46Абай атындағы жалпы білім беретіін орта мектебі кмм ғылыми жоба тақырыбы: «Аңыздың ақыры»



бет7/8
Дата15.04.2023
өлшемі62,01 Kb.
#83051
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыстың қорытынды ұсынысы:

  • Әбіш Кекілбаев еңбектері тәрбие бағытында зерттеліп, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылса;

  • Әбіш Кекілбаев шығармалары рухани құндылығымыздың негізі болғандықтан, тәрбиенің әр бағыты бойынша шығармаларын оқытуды міндеттесе;

  • Мектептің оқу бағдарламасында Әбіш Кекілбаевтың еңбектері бойынша сағат саны көбейтілсе;

  • Мектеп оқушылары мен жастар үшін ақынның шығармашылығына арналған танымдық сайыстар міндеттеліп жоспарланса;

  • Мектеп бағдарламасына "Әбіштану" факультативтік курстарын өткізуді міндеттесе;

  • Аудан мектептерінде Ә.Кекілбаев шығармаларын оқу айлығы белгіленсе;


10
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1..Әбіш Кекілбайұлы «Дала балладалары» І-ІІ том Алматы, «Жазушы», 2002 
2 .Төлен Әбдікұлы Азамат.Қаламгер. Қайраткер.«Егемен Қазақстан №265-266 03.12.1999ж. 
3. Аққұштап Бақтыгереева «Ата-ана қарызы,перзент парызы». «Егемен Қазақстан» № 354 
4.Ермек Аманшаев «Қазақ елінің таңдайы!» «Жас Алаш» №145 04.12.1999ж. 
5. Мырзагелді Кемел «Сөз -құдірет» «Жас Алаш» № 312. 9.Герольд Бельгер « Дала балладалары» «Жас Алаш» 
6. Клайнмихль. «Аңыздың ақыры» өнер құдіреті хақында./Автор туралы. (Ә.Кекілбаев өмірі мен тшығармашылығы туралы) Интернет қоры.
7. Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 1 том. Алматы, «Жазушы» 1989 жыл.
8. Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 2 том. Алматы, «Жазушы» 1989 жыл.

46 Абай атындағы жалпы жалпы орта білім беретін мектептің


10-сынып оқушысы Мақсатқызы Жібектің «Аңыздың ақыры» романындағы тұлғалардың көркем образдары» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына
ПІКІР

Ғылыми жұмысының тақырыбы: ««Аңыздың ақыры» романындағы тұлғалардың көркем образдары». Ғылыми жоба әдебиетіміздің майталман жазушысы Ә.Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалардың берілуін айқындауға, образдар жасаудағы көркемдік шеберлігіне талдау жасауға арналған.


Жұмыстың мақсаты нақты нақты тұжырымдалған және негізделген.
Жұмыс сауатты ғылыми тілде жазылған. Жұмысты ресімдеу жалпы қойылған талаптарға сәйкес келеді.
Өз жұмысында оқушым Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын зерттеп,өз заманының озық жазушысы екенін танытады.Ел басқарған ұлы әміршілердің құдіреті мен дәрменсіздігін шынайы суреттеген ірі суреткер Әбіш Кекілбаевтың өзіндік шеберлігіне сүйсіне талдау жасайды. Тарихи тұлғалар бейнесін анық танытып, олардың тарихта алатын орнын айқындайды.
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданылуына талдау жасаған. Зерттеу нәтижелерін талдап, негізгі тұжырымдарды қысқаша тұжырымдады.Әдебиеттер тізіміне талаптарға сәйкес жасалған әртүрлі көздер кіреді. Жалпы, жұмыс өте жақсы бағалауға лайық. Зерттеу жұмысы сауатты жазылған, алынған мәліметтер тақырыпқа сәйкес, талапқа сәйкес келеді. Бұл зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы жоғары. Оқушымның алғашқы өз бетімен дайындаған жұмысы болғандықтан, болашақта толықтырады деген үміттемін. Жұмысты республикалық «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңіне ұсынуға лайық деп санаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет