№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
80 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
АСЕМБАЕВА Сая Капашевна, 
«№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АХМАДИЕВА Динара Рашитовна, 
«№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» САБАҒЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ДАМЫТУ 
 
Бұл  жұмыста  бастауыш  сынып  оқушыларына  қазақ  тілі  грамматикасын  түрлі 
ойындар  арқылы  жеңіл,  әрі  қызықты  меңгертудің  әдіс-тәсілдері  туралы  айтылған. 
Ойын  –  балалардың  шынайы  ойлап  тапқан  шындығына  тез,  еркін  енуіне,  өзіндік 
«Менін»  қалыптастыруға  және  шығармашылыққа,  белсенділікке,  өзін-өзі  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  қолданылатын  ойындар 
оқушылардың жас ерекшелігіне сай топтастырылған. 
Кез-келген  ойын  түрлерін  сабақта  ойнатқанда  оқушыларда  әрекет  пайда 
болады,  дүниетанымы  кеңейеді,  ой-өрісін  дамытады.  Нәтижесінде  ойнай  отырып, 
оқушылардың білім сапасының көрсеткіші жоғарлайды. 
Бастауыш сыныпта оқыту барысында мұғалім баланың білім мен қабілеттілігін 
қалыптастырады.  Қазіргі  мектептегі  оқыту  баланың  таным  процестерін  дамытып, 
барлық  іс-әрекет  түріне  қабілеттілігін  қалыптастыруға  үлкен  ықпал  жасайды.  Оқу 
барысында  баланың  танымдық  қабілетін  дамыту  жолдарын  зерттеген  И.Г. 
Песталоци,  К.Д.  Ушинский,  Д.Б.  Занков,  М.И.  Махмутов,  Б.  Тұрғынбаева,  К. 
Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. 
Ойын  –  балалардың  шынайы  ойлап  тапқан  шындығына  тез,  еркін  енуіне, 
өзіндік  «Менін»  қалыптастыруға  және  шығармашылыққа,  белсенділікке,  өзін-өзі 
дамытуға мүмкіндік береді. Ойын – әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, 
еңбекке дайындайды. 
Бастауыш  сыныптарда  ойын  технологиясын  пайдалану,  қазіргі  өркениетке 
ұмтылған  қоғам  талабына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасының  дамыған  елдермен 
иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз 
бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау 
ұстаздың міндеті. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде 
өтеді.  Міне,  осы  кезде  оқушы  тек  білім  алып  қана  қоймай  шығармашылықпен 
зерттей білуге үйренуі керек. 
Білімді  алуда  іс-әрекетке  үйренген  баланың  бойында  алған  білімі  ұзақ  уақыт 
сақталады  және  ол  жұмыс  істеуге,  ізденуге,  таңдауға,  т.б.  үйренеді.  Сол  үшін  ескі 
дәстүрлі  сабақтан  қашып,  ең  озық,  тәжірибеден  өткен  технологиялардың  бірінің 
тиімділігін  сәйкес  таңдау  қажеттілігі  туады.  Біркелкі  сабақ  оқушыны  зерігу  мен 
жайбарақаттылыққа  алып  келеді.  Ал  зерігу  болған  жерде  шығармашылыққа  жол 
жоқ.  Біз  сол  себепті  «Грамматикалық  ойын-жаттығуларды  қолдану  арқылы 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
81 
бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп 
өзіміздің проблемалық тақырыбымызға сүйенеміз. 
Әрбір  ұстаздың  мақсаты  –  сабақ  сапасын  көтеру,  түрлерін  жетілдіру,  сабаққа 
оқушының  қызығушылығын  арттыру.  Сондай-ақ  бүгінгі  таңда  елімізде  оқыту 
мазмұны  жаңартылып,  сабақтарда  озық  технологияларды  қолданудамыз.  Сондай 
технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. 
«Егемен  еліміздің  тірегі  –  білімді  ұрпақ»  десек,  білімнің  негізі  бастауышта 
қаланатыны  белгілі.  Бастауыш  сыныптағы  әртүрлі  пәндер  оқушы  білімін  дамытып, 
танымдық  қабілетін  сомдауға  үлкен  үлес  қосады.  Балаларды  оқытуда  және 
тәрбиелеуде  ойынның  рөлі  педагогикада  бұрын  да,  қазір  де  қарастырылып  келеді. 
Алдыңғы  қатарлы  педагогтардың  бәрі  де  ойынды  нағыз  керекті  және  маңызды  іс-
әрекет деп түсінеді. Ойын балалар үшін оқу  да, еңбек те болып табылады. Ойын  – 
айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды 
жеңудің  жолын  үйретіп  қана  қоймайды,  ұйымдастырушылық  қабілетін 
қалыптастырады.  Ойында  бала  қандай  болса,  өскен  кезде  жұмыста  да,  көбінесе, 
сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы 
алады», - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. 
Тиімді  қолданылған  ойын  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын 
оқушылардың  зор  ынтамен  тыңдап,  берік  меңгеруіне  көмектеседі.  Өйткені  төменгі 
сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты 
ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын 
болады. 
Сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  қолданылатын  ойындарды  төмендегідей 
топтастыруға  болады.  Әрбір  ойынның  бала  үшін  білімділік  мақсаты  ғана  емес, 
тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын ұлттық, дидактикалық, жұмбақ есеп, әріпті 
кубиктер, т.б. болып бөлінеді. 
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: 
-  Ойынның  мақсаты  нақты  және  керекті  көрнекіліктер  мен  материалдар  күн 
ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою; 
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру; 
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету: 
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу; 
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу; 
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану; 
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу; 
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет. 
Ұлттық  ойын  ойнау  баланың  салт-дәстүріне,  әдет-ғұрпына  деген 
сүйіспеншілігін  арттырады  және  адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырады. 
Мәселен, ұнамды әдеттер – өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. 
Еңбек  ету  барысында  ұйымшылдық,  жауапкершілік,  парыздық  сезімдер  сияқты 
қасиеттер қалыптасады. 
Оқушының  бәрі  жақсы  оқығысы  келеді.  Бірақ  олардың  ақыл-ой  қабілеті 
бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері 
мұғалімнің  түсіндірген  сабағын  тез  ұғады,  кейбіреулері  керісінше.  Сондықтан 
барлық  оқушыны  білімге  бірдей  жетелеу  үшін  өз  мүмкіндігіне  сәйкес  сабақты 
меңгерту,  тілін,  ой  ұшқырлығын  дамыту,  өзіндік  пікір  айтуға  жағдай  жасау  еркін 
шығармашылыққа  жетелейтін,  пәнге  қызығушылығын  арттыратын  әдістің  бірі  – 
грамматикалық ойынның түрлері. 
Грамматикалық  ойындар  арқылы  сабақтарда  оқушылар  әртүрлі  жағдайды 
түсінеді,  оны  шешу  жолдарын  қарастырады.  Жақсы  ойынға  бала  бар  ынтасымен 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
82 
беріліп,  оны  білуге,  меңгеруге  талпынып,  алуан  түрлі  дағды,  мәліметтерді  алып, 
шеберліктерін шыңдайды. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, 
тереңдету,  олардың  ізденімпаздығын  арттыру,  ой-өрісін  кеңейту,  шығармашылық 
қабілетін  дамыту,  оқуға  белсенділігін  арттыру  мақсатын  көздейміз.  Қазақ  тілі 
пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа 
орай  әртүрлі  әдіс-тәсілдермен,  шеберлікпен  грамматикалық  ойындарды  енгізуге 
болады. 
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады. 
1.  Қ  әрпінен  басталатын  қалалардың  атын  жаз.  Мысалы:  Қарағанды, 
Қызылорда, Қостанай. 
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы – 
ыдыс, Ыдырыс, ыстық І – ілгіш, ірімшік, тіршілік. е – береке, текемет, ертең. 
3.  Қай  жағынан  оқыса  да,  мағынасы  өзгермейтін  сөздер  ойлап  жаз.  Мысалы: 
нан,  қазақ,  қырық.  «Дыбыс  таңдау  ойыны».  Ойынның  шарты  бойынша  таңдаған 
дыбыстан  ғана  басталатын  сөйлем  жазу.  Мысалы:  Қойдан  қалып  қойған  қозыны 
Қанат қораға қамап қойды. 
«Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса. 
1. р, о, б – бор; 
2. а, ш, а, ғ – шаға. 
Лексика бойынша «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден 
сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс. 
1. Ұяда... Ұшқанда. 
2. Көп... Терең... 
«Кім  білгір»  ойыны.  Тақтаға  заттардың,  жан-жануарлардың  суреті  ілінеді. 
Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім біледі? 
«Жылдам  жауап»  ойыны.  Оқушыларға  әзіл  аралас  сұрақтар  беріледі.  Сұраққа 
толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап 
берілуі керек. 
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын 
арттыруға  болады.  Сабаққа  ынтасын,  ықыласын  бірден  аудару  мақсатында  өлең 
есепте қолданудың маңызы зор. Мысалы: 
Бізде қызық ойын бар, 
Ал ықылас қойыңдар. 
Қане, тәртіп сақтайық, 
Баспалдақтан аттайық, 
Есептеуден қашпайық, 
Жүлделі  болып  қайтайық,  -  деп  балалардың  зейіндерін  аударып,  тақтаға  екі 
жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. 
Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып, мәредегі ойыншықты алады. 
Бұл  ойынды  «Қоянға  көмектесейік»  немесе  «Балапанды  құтқарайық»  деп  атауға 
болады.  Әр  сабақта  ойын  түрлерін  орынды  қолданып,  оны  қызықты  етіп  өткізу 
арқылы  бүлдіршіндердің  оқуға  деген  ынта-ықыласын,  пәнге  қызығушылығын 
арттыруға болады. 
Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі 
– «Сергіту сәті». Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, 
оның  тәрбиелік  мәніне  де  назар  аудару  қажет.  Мысалы:  «Ұзын  құлақ,  сұр  қоян». 
Немесе дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық». 
Сондай-ақ, меңгерілген тақырыпты, иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында 
әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
83 
да  сергіту  сәтін  жандандыруға  болады.  Мысалы:  «Шөжелерім»,  «Әйгөлөк», 
«Қаражорға». 
Бастауыш сынып оқушыларын  ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік 
мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар 
оқушы  қалып  қоймайды.  Жақсы  оқушы  мүмкіндігіне  дейін  дамып,  нашар  оқитын 
оқушы өз мүмкіндігінше іс-шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. 
Қорыта  айтқанда,  кез-келген  ойын  түрлерін  сабақта  ойнатқанда  оқушыларда 
әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы 
дамытады.  Соңғы  нәтижеде  ойнай  отырып,  білім  көрсеткішіне  өз  үлесін  қосады. 
Артта  қалған,  жасық,  мектептен  қорқатын,  оқуға  енжер,  күшпен  оқитын  оқушы 
болмайды.  Керісінше,  баланың  өмірі,  қоршаған  ортаны  танып  білу,  еңбекке 
қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. 
Ойындар  –  оқушылардың  сабаққа  белсенділігін,  қызығушылығын  арттырады, 
шығармашылық  қабілетін  ұштайды.  Ғалымдардың  сөзімен  айтқанда:  «Ойынсыз 
ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай 
ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспетті,  ол  арқылы  баланың  рухани  сезімін,  өзін 
қоршаған  дүние  туралы  ұштастырады.  Білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап 
жанар оты», - деген екен. 
Ендеше,  сыныпта  және  сыныптан  тыс  уақытта  ойын  технологиясын 
пайдаланудың нәтижесі қандай? Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда: 
Оқы да біл, 
Ойын – еңбек. 
Ойна да күл, 
Ойын – оқу, - деп сөзімізді аяқтағымыз келеді. 
 
Әдебиеттер 
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991.  
2 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, 
1997.  
3 Педагогика жаршысы. – №4. – 2010. – №3. – 2010.  
4 12 жылдық білім. – №4. – 2006.  
5 Қазақ тілі мен әдебиеті. – №2. – 2005; №11. – 2007; №№1, 10. – 2008; №№4, 9. 
– 2009. 
 
Резюме 
В  этой  работе  показано,  как  легко  и  интересно  ученикам  начальных  классов 
усвоить  через  различные  игры  грамматику  казахского  языка.  Игра  способствует  у 
ребенка  развития  творчества,  самопознания,  активности  и  развития  личностного 
характера.  Учитывая  возраст  учеников  игры  используемые  во  время  урока  и  вне 
урока  разделены  на  группы.  Использование  игр  на  уроке  развивает  у  детей 
мышление,  расширяется  кругозор.  В  результате  использования  игр  на  уроке 
способствует повышению качества знания ученика. 
 
Summary 
This work consists of different methods of teaching Kazakh grammar through games 
which allow pupils to understand the material easily. Games give children opportunities to 
be  active,  to  develop  their  abilities  and  to  feel  freedom  in  the  class.  All  games  are 
completed according to  their age ranges. When children play  games they  are active, they 
can widen their horizon, and they can develop critical thinking. 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
84 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
БАХТЫБЕК Нұрислам Русланбекұлы, 
СЕЙДХАНОВ Азизбек Шакирұлы, 
№117 негізгі орта мектебінің 1 «А» сынып оқушылары, Октябрь елді мекені
Жамбыл ауылдық округі, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: НАЗИМОВА Перуза Күнжігітқызы, 
№117 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Октябрь елді мекені, 
Жамбыл ауылдық округі, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
БАСТАР Сабина Ақылбекқызы
ӨТЕП Өмірзақ Әлмаханұлы, 
№117 негізгі орта мектебінің 2 «А» сынып оқушылары, Октябрь елді мекені, 
Жамбыл ауылдық округі, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТӨЛЕБАЕВА Жұлдызай Кеңесқызы, 
№117 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Октябрь елді мекені, 
Жамбыл ауылдық округі, Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
СУ – ҒАЛАМШАРЫМЫЗДЫҢ НӘРІ 
 
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі – су. Су – тірішілік көзі, 
жердің  нәрі.  Жердің  климатын  жасаған  –  су.  Егер  су  болмаса,  біздің  планетамыз 
баяғыда-ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. 
Сусыз  ешбір  организм  үшін  өмір  жоқ  деуге  болады.  Су  жердің  геологиялық 
тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса 
маңызды рөл атқарады. 
Су – қасиетті зат. Судың маңызды рөл атқаратынын мына қасиеттерінен көруге 
болады. 
Су – еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді. 
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан 
химиялық  реакциялардың  нәтижесінде  бөлінетін  жылудың  белгілі  бір  мөлшері 
денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға  шығарылып отырады. Су 
қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және 
организмдердің  қалыпты  тіршілік  етуін  қамтамасыз  етеді.  Тірі  организмдердің 
тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор. 
Судың  қасиетін  халқымыз  ертеде  білген,  өйткені  сумен  жуынғанда  адам 
денесінде  мынадай  он  түрлі  қасиет  пайда  болады  деп  есептеген.  Ақыл-ойы 
анықталады; адам бетіне жас өң береді; сергектік; денсаулық; күш; сұлулық; жасару 
құбылысы;  тазалық  адам  терісі  жұмсарып,  әрленеді;  сұлу  әйелдер  көңіл  аударады. 
Осыдан барып «Судай сұлуға жолық» деген қанатты алғыс сөз шыққан. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
85 
Су  адам  денсаулығының  кепілі  екені  бәрімізге  белгілі.  Қоғамдық  өндірістің 
жедел  дамуы,  қалалардың  урбанизациясы,  халық  санының  тез  өсуі,  қоғамның 
тұрмыс  жағдайының  жақсаруы,  халықтың  мәдени  деңгейінің  өсуі,  осының  бәрі 
судың  қажеттілігін  өсіреді  және  қолданылатын  су  экологиялық  жағынан  қауіпсіз 
болуы керек. 
Ішетін  су  барлық  санитарлық  тазалық  сақтау  талабына  сай  болған  жағдайда 
ғана  өзінің  физиологиялық  қызметін  орындай  алады.  Тазалығы  жөнінен  су  мөлдір, 
иісі дәмі жоқ болып, ең бастасы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және 
ауру  туғызатын  микробтар  болмауы  тиіс.  Сонымен  қатар,  адам  үшін  судағы  еріген 
химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында 
хлордың,  темірдің,  күкірттің,  марганецтің,  мыстың,  мырыштың  және  басқа  да 
химиялық заттардың қоспалары бар. 
Химиялық  элементтердің  мөлшеріне  қарай  кейбір  су  көздерінің  емдік 
қасиеттері  де  бар.  Сулар  емдеу  орындарында  екі  түрлі  жолмен  –  ауыз  суы  ретінде 
және шомылатын су ретінде пайдаланады. 
Табиғатта  судың  орнын  ауыстыратын  зат  жоқ.  Су  дегеніміз  –  өмір.  Су  –  жер 
бетіндегі тіршілік көзі. Су – бір тұтас және бөлінбейтін зат. Су – сутек пен оттектен 
тұрады.  Тірі  және  өлі  табиғатта  жүретін  түрлі  процестер  мен  құбылыстардың  адам 
тіршілігіне  жұмсалатын  заттардың  ішінде  судың  маңызы  зор.  Мұздарды, 
батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. 
Су  қорларына  –  мұхиттар,  теңіз,  өзен,  көл,  жер  асты  сулары,  мұздықтар, 
атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда 
болатын  зат  және  энергия  айналымына  тікелей  қатысады.  Көптеген  процестер  тек 
сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, 
ал  белок  тірі  клетканың  негізі  болып  табылады.  Жер  бетіндегі  биологиялық 
өнімдердің 43%-ын, ал оттегінің 50%-дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. 
Су қоры – халық байлығы. Өкінішке қарай, жер бетіндегі тұщы судың қоры өте 
аз.  Өзендер  мен  көлдердегі  тұщы  сулардың  қоры,  гидросфера  ресурсының  бір 
пайызына  да  жетпейді  екен.  Құрлық  бетінің  әр  түрлі  жерлеріндегі  тұщы  сулардың 
қорлары әр түрлі. 
Қазақстанда  1987  жылы  халық  шаруашылығына  жұмсалған  судың  жалпы 
мөлшері 38 км
3
-ге  жетті.  Планетамыздағы  адамзаттың  тұщы  суды  пайдалануы  жыл 
сайын  өсіп  келеді.  Ал,  мұхиттардың,  теңіздердің  тұзды  сулары  шаруашылықта 
мардымсыз болса да, қолданылып жүр. 
Біздің  республикамызда  су  тұщытқыш  станциясы  Ақтау  қаласында  ғана  бар. 
Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX 
ғасырда  мәдениеті  дамыған  елдерде  оның  шамасы  орта  есеппен  200-400  литрге 
жетіп отыр. Су ресурстарының «мұхит – атмосфера – жер – мұхит» системасындағы 
айналым процестерінде тамаша бір қасиеті – өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. 
Сондықтан  табиғатты  қорғаудың  аса  маңызды  міндеттерінің  бірі  табиғи  сулардың 
осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. 
Сусыз  тіршілік  жоқ,  ол  бүкіл  тірі  жан  иесінің  бойында  бар.  Жер  бетіндегі  ең 
көп  тараған  зат  –  су.  Глобусқа  немесе  жартышарлар  картасына  қарайықшы,  онда 
жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, 
өзендер  көлдер.  Судың  біразы  жер  астына  шоғырланған.  Мұның  бәрі  –  сұйық 
күшіндегі  су.  Мұздықтар  мен  айсбергтер  де  қатып  қалған  су  болып  табылады.  Су 
атмосферада  да  аз  емес,  онда  ол  бұлт,  тұман,  бу  және  жаңбыр  мен  қар  түрінде 
болады. 
Табиғатта  қоспасы  жоқ,  тап-таза  су  дегенді  таппайсың.  Таза  суды  тек 
лабараторияда  ғана  алуға  болады.  Ондай  судың  ешбір  дәмі  жоқ,  онда  тірі 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
86 
организімге  қажетті  тұздар  да  болмайды.  Теңіз  суының  құрамында  өте  көп 
мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан. 
Суды  алғаш  1781-1782  жылдары  ағылшын  ғалымы  Г.  Кавендиш  синтездеген. 
1783  жылы  А.  Лавуазье  сутегі  жанғанда  оттегімен  қосылып  суға  айналатынын 
дәлелдеді.  1785  жылы    А.  Лавуазье  француз  ғалымы  Ж.  Мёньмен  бірге  судың 
сандық құрамын анықтады. 
Сутегі өте кең тараған, ол барлық жерде: космос кеңістігінде, тұмандықтарда, 
жұлдыздарда,  тіпті  Күнде  де  кездеседі.  Аса  ғаламат  қысым  мен  ондаған  миллион 
градус  температураның  әсерінен  сутегінде  болатын  өзгеріс  Күннің  жылуы  мен 
жарық шығаруына мүмкіндік береді. 
Су – 0 градуста қатып, 100 градуста қайнайды. Табиғатта таза су кездеспейді, 
онда  еріген  түрлі  қоспалар  болады.  Сондықтан  ауыз  суды,  өндірістік  мақсаттарға 
қажет суды арнайы тазартады. 
Су минералының мөлшеріне қарай сулар өте тұщы (0,2 г/л-ге дейін), тұщы (0,2-
1 г/л), ащы (1-10 г/л), жай тұзды (10-35 г/л), өте тұзды (35-50 г/л), жай тұздық (50-75 
г/л), тұздық (75-150 г/л), тұзға қаныққан (150-330 г/л), тұзға өте қаныққан (330 г/л – 
1-ден астам) болып ажыратылады. 
Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері 1454327,2 мың км
3

бұның  ішінде  дүние  жүзілік  мұхит  үлесіне  1370  млн.  км
3
,  жер  асты  суына  60  млн. 
км
3
,  мұздықтарға  24  млн.  км
3
,  көлдерге  230  мың  км
3
,  топырақ   ылғалына  82  мың 
км
3
, өзен суына 1,2 мың км
3
, атмосфера буына 14 мың км
3
 келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет