46Абай атындағы жалпы білім беретіін орта мектебі кмм ғылыми жоба тақырыбы: «Аңыздың ақыры»



бет2/8
Дата15.04.2023
өлшемі62,01 Kb.
#83051
1   2   3   4   5   6   7   8
І.Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:


Әбіш Кекілбаевтың қаламынан туып, қазақ көркем сөзінің қуатын жалпақ әлемге танытқан мерейлі шығармаларының сыр-сипатын бүкіл қазақ біледі. Әр сөзі айшықты кемеңгер жазушының зергерлігі айта қалғандай құбылыс болатын. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғаларды таңдай отырып, қазақ елінің дамуына, қалыптасуына үлес қосқан ірі тұлғалардың зор еңбегін жазушының шығармалары мен тарихи деректер, тарихшылардың пікірлерін мысалға ала отырып, өзімнің, өз қатарластарымның бойына ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі ұрпақтың жүрегінде батыр бабаларымыз және олардың ерліктерімен мақтанатындай, рухани адамгершілік сезімдерін оятуға бағытталған.
Мақсаты:
Әдебиетіміздің әлем таныған дара тұлғасы, қазақ руханиятының біртуар қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармалары – ұлт руханиятының баға жетпес қазынасы, түгесілмес құндылығы екенін таныту. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»романына талдау жасай отырып, кейіпкер бейнесін суреттеудегі өзіндік ерекшеліктерін тану.
«Аңыздың ақыры» романындағы тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу.
Міндеті:
-Әбіш Кекілбаевтың қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
-Ә.Кекілбаевтың тарихи шығармаларына талдау жасау;
Зерттеудің маңызы:
-Әбіш Кекілбаевтың еңбектері болашақ жастар үшін рухани азық;
-Жазушының еңбектері болашақта жастарға үлгі болып қалатындығы.
Зерттеудің жаңалығы:
Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлға жасаудағы өзіндік қырлары кеңінен ашылып, тереңінен талданса, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне деген құрметтері артып, ұлттық сана-сезімдері жоғарылап, патриоттық рухтары көтеріліп, таным қабілеттері арта түсер еді.
1
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев –сегіз қырлы бір сырлы талант иесі. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Бар ғұмырын шығармашылығымен де, мемлекет ісі арқылы да Қазақстанның, туған халқының гүлденіп, көркеюіне арнаған Әбіш Кекілбаев тұлғасын ұлықтауға бағытталған ұлылы-кішілі іс-шаралардың толастамауының өзі заңғар жазушы, қажырлы қайраткедің халқымен бірге жасай беретіндігінің айғағы.
Әбіш Кекілбайұлының шығармалары әлемнің 16 тіліне, соның ішінде «Аңыздың ақыры» романы орыс, ағылшын және француз тілдеріне аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет