46Абай атындағы жалпы білім беретіін орта мектебі кмм ғылыми жоба тақырыбы: «Аңыздың ақыры»



бет3/8
Дата15.04.2023
өлшемі62,01 Kb.
#83051
1   2   3   4   5   6   7   8
II.Негізгі бөлім
2.1 Қаламгердің қазыналы туындылары
Әбіш Кекілбаев – егемен еліміздің тарихи шежіресінде өз қолтаңбасын қалдырған,тәуелсіздігімізді қорғауға және нығайтуға атсалысқан аса көрнекті қоғам қайраткері . Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп – тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы – халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. болса, «Автомобиль» шығармсы сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады.Қаламгердің халықтың өткен тарихы туралы шығармалары–қазақ әдебиетінің елеулі жетістіктері. Əбілхайыр хан, Абылай хан, Төле би, Жəнібек, Исатай мен Махамбет батырлар тəрізді əр алуан тарихи тұлғалардың болмыстары, соны іс-əрекеттері жазушы қаламы арқылы əрқайсысы өзіне лайық шырқау көркемдік биіктеріне көтерілген. «Күй», «Ханша- Дария хикаясы», және «Аңыздың ақыры» романында бағзы дәуірлерден мұра болған аңыз оқиғаларын жаңғырта отырып, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін еске салады.
Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» шығармасында өзінің арман-мүддесін, халқымыздың тағдырын, ғасырлар бойғы мақсат-тілегін Абылай бейнесі арқылы
берген. «Шандозда» бұрын бір жақты қарастырылып келген тарихи тұлғаларға
2
ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарау керектігі мысалдармен дәлелденген.
Жазушы «Үркер», «Елең-алаң» шығармаларында тұтас бір кезеңнің саяси мәдениетін, еліміздің тыныштығын, ұлт алдындағы мәселелерді қарастырады.
Әбіш Кекілбаевтың Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан шыққан «Дала балладалары» (1975) атты прозалық кітабына жазған алғы сөзінде Әбдіжәміл Нұрпейісов былай дейді: «Жазушы өзінің шығармаларында белгілі тарихи тұлғалар есімін саудаға салудан аулақ... Ол әуелі адам өмірінің әлеуметтік қалпына назар аудара отырып, уақыт тынысы мен кейіпкер болмысын философиялық-психологиялық тұрғыдан терең көрсетге ұмтылады. бұл повестердің шыншылдық қасиетін ерекше көтере түскен» .
Әбіш Кекілбаевтың көркемдік кеңістігінің басты даралығы – жазушы ежелгі аңыз мотивтерін бүгінгі уақыттың таразысына салып, тың сипатта жаңғыртады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет