргідей  жағдайда  көп  қиындық  тудыра  қоймайтыны  тағы  да  белгілі.  Тіл 

97 
 
үйренушілер,  яғни  біздің  жағдайымызда - студенттер,  native speakerлермен  сабақтан  тыс 
уақытта  түрлі  жағдайда,  түрлі  мақсатта  қарым-қатынас  жасауы  мүмкін:  университет 
қабырғасында және одан тыс жерлерде өтетін ресми кездесулер мен мәдени іс-шаралар, жеке 
достық  қарым-қатынас,  әлеуметтік  желідегі  достастық,  жеке  хат  алмасу,  т.б.  Ал  осы  native 
speakerлерді  сабақ  барысында  да  қолданудың  әртүрлі  жолдары  бар.  Төменде  соның  бір 
мысалын нақты тәжірибемізден келтірмекпіз. 
Жапон тілі пәнінің орта деңгейінде (бұл бакалавриаттың 3-курсына тұс келеді) студенттің 
өзіндік  жұмысының  (СӨЖ)  бір  тапсырмасы  ретінде  жапондықтардан  сұхбат  алу 
ұйымдастырылды.  Орта  деңгей  дейтініміз,  шет  тілінде  сол  тіл  өкілінен  сұхбат  алу  үшін 
студентте біршама бір деңгей болуы шарт, яғни студент салмақты бір тақырып төңірегінде сол 
тілде сөз өрбіте алатындай болуы керек. Бұған қоса, Шығыстану факультетінде оқытылатын үш 
мамандық  бойынша  жапон  тілі  пәні  үш  түрлі  аталатынын  да  ескерте  кетейік. 3-курста  жапон 
тілінің  орта  деңгейі  оқытылатын  пәндер    «шығыстану»  мамандығы  бойынша  «Қазіргі  шығыс 
тілі», «шетел филологиясы» мамандығында «Арнайы шетел тілі - арнайы-кәсіби(С2 деңгейі)», 
ал  «аударма  ісі»  мамандығында  «Кәсіби  мақсаттағы  негізгі  шығыс  тілі»  деп  аталады. 
Сондықтан да мақала тақырыбында пән аты жалпылап берілген.     
СӨЖ  тапсырмасы  ретінде  жапон  азаматтарынан  сұхбат  алу  төмендегідей  келісілген 
ретпен, төмендегідей тәртіппен жүргізілді:  
-  Сұхбат  беретін  кісіні  әр  студент  өзі  таңдайды,  студенттің  өз  таңдауы  болмаған 
жағдайда оны оқытушы ұсынады. Сұхбат беретін кісінің мамандығына, әлеуметтік статусына, 
сондай-ақ студенттің өз қызығушылығына қарай сұхбаттың тақырыбын студент өзі белгілейді.  
-  Студент  сұхбат  беретін  кісіден  алдын-ала  келісім-рұқсат  алып,  сұхбат  алатын  уақыт 
пен  орынды,  т.б.  белгілейді.  Бұл  кезде  сұхбаттың  тек  университеттегі  сабақ  мақсатында  ғана 
алынатындығын, ешқандай басылым бетіне жарияланбайтынын ескерте кеткен абзал.   
-  Сұхбат  алу  кезінде  қолданылатын  сөздер  мен  сөз  оралымдары  алдын-ала  сабақта 
қарастырылады.  
-  Белгіленген  тақырып  бойынша  студент  сұхбат  берушіге  алдын-ала 7-10 сұрақ 
дайындайды. Сұхбат алу барысында қосымша сұрақтардың туу мүмкіндігі де ескеріледі.  
-  Келісілген  уақытта  студент  сол  кісіден  сұхбат  алады.  Мүмкіндігінше  сұхбатты 
үнтаспаға жазып алу міндеттеледі.   
-  Үнтаспаға жазылған сұхбатты түгел қағаз бетіне түсіреді. 
-  Алынған сұхбат бойынша студент сабақ үстінде презентация жасайды. Презентацияда 
сұхбаттың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны таныстырылумен қатар, сұхбат берген кісі жайлы 
да толықтай мәлімет берілу керек.  
-  Оқытушы және басқа студенттер тарапынан сұхбат мазмұны мен сұхбат тақырыбына 
қатысты сауалдарға жауап беріп, сұхбатты қорытындылайды. 
-  Ең соңынан сұхбат берген кісіге жапондардың әдебі бойынша тағы да бір алғыс айтып 
хат жолдайды.  
Осы  орайда 3 курс  студенттерінің  бір  тобы  таңдаған  сұхбат  беруші  кісілердің  мысалын 
келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Олар:  
1.  Алматы қаласындағы жапон ресторанының басшысы  
2.  Факультетімізге  Жапония  Халықаралық  байланыстар  Қорынан  жіберілген  жапон  тілі 
маманы 
3.  Студенттің  өзінен  скайп  арқылы  орыс  тілін  үйреніп  жүрген  Жапонияда  тұратын 
жапондық студент 
4.  Алматы қаласында тағылымдамадан өтіп жүрген жапондық докторант. 
 Ал  енді  осыған  байланысты  студенттердің  таңдаған  тақырыптарына  тоқталсақ,  олар 
мынадай: 
1.  Қазақстандағы ресторан бизнесі 
2.  Жапон тілінде шектен тыс көп кірме сөздер мәселесі 
3.  Тіл үйренудің қыр-сыры 
4.  Жапон жастары мен қазақ жастарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 
Қай  топтың  студенттері  болсын,  бұл  тапсырманы  асқан  қызығушылықпен,  үлкен 
ықыласпен орындап, бұл тапсырмадан көп нәрсе үйренгендерін, тілдерін жаттықтыруда жақсы 

98 
 
бір  сабақ  болғанын  айтып  өтті.  Студенттер  ғана  емес,  тіпті  оқытушы  үшін  де  қызықты 
тапсырма болғанын жасырмаймыз.    
Аталмыш  СӨЖ  тапсырмасының  студенттерге  не  беретінін  саралап,  зерделеп  көрсек, 
төмендегідей жайттарды түйіндеуге болады:    
-  Сұхбат  алуға  дейінгі  дайындық,  сұхбат  алу,  сұхбат  алғаннан  кейінгі  қорытындылау 
жұмысы - осы үш деңгейлік процесс кезінде студент жазу, тыңдау, сөйлеу дағдылары бойынша 
белгілі бір дәрежеде жаттығудан өтеді. 
-  Студент  сұхбат  берушінің  келісімін  не  телефон  арқылы  ауызша,  не  хат  арқылы 
жазбаша  алуы  мүмкін.  Хат  арқылы  болған  жағдайда,  жауаптың  жазбаша  келетінін  ескерсек, 
онда жазумен қоса оқу дағдысы да қамтылатыны белгілі.    
-  Студенттің белгілі бір тақырып бойынша сөздік қоры молаяды. Сұхбатта қойылатын 
сұрақтарды  дайындау,  шын  мәнінде  сұхбат  алу  және  оны  үнтаспадан  тыңдап,  қағаз  бетіне 
түсіру,  сондай-ақ  алынған  сұхбатты  сабақ  кезінде  презентациялап,  қорытындылау  барысында 
студент сол сөздерді сан мәрте қайталап, әбден бекітеді.   
-  Сұхбат  берушімен  келісім  жасау  кезінде  де,  сұхбат  алу  кезінде  де,  сұхбатты 
қорытындылап,  басқалардың  сұрағына  жауап  беру  кезінде  де  студент  белгілі  бір 
коммуникативтік  қарым-қатынасқа  түсіп,  қандай  да  бір  коммуникативтік  дағдыларды 
шыңдайды. 
-  Бұл тапсырма, сонымен қатар, студенттердің сол тілде презентация жасау шеберлігін 
арттыруына да бір мүмкіндік бола алады. 
-  Native speakerлермен  тікелей  қарым-қатынас  жасау  студенттердің  тіл  үйренудегі 
мотивациясын көтеріп, үлкен бір стимул береді. 
-  Студент өзі алған сұхбатынан бөлек басқа студенттердің де сұхбатын тыңдап, әртүрлі 
тақырыпты қозғаған сұхбаттар арқылы өзінің таным көкжиегін кеңейтеді. 
Біз жоғарыда тіл үйрену сабақтарында адами ресурстарды, яғни, негізінен алғанда native 
speakerлерді  қолданудың  тәжірибеден  өткен  бір  мысалын  ғана  келтірдік.  Сондай-ақ,  түрлі 
қызметтегі, түрлі әлеуметтік топтағы native speakerлерді белгілі бір уақыт аралығында сабаққа 
қонаққа шақырып, нақты бір тақырыпта студенттермен әңгіме-дүкен, пікірталас құрғызу (мұны 
скайп арқылы да жүзеге асыруға болады), native speakerлерден белгілі бір тақырыпта сауалнама 
алу, native speakerлерден қандай да бір тақырыпта бейне-сұхбат алу сынды өзге де жолдары бар 
екенін  айта  кеткіміз  келеді.  Бірақ,  мұндай  жағдайларда  native speakerлерге  көп  күш 
түсетіндігін,  олардың  мүмкіндіктерімен  санасу  керектігін  ескеруіміз  қажет.  Негізінен  көп 
жағдайда  native speakerлердің  мұндай  ұсыныстарды  түсіністікпен  қабылдап,  қуана-қуана 
келісетінін және ықыластана орындайтынына сенімдіміз.    
 
 
 
Шадкам З.  
 
ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР 
 
Тіл- адамдардың  өз  ара  түсінуді  орындайтын  ең  маңызды  құрал.  Тіл  арқылы  адамдар 
өмір  сүру  салттарын,  әдет  ғұрыптарын,  наным  сенімдерін,  ғылыми  жетістіктерін  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізеді.  Бір  елдің  ұлт  болып  қалыптасуындағы  ең  күшті  және  мықты  фактор  тіл 
болып  табылады.  Бір  ұлттың  мәдени  құндылықтарының  түгелі  тілде  сақталады.  Мемлекеттер 
арасындағы  ғылыми,  саяси,  экономиялық,  әскери,  мәдени  және  туризм  саласындағы 
байланыстар  күн  сайын  ұлғайып  дамып  келеді.  Бұл  байланыстарды  нық  және  сенімді  негізде 
орналату үшін қарым-қатынаста болып отырған елдердің тілдерін ұйрену қажеттілігі де осыдан 
туындайды.  
Кілт Сөздер: 
шет тілі, үйрету, оқыту, қағидалар.
 
 
Шет тілін үйрету 
Тіл - бір  қоғамның  қарым-қатынас  құралы  болуымен  бірге  мәдениеттің  де 
тасымалдаушысы,  жеткізушісі. Мәдениеттің түбінде тілдің ықпалын, бір тілді сөйлейтін адам-
дардың  барлық  шығырмаларында/еңбектерінде  ол  тілдің  әлемді  түсіндіру  пішімін  байқауға 

99 
 
болады.  Екінші  бір  тілді  үйрену,  басқа  бір  мәдениетті  үйренудің  және  оны  түгелімен  қа-
былдаудың  ең  оңай  және  жақсы  жолы  болып  саналады.  Жаһанданып  үдірісінде  әлемде 
мемлекеттерарасы қарым-қатынастың тығыз болуы нәтижесінде шет тілін үйрету аса маңызды 
орынға  ие  болып  отыр.  Әр  тіл,  өзге  бір  мәдениетке  ашылытын  есік  екені  дау  тудырмайтыны 
рас. Әсіресе, мәдениеттерарасы тығыз ықпалдасу, басқа мәдениеттерді тануды міндетті қылып 
отыр. Көп деген елдер қазіргі таңда халықаралық сауда-саттық, туризм және дамыған жоғары 
технология  салдарынан  көп  мәдениетті  қоғам  ұғымын  қабылдауға    бастады.  Нәтижеде, 
жаһанданған көп мәдениетті бір қоғам көп тілді бір қоғамға айналуыға мәжбүр.  
Қазіргі кезде шет тілін үйретуде грамматикаға негізделген әдістерден көре тілдің мәдени 
жағына  көбірек  мән  беріледі.  Халықаралық  қарым-қатынастың  табысты  және  әсерлі  жүзеге 
асуы  үшін,  тілдің  грамматикалық  заңдылықтарына  емес  мәдени  жағына  мән  беретін, 
мәдениетаралық ерекшеліктерге  толерантты бола білетін шет тілінде сөйлей  білітін  мамандар 
қажет.  
Шет тілін үйрету, мәдениетті үйретумен бірдей. Тұлғалар өздерін, мүше болып отырған 
қоғамның    және  сол  қоғамның  мәдениетінің  сөздерімен  түсінігі  арқылы  көрсете    алады.  
Барлық  сөздердің  түбінде  мәдениет  жатады.  Сондықтан,  үйретіліп  жатқан  қоғамның 
құрылымы және әлеуметтік қүндылықтарын байқап, назардан тыс қалдырмау керек. Шет тілін 
үйретуде мәдени элементтердің жеткізілуінің ұлкен маңызы және әр түрлі себебі бар .  Томалин 
және Стемплески.[2] мәдени элементтердің үйретілуі және жеткізілуінің 7 мақсаты бар дейді:  
-  Cтуденттерге  әр  тұлғаның  іс-қыймылында  мәдениеттің  ықпалы  бар  екенін  түсінуде 
көмектесу екрек. 
-  Адамдардың  сөйлесу  және  іс-әрекеттерінде  мәдениеттің  ықпалы  бар  екенін  түсінуде 
көмектесу екрек. 
-  Cтуденттерге  үйреніп  жатқан  мәдениеттегі  ортақ  жағдайларда  кездесетін  ортақ 
ұстанымдарды байқауға, назар аударуларына көмектесу екрек. 
-  Cтуденттерге,  кейбір  сөздермен  сөйлемдердің  мәдениеттің  негізінде  қалыптасқан-
дығын,  сондықтан  да  әрдайым  бір  қалыпта  бірге  қолданылатын  бұл  сөздерге  назар  аудару-
ларына  көмектесу  екрек.  Студенттерге  үйреніп  жатқан  мәдениетге  тарапсыз  қарауларына 
көмектесу екрек. 
-  Cтуденттердің  үйреніп жатқан мәдениетпен байланысты ақпарат жыйнау қабілетінің 
дамуына көмектесу екрек. 
-  Cтуденттердің    үйреніп  жатқан  мәдениетге  деген  құштарлық  және  қызығушылық-
тарын ояту және сол мәдениетке эмпатия көрсетцлеріне көмектесу екрек. 
Кортаззи, Джин Англияда шет тілін үйретуге тиісті материалдардың үш мақсат негізінде 
шоғырланғанын айтады: 
-  Тіл үйреніп жатқан тұлғаның кездесетін әр түрлі  жағдайда коммуникативтік 
құзыреттілігін дамыту. 
-  Тілдің табиғатына және оны үйренуге құштарлық ояту. 
-  Жат мәдениетті тереңінен зерттеу,  жат мәдениеттің мүшелеріне болымды және 
толерантты көз-қарастарды дамыту.[3] 
Мәдени  элементтердің  дұрыс  жеткізілмеген  жағдайда  қарым-қатынаста  қиындықтар 
пайда болады. Осы қиындықтар күлкілі жағдайларға ұшыратумен қатар маңызды мәселелерлің 
туындауына да себеп бола алады. 
Шет Тілін үйренудің маңыздылығы 
Өндіріс  және  экономиканың  дамуымен  қатар  әлемде  технологияның  да  өмірдің  әр 
саласында  кеңінен  қолданысқа  түсуі,  шет  тілін  үйренудің  маңыздылығын  арттыра  түсірді. 
Себебі  шет  тілі  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  және  ықпалдастықты  қолайлы  және 
жеңілдететін  маңызды  құрал.  Мәдени  құндылықтарымызды  жат  біреуге  жеткізу,  түсіндіру, 
басқа  мәдентеттің  құндылықтарын  тану,  өзге  тілдерді  сөйлейтін  адамдармен  ортақ  бір  тілде 
сөйлесу  немесе  өзге  қоғамда  өмір  сүруге  құштарлық  тіл  үйренуге  қызығушылық  және 
қажеттілікті көбейтуде және шет тілін үйретудің маңызды тақырып екендігін көрсетуде. Бұның 
жанында  не  жеке  не  ұйымдық  білім  беруде  мәдениет,  ғылым,  өнер,  саясат,  сауда-саттық, 
турмзм,  спорт  сияқты  көп  деген  салада  шет  тілін  ұйренуге  қажеттілік  көбейуде.    Шет  тілін 
үйретудің  бастапқы  мақсаты  үйретіліп  жатқан  тілдің  әсерлі  түрде  қолданылуын  қамтамасыз 

100 
 
ету.  Сондықтан  алдымен  қандай  мақсатта  және  не  үшін  шет  тілі  үйреніліп  жатқандығын 
анықтау қажет.  
Үйретіліп  жатқан  тілдің  белгілі  мақсатта  функционалды  түрде  қолданылуы  үшін  тілдің 
табандылығына  мән  беру  керек.  Бұл  жағдай,  бай  бір  сөз  қорының  болуына  байланысты.  Шет 
тілін  үйрету  кезінде  студенттермен  мұғалімдердің  үйретіліп  жатқан  тіл  туралы  әр  түрлі  көз-
қарас  тудырулары  және  үйрену-үйрету  жауапгершілігін  бөлісулері  керек.  Екеуі  (студент  мен 
мұғалім)  де  тілді  танып  ең  жаңа,  заманауи  өқу/оқыту  әдістерінен  және  құралдардан  хабардар 
болулары керек.  
Шет тілін үйренушілер,  ана тілдерінен алған ойлау жүйелері, мәдениеттері және сезім-
дерімен  байланысты  қабілеттері  және  іс-қыймылдарын  үйренген  тілдеріне  келтіре  алабілсе 
ғана үйренген тілдері табанды және функционалды болады
Шет тілін үйренудің пайдалы жақтарымен себептері әр кімде әр түрлі болғанымен  көп 
деген кісілерге ортақ болып саналатын себептерімен пайдалары да бар: 
-  Шетелде білім ала білу/оқу, 
-  Тұрып  жатқан  елімізді  дамыту,  көркейту  мақсатта  дамығын  елдерден  хабардар  болу 
үшін, 
- Шетелдердегі сапарларымызда қыйналмау үшін, 
- Шет тілдердегі басылымдарды оқый алабілу және жаңалықтардан хабардар болу, 
-  Ұзақ өмір сүре ала білу үшін, 
-  Ғылыми кариер/ мансап жасау үшін, 
-  келешекте қартайған шақта шет тілін үйренуге мәжбір болмау үшін, 
-  Түсіну және еске сақтау қабілеттерін дамыту үшін, 
-  Өз өзімізге сеніміміз және құрметімізді күшейту/ көтеру үшін, 
-  Кейбір халықаралық ұйымдарға, қорларға т.б. мүше болу үшін, 
-  Өз ана тілімізді одан әрі, жақсы үйрене ала білу үшін, 
-  Толерантты және икемді бір азамат болу үшін, 
-  Технологиядан пайдалану үшін, 
-  Өзімізді одан әрі дұрыс/жақсы таныта білу үшін, 
-  Көп ақша/айлық алу үшін, 
-  Жұмыста бәсекелестерімізден жоғары денгейде болу үшін, 
-  Табысты және жемісті семинар, баяндама, кәсіби кездесу өткізу үшін, 
-  Өз мәдениетіміздің өкілі болып оны таныта білу үшін, 
-  Тіл емтихандарынан өтіп жоғары баға алу үшін, 
-  Шетелде жұмас істеу үшін, 
-  Айналысып жүрген өз саламызды дамыту үшін, 
-  Дос табу үшін, 
-  Өнер және әдеби іс-шаралардан хабардар болу үшін, 
-  Шет тілін білетін кісілердің жасап жұрген жұмыстарды  жасау үшін, 
-  Басқа пәндерде/ сабақтарда табысты болу үшін.[1] 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет