46Абай атындағы жалпы білім беретіін орта мектебі кмм ғылыми жоба тақырыбы: «Аңыздың ақыры»


«Аңыздың ақыры» романындағы тұлғалардың көркем образдары



бет4/8
Дата15.04.2023
өлшемі62,01 Kb.
#83051
1   2   3   4   5   6   7   8
2. 2 «Аңыздың ақыры» романындағы тұлғалардың көркем образдары
Ә.Кекілбаев өз шығармашылығында адам табиғатында бар жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен зұлымдықтың өзара қатынасы қандай, адам өмірінің мәні не, адам құдіреті неде деген сұрақтарға жауап іздейді. Әсіресе бұл өзекті мәселелер «Аңыздың ақыры» романында өзіндік көркемдік шешімін тапқан. Қаламгердің «Аңыздың ақыры» романында мұнара туралы аңыз шығарманың негізгі арқауына айналады. «Аңыздың ақыры» романының бүкіл сюжеті Темірдің сүйікті тоқалы Бибі ханым салдырған атақты ғимараты жөніңдегі хикаяға негізделген.
Шығармадағы кейіпкерлерді алып қарайтын болсақ, қарапайым кейіпкер болғанымен, кез-келген кейіпкерінің жан дүниесіне терең бойлап, өзіне тән өмірін,
тағдырын жан-жақты сипаттаған. Романда үш адамның психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілген. Олар Әмірші мен Кіші ханша және оған ғашық болған Жаппар шебер. Басты үш кейіпкеріне романда үш бөлім арналған, үшеуінің тағдыры да, ішкі өмірлері де, жан сезім арпалыстары да, тіпті тіршілік тыныстары да сан алуан, жас мөлшері де әртүрлі. Бірақ оларды
ортақтастырып тұрған - мұнара, махаббат мұнарасы, бір-біріне деген ішкі, құдіретті де құпия іңкәр сезімдері ғана. 3
Хан кезекті жорығынан оралғанда, кіші ханшаның өзінің құрметіне салдырған биік мұнарасын алыстан көзі шалады. Мұнараны салушы жас шебер ханшаға ғашық болып, оған деген құмарлығы мен іңкәр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Бұған дейін біз мәңгі махаббаттың өл­мес ескерткіші деп Мидия ханшайымына Алек­сандр Македонский тұрғызған Вавилон­дағы аспалы бақты, үндідегі Жахан-Шахтың Мумтаз-Бегімге салдырған Тәдж-Махалды білетінбіз . Екеуін де ері әйелге тұр­­­ғызған. Ал «Аңыздың ақырындағы» Көк мұнара әйелдің еріне арнап салғанымен ерекшеленеді.
Мұнара – романның басты символы (махаббат, мейірімділік, өнер, әлем мен адам жанының құпиясы) және романның композициялық қазығы. Мұнара бейнесі романда алуан қырымен, мінезімен көрінеді.
Шығармада мұнараның атқаратын қызметі ерекше. Ол үш кейіпкерді, ханды, ханшаны және шеберді өзара байланыстыратын, бір қазыққа байлайтын ортақ желі. Романдағы романтикалық сарын да осы мұнара бейнесімен байланысты.
Ол жанданған кейіпке еніп, адам әрекетіне, адамға тән мінезге, қылыққа ие.
«Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сәбидей мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға келеді.Бірде терезенің алдынан ет жүрегіңді елжіретіп, үн-түнсіз телміріп түрып алса, артынша-ақ төбесімен көк тіреп аспандап шыға келеді» (101).Шығарманы мұқият оқысаңыз, мұнараның мұндай «мінезінің» сан қырына куә боласыз.
Мұнара − Ханшаның Әміршіге деген сағыныш көрсету объектісі, әміршінің
Ханшаға ризашылығын туғызу символы,шебердің Ханшаға ынтықтығын білдіруші символ және әміршінің Ханшаға күмәнмен қарау символы,әміршінің шеберге жеккөрініс символы. Баяғы Бабылдың мұнарасы сияқты бұл мұнара да ақыры түсінбестік, араздық объектісіне айналады.
Мұнда автор ежелгі аңызды қайта жаңғыртып қолданып қана қойған жоқ, романға өзек етіп алған аңыздық желілер ішінен бүгінгі жұртшылыққа ғибрат берерлік астарлар іздеп,бұрынғы дәуірдің әлеуметтік,адамгершілік тәрбиесін биік мұрат деңгейінен қорытып,өзіндік ой түюге ұмтылған. 4
Романның бас кейіпкері – ұлы Әмірші ,Алмас хан,ғаламды билеген билеушінің бейнесі арқылы,адамның уақыт пен кеңістік алдында шарасыз пенде екендігін дәлел- дейді. Жалпақ әлемді уысында ұстағанымен, билік иесі Мәңгілік туралы ойларында ұдайы тосып тұрған тығырықтан шығар жол таба алмайды. «Жаяу борасыннан сақина-сақина боп шимайланып қалған ұлпа құмақтағы әлдебір сиқыр жазып кеткен жұсбақ дұғалықтай көп шиыр қанша телміргеніңмен, ой сергітердей нышан таныт- пайды. Күні кеше ғана асырды салып, ақырында мысы құрып, өз-өзінен тыным тапқан көктемнің әумесер дауылындай ол да аласұрып баққанымен, уақыт дейтін сусыма құм бәрібір із-түзін қалдыртпай, түп-түгел өшіріп жіберетіндей». [1.17-18].
Басты кейіпкер Алмас хан–қаһарлы Шыңғыс хан; досына, дұшпанына алмас қылыш болған Батый; саясатқа жетік, көреген, алды кең, айбары мығым Жәнібек хан,құлағын жымып, жауына жасын боп тиетін қабыландай Баязит сұлтан сияқты билеуші батырларға тән қасиетті бір бойына тоғыстырған типтік бейне.
Ұлы тұлғалар ішінде А.Македонский, Ю.Цезарь, берідегі Наполеон мен Гитлерді мысалға алсақ, олардың туған халқын атын аспанға шығарған дәнеңесі
жоқ. Дүние жүзін бағындырамын деген Македонский өз елін әлсіретті. Соңынан бұл ел Римге бағынышты болды. Цезарьдің шектен тыс билік құмарлығынан Римде бес ғасыр өмір сүрген республикалық басқару жүйесі жойылып, императорлық, басқару жүйесі дүниеге келді. Жиырмасыншы ғасырдың ең зұлым диктаторы болған И.В.Сталин аяусыз миллиондаған халықты өлімге қиып,жүз мыңдаған күнәсіз ағартушы,зиялыларды жұбайларымен өлімге, абақтыға, ату жазасына, айдап
жіберуге, басқа жаққа жер аударуға мәжбүрледі. Онша қатігездік жасай отырып, бейкүнә балалармен бірге жарияланған фотоларымен безендірілген афишалар халықтың үреймен құрмет көрсетуіне себеп болды.
Ал Ә. Кекілбаев шығармасының кейіпкері Ақсақ Темір – қанша ұлы жаулау -шы, қанша асқақ билеуші болса да, өлімнен қашып құтылмайтын жұмыр басты пенде. Ұлы әміршінің құдіреті мен дәрменсіздігін ірі суреткер Ә. Кекілбаев кең көлемде, жан-жақты көрсетеді. Жазушы қарапайым халық пен оларды билеу шілер арасындағы бұл ұсақ болып көрінген шындықта үлкен ерекшелікті көрсеткеннен
5
кейін ханның да бұл ерекшеліктен басқа қарапайым адам екендігі түгел романға арқау болады
Әмірші болсаң да, жарты әлемді уысыңда ұстасаң да, сен де пендесің. Әр нәрсенің бір сұрауы бар. Кімге болса да әлгі үш Ұлылық­тың алдында бір зауал бар деген ой түйеді.
Кіші хaнымның бейнесі ,тартысты ойлaры шығармада өте әcерлі жеткізілген: «Хaным бacымен бұл әлі күнге бacтaн кешіп көрмеген ерекше қуaныш. Өзіңе өліп-өшіп ғaшық болғaн жaнның aғынaн жaрылып aғылтегіл пейіліне aрмaнcыз кенелген қaй әйелдің бacындa дa өмірінде болca бір-aқ рет болaтын, болмaca aтымен болмaй өтетін aca cирек қуaныш...» (253).
Әбіш аға бейнелеген ханша бейнесі арқылы, өзгелер көзіне соншалықты салтанатты, армансыз секілденіп көрінетін ханша өмірінің шын мәнінде өте аянышты екенін ұғасың. Кіші ханымның жас шеберге өңінде болмаса да, түсінде көңіл бұрғанын сезген Алмас ханды қызғаныш сезімінен гөрі атағына келетін дақ көбірек толғантады. Кіші ханым да Жаппарға деген лап еткен сезімін санаға, борыш,
дәстүрге жеңдіреді. Автор Кіші Ханымды Әмір­шіге адал қалпында қалдырды. Әдемі әйелдің, жар сүйіп, бала сүйіп бақытқа кенелер шағында жан азабы мен тән азабын қатар тартып жүрген әйелдің, жалын атып тұрған кескін-келбетті жас жігіттің құшағына құ­лай кетуіне жетерлік нанымды себеп те бар. Бірақ автор осыған алып келеді де, кенет алыстатып әкетеді. Себебі Ханым құлдың құшағына құласа, ел билеген ханда қандай қасиет қалады? Ханымы сондай халықта қандай
қасиет қалады? Халықтың тектілік, бек­зат­тық жөніндегі заңында не құн қалады?
Жаппар шебер бейнесіне келсек, Жаппардың өзгеше қасиетін әуелі әкесі таниды. Қызығушылығын, қабілетін байқаған бойда әкесі Жаппарды өнерге баулиды. Баласы ержеткен соң астанаға алып келеді. Әбден шыныққан, өз өнерінің биік өресіне көтерілген, толысқан Жаппар ұстаға енді ерекше әлемде жоқ мұнараны тұрғызу ұсынылады. «Мұнара» осылай салына бастайды. Мұнараны салу барысында Кіші ханымның көзіне кездейсоқ көзі түсіп ерекше әсерге бөленген сәті жігіттің көңіліне махаббат отын тұтатуға сеп болады. Мұнараны салушы жас шебер ханшаға
6
ғашық болып, оған деген құмарлығы мен іңкәр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Мұнараны ерекше шабытпен сала бастайды. Сыртқы әрлендіруінен де, ішкі безендіруінен де ұстаның Кіші ханымға деген ықыласы, ынтық пейілі танылып тұрады. Бұл суық хабар ханға өзегін құрт жеген алма арқылы беріледі. Қызғанышы оянған Хан шебер мен ханшаға қаһарланып, жас жігіттің көзін ойып, тілін кесіп, қатал жазалайды. Бірақ Ханның бұған көңілі көншімейді. Ол сезім сергелдеңіне түсіп, жаны тыным таппайды. Өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізіп, іштей ар талқысына, ой арпалысына түседі. Өмірінің соңғы сәттерінде ол өзінің әлемді тітіреткен әміршілік әрекетінің өткіншілігін, дүниенің опасыздығын, жалғандығын түсінеді, махаббат құдіреті алдындағы дәрменсіздігін сезінеді. Ханша мен шеберді қатаң жазалағанымен, хан олардың жүрегіне әмір ете алмайды. Өйткені байлық пен биліктен тыс,оларға бағынбайтын махаббат, сезім құдіреті бар. Нағыз өнер туынды -сына тән сұлулық пен нәзіктік тек шынайы махаббаттың әсерінен туындайды. Әмір- ші – Кіші ханым – Жаппар ұста арасындағы мұнара байланыстырып тұрған нәзік сезім Әміршінің күйреуіне алып келеді. Мұнараға байланысты ел аузына тарап кеткен лақапты бір сәтке серпіп тастар деген үмітпен жорыққа дайындалған Әмірші жорық жолына шығарда өзге жорықтардан өзгеше бүкіл халықтың жол бойына шығып шығарып салып тұрғанын көреді. Астанадан шыға беріске салынған көпірден өте бергенде сұқ саусағындағы «қасына зұлыстар елінен ғана келетін аса сирек тарғылтарғыл мысық көз тас қондырған күміс жүзігі» (265) саусағынан сусып түседі. Жүрегі суылдап қоя береді. Осы жорыққа аттану барысында алдынан көзі соқыр қатпа қара кісіні де көзі шалады. Ол мұнараны салған шебер болатын. Жорықтың алғашқы күндерінің бірінде, мақсатына жете алмай Әмірші дүниеден озады. «Аңыздың ақыры» Әміршінің дүниемен қоштасуымен аяқталады.
«Бұл қысқа ғана өмірде, қойшы немесе саудагер бол, әлде ханның мұнараларын салатын сәулетші бол бәрі бәрі тең емес пе?» (94-бет)
Түптеп келгенде, сұлулық бәрін де ойсырата жеңді. Махаббат мұнарасы көкке бой созды. Ол өзінің ғажайып кескінімен, сұлу сымбатымен адамдардың пендешілік көрсоқыр мінезін, қалыбын күйретті. Ол бір жағы автордың дүниеге көзқарасын,
7
танымын көрсетсе, екінші жағынан билеушінің дүниедегі қол созған затының бәрін иелене отырып кей істерде шарасыз хәлге түсуін де көрсетеді. Мұны Әбіш Кекілбаев өз жазбаларының бірінде атап өтеді: «...оның «Аңыздың ақыры» деп аталатын себебі – Ақсақ Темір артымда ешкім ұмытпайтындай аңыз қалдырам деген мұрат тұтқан. Не істесе де, сондай керемет зор қылып істеуі, не істесе де ешкім қайталамайтындай, өзінен бұрын ешкім істемегендей қылып істейтін жоспары болған. Адамға зорлық жүрген жердің өзінде ішкі сенім болмай қалатындығы сонша – керемет алапат нәрсенің бәрі пендешіліктің бір жай көрінісі болып қалатындығын тұспалдап жеткізетін роман жазу керек болды» (Кекілбаев, 2020). Автордың алға қойған мақсаты орындалғанын, ойы жүзеге асқанын романның сәтті шыққанынан білуге болады. Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе бар ма еді?! Тағдыр бізге осыншама ұлан­асыр жер бергенде, сол жерді сақтайтын, алдағы күндерге аман алып баратын бір құдіретті күшті неге бермесін?! Берген болар... Ол күш ынтымақ, береке, бірлік ,елдікке, егемендікке деген ел сенімі мен құлшынысы болар...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет