№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015


қайталау»  сабағында  «Жүйрік  болсаң  озып  көр»



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

қайталау»  сабағында  «Жүйрік  болсаң  озып  көр»  ойынында  екі  топтан  бір  бір 
оқушы шығып, 1 минутта 10 сұраққа жауап беруі керек. 
Әр дұрыс жауап – 5 ұпай. 
Сұрақтар: 
1. Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүкте (Челюскин). 
2.  Еуразия  материгін  қоныстану  қай  жерден  басталды?  (Жерорта  теңізі 
маңынан). 
3. Арабия түбегінің ауданы қанша? (3 млн. км
2)
). 
4. Азияда халық саны жөнінен бірінші орындағы ел (Қытай). 
5. Ең ыстық құрғақ климаттық белдеу (Тропик). 
6. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау (Ключи шоқысы). 
7.  Дүние  жүзінде  ауланатын  балықтың  39%  қай  мұхиттың  үлесіне  тиеді? 
(Атлант). 
8. Меконг өзені қай алапқа жатады? (Тынық мұхит алабы). 
9. Еуропаның сүт фермасы аталатын ел (Дания). 
10. Ұлы Жібек жолы қай елден басталған? (Қытай). 
Сұрақтар: 
1. Гренландия аралының ауданы (2 млн. 176 мың км
2
). 
2. Материктің ең ыстық жері (Өлім аңғары). 
3. Солтүстік Америкада даланы қалай атайды? (Прерий). 
4. Ұлы көлдерді ата (Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио). 
5. Солтүстік Американың байырғы халықтары (Үндістер мен эскимостар). 
6. Солтүстік Америкада қай климаттық белдеу кездеспейді? (Экваторлық). 
7. Йеллоустон Ұлттық саябағы қай жылы ашылды? (1872). 
8. АҚШ-тағы «автомобиль астанасы»? (Детройт). 
9. Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак Кинли). 
10. Флинт Мамонт үңгірі орналасқан тау (Аппалач). 
«Гималай» тобына – «Еуразия» (сәйкесін тап): 
1. П.П. Семенов 
 
 
1  Тибет  тауының  өлкесін    Гоби  шөлінің 
аумағын, Лабнор көлін зерттеген. 
2. Ш. Уалиханов 
 
 
2. «Үш теңіздің ар жағына саяхат». 
3. Н.М. Прежевальский 
 
3. Тянь-Шаньның ең биік шыңы Хантәңірі. 
4. Васко да Гама 
 
 
4. Орталық Азияны зертеген. 
5. Афанасий Никитин  
 
5. 1498 жылы Калькутта портына жетті. 
«Кордильера» тобына – «Солтүстік Америка» (сәйкесін тап): 
1. Генри Гудзон 
 
 
1. 1492 ж. 
2. Джон Кабот  
 
 
2. 1741 ж. 
3. Руаль Амундсен 
 
 
3. 17 ғасыр. 
4. В. Беринг пен А. Чириков  
4. 15 ғасыр. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
71 
5. Х. Колумб   
 
 
5. 20 ғасыр. 
«Білімді  мыңды  жығар»  ойынында  «Климат»  тақырыбына  байланысты 
географиялық есептер шығаруға берілді. 
«Гималай» тобына: 
Егер төбенің биіктігі 40 м. Төбенің басында барометр 758 мм сынап бағанасын 
көрсетіп тұрса, онда төбенің етегіндегі атмосфералық қысым қанша? 
Жауабы: 40 м : 10 м = 4 м, 758 мм + 4 = 762 мм. 
«Кордильера» тобына: 
Ұшақ  қанатында  ауа  температурасы  34  градусты  көрсетті.  Осы  кезде  жер 
бетіндегі температура 20 градус болса, ұшақ қандай биіктікке көтерілген? 
Жауабы: 34 + 20  = 54 градус, 54 : 6 = 9 км. 
«Тез  жауап»  ойыны.  Материктің  ішкі  сулары  тақырыбына  байланысты  екі 
топқа екі  конверт  дайындалған. Ондағы сұрақтарға жауап береді  де,  кескін картаға 
түсіреді. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартады. 
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады. 
«Гималай» тобына: 
1. Еуропа арқылы ағып өтіп, Каспийге құятын өзен (Еділ). 
2. Қай өзенді сары өзен деп атайды? (Хуанхэ). 
3. Еуропаның «жуынды шұңқыры» атанған теңіз (Жерорта теңізі). 
4. Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? (Есіл). 
5. 336 өзен құйып, Ангара өзені ағып шығатын көл (Байкал). 
«Кордильера» тобына: 
1. «Үлкен өзен» деп аталатын өзен (Макензи). 
2. Үлкен каньон орналасқан өзен (Колорадо). 
3. Ниагара сарқырамасы қай көлдердің аралығында (Эри мен Онтарио). 
4. Бойына 20 СЭС салынған өзен (Теннесси). 
5. Ең ұзын өзен (Мисисипи). 
«Түсін  мені»  ойыны.  Тақтаға  әр  топтан  4  оқушыдан  шығады.  Топ  басшысы 
конвертте  жасырылған  сөзді  ашып  оқиды.  Конвертте  «Канада»  сөзі  жасырылған, 
тапсырма  сол  сөзге  байланысты  4  сөз  жазу  керек  және  оны  қалған  оқушылар 
естімеуі тиіс. 
Топ басшының жауабы дайын болған соң конвертті жауып қоямыз да, топтың 
оқушыларына:  «Сендерге  «Канада»  сөзі  келді,  ол  кезде  сендердің  ойларыңа  не 
түседі?» дейміз. Егер топ басшының сөздерін оқушылар қайталаса, әр дұрыс жауап 5 
ұпаймен бағаланады. 
Конвертте «Канада» деген сөз шықты, ол кезде сенің есіңе не түседі? 
Жауап: Оттава, үндістер, Ванкувер, Маккенхи. 
Конвертте «Қазақстан» деген сөз жазылған. 
Жауап: Астана, Бурабай, Қазақтар, Сырдария. 
«География» сабағында мынадай ойын түрлерін қолданамын: 
«Қарлы  кесек»  ойыны.  Мысалы,  оқушылар  кезектесіп,  ғаламшар  туралы 
қысқаша айтады. Әр келесі оқушы алғашқы оқушыға айтқан ақпаратты қайталайды. 
Сосын өзі айтады. Соңғысы жинақтап, барлық ғаламшарлар туралы айтады. 
«Мен  –  Өзенмін»  ойыны.  Бұл  ойынның  шарты  бойынша,  картадан  өзенді 
көрсетіп, «Мен – Сырдария өзенімін, қайда барып құямын?» - деймін. Олар: «Мен – 
Сырдария  өзенімін,  Аралға  барып  құямын»,  -  дейді.  Ойын  осы  ретпен  жалғаса 
береді. 
«Зообақ»  ойыны.  Әр  оқушыға  жануарлар  мен  өсімдіктер  бейнеленген 
суреттер  таратылады.  Сол  суреттегі  жануар  мен  өсімдіктердің  аттарын  атап,  қай 
белдеуге, материкке жататынын анықтайды. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
72 
«Пошта»  ойыны.  Тақтаға  «Шығыс  Еуропа  елдері»  және  «Оңтүстік-Батыс 
Азия  елдері»  атты  екі  конверт  ілінеді.  Әр  топ  қажетті  географиялық  обьектілерді 
тауып, өз конвертіне салу керек. 
«Сыңарын  тап»  ойыны.  Ойынға  екі  топ  қатысады.  Топ  мүшелері  кезекпен 
шығып,  тақтаға  жазылған  таулардың,  шыңдардың,  олардың  биіктіктерінің 
сәйкестігін  тауып  жазады  (Кавказ,  Анды,  Кордильер,  Алтай,  Орал,  Гималай, 
Эльбрус,  Аконкагуа,  Белуха,  Народная,  Мак-Кинли,  Джомолунгма  –  6959,  6194, 
1899, 4506, 8848, 5642). 
Орындалу үлгісі: Кавказ – Эльбрус – 5642. 
«Телефон» ойыны. Телефон шырылдайды. Судың дыбысы анимация арқылы 
жіберіледі. Бір оқушы телефонды көтеріп: «Бұл тұщы су ғой, ол өзінің аз қалғанын, 
оны қорғау керектігімізді айтты», - дейді. Оқушылар суды қорғау керектігі жайында 
ортақ ойға келеді. 
«Номенклатура»  ойыны.  Бұл  ойында  географиялық  нысандарды  картадан 
көрсету арқылы жүргізіледі. 
«География»  сабағында  әр  кезде  пайдаланылатын  мұндай  ойын  элементтері 
оқушының  танымдық  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылық  бағытқа  жетелейді. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы «Биология» сабақтарында кеңінен қолданылады. 
Мәселен,  8  сыныптың  «Эритроциттердің  оттек  пен  көмірқышқыл  газын 
тасымалдауы» тақырыбын қарастырайық. 
«Алтын  қақпа»  ойыны.  Ойын  барысында  үш  қақпа  ашылады.  Әр  қақпада 
тапсырмалар  беріледі.  Ол  қақпалар  ашылған  сайын  тапсырмалар  күрделене  түседі. 
Осы  ойын  арқылы  оқушылардың  білімдерін  тексеремін.  Сабақта  білімдерін  ортаға 
салып,  тапсырмаларды  мүлткісіз  орындатып,  сандықтағы  сыйлықты  алуға 
тырысады. 
І. Тас қақпа тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу. 
І топқа: Сөзжұмбақтың сұрағы: 
1. Организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі (Қан). 
2.  Қан  ұлпалар  мен  мүшелерге  қоректік  заттарды,  суды  минералды  тұздарды 
және дәрумендерді тасымалдайды (Ас қорыту). 
3. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок неден құралады? (Фибрин). 
ІІ топқа: ІІ. Күміс қақпа тапсырмалары: 
Топ  басшылары  шығып,  күміс  қақпасындағы  2  хатты  оқып,  1  минут  ішінде 
ойланып, әңгіме құрастыру керек. 
І топқа – «Донор», ІІ топқа – «Реципиент» деген тақырыптарда ой қозғау керек. 
ІІІ.  Алтын  қақпа  тапсырмалары.  Тапсырмаларды  алғаш  орындап,  алтын 
қақпаны ашқан оқушы сандықтың тапсырмасын орындайды. 
Сандықтың  тапсырмасы:  Сандық  ішінде  әр  түрлі  тақырыпқа  байланысты 
суреттер беріледі, екі топ сол суреттерді анықтау керек. 
Биологиялық  кештерде  ойналатын  ойын  түрлері.  «Брейн-Ринг»  өткізу 
әдістемесі. Оқушылардың дүние танымын кеңейітіп, танымдық қабілетін өрістетуге 
«Брейн-ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты болмақ. 
Бұл ойын мынадай мақсатты көздейді: 
1.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  оқылатын  пәндердің  жекеленген 
тақырыптары  мен  мәселелері  бойынша  балалардың  танымдық  қызығуын  ояту, 
ғылыми-мәдени білімін арттыру. 
2. Оқушыларды бағдарламалық материалдарды тереңірек меңгеруге, қосымша 
ақпарат көздерін пайдалануға тарту. Ойынға көбірек қатыстыру. 
Ойын ережесі. Ойын екі бөлімнен тұрады: бастапқы кезең және финал. Кезеңде 
мезгілде  екі  топ  қана  қатысады  да,  3  ұпай  жинағаны  (финалдық  кезеңде  –  5) 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
73 
жеңімпаз болады. Ойын алдында жеребе тасталып, ойын әдістеріне («Айналмалы», 
«Олимпиадалық»  т.б.)  қарай  топтардың  қайсысы  қайсысымен  сайысатынын 
анықтайды. 
Топтарға сұрақ беріледі, оны талдауға бір минут бөлінеді. Топ жауапқа дайын 
болса,  капитан  жалаушаны  көтеріп,  белгі  береді.  Жалаушаны  жүргізушінің  «Уақыт 
бітті»  деген  сөзінен  бұрын  көтеріп  қойған  топ  «Фальстарт»  алып,  жауап  беру 
құқынан айырылады. Бұл жағдайда ойлануға қарастырылған 10 секунд уақыты бар, 
біріншінің берген жауабы қате болғанда да солай. 
Жүргізуші  сұрағына екі  топ та қате жауап берсе, келесінің  «құны»  бір ұпайға 
артады.  Екі  топ  үш  сұраққа  бірдей  қате  жауап  берсе,  кезең  тоқтатылады.  Олардың 
орнына басқа топтар келіп, жаңа кезең басталады. 
Финалдық кезеңде әрбір сұрақтың құны бір ұпайға ғана тең. Мұнда жүргізуші 
дұрыс жауаптарды міндетті түрде естіртеді. 
Ойын  барысында  қатысушылардың  көрермендермен  байланысуына  тыйым 
салынады, көмек беріліп қойған жағдайда, көмектесуші залдан қуылады. 
Барлық даулы жағдайда жүргізуші шешеді. 
Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндетін өзінің талантын танып және 
оны  таныта  алатын  жан-жақты  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Ол 
үшін  ең  алдымен  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  маңызды  жақтарына  көп 
көңіл  аударуымыз  керек.  Оқушылардың  шығармашылығын  дамыту  педагогикада 
басым бағыт болып есептеледі. 
Жалпы  алғанда,  өркениеттің  прогрессивті  дамуының  негізгі  қозғаушы  күші 
шығармашыл  тұлға  екені  белгілі.  Өйткені  біздің  заманымыздың  электрондық, 
атомдық,  ғарыштық  пен  аталып  жатуының  өзі   адамның  ақыл-ойының,  санасының 
жетілгендігінің  көрінісі.  Сондықтан  оқушылардың  оқу  үдерісінде  дамуын  жүзеге 
асыру  білім  алу  кезіндегі  шығармашыл  белсенділігі,  өз  беттерімен  білімді  игеру 
дәрежелері  дидактика  мен  мектеп  өмірінде  үнемі  басты  мәселенің  бірі  болып  қала 
береді. 
Әлеуметтік  тұрғыда  адамның  белсенділігі  мен  дербестігі  оның  еңбегінің 
жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Ендеше оқушыларда 
осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып 
саналады. 
Жеке  тұлғаның  ақыл-ойын,  танымдық  үдерісін  жетілдірудің,  әлеуметтендіру 
мен  жан-жақты  тәрбиелеудің  көрсетткіші  ретінде  бағаланатын  оқу  үдерісінде 
оқушылардың  жас  және  дербес  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ойын  әрекеттерін 
ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол. 
 
Әдебиеттер 
1 Есипова Б.П. Педагогика. – М., 1967. 
2 Баженова И.Н. Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990. 
3 «География және табиғат» журналы. – №2. – 2006; №3. – 2012. 
4 «География және табиғат» журналы. – №1. – 2014. 
5 «Биология және салауаттылық негізі» журналы. – №6. – 2011. 
6 Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары. Әдістемелік құрал. – 
Алматы, 2010. 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
74 
ТАЖИҒАЛИЕВА Ақзер, 
№15 жалпы орта білім беру мектебі «Тарих» пәнінің мұғалімі
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы 
Эл. пошта: 15mektep@mail.ru 
 
ҰЛЫ ДАЛА МЕМЛЕКЕТІ 
 
Қазақ  хандығының  құрылуы  және  нығаюы  (15-17  ғғ.).  Қазақ  хандығының 
пайда  болуы  Қазақстан  жерінде  14-15  ғғ.  болған  әлеуметтік-экономикалық  және 
этникалық-саяси  процестерден  туған  заңды  құбылыс.  Өндіргіш  күштердің  дамуы, 
көшпелі  ақсүйектердің  экономикалық  қуатының  артуы,  феодалдық  топтардың 
тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы 
тартыстың  өршуі,  әлеуметтік  қайшылықтардың  үдеуі  15  ғ.  2  жартысында  бұл 
мемлекеттердің құлдырап, ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр (1428-
1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. 
Аумағы  батысында  Жайықтан  бастап,  шығысында  Балқаш  көліне  дейін, 
оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта 
ағысы  мен  Ертіске  дейінгі  жерді  алып  жатты.  Бір  орталыққа  бағынған  мемлекет 
болмады.  Көптеген  ұлыстарға  бөлінді.  Олардың  басында  Шыңғыс  әулетінің  әр 
тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. 
Әбілхайыр  билік  еткен  кезде  халық  өзара  қырқыс  пен  соғыстан  шаршады.  30 
жж.  ол  Тобыл  бойында  Шайбани  ұрпағы  Махмұт  Қожаханды  талқандады.  Сыр 
бойындағы  далада  Жошы  әулетінің  Махмұтханы  мен  Ахметханын  (Тоқа  Темір 
тұқымы)  жеңді.  1446  жылы  Әбілхайыр  Темір  ұрпақтары  мен  Ақ  Орда  хандары 
ұрпақтарынан  Сыр  бойы  мен  Қаратау  баурайындағы  –  Сығанақ,  Созақ,  Аққорған, 
Өзгент,  Аркүк  сияқты  қалаларды  басып  алады.  1457  ж.  Үз-Темір  тайшы  бастапан 
ойраттардан  (жайылым  жер  іздеген)  Түркістан  өңірінде  жеңіліп  қалды.  Масқара 
ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. 
Ал  Әбілхайыр  өз  ұлысында,  қатал  тәртіп  шараларын  орнатуға  кіріседі.  Бұл 
халық  бұқарасының  оған  деген  өшпенділігін  күшейтті.  Нәтижесінде  халықтың 
жартысы  Шығыс  Дешті  Қыпшақтан  Түркістан  алқаптарына  және  Қаратау 
бөктерлерінен  Жетісудың  батыс  өңіріне  көшіп  барулары  еді.  Оны  Жәнібек  пен 
Керей басқарды. 
Дешті  Қыпшақ  пен  Жетісудағы  көшпелі  бұқара  феодалдық  қанаудың 
күшеюіне,  соғыстарға  наразылық  ретінде,  хандар  мен  феодалдардың  қол  астынан 
көшіп  кетіп,  қоныс  аударды.  Сөйтіп,  15  ғ.  50-70  жж.,  яғни  1459  ж.  Әбілхайыр 
хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің 
жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс 
әулетінен  шыққан  Керей  хан  мен  Жәнібек  ханның  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан 
қазақ  халқының  дербес  мемлекетін  құру,  оның  тәуелсіз  саяси  және  экономикалық 
дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. 
Жетісу  рулар  мен  тайпалар  мемлекет  бірлестігінің  орталыпына  айналды. 
Олардың  саны  200  мың  адамға  жетті.  Моғолстан  ханы  Есенбұға  өзінің  солтүстік 
шекарасын  қорғату  үшін,  сондай-ақ  өзінің  бауыры  Тимурид  Абу  Саид  қолдап 
отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. 
Жәнібек – қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, 
ал Керей – оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес 
мемлекеттігі  жолындағы  күресті  оның  туған  ұлы  мен  немересінің  жалғастыруы 
табиғи құбылыс. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
75 
Мырза  Мұхамед  хайдар  Дулати  Қазақ  хандығының  құрылған  уақытын 
хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады. Қазақтың алғашқы ханы болып 
Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды 
(1473-1480  жж.).  Бұлардың  тұсында  Жетісу  халқы,  1462  жылы  Моғолстан  ханы 
Есенбұға  өлгеннен  кейін  ондағы  тартыстың  күшеюіне  байланысты,  өзара 
ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. 
Әбілхайыр  хандығынан  көшіп  келушілер  Жәнібек  пен  Керейдің  қазақ 
хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинап және Жетісуда берік қорғанысы 
бар  Жәнібек  пен  Керей  Жошы  әулетінен  шыққан  сұлтандардың  Шығыс  Дешті 
Қыпшақты  билеу  жолындағы  күресіне  қосылды.  Бұл  күрес  1468  ж.  Әбілхайыр 
өлгеннен кейін қайтадан өршіді. 
Қазақ  хандарының  басты  жаулары  Әбілхайырдың  мұрагерлері  –  оның  ұлы 
Шайх-хайдар  мен  немерелері  Мұхамед  Шайбани  мен  Махмұд  сұлтан  болды.  Сыр 
өңірі  мен  Қаратау  –  қазақ  хандарының  Батыс  Жетісудағы  иеліктеріне  ең  жақын 
болды.  Жәнібек  пен  Керей  хандар  сауда-экономикалық  байланыстардың  маңызды 
орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын 
орнатуға тырысты. 
Сондай-ақ  Сырдың  төменгі  және  орталық  сағаларының  жерлері  қазақтың 
көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, 
үлкен  шайқастар  болды.  Асыны  (Түркістанды),  Сығанақты  біресе  қазақ  хандары, 
біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. 
Осындай  шайқастардың  бірінде  көрнекті  қолбасшы  Керейдің  ұлы  Мұрындық 
болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж.-да қазақ 
хандығының шекарасы кеңейе берді. 
Оңтүстік  Қазақстан  қалалары  үшін  Шайбани  әулетімен  арадағы  соғыстар 
Жәнібек  ханнан  кейін  қазақ  хандығын  билеген  Бұрындық  хан  (1480-1511  жж.) 
тұсында  да  толастамады.  Батыс  Жетісудағы  иеліктеріне  оңтүстіктегі  өздеріне 
қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары 
Дешті  Қыпшақтағы  өкімет  билігіне  талаптанушы  барлық  хандарды  жеңіп,  өз 
иеліктерін ұлғайтты. 
Дешті  Қыпшақта  қазақ  хандары  билігінің  орнығуы,  Мұхаммед  Шайбаниды 
Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп, Мәуереннахрға кетуге 
мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, 
өкімет билігін басып алды. 
Сонымен  қазақ  хандығының  құрылуына  ұйтқы  болған  себептер  –  саяси  және 
этникалық  процестер  болды.  Оның  басты  кезеңі  –  Керей  мен  Жәнібектің  қол 
астындағылармен  бірге  көшпелі  өзбектердің  басшысы  Әбілхайырдан  кетіп, 
Моғолстанның  батысына  қоныс  аударуы.  Мұндағы  маңызды  оқиға  –  Керей  мен 
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. 
Әбілхайырдың  өлімінен  кейін  Керей  мен  Жәнібектің  Өзбек  ұлысына  келіп, 
үкімет  билігін  басып  алуы  маңызды  қызмет  атқарды.  Жаңа  мемлекеттік  бірлестік 
Қазақстан атана бастады. 
16-17  ғғ.  қазақ  хандығы  нығайып,  оның  шекарасы  едәуір  ұлғая  түсті.  Өз 
тұсында  «жерді  біріктіру»  процесін  жедел  жүзеге  асырып,  көзге  түскен  хандардың 
бірі  –  Жәнібектің  ұлы  Қасым.  Қасым  ханның  (1511-1523  жж.)  тұсында  қазақ 
хандығының  саяси  және  экономикалық  жағдайы  нығая  түсті.  Ол  билік  құрған 
жылдары  қазақ  халқының  қазіргі  мекен  тұрағы  қалыптасты.  Бірсыпыра  қалалар 
қосылды,  солтүстікте  Қасым  ханның  қол  астындағы  қазақтардың  жайлауы 
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, 
Іле өлкелері) қарады. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
76 
Қасым  ханның  тұсында  Орта  Азия,  Еділ  бойы,  Сібірмен  сауда  және  елшілік 
байланыс  жасалды.  Орыс  мемлекетімен  байланыс  болды.  Ұлы  князь  3  Василий 
(1505-1533)  билік  құрған  кездегі  Мәскеу  мемлекеті  еді.  Батыс  Еуропа  да  қазақ 
хандығын осы кезде танып білді. 
«Қасым  ханның  қасқа  жолы»  деген  әдет-ғұрып  ережелері  негізінде  қазақ 
заңдары  жасалынды.  Қасым  өлгеннен  кейін  бірден  байқалды.  Өзара  қырқыс,  таққа 
талас  басталды.  Моғол  және  өзбек  хандарының  қазақ  билеушілеріне  қарсы  одағы 
қалыптасты.  Өзара  тартыс  кезінде  Қасым  ханның  ұлы  және  мұрагері  Мамаш  қаза 
тапты. 
Қасым  ханның  немере  інісі  Таһир  (1523-1532)  хан  болды.  Оның  айырықша 
елшілік  және  әскери  қабілеті  болмады.  Маңғыт  және  Монғол  хандарымен  әскери 
қақтығыстар  басталды.  Бұл  соғыстар  қазақтар  үшін  сәтті  болмады.  Қазақ  хандығы 
оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы 
тек  Жетісуда  сақталып  қалды.  Таһир  ханның інісі  Бұйдаштың  (1533-1534)  тұсында 
да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. 
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-
1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, 
Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-
Шаньды  басып  алуды  көздеген  Моғол  ханы  Абд-  Рашидке  қарсы  ұтымды  күрес 
жүргізілді. 
Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы 
қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан 
қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды 
у  беріп  өлтірді.  Ақназардың  мұрагері  Жәдіктің  баласы  және  Жәнібек  ханның 
немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-
1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. 
Абдолла  Шығайға  Ходжент  қаласын  сыйға  тартып,  онымен  қосылып,  Баба 
сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. 
Қазақ  хандығының  иелігі  енді  Тәуекелге  көшеді.  Тәуекел  хан  Орта  Азияның 
сауда  орталықтарына  шығу  үшін  күресті.  1583  жылы  ол  бұрынырақ  Бұқарамен 
жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, 
Самарқанд  сияқты  қалаларды  қазақ  хандығына  қаратты.  Бұқара  қаласын  қоршауға 
алған кезде Тәуекел хан жараланып, қаза болды. 
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы 
Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр 
бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы 
қалалар  үшін,  Оңтүстік  Қазақстанның  жерін  кеңейту  үшін  бір  жарым  ғасырға 
созылған күрес біраз бәсеңдеді. 
Есім  хан  елді  жуасытып  бағындыру  саясатын  жүргізді.  Сондықтан  ол  қанға 
қан,  құн  төлеу,  барымта  алу,  құлды  сату,  зекет,  ұшыр  жинау,  айып  салу  және  т.б. 
уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады. 
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы 
Түмен)  шектесті.  1563  жылы  Шайбани  әулеті  мен  Тайбұғы  руы  арасындағы  ұзақ 
жылдар  бойы  жүргізілген  күрестен  кейін  Сібір  хандығы  Шайбани  әулеті  Көшім 
ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған 
және  угар  тайпаларының  жиынтығынан  тұрды.  Хандықтың  негізгі  халқы  түркі 
тілдес  «Сібір  татарлары»  деген  атпен  белгілі  болды.  Сібір  хандығы  Қазақстанмен 
саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 
1552  ж.  Ресей  Қазан  қаласын  жаулап  алғаннан  кейін,  ол  Сібір  хандығымен 
көрші  болып  шықты.  1581  ж.  Ермактың  Сібірге  жорығы  басталды.  Көшім  хан 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
77 
жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж. қаза тапты. Бірақ Сібір 
хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 
17  ғ.  2  ж.  Қазақ  хандығының  жағдайы  нашарлады.  Өзара  қырқысты 
пайдаланған  жоңғарлар  Жетісудың  бір  бөлігін  басып  алып,  осы  аймақта  көшіп 
жүрген  қазақтар  мен  қырғыздарды  бағындырды.  Бұқара  әскерлері  Ташкентті  алып, 
қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін 
жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ  жасауға көндірді. Жәңгір  жоңғарларға 
қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 
17 ғ. 90-ж.-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ 
хандығының  нығаюы,  қырғыздар  мен  қазақтар  арасындағы  одақ  және  оған 
қарақалпақтардың  қосылуы  күшті  жүрді.  1680  ж.  Жәңгірдің  баласы  Тәуке  (1680-
1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинағы құрастырылды. 
Жеті  жарғы  көшпелілердің  ел  билеу  заңы  болып  табылады.  Феодалдық  салт 
көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары 
басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты 
жер  иеленушілік,  жерге  меншіктің  тұрақты  түрлері,  әсіресе  Қазақстанның  оңтүстік 
аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, 
иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. 
Ханнан  тархандық  құқық  алып,  сыйлық  жерді  иеленушілер  онда  тұратын 
егіншілерден,  қолөнершілерден  өз  пайдасына  салық  жинады.  Қазақ  қоғамын 
әлеуметтік-таптық  топтарға  бөлу  негізіне  әл-ауқаттылық  жағдайынан  гөрі, 
әлеуметтік  шығу  тегі  негізге  алынды.  Жоғары  аристократтық  топ  ақсүйектерге 
Шыңғыс  әулеттері  хандар,  сұлтандар,  оғландар  төрелер,  қожалар  жатты.  Ал  басқа 
халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды. 
Қазақ поэзиясының бұл кезеңдегі аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет 
(16  ғ.),  Жиембет,  Ақтамберді  (17  ғ.).  Қазақтың  батырлар  жыры  тарихи  оқиғаларға 
құрылған.  Мысалы:  Қобыланды,  Ер  Тарғын,  Алпамыс,  Ер  Сайын,  Қамбар  батыр 
дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды. 
Керей  мен  Жәнібек  Шу  мен  Талас  өзендері  бойына  келіп,  Қазақ  хандығын 
тұрғызды.  Бұл  –  Қазақ  тарихындағы  жаңа  беттің  ашылып,  қазақ  ұлтының 
қалыптасуы  еді.  Ел  болып  қалыптасқалы  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырап,  елеулі 
оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер көлемі 
де ұлғайды. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулати  –  қазақ  хандығын  толығымен  суреттеп,  қағазға 
жазған  алғашқы  қазақ  тарихшысы.  Дулат  тайпасынан  шыққан  ол  Кашмир  елінде 
басшылық ете отырып, Орта Азия елдері жөнінде көптеген мәліметтер қалдырды. 
Қазақ  халқы  үш  жүзден  құралды.  Әрбір  жүз  пен  рудың  өз  алдына  жеке 
таңбалары  мен  ұрандары  бар.  Жүзге  жатпайтын  рулардың  да  таңбалары  мен 
ұрандары сақталынған. Олар әртүрлі себептермен қазақ халқының құрамына кірген. 
Әрине,  жүзге  бөлінуге  байланысты  жауларымыздың  ру  мен  жүздер  арасына 
қақтығыстар  туғызу  арқылы  өз  мақсаттарын  іске  асырып  отырды.  Бірақ,  қазақ 
хандығының үш жүзді басқарған билер жүйесі өте пайдалы еді. Би ханның кеңесшісі 
қызметін атқарып, қарабайыр халық пен ханды байланыстырып, жүзге, руға бөлінген 
елдің  ұйытқысы  бола  отырып,  ұлттың  мүддесін  өте  жоғары  дәрежеде  қорғап 
отырды. 
Үш  жүздің  билері  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би  Әз-Тәуке  ханмен  бірігіп, 
жоңғарды тарих сахнасынан жойды. Әз-Тәуке хан өзінің дипломатиялық, әрі әскери 
шеберлігін көрсетті. 
«Ақтабан  шұбырынды  алқакөл  сұламада»  көптеген  қазақтар  Қытай  жеріне 
өтіп, шалғайда атамекенін аңсап қалды. Ал, қаншамасы мерт болды. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
78 
Киелі Түркістан қаласы – қазақ хандығының рухани, діни, мәдени және саяси 
астанасы.  Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесі  Әмір  Темірдің  бұйрығымен  тұрғызылып, 
күллі  қазаққа,  мұсылман  қауымына  зиярат  орнына  айналды.  Онда  Әзірет  Сұлтан, 
Есімхан,  Тәуке  хан,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  және  т.б.  ХV-XVIII  ғғ.  қазақ 
тарихындағы ірі тұлғалар жерленген. 
Түркістан  –  орта  ғасырлық  қала  іспеттес,  нағыз  қазақтың  рухани,  әрі  мәдени 
орталығы.  Кесенедегі  Тайқазанда  тарихымызда  алар  орны  ерекше.  Санкт-Петербор 
қаласындағы мұражайдан әкелініп, кесенені одан әрі сұлулығымен толықтыра түсті. 
Ислам  Орта  Азияға  келгенге  дейін  қазақтар  жерге,  отқа,  суға,  Көк  Тәңірге,  Ұмай 
анаға табынған болатын. Ғалымдардың айтуынша, тайқазандағы төмпешіктер Ұмай 
ананың киелі сүтімен байланыстырылады. 
Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа өткеннен бастап, жалпы 
қазақ  даласына  Ресейдің  отарлық  саясаты  басталды.  Қазақ  арасындағы  рушылдық-
тайпалық  бөлінудің  арқасында  Ресей  империясы  толықтай  бодандыққа  алып, 
орыстарды шұрайлы жерлерге орналастырды. 
Қазақтың тұңғыш ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев, географ және зерттеуші 
Шоқан Уәлиханов, ағартушы Ыбырай Алтынсарин орыс білімінен сусындап, Еуропа 
біліміне қол жеткізген болатын. 
Шоқан  орыс  экспедициясына  басшылық  ете  отырып,  Қашғарияға  сапары 
зерттеуін жүргізеді. Қазақтың Шоқаны мен орыс жазушысы Михаил Достоевскийдің 
арасындағы  достығы  жөнінде  мына  сөздер  дәлелдейді:  «Сіз  маған  мені  жақсы 
көремін деп жазыпсыз, ал мен сізге ғашық болып қалдым дегім келеді. Мен ешқашан 
да,  ешкімге,  керек  десеңіз,  туған  бауырыма  да  мұндай  бауырмалдықты  сезінген 
емеспін. Мұның қалай екенін бір құдайдың өзі білер». 
Абай грек ойшылдарынан нәр алып, олармен өз ойының ұштасқанын аңғарады. 
Ең  алғашқы  қазақ  мектебін  ашқан  Ыбырай  қазақ  тілінің  әліппесін  құрастырып, 
халықтың сауатын ашты. 
Ескі Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырымдай жерде орналасқан. 
Онда қазақтың жеті ханы жерленіп, мұражайда ашылған. Бұл – Кіші жүз руларының 
хандарының тарихи астанасы болған қала. Жайықтың бойында қала үйінділері әлі де 
сақтаулы. 
Маңғыстаудағы  Шетпе  кентіне  жақын  маңда  Қызылқала  үйінділері  де 
сақталынған.  Қазақтарға  қорған  болған  Шерқала  тауынан  қашық  емес.  Ақтау 
қаласынан 200 шақырымдай жерде Ақкетік қаласы орын тепкен.  XIX ғасырда орыс 
империясы Каспий жағалауында Ново Петровск бекінісін тұрғызған. Украин ақыны 
Тарас  Шевченко  айдауда  осы  жерде  болғандықтан,  көп  уақытқа  дейін  соның 
есімімен аталып жүрді. 
Кеңес  дәуіріндегі  аштық,  репрессия,  Ұлы  Отан  соғысы  қазақ  халқының 
тарихында  қайғылы  іздер  қалдырды.  Өзге  елдерге  қоныс  аудару  орын  алып,  қазақ 
халқының саны күрт азаюына ықпал етті. Отаршылдық саясатқа халық бірнеше рет 
қарсы шығып, мысалы, Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық  көтеріліс, Адайлар 
көтерілісі жеңіліске ұшырап отырды. 
Мәдениет  саласын  жаңа  деңгейге  көтерген  азаматтар  да  болды.  Қазақ 
халқының әндерін Парижде Әміре Қашаубаев паш етіп, әлем чемпионы Қажымұқан 
Мұңайтпасов,  «Абай  жолы»  романының  авторы  Мұхтар  Әуезов,  ең  алғашқы 
дипломат Нәзір Төреқұлов және т.б. азаматтар көп еді. 
Әліпбиіміз Ахмет Байтұрсыновтың құрастырған төте жазуымыздан айырылып, 
кириллицаға ауыстырылды. Расул Ғамзатов айтқандай: «Әлдекімді ауруынан ана тілі 
сауықтырады,  мен  ана  тілімде  ән  айтамын.  Егер  ертеңгі  күні  менің  тілім  жоғалып 
кетсе, мен бүгін өлуге дайынмын». 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
79 
Тек қана Шыңжаңдағы қазақтар ғана төте жазуды сақтап қалған. Қазіргі таңда 
қазақ  тілінің  сұранысы  өте  төмен.  Қазақ  мектебін  тәмамдаған  адамдарға  жұмысқа 
орналасу да ауыр. 
Қазақ  ұлтының  мүддесін  көздеп,  өз  өмірлерінен  де  елді  жоғары  қойған 
азаматтар қуғын-сүргінге түсіп, итжеккенге айдалып, атылып кетті. Қазақтың бетке 
ұстар  қаймақ  азаматтарынан  айырылдық.  Бірақ,  аққа  Құдайда  жақ  деп,  олардың 
есімдері мен істері ақталып, өз бағаларын да алды. 
Ұлы  Отан  соғысында  қайтқан  қазақтың  батыр  қыздары  Әлия  мен Мәншүк не 
деген  мәрт  еді.  Ал,  Жамбыл  Жабаев  өз  әнімен  ленинградтықтарға  қанат  бітіріп, 
демеу  болған  еді.  Соғыс  кезінде  қазақ  еліне  көптеген  ұлттар  қоныс  аударылып, 
қазақтар өз астарынан бөліп беріп, өнеге көрсете білген ұрпағына. Сол үшін де ата-
бабалырымыздың алдында үнсіз бас иіп, үлгі тұталық. 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы егемендікке бастаған ең алғашқы қадам болып 
табылады.  1989  жылғы  Жаңаөзен  оқиғасынан  соң,  Колбин  мүлдем  Қазақстаннан 
кетті. 
1991  жылы  айымыз  оңынан  туды.  Қасиетті  шаңырағымыздың  үстінен  көк 
туымыз желбіреп, бабалар аңсаған арманымызға қол жеткіздік. 
Әрине,  ол  оңай  келген  емес.  Қаншама  қиыншылықтыр,  құрбандықпен  жетті 
десеңші?! 
Мұхтар  Шахановтың  өлеңіндегі  төрт  ананы  қорғаған  1986  жылдың  жастары 
егемендіктің  көк  туын  көре  алмай,  қыршынсыз  кетті.  Өз  ұлтына  ғана  емес,  өзге 
республикаларға да үлгі болды-ау сол жастар! 
Міне, біз өзімізді бақыттымыз деп айта аламыз. Тәуелсіз елде көк туымыздың 
астында өмір сүрудеміз. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет