46Абай атындағы жалпы білім беретіін орта мектебі кмм ғылыми жоба тақырыбы: «Аңыздың ақыры»


-Үстіне мол пішілген өрнексіз желең шапан жамыла салған



бет6/8
Дата15.04.2023
өлшемі62,01 Kb.
#83051
1   2   3   4   5   6   7   8
-Үстіне мол пішілген өрнексіз желең шапан жамыла салған 
хан шұбатылған мол жеңінен қолын зорға қылтитып , анадай жерде бір 
қапталда қырын орналасқан жеті уәзіріне әлдене деп белгі берді (188- бет). 
Фразеологиялық-идиомалық тіркес­тер :Қанына қараю, өкпесі өшу, байыз таппау, қыбын табу, мысы құру, қолды қояу, белін бермеу, ит қосу, көз аларту, құлақ түру, жүрегі шайлығу, ит етінен жек көру, мұрнын тескен тайлақтай, қара қылды қақ жару, көз аларту, пышақ кескендей, әруақ аттау, жегідей жеу, құты қашу, иек қағу, сең соққан балықтай, көздің жауын алу, аяғына жем түсу, аузының суы құру т.б.
ІV.Қорытынды
Ә.Кекілбаевтың тарихи шығармаларында тек тарихи-көркем шындық қана емес, ел,жер тағдыры, адамзат болашағы, тұлғаның пенде ретіндегі психологиялық жан-күйі шебер тілмен суреттеліп, өткеннен өнеге, өмірден сабақ алуға, келешекке ұмтылуға жетелейді. 9
Ә.Кекілбаевтың әлемі мен кеңістігін, оның бай рухани мұрасын біз әлі толық танып-біліп болған жоқпыз. Әбіштің білімінің көкжиегі шексіз. Әбіш – логикасы мықты, көркем ойлау жүйесін терең меңгерген, өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатын майталман қаламгер. Данышпан Әбіш заманының тамыршысы ретінде адам мінезінің табиғатын түсініп, қоғамдық үрдістегі әртүрлі үдерістердің өзара байланысын ұға білді. Қо­ғамдық даму үдерістерін танып, білу­де­гі оның орны ойсырап қалғанына қарамастан, дана Ә.Кекілбаевтың есімі мен тұлғасы асқақтап, Абыздың мәдени, рухани, тарихи және қоғамдық-әлеуметтік мұрасына деген сұраныстың уақыт өткен сайын арта түсері анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбаевтың әдеби әлемін шек­сіз дүние, көпқырлы, мағыналы мұ­ра­ға теңеп, Әбіш «қазақтың абызы», қазақ әдебиетінің классигі, ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілі деп, оған лайықты бағасын берді. Таулардың алыстаған сайын биіктейтіні сияқты, Әбіш еңбектері де уақыт өткен сайын биіктей береді. Уақыт өткен сайын­ оның құпиялары да ашыла бас­тайды. Әбіштің қамшының сабындай қысқа өмірдегі адам деген пенденің қолынан келе бермейтін жазбалары мен аузынан шыққан сөздері, атқарған қызметтері ғасырдан ғасырға ұласып, өлмейтін өнегеге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет