№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Білу, тану 
Түсіну 
Қолдану 
Талдау 
Жинақтау 
Бағалау 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
62 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  сияқты  тақырыптар  үлкен  философиялық 
тұжырымдарға жетелейді. 
Бұрын  оқу  үдерісі  кезінде  бар  салмақ  мұғалімге  түсетін.  Ол  белгілі  шеңберде 
жұмыс  жасайтын.  Жаңаша  оқытудың  «Кембридждік»  жүйесі  бойынша  бұл  тәсіл 
біршама  өзгереді.  Мұнда  балаларға  білім  дайын  күйінде  берілмейді,  керісінше 
оқушылардың  өздерін  еркін  ұстауға,  ойлануға  мүмкіндік  жасалады.  Олар  өз 
беттерімен  және  өзара  әрекеттесе  оқып-үйреніп,  ортақ  бір  шешімге  келуге 
бағытталады.  Сондықтан  да  қазіргі  таңдағы  әрбір  ұстаздың  да,  оқушының  да  іс-
әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек. 
Нақты  тоқтала  кетсек,  жаңа  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдану  жүйесін 
тереңірек енгізу, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, ішкі уәжін ояту 
мақсатында  мектебіміздегі  деңгейлік  бағдарлама  бойынша  курстан  өткен  ұстаздар 
мен  білім  беру  мекемелерінің  басшыларының  біліктілігін  арттыру  курсында  оқып 
жатқан  мектеп  басшысы  А.Т.  Тукенованың  басшылығымен  мектебімізде  «Біз  сізді 
қалай  оқытқанымызды  қалар  едіңіз?»  атты  сауалнама  өткіздік.  Сауалнама 
нәтижесінде оқушыларымызға қазіргі таңда жаңадан енгізген әдіс-тәсілдеріміздің 90 
пайызы  ұнағанын,  олардың  сабақ  кезінде  пікірлері  ескеріліп,  жұптасып,  топта 
бірлесе жұмыс жасауы қызықты екені айтылды. 
Кері  байланыс  орнатып,  «оқушы  үніне»  көңіл  бөлгеніміз,  оқушының  сабақты 
жоспарлауға,  сабақтың  мақсатын  айқындауға  қатысып  және  өз  жұмыстары  мен 
өзгені  бағалауға  мүмкіндік алғаны  – баланың дербес, батыл, өз ойын еркін жеткізе 
алатын,  сыни  көзқарасы  қалыптасқан,  алған  теориялық  білімін  практика  жүзінде 
өмірде қолдана алатын жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. 
Оқушыларымыздың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтап алғаннан 
кейін,  мектебімізде  ұстаздарға  арналған  коучингтер  өткізіп,  L sson  s  d   тәсілін 
енгіздік.  Сабақтар  топтамасына  орта  мерзімді  жоспар  құрып,  сол  жоспардан  қысқа 
мерзімді  жаңаша  жоспар  жасаудамыз.  Сабаққа  нақты,  өлшемді  мақсат  қою,  өтетін 
тақырыптың  түйінді  идеясын  талқылап,  инновациялық  әдіс-тәсілдер  арқылы 
нәтижеге  қол  жеткізу  мақсатында  сын  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  модулін 
басшылыққа ала отырып, сабақ барысының технологиялық алгоритмі жасалынды: 
 
Сабақтың 
кезеңдері 
Іс-әрекет 
Тиімді әдіс-тәсілдер 
Қызығушылықты 
ояту. 
Бұрын алған 
білімдерінің 
маңыздылығын ескеру. 
Жаңа ақпарат алуға 
қызығушылығын ояту. 
Білім  алу  үшін  өзіңе 
мақсат қою. 
Миға шабуыл. 
Инсерт. 
Диалогтік оқыту 
рөлдік (іскерлік) ойын. 
Класстер. 
ББҮ кестесі. 
Төменгі дәрежелі сұрақтар қою. 
Формативті бағалау. 
Мағынаны тану. 
Жаңа тақырыпты түсіну, 
ұғу, қолдану. 
Талқылау, талдау 
барысында оқушы өзіне 
қойған мақсатына 
өзгерістер енгізу. 
 
Жұптық, топтық жұмыс. 
Постер жасау, қорғау. 
ЖИГСО. 
Триггерлік суреттер. 
Семантикалық карта. РАФТ. 
Үш қадамды сұхбат. 
Пікірталастар, жағдаяттарды шешу
іс-әрекетті зерттеу, 
жобалау әдісі. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
63 
Ой толғаныс. 
Оқушы сабақтан «Не 
алдым?», «Сабақтың 
басында қойған 
мақсатқа жеттім бе?», 
«Қандай қиындықтар 
болды?», «Проблеманың 
шешу жолдары қандай 
екен?», «Жалпы бүгінгі 
тағырыптың маңызы 
неде?» деген сияқты 
жоғары дәрежелі 
сұрақтар арқылы ой 
толғаныс жүріп, кері 
байланыс алынады. 
Рефлексия. 
Синквейн. 
Вен диаграммасы. 
Автор орындығы. 
Даналық ағашы. 
Бейне таспа көрсету. 
Ой сергек. 
Формативті бағалау. 
Кері байланыс. 
Блоб ағашы. 
Сәттілік баспалдағы. 
 
Өз  тәжірибемізде  қолданатын  стратегиялар  жиынтығы  бағдарламаның  7 
модулін  қамтып,  оқушылардың  белсенділіктерін  арттырады,  таным  деңгейін 
кеңейтіп, сындарлы ойлауға жетелейді, оқушылар тақырыпты талқылап, пайымдап, 
шешім  қабылдауға  дағдыланып,  шығармашылық,  зерттеушілік  қабілеттерін 
дамытуға жол ашады. 
Инерактивті  оқыту  технологиясы  –  оқушы  мен  оқытушы  арасындағы  тең 
қарым-қатынас.  Оқушы  ойын  ашық  айта  алады,  проблеманың  шешу  жолдарын 
бірлесіп орындайды, талқылайды, сын айтады. Сынды қабылдайды, талдайды, бұрын 
алған білімімен салыстыра отырып білімін жинақтайды. 
Бұл  қазіргі  заманауи  оқыту  технологиясына  айналу  қажет.  Гуманитарлық 
пәндерді оқытуда шектеу болмау керек. Неге? Өйткені тіл, әдебиет, тарих сөйлеуді, 
терең  ойды,  ұшқыр  қиял  мен  философияны  қажет  етеді.  Ендеше  неге  жаңаны 
пайдаланып,  оқушыларымыздың  барлығының  бойында  бар  қабілеттерін  тауып, 
дарындылықтарын оятып, неге талантына нұр шашпасқа? 
Қазіргі жас ұрпақ – ертеңгі еліміздің жарқын болашағы! 
Бәсекеге қабілетті  адами капиталды дамытудың басты талабы  – әр  педагогтің 
бүгінгі  күннің  талабынан  туындайтын  өзгерістерді  алдымен  өзінен  бастауы,  өмірге 
деген көзқарасын өзгертуі, кәсіби өсуі. 
Мұғалім –  бүгінгі  оқушы  –  ертеңгі  қоғамның,  елдің  тірегін  өмірге 
дайындаушы. 
 
Әдебиеттер 
1  Қазақстан  Республикасында  2011-2020  жылдарға  дейінгі  білім  беруді 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. 
2 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012 ж. Үшінші (негізгі) деңгей. – Астана: 
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 306 б. Үшінші басылым. 
3  Кобдикова  Ж.У.  Ж.А.  Қараевтың  деңгейлеп  оқытудың  педагогикалық 
технологиясы. – Алматы, 2007. 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
64 
ӨМІРБЕКОВА Эльмира Дүйсенбековна, 
№93 жалпы орта мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, Ақсукент ауылы
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
бойынша 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық  жоспарды қабылдау  жөнінде нақты 
міндет  қойды.  Мұндай  стратегиялық  міндетті  шешу  жағдайында  белсенділігі 
жоғары, шығармашыл  тұрғыда ойлауға  және  шешім қабылдай  алуға, кәсіби жолын 
таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты 
функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасымен 
өмірге  келген  функционалдық  сауаттылықтың  мақсаты  –  оқушылардың  білімдерін 
өмірде  тиімді  қолдануға  үйрету.  Сонымен  қатар,  ол  орта  білім  жүйесінің 
парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. 
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары 
ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болды  және  кейіннен  зерттеушілердің  қолдануына 
енді.  Функционалдық  сауаттылық,  кеңінен  алғанда,  білім  берудің  (бірінші  кезекте 
жалпы  білім  беруді)  көп  жоспарлы  адамзат  қызметімен  байланысын  біріктіретін 
тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы 
әлемде  функционалдық  сауаттылық  адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және 
экономикалық  қызметтерге белсенді  қатысуына, сондай-ақ өмір  бойы білім алуына 
ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 
Сауаттылық 
тұлғаның 
тұрақты 
қасиеті 
болып 
табылатындықтан, 
функционалдық  сауаттылық  сол  тұлға  меңгерген  белгілі  бір  білім-біліктерден 
көрініс  табады.  Өйткені  функционалдық  сауаттылыққа  адам  нақты  білім  алу 
кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық 
деңгейін  қамтамасыз  ететін  құрал  және  нақты  іс-әрекеттердің  нәтижесі  ретінде 
қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі 
нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық 
сауаттылықтың  мәнін,  рөлін  айқындау,  оны  мектеп  тәжірибесіне  ендіру  уақыт 
талабына сай келеді. 
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе 
алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай 
алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі 
бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын  және  оның  әлеуметтік 
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан 
құралады.  Осындай  сапалық  сипаты  тұрғысынан  қарағанда  функционалдық 
сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 
Жалпы  функциональдық  сауаттылық  деген  ұғымды  таратып  айтар  болсақ, 
адамдардың  (жеке  тұлғаның)  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 
қызметтерге  белсене  араласуы  және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық 
факторы.  Яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  ілесіп  отыруы. 
Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан 
үнемі білімін жетілдіріп отыруы, жалпы кең мағынасында ол тек білік пен білімділік 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
65 
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының 
мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. 
Қоршаған  әлемде  және  табиғатта  болып  жатқан  құбылыстарды  түсіну, 
салыстыру,  талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  жалпылау  білік,  дағдыларын  меңгерту 
мақсаттары  көзделгенде  ғана  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  болады.  Пәнді  интеллектуалдық  және  шығармашылық  тұрғыда 
түсініп  меңгертуде  қазіргі  таңдағы  оқыту  технологияларының  стратегияларын 
пайдалану  тиімді  болып  келеді:  «Джиксо  –  ұжымдық  оқыту»  стратегиясы,  «Дана 
үкілер»  стратегиясы,  «Мозаика  немесе  Ара  ұясы»  стратегиясы.  Мақсаты:  жалпы 
мәселені жұпта, ұжымда талқылау. 
Бұл  стратегиялар  мазмұнды  жоғары  табыспен  меңгеру,  оқығанды  есте  сақтау 
үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-
қатынас  қалыптасады,  саналы  тәртіп  орнайды,  өз  бетінше  ойлауға,  ізденуге, 
нәтижеге  жетуге  дағдыланады.  Сабақта  әрбір  өтілген  мәтінді  өмірмен 
байланыстырып,  өз  туған  өлкеңмен,  өз  ауылыңның  халқымен,  тұрмыс 
жағдайларымен  байланыстырып  өту,  баланың  қызығушылығын  арттыруда  үлкен 
септігін  тигізеді.  Ол  үшін  күнделікті  оқыту  үдерісінде  әрбір  пәннен  берілетін 
теориялық  білімді  өмірдегі  жағдайлармен  байланыстырып,  практикалық  жағына 
бағыттап  отыру  керек.  Сондықтан  теория  мен  практиканың  байланыста  болуын 
қамтамасыз  ету  үшін  әрбір  пән  бойынша  берілетін  білімнің  мазмұны  мен  көлемін 
анықтағанда  теориялық  қағидалардың,  заңдылықтар  мен  ережелердің,  яғни 
ұғымдық-ақпараттық  материалдардың  бала  өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық 
мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетіндей,  бала  оны  қолдана  алатындай  практикалық 
маңызы ескерілуі тиіс. 
Сондай-ақ  оқушылардың  оқу  материалын  тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-
мағынасын  терең  түсінуін  қамтамасыз  ету  міндетті  боп  саналады.  Мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік 
ойын,  дара  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  және  сұрақ-жауап  әдістері  арқылы  жүзеге 
асатын  жағдаяттық  тапсырмалар,  рөлдік  ойындар,  сұхбаттық  тапсырмалар, 
құзыреттіліктерді  қалыптастыратын  тапсырмалар  арқылы  кешенді  жүргізудің 
тиімділігі жоғары болады. 
Мұғалім  ретінде,  жаңа  стратегияларды  «Биология»  сабағында  қолдану 
барысында  оқушының  өз  бетімен  білім  алып,  алған  білімді  іс  жүзінде  дәлелдей 
алатын  және  «үндемейтін»,  «енжар»  оқушының  қызығушылығын  оятып,  оны 
«сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым. 
9  сыныпта  «Биология»  пәнінен  СТО  технологиясының  әдістерін  қолданып, 
бірнеше  сабақтар  өткіздім.  Онда  ЖИГСО,  белгілер  әдісі,  венн  диаграммасы,  бес 
жолды  өлең,  топтастыру  әдістерін  қолдандым  және  жеке,  топтық,  рөлдік  ойын 
жұмыстар  жүргізілді.  Сол  сияқты  инновациялық  технологиялардың  әдіс-тәсілдерін 
9-11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. 
Жоғары  сыныптар  үшін  көбіне  ЖИГСО  стратегиясын  қолдануға  болады. 
ЖИГСО  стратегиясын  қолдануда  мәтіннің  көлемі  үлкен,  күрделі,  ғылыми  тұрғыда 
болуы керек. Себебі, қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелі топсыз-ақ өздері 
оқып,  тіпті  жаттап  алып  айтып  береді.  Қандай  технологияны  пайдаланған  кезде  де 
оқушының белсенділігі мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы 
мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. 
Сонымен  бірге  оқыта  үйрету  ойындары  оқушыларға  білімдерін  тереңдетуге, 
толықтыруға,  бекітуге,  алған  білімдерін  өмірде  қолдана  білуге,  ақпарат  көздерімен 
өздіктерінен  жұмыс  істеуге,  ізденуге,  әр  түрлі  жағдайларда  дұрыс  шешім 
қабылдауға,  қиындықтан  алып  шығатын  жол  таңдауға,  өмірде  өзін  бағалай  білуге 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
66 
үйретеді. Мысалы: 6 сыныпта «Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр 
жүйесінің  типтері:  кіндік  және  шашақ  тамырлар»  тақырыбы  бойынша  сабақта 
оқушыларды  үш  топқа,  топтарға  әр  түрлі  тамыр  түрлерін,  яғни  «Негізгі  тамыр», 
«Жанама  тамыр»,  «Қосалқы  тамыр»  етіп  бөлуге  болады.  Әр  топ  әр  түрлі  суреттер, 
кестелер,  ақпараттар  жинап,  постер,  кластер  сызып,  тақтаға  ыңғайлы  етіп 
орналастырып,  әр  топ  кезегімен  өздері  жинақтаған  мәліметтерін  қорғайды,  қалған 
басқа топтар тыңдайды. Тамыр туралы көптеген қосымша мәліметтер алады. 
«Биология»  сабағында  төмендегідей  әдіс-тәсілдерді,  атап  айтқанда,  «Жұптағы 
ой қозғау», «Постер», «Кластерлер», «Жұптаса талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін 
жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ыстық орындық» сияқты 
тәсілдер оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып қана қоймай, әрі білім сапасын да 
жетілдіріп,  функционалдық  сауаттылықтарын  қалыптастыруға    мол  ықпалын 
тигізеді.  Сондай-ақ  «Биология»  сабағында  тек  білім  беру  қызметін  ғана  емес, 
тәрбиелеу қызметін де атқаратындай 
жағдай  жасау  керек.  Мұндай  сабақтардың 
өтілуі  нәтижесінде  оқушыларда  бір-бірімен  сөйлесе  білу  мәдениеті,  тәртіптілік, 
топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан 
безу қасиеттері қалыптасады. 
Жаңа технология стратегияларын оқу үрдісінде қолдану нәтижесінде: 
- Оқушылардың барлығы жұмыс жасайды; 
- Ойын ашық айтуға, жеке пікір айтуға дағдыланады; 
- Оқушы өзін еркін сезініп, жеке тұлға ретінде ізденеді, ой түйеді; 
- Оқушы өзін-өзі тексереді және бағалайды; 
- Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізеді; 
- Оқушылар арасында достық, ұжымдық қарым-қатынас орнатады; 
- Бәсекеге түсу қабілеті дамиды; 
- Пән аралық байланыс болады; 
-  Ауқымды  материалдан  қажетті  ақпаратты  тауып,  шешім  қабылдауға 
дағдыланады, сөздік қоры дамиды. 
Сабақ  түрі  жаңа  заман  талаптарына  сай  өзгеріп,  жаңарып  отырса, 
жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-
түйсіктеріне  әсер  ете  білген  ізденістердің  пайдасы  өте  көп.  Ақыл-парасаттан  көрі 
сезім  түйсігі  ұшқыр  балаларға  көп  жағдайда  бағдарламалық  тақырыптарды  тосын 
тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  енгізу  –  оқыту  үрдісінің  тиімділігін 
арттырып  қана  қоймайды,  басқа  да  көптеген  мәселелерді  шешеді.  Оқушы 
мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі  қарай 
білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану 
оқушылардың  сабаққа  деген  белсенділігін,  қызығушылығын,  танымдық,  ойлау 
қабілеттерін  арттырудың,  яғни  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытудың 
бірден-бір көзі. 
Қорыта  келгенде, оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  – 
бүгінгі заман талабы. Осы орайда, бастауыш сыныптан бастап дұрыс үйрете білу өте 
маңызды. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті 
ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық 
меңгерген  жоғары  деңгейлі  оқытушының  алдынан  шыққан  оқушы  –  өмір 
айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін 
абырой,  яғни  үмітінің  ақталғаны,  әрбір  мұғалім  осыған  ұмтылса,  ұрпақ  алдындағы 
қарыздың өтелгені. 
Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен 
шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
67 
Әдебиеттер 
1  Білім  беру  мекемелері  қызметкерлерін  ақпараттық-коммуникациалық 
технология  саласы  бойынша  біліктілігін  көтерудің  ғылыми-әдістемелік  негіздері.  – 
Алматы, 2012. 
2  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 
жылдарға арналған Ұлттық жоспары // Ғылыми-әдістемелік журнал. – №4. – 2007. 
3  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 
жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы). 
4  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан 
халқына Жолдауы. 
 
САЙМАҒАМБЕТОВА Нұрсұлу Тауленқызы, 
№6 орта мектебі «География» пәнінің мұғалімі, Шалқар қаласы, 
Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
СИСЕНОВА Дина Өтебайқызы, 
№6 орта мектебі «Биология» пәнінің мұғалімі, Шалқар қаласы, 
Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
САБАҚТАРДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Халық пен халықты, 
адам мен адамды 
теңестіретін нәрсе – білім. 
М. Әуезов 
Оқушыларға  қазіргі  заман  талабына  сай  жоғары  дәрежеде  сапалы  білім  мен 
тәрбие беруде әр пәнді оқыту жоғары ғылыми дәрежеде жүргізілуі керек. Қоғамның 
даму кезіңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер 
тәрбие  мен  білім  беру  жүйелерінің  ісін  жаңа  сатыға  көтеру  үшін  білім  саласында 
жаңа,тиімді әдіс-тәсіледерді қолданудың қажеттілігін дәлелдеп отыр. 
Жалпы  білім  беру  жүйесіндегі  және  мектеп  мұғалімінің  алдында  тұрған 
көлемді  әрі  жауапкершілігі  мол  міндеттердің  бірі  –  оқушыға  тиянақты  білім  беру 
болып  табылады.  Өз  мамандығын  шын  сүйетін,  өзі  оқытатын  пәнін  жақсы  көретін 
мұғалім  әрбір  сабағын  ерекше  дайындықпен  және  үнемі  ізденіс  үстінде  жүргізеді. 
Оқушылардың  ынтасын  арттыру,  пәнге  қызығушылығын  дамыту,  білімді  берік  те 
саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп, қолданады. 
Оқыту 
мен 
тәрбиелеу 
мақсатында 
жүргізілген 
жұмыстың 
тиімді 
көрсеткіштерінің  бірі  –  оқушының  белсенділік  қабілеттері  және  пәнге  деген 
қызығушылығын  ояту,  терең  де  мазмұнды  білім  беру,  ой-өрісін,  шығармашылық 
ізденісін  дамытып,  қазіргі  нарық  заманы  бәсекесіне  төтеп  бере  алатындай  білікті 
тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу. 
Зерттеушілер  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  –  білім  сапасын 
арттырудың  бірден-бір  жолы  деп  көрсеткендей,  біздің  әр  күн  сайынғы  сабағымыз 
жаңа технологиямен өткізуді қажет етеді. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны 
қабылдауы,  ынтасы,  құштарлығына  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Мектептердің  оқу  үрдісіне 
жаңа  технологияны  енгізу  арқылы  оқу  сапасы  жақсарып,  дамыта  оқыту  жүзеге 
асырылып, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
68 
туады.  Жаңа  технология  оқушының  өзіндік  жұмыс  атқаруына  және  ең  бастысы  – 
оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. 
Осы  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  өз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды 
сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында 
күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз. 
Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында:  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, 
білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 
шығу», - деп атап көрсеткен. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай:  «Болашақта  өркениетті, 
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.  Қазақстанды 
дамыған  50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  –  білім».  Сондықтан, 
қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің 
технологияландыру мәселесін қойып отыр. 
Оқытудың  әртүрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың  іс-
тәжірибесі зерттеліп, білім мекемелерінің өміріне енуде. Білім сапасын арттыру және 
нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында  мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт 
берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен  меңгерген  зерттеу  біліктері  мен 
дағдылары  нәтижесінде  проблеманың  шешімін  таба  алатын,  ақпараттық-
коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. 
Қазіргі  заман  адамның  осы  құзыреттілікті  меңгере  отырып  тек  кәсіби 
икемділігін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  іске  асырылу  мүмкіндігін 
үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі қалыптастыру талабын қалыптастыра алады. 
Өзінің  көптеген  еңбектерінде  ойынның  бала  өміріндегі  маңызына  үлкен  мән 
берген  ғалымдар  аз  емес.  Қандай  ойын  болмасын,  әйтеуір  бір  нәрсеге  үйретеді,  ең 
бастысы  баланы  –  мұқияттылыққа,  еңбекке,  жолдасымен  ынтымақтастықта  болуға 
үйретеді. Ойын  –  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын  –  айналадағы  дүниені 
танудың тәсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездесетін  қиыншылықтарды  жеңу  жолын 
үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. 
Сабақта  оқушы  қызығушылығын  арттыру  үшін  ойын-сабақтарын  жүргізу  өте 
тиімді.  Ойын  жөнінде  белгілі  педагогтардың  айтуынша,  ойынсыз  ақыл-ойдың 
қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге 
құмарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанар  оты.  Сондықтан  да  ойын  түрлерін  кірістіре 
отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни, 
мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. 
Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы рөлін арттыра түсу қажет. Сонда 
ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі. Ойын баланың көңілін өсіріп, 
ойын  сергітіп  қана  қоймайды.  Балалар  ойын  арқылы  бір-бірімен  тез  тіл  табысып, 
жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді. 
Сабақта  тиімді  қолданылған  ойын  түрлері  –  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған 
материалын  оқушылардың  аса  зор  ілтипатпен  тыңдап,  жемісті,  сапалы  меңгеруіне 
сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне 
байланысты  ойынға  өте  ынталы  келеді.  Балалар  тез  сергіп,  тапсырмаларды  тез,  әрі 
қызығып орындайтын болады. 
Ойын  –  балалардың  оқуға,  еңбекке  деген  белсенділігін,  қызығушылығын 
арттырудағы 
басты 
құрал. 
Ойын 
барысында 
балалардың 
белсенділігі, 
шығармашылығы  дамиды.  Ал  мұғалімнің  міндеті  –  балаларды  ойынға  өз 
қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. 
Ойын  мен  адам  мәдениетінің  өзара  байланысы  ғылыми  түрде  анықталды. 
Олардың  тұлғаны  дамытудағы  маңызы  анықталды,  оның  психологиялық  және 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
69 
әлеуметтік 
факторлармен 
келісімі 
жөнінде 
кең 
қарастырылуда. 
Ойын 
технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. 
Педагогикалық  технология  ұғымы  түрлі  педагогикалық  ойын  түрлерін 
педагогикалық  процесте  әдістер  мен  тәсілдердің  кең  көлемді  топтарын  біріктіреді, 
оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және 
оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне 
сай  анықталады.  Сабақ  барысындағы  ойын  әдістері  оқушыларды  оқу  қызметіне 
ынталандыру  құралы  ретінде  ойын  әдістері  мен  жағдайларының  көмегі  арқылы 
құрылады. 
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, 
үйретілген,  өтілген  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен  әсер  етеді. 
Ойындар  оқушылардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар, 
сөздік  қорларын  молайтып,  сауатты  жазуға  да  баулиды.  Оқушылар  ойын  ойнау 
барысында  үйренген  сөздерін  айтып  қана  қоймай,  оның  қандай  мағынада 
қолданылатынын  да  біледі.  Ойын  оқу  пәндерінің  мазмұнымен  тығыз  байланыста 
жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 
Сабақта  ойын  түрлерін  пайдалану  сабақ  түрлері  мен  әдістерін  жетілдіру 
жолындағы  ізденістердің  маңызды  бір  буыны.  Ойын  түрлерін  оқу  процесін 
пысықтау,  жаңа  сабақты  қорытындылау  кезеңдерінде,  қайталау  сабақтарында 
пайдалануға  болады.  Ойын  түрлерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен 
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны 
тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдығын  күшейтеді,  оқушылардың 
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ 
балаларға көңілді, жеңіл келеді. 
Педагогикалық  ойынның  маңызы  зор.  Ойын,  біріншіден,  білу  және  үйрену, 
екіншіден,  адамның  ойнай  отырып,  өзіндік  білім  алуы  өмір  тәжірбесін  жинақтауға 
көмектеседі.  Ойынның  кәсіптік,  әуестену,  оқу-жаттығу  ойындары  сияқты  түрлері 
бар.  Ол  дем  алу,  көңіл  көтеру  бола  тұра  оқуға,  шығармашылыққа,  емдеуге,  адам 
қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. Ойынды ерте 
заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. 
Ойын  халық  педагогикасында,  мектепке  дейінгі  және  мектептен  тыс  мекемелерде 
кеңінен пайдаланылады. 
Қазіргі  мектепте  ойын  әрекеті  ойын  пәнінің  тарауын  және  тақырыбын  түсіну 
үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе 
оның  бір  бөлігі  ретінде,  сыныптан  тыс  жұмыстың  технологиясы  ретінде 
қолданылады. 
Оқытып  тәрбиелеудегі  негізгі  мақсат  –  оларды  мектептегі  оқуға, 
ұйымшылдыққа,  еңбек  етуге  даярлау,  олардың  бойына  адамгершілік  қасиеттерін 
қалыптастыру,  ойлау,  сөйлеу  қабілетін  дамыту.  Сабақ  үстінде  жүргізілетін  жұмыс 
түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау 
белсенділігін қажет етеді. 
Ойын өткізудің ережелері мынадай: 
1. Ойын – оқытудың маңызды, байыпты түрі. 
2. Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек. 
3.  Балалардың  барлығы  үздіксіз  іс-әрекетте  болуы  керек.  Ойынға  барлық 
оқушылар қатысуы керек. 
4.  Ойынды  сырттан  бақылап  тұруға  болады.  Сіздің  көмегіңізсіз  ойын 
жалғаспайтын  жағдайда  ғана  ойынға  араласу  қажет.  Ойын  барысында  қиындық 
туындаса,  шара  қолдануға  асықпаңыз.  Оқушыларға  проблеманы  шешу  үшін 
ойлануға уақыт беріңіз. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
70 
5.  Балаларға  даяр  жауапты  бермес  бұрын  олардың  өздері  ізденуіне  түрткі 
болыңыз. 
6.  Олардың  жай  түсініксіз  айтқан  сөздерін  қайталап  айтыңыз,  қалған 
оқушылардың көңіл қойып тыңдауын талап етіңіз. 
7. Балаларға ойынды өздері ұйымдастыруға  уақыт беріңіз. Балалар тарапынан 
кеткен барлық қателіктерді түзете беру қажет емес, себебі бұл оқушылардың ойынға 
деген қызығушылығын, ынтасын төмендетеді. 
8.  Көбірек  ойнау  қажет.  Қызықты,  жағымды  ойындар  барысында  оқушылар 
қызығып ойнайды. 
Төменде өткізген сабақтардағы ойын түрлерінің үлгісі ұсынылып отыр. 
«География»  пәнінен  7  сыныпта  «Солтүстік  жарты  шардың  материктерін 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет