№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Басқару  дегеніміздің  өзі  –  жүйені  жаңа  сапалы  дәрежеге  көтеру,  жаңа 
жағдайда икемдеу үшін осы жүйеге әсер етудің үздіксіз жүзеге асыру үрдісі. 
Басқарудың басты міндеттері: 
- мектеп директорының ұжым мүшелерін бір мақсатқа жұмылдыруы
- әрбір қызметкердің қарым-қабілеті мен бейім-білігін тани отырып, оның осы 
мүмкіндіктерін дамыта отырып, толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау; 
- педагог кадрлардың кәсіби шеберлігі мен дағдысын ұйымшылдық ұстанымы 
негізінде өзара ақпарат алмасу кеңістігін қалыптастыру. 
Басқару миссиясы: 
- дәстүрлі  жұмыс  тәсілдерінің  орнын  ғылыми  іргетасты  әдіс-тәсілдерді 
қолдану; 
- бейімделген  жұмыс  істеу  тәртібінен  тұрақты  жаңашыл,  заман  талабына  сай 
жұмыс істеу тәртібіне көшіру; 
- педагог  кадрлардың  ізденіспен  жұмыс  істеуіне  материалдық-техникалық, 
моральдық-психологиялық, оқу-әдістемелік жағынан жағдай жасау. 
Біз  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  бағытталған  жаңа  білім  беру  жүйесінің 
қалыптасуына куә болып отырмыз. 
Баршаның  көз  алдында  білім  парадигмаларының  ауысуы  жүріп  жатыр: 
баcқаша мазмұн, басқаша көзқарастар, басқаша қатынастар, басқаша педагогикалық 
менталитет ұсынылуда. 
Бүгінгі  күннің  сұраныстары  әр  маманнан  білімді  игерудің  барысында  жалпы 
білім беретін мектеппен және кәсіптік оқу орындарымен шектелуден арылуды, білім 
мен дағдаларды өмір бойы алу мен жаңалау үдерісіне қарай ойысуды талап етеді. 
Сонымен  қатар  білім  беруді  басқаруға  ғылыми  көзқарастың  өзектілігін 
қамтамасыз  ету  мен  негіздеуге,  басқаруды  ғылыми  негізде  ұйымдастыруға 
объективті  және  субъективті  сұраныс  саланы  басқарудың  барлық  деңгейлерінде 
өткір сезіліп отыр. 
Білім  беру  ұйымдарын  басқару  деңгейінде  бұл  сұраныс  «Нәтижеге 
бағдарланған  құзыретті  білім» моделі  арқылы,  12  жылдық  мектепке  көшу 
жағдайында  басқару  объектісі  ретінде  орта  мектептер  алдына  қойылатын 
міндеттердің  түбегейлі  өзгеруімен,  оның  дербестігінің  өсуімен,  оны  инновациялық 
үрдіс  негізінде  ұйымдаcтыру  көмегімен  ұдайы  жаңарту  қажеттілігімен,  басқаруға 
зерттеушілік  көзқарасты  игерумен,  мектепке  және  оны  басқаруға  әлеуметтік 
талаптардың артуымен өзекті бола түсуде. 
Қорыта  келгенде,  тәуелсіздіктің  үшінші  онжылдығына  еркін  қадам  аттаған 
егемен еліміздің білім беру саласындағы міндеттері және оны жүзеге асыру жолдары 
айқын.  Болашаққа  бағдарланған  осы  саясат  аясында  жүзеге  асырылып  жатқан 
тапсырмалардың орындалуына барынша үлес қосу – баршамыздың басты міндетіміз. 
Елбасының  ел  болашағы  –  «Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асырудағы  –  білім 
берудегі ұлттық мазмұн мен тәрбиені жоғары талаптарға сай ету, үздіксіз білім беру 
жүйесіне  заманауи  мүмкіндіктерді  ендіре  отырып,  дамыған  елдердің  қатарынан 
көрінуге  жаңаша  пайымдау,  ойлау,  ізденіс,  батылдық,  өзгерістерге  ұмтылуда  сыни 
тұрғыдан өз-өзімізді бағалау жөніндегі қабілетімізді жетілдіре береміз. 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
33 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
АЙМЕТОВА Дилфуза Абдумавленовна, 
Ш. Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің мұғалімі, Шауғар мөлтек ауданы, Түркістан қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінсіз  әрі  алысты  барлап,  кең  ауқымды  ойлай 
білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз 
жайында  еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халықтарына  арнаған 
«Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін,  бәсекеге 
қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге 
қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін,  экономикалық  және  қоғамдық 
жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1,6]. 
Ал  бәсекеге  қабілетті  елдің  әрбір  азаматы  бәсекеге  қабілетті  болуы  тиіс  деп 
есептейміз.  Мектеп  –  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру  мен  дамуының  басты 
баспалдағы. 
Бүгінгі  таңдағы  мектептердің  алдында  тұрған  мәселе  –  оқушыларды  дамыта 
оқыту,  яғни,  оқушыны  оқу  әрекетіне  қалыптастыру,  олардың  оқуға  ынтасын  ояту, 
қызығушылығын  арттыру.  Сондықтан,  мұғалімнің  алға  қойған  маңызды  міндетінің 
бірі  –  талабы  таудай  жеке  тұлғаны  іздеп  табу,  оны  өсіру.  Әр  оқушының  қабілетін 
танып  біліп,  дамытып,  адам  дәрежесіне  жеткізу  үшін  жаңашыл  жұмысқа  бет  бұру 
керек. 
Қазіргі  педагогика теориясына елеулі  өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда 
болды.  Әрі  білім  беру  құрылымында  жаңа  технология  өмірге  келді.  «Технология 
дегеніміз  қандай  да  болсын  істегі,  шеберлікті,  өнердегі  адамдардың,  ал 
педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсатқа  қол  жетудегі  қолданылатын 
барлық  қисында ілім  амалдары  мен  әдістемелік  құралдардың  жүйелі  жиынтығы»,  - 
деп түсіндіреді В. Кларин [2, 18]. 
Педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің 
жобасы. Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі 
бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық  ықпалды  ұйымдастыруға 
қажетті  өлшем,  байланысқан  әдістердің,  құралдардың  жиынтығы.  Олай  болса,  дәл 
қазір  бізге  осы  педагогикалық  технологияны  дамыту,  оны  практикада  пайдалану 
қажет. 
Жаңа технологияны қолдануда: 
Мұғалім нені білу керек? 
- Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтауды; 
- Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді; 
- Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін; 
- Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек; 
- Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауды. 
Не істей алу керек? 
- Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру; 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
34 
- Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау; 
- Әр сабақты жоспарлау; 
-  Жаңа  технология  бойынша  жүргізілетін  әртүрлі  типтегі  сабақ  жоспарларын 
жасау; 
- Оқу модулын құрастыру; 
- Оқу жобасының мазмұнын анықтау; 
- Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру. 
Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет? 
- Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер; 
- Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу
-  Өткізілген  сабақтарға  талдау  жасау,  жіберілген  кемшіліктердің  жасырын 
себептерін анықтау; 
-  Жаңа  технологияда  қолданылатын  оқу  әрекетінің  әдістерін  оқушыларға 
үйрету. 
Жаңа технологияны төмендегідей  топтастыруға болады: 
І.  Педагогикалық  үрдісте  жеке  тұлғаның  бағыты  негізінде  педагогикалық 
технология: 
- Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы; 
- Ы. Алтынсариннің педагогикалық технологиясы; 
- Амоношвилидің ізгілік технологиясы; 
- Ильиннің жүйесі. 
ІІ.  Оқушының  іс-әрекетін  белсендіру  және  қарқындату  негізіндегі 
педагогикалық технология: 
- Ойын технологиясы; 
- Проблемалық оқыту технологиясы
- Жан-жақты коммуникативті оқыту технологиясы; 
-  Оқыту  материалдарын  тірек  сызбалар,  тірек  конспектілері  және  модельдеу 
арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (Шаталов). 
ІІІ.  Оқу  үрдісін  тиімді  ұйымдастыру  және  басқару  негізіндегі  педагогикалық 
технология: 
- Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы; 
- Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Лысенкова); 
- Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев); 
- Деңгейлеп диференциялау технологиясы; 
-  Міндетті  нәтиже  негізінде  деңгейлі  –  диференциялап  оқыту  технологиясы 
(Фарсов); 
- Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік технологиясы 
(Закатова); 
- Жекелей оқыту технологисы (Инге Унг және Шадриков); 
- Бағдарламалық оқыту технологиясы; 
- Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин); 
- Топтық оқыту технологиясы; 
- Компьютерлік оқыту технологиясы. 
ІV.  Дидактикалық  білім  көтеру  және  материалды  педагогикалық 
технологиялар: 
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (Эрдниев); 
-  Ақыл-ой  іс-әрекетін  сатылай  қалыптастыру  теориясын  игеру  технологиясы 
(Валович). 
V. Жеке пәндік педагогикалық технологиялар: 
- Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологиясы (Зайцев); 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
35 
- Сатылай талдап оқыту технологиясы (Оразақынова); 
- Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы (Зайцев); 
- Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы; 
-  Математикалық  есептер  шешу  негізіндегі  педагогикалық  технология 
(Касаткин); 
- Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология (Окунив); 
- Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясы; 
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 
VІ. Баламалы педагогикалық технология: 
- Вольдорф педагогикасы (Штэйнер); 
- Еркін еңбек технологиясы (Ферт); 
- Ықтималдық білім технологиясы (Лобок). 
VІІ. Табиғи байқағыштық технологиялар: 
- Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу; 
- Өзіндік дамыту технологиясы (Монтессори). 
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары: 
- Дамыта оқыту жүйесі; 
- Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі (Якиманская); 
- Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов, Эльконин); 
- Өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Семеко). 
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары: 
- «Жүректен – жүрекке». 
Білім  беру  үрдісінде  қолданыс  тапқан  педагогикалық  технологиялар  жаңаша 
сипат  алады.  Жаңашыл  педагог  ғалымдар:  Ш.А.  Аманашвили  білім  беруді 
ізгілендіру  технологиясында  баланың  жаны  мен  жүрегіне  жылылық  ұялату, 
танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау 
мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды 
оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек 
сызбалар  арқылы  беріледі.  С.Н.  Лысенкованың  тірек  сигналдарын  пайдалана 
отырып,  қарқынды  жеделдете  оқыту  технологиясында  оқу  материалдарының 
мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап 
етіледі. 
М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың 
мақсатын,  мазмұнын,  әдістерін  ғылыми  негізделген  теорияға  сүйене  отырып 
жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады. 
Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және 
М.М.  Жанпейісованың  еңбектері  білім  беру  үрдісінде  кеңінен  қолданылады. 
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ж.А.  Қараевтың  деңгейлеп  оқыту 
педагогикалық  технологиясының  мақсаты  –  жан-жақты  дамыған  тұлғаны 
қалыптастыру. 
Балалардың  таным  қабілеттеріне  сай  төрт  деңгейлік  тапсырмалар  даярлауда 
жеке  тұлғаны  жаңалыққа  ұмтылуға  итермелейтін  жаңа  қабілеттерін  ашуға 
болатындығы ескеріледі. 
Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын 
оқу-тәрбие  үрдісіне  оқытудың  жаңартылған  жүйесінің  жобасы  ретінде  енгізетін 
болсақ,  онда  білімді  демократияландыруға  және  ізгілендіруге,  оқыту  сапасын 
арттыруға;  басқару  сапасын  жетілдіруге;  оқушылардың  дамуына  бақылау  жасауға; 
соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. 
Сондай-ақ  Л.В.  Занков,  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдовтың  бірлесе  жасаған 
«Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты [3, 26]. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
36 
Дамыта  оқыту  –  күрделі  құрылымды,  біртұтас  педагогикалық  жүйе.  Оның 
нәтижесінде  әр  оқушының  өзін-өзі  өзгертуші  субъект  дәрежесінде  көтерілуі 
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. 
Дамыта  оқытудың  дәстүрлі  оқытудан  айырмашылығы:  көздеген  мақсатында, 
мәнінде,  мазмұнында,  дамытудың  негізгі  факторларында,  мұғалімнің  рөлімен 
атқаратын  қызметінде,  мазмұнында,  дамытудың  негізгі  факторында,  әдіс-
тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің 
әрекеттестік  ерекшеліктерінде,  олардың  қарым-қатынас  сипатында,  танып-білу 
үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б. 
Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой  әрекетін  меңгеруге  жағдай 
жасау,  сондай-ақ  сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-
қатынас. 
Мұғалім  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы, 
бағалаушы  емес,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің 
ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту  ғана  баланың  интеллектісі  мен  шығармашылығын 
дамытады.  Дамыта  оқыту  жүйесінде  қойылатын  сұрақтар  проблемалы,  ойлауды, 
пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс. 
«Қазақ тілі мен мен әдебиеті» пәнін оқытуда озық технологиялық үрдістердің 
әдіс-тәсілдерін  жиі  қолдануда,  мемлекетімізді  өркендетіп,  білімді  данышпан 
шәкірттер  тәрбиелеу  үшін  бірінші  кезекте  балалардың  сезімталдығын,  ойын,  тілін, 
жалпы шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор деп білемін. 
Жаңа  технологияларды  қолдану  оқушыларды  еркін  сөйлеуге,  сөз 
ұшқырлығына ұштауға, өз ойын еркін жеткізе білуге мол әсері бар. 
Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушыларды жаңаша ойға жетелеп, 
тақырыпты тереңірек ұғындыруға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады. 
 
Әдебиеттер 
1  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ә. 
Назарбаевтың  2012  жылы  27  қаңтарда  Қазақстан  халқына  арнаған  «Әлеуметтік 
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы // Оңтүстік 
Қазақстан. – 28 қаңтар. – 2012. 
2 Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Aлматы, 2005. – 174 б. 
3 Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы, 2006. – 76 б. 
 
АРСЛАНОВА Динара Абилтаевна, 
№93 жалпы орта мектебі «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі, Ақсукент ауылы
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖАҢА ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ КӨПТІЛДІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ  
 
Қазіргі  заманда  ағылшын  тілі  XXI  ғасырдың,  халықаралық  бизнес,  қазіргі 
ғылым  мен  технологиялар  тілі  мәртебесіне  ие  болды.  Ағылшын  тілі  –  бүгінгі 
заманымыздың  кілті,  ақпараттық  тенологияның,  компьютер  технологиясының  кілті 
деуге болады. 
Үш  тілді  оқытудың  ерекшелігі  –  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлғаны  жан-жақты 
дамыту,  жас  ерекшелігіне  сай  ақпараттық  сауаттылығын  жетілдіру.  Орта  мектепте 
ерте жастан оқушыларды ақпараттық қоғамға бейімдеу, ақпараттық ойлау қабілетін 
дамыту, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлайды. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
37 
Қазіргі  біздің  республикамыздың  басқа  мемлекеттермен  қарым-қатынасы 
артып отырған шақта елімізге үш тілді меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-
қатынас  жағдайында  пайдалана  алатын  адам  қажет.  Егемен  еліміздің  білім  беру 
жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып 
терең  білімді,  ізденімпаз,  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз 
болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлға  тәрбиелеу  ісіне  ерекше  мән  беріледі  және 
олардың  есте  сақтау  қабілетін  жетілдіре  отырып  еркін  сөйлеуге,  өз  ойын  айту 
дәрежесіне жеткізу. 
Орта  мектепте  үш  тілде,  яғни,  қазақ,  ағылшын  және  орыс  тілдерінде  оқытуда 
оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім берілуде. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  – 
мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты»  атты  Жолдауында  «Тілдердің  үш 
тұғырлылығы»  мәдени  жобасын  іске  асыруды  жеделдету  мәселесіне  ерекше  мән 
берілді. 
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім 
беру моделін енгізудің өзектілігі мынада: 
-  бүгінгі  қазақстандық  қоғамда  көптілді,  көпмәдениетті  тұлғаға  деген 
сұраныстың артуы; 
-  ұлттық  мектеп  бітірушілерін  жалпы  қазақстандық  және  әлемдік  білім  және 
ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі

болашақ  ұрпақты  қазақстандық  патриотизмге,  ұлтаралық  қатынас 
мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы; 
-  аз  ұлт  өкілдерінің  этникалық  ерекшеліктерін  сақтаумен  бірге  олардың 
жалпықазақстандық  экономикалық,  әлеуметтік-мәдени  үрдістерге  толыққанды 
қосылуына жағдай жасау; 

мектеп 
бітірушілердің 
коммуникативтік 
және 
ақпараттық 
құзырлылықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу. 
Қазіргі  білім  беру  ептіліктер  мен  қабілеттер  жиынтығын  меңгеруді  ғана 
болжамайды:  бүгінде  қазақстандық  мектептердің  алдында  зерттеулердің, 
жаңалықтардың  «алтын  ғасырына»  ену  үшін,  ойлану,  оқыту,  шығармашылық  пен 
жалпы  өмірдің  әдістемесін  қайта  ойластыру  үшін  білім  берудің  жаңа  тәсілдерін 
анықтау міндеті тұр. 
Бұл  өзекті  мәселелерді  жүзеге  асыру  үшін  басты  мақсат  анықталды.  Ол  – 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары 
талаптары  деңгейінде  үш  тілде  білім  меңгерген,  көптілді  коммуникативтік 
құзырлылықтары  қалыптасқан,  көпмәдениетті,  рухани-адамгершілік  қасиеттері 
дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Қазақстан  –  тәуелсіз  мемлекет.  Тәуелсіз  елді  өркениетті  әлемге  танытатын, 
дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. 
Білімді  ұрпақ  –  егемен  елдің  берік  тірегі.  Біз  білімді  ұрпақ,  білімді  тұлға 
дегенде рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, 
салауатты  өмір  салтын  дұрыс  қалыптастырған  тұлғаны  айтамыз.  Түбегейлі 
өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір 
тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық,  батырлық, 
отансүйгіштік т.б. қасиеттер болуы тиіс. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, 
адалдық, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою керек. 
Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  білім  алушыларды  сапалы 
біліммен  қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің 
жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесін арттыру үшін, ең алдымен, педагог 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
38 
кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  атқарып  жақтан  қызметінің  өсуі, 
оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз етуде. 
Сондай-ақ  педагогтардың  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды 
арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән  берілуде.  Адам  баласының  барлық  болмысы  мен 
қадір-қасиетін  танытатын  тіл  деген  киелі  ұғымның  бүгінгі  күні  жер  бетіндегі  қай 
ұлттың болса да ерекше назар аударып отырған кезеңіне өмір сүріп отырмыз 
«Тіл  –  халық  рухы,  халық  рухы  –  оның  тілі»,  -  деген  екен  атақты  неміс 
ойшылы, әрі тілшісі Вильгелм Гумбольдт. Қазіргі заман талабына сай шетел тілінде, 
соның  ішінде  ағылшын,  француз,  неміс  тілдерінде  сөйлеу  қоғамда  маңызды  орын 
алуда. 
Бір ұлт өкілінің екінші ұлттың тілін, анығында, дәл сол ұлт өкіліндей жетік, әрі 
таза білуі  мүмкін емес. Ұлтаралық  қатынастардың негізгі  дәнекері  – тіл. Дегенмен, 
тіл  туралы  айтқанда  оны  әлеуметтік  өмірмен,  болашағымызбен  тығыз  байланыста 
қарастыруымыз керек. 
Қазақстан  Республикасы  –  130-дан  астам  ұлты  бар  көптілді  мемлекет, 
сондықтан  қазіргі  кезде  шет  тілі  мамандарының  алдында  көптілді  әлеуметке  сабақ 
берудің өзіндік ерекшеліктері мен жаңа міндеттері туындап отыр. Яғни, оқытушы – 
педагогикалық 
біліктілігі 
мол, 
шебер 
ұйымдастырушы, 
инновациялық 
технологияларды терең меңгерген көптілді маман болуы қажет. 
Жаhандану  үдерісі,  біздерден  жаңа  әлеуметтік-мәдени  талаптар  мен 
мемлекетіміздің  экономикасының  өсуі  шет  тілін  оқытуды  одан  әрі  жетілдіру  мен 
жеделдетуді талап етеді. 
Көптілділік  –  екі  немесе  одан  да  көптілді  қоғамның  қажеттілігі,  өмірлік 
қажеттілік. 
Қазақтың:  «Адамның  күні  –  адаммен»,  -  дейтіні  сондықтан.  Адамдар 
арасындағы  әлеуметтік  байланыс  тіл  арқылы  жүзеге  асады.  Ұлы  мәртебелі  ана 
тілінің  өзге  қатынас  құралынан  басты  айырмасы  –  ол  адам  өмірін  түгел  қамтиды. 
Сондықтан да біз ана тілімізді ардақтаймыз, мақтан етеміз. 
Жалпы  көптілділік  қостілділіктен  басталатынын  ешкім  жоққа  шығармас  деп 
ойлаймын.  Қостілділік  пен  қоғамның  өзара  байланысы  –  «Тіл  мен  қоғам»  деп 
аталатын жалпы өзара байланысты проблеманың құрамдас бөлігі. 
Қостілділік  бұрын  әркімнің  арманы  болатын.  Көпұлттылық  жағдайында  кәрі-
жастың  күнделікті  керегі,  өмірлік  қажеті  болатын.  Қазіргі  кездегі  физиологтар  мен 
психологтардың мәліметтері бойынша, қостілді білушілік – бұл тек қана лексикалық 
бірліктерді  іріктеу  нәтижесінде  тілдік  материалды  жинақтау  мен  грамматикалық 
формалары мен құрылысын меңгеру ғана емес, өзара қарым-қатынас үшін адамның 
тілдік  құрылымын  қайта  жасау,  кейін  қостілділік  жүйені  қалыптастыруда  игі 
жағдайлар құру үшін бір жүйені біріңғайлауды талап етеді. 
Қазақстан  – әлемдік бәсеке сапындағы көпэтносты халық отаны. Үштілділікті 
дамыту  жұмысы  анық  болуы  тиіс.  Басқа  тілді  оқытуда  да,  таңдауда  да  Қазақстан 
кеңістігінің  керуенбасы  тілі  –  мемлекеттік  тіл  болып  қалуы  керек.  Дүниежүзілік 
тілдер  санатындағы  орыс  тілі  мен  ағылшын  тілін  елімізде  қазақ  тілі  негізінде 
бағдарламай  оқытсақ,  онда  үштілділік  емес,  жеке-жеке  үш  біртілділік  пайда  болар 
еді. 
Қазіргі  кезеңде  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалынып,  әлемдік  білім 
берудің  алдыңғы  қатарлы  озық  тәжірибелері  қолданылуда.  Білім  беру  саласының 
барлық бағыттарында жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге көшу тағы 
басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда. 
Көптілділік  әлеуметтік-тарихи  құбылыс  ретінде  нақты  жағдайларда  пайда 
болады.  Тілдің  тарихы  –  халық  тарихының  көрінісі  деп  бекер  айтпаған. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
39 
Халықтардың  даму  жолы  тілдердің  даму  жолымен  айқындалады.  «Өзге  халықтың 
тілі  мен  мәдениетін  білу  адамды  сол  халықпен  теңестіреді,  ол  өзін  еркін  ұстайды, 
егер де сол халықтың күресі мен қамқорлығы оның жүрегіне әсер етсе, ол ешқашан 
да шет қалмайды. Адамның табиғаты осындай», - деп ұлы Абай айтқан. 
Тіл  –  халықтың  жаны.  Біздің  көпұлтты  мемлекетімізде  бір  тілді  басқа  тілден, 
бір мәдениетті басқа мәдениеттен бөліп алу мүмкін емес. 
Әр ұлт өкілдері  өздерінің тілін, мәдениетін, ұлттық  ділін жоғары биіктіктерге 
көтеруі  айқын.  Ұлы  Абай  атамыздың:  «Егер  де  адам  өз  халқының  шет  болмай,  өз 
халқының  басқа  халықтармен  достық  қатынаста  болуын  тілесе,  ол  –  саналы,  адал 
адам».  Көптілді  тұлғаны  тәрбиелеуде,  оқыту  үдерісінде  дәстүрлі  және  жаңа  оқыту 
әдістері:  диалог,  әңгіме  ойын  түрлері,  оқып  жүрген  тіл  уәкілдерімен  кездесу 
тәсілдерін қолданған жөн. 
Шет  тілін  жетілдіре  және  жеделдете  оқытуда  ең  бірінші  білім  берудің 
инновациялық педагогикалық технологияларын меңгерген, ізденушілік, зерттеушілік 
және  шығармашылық  қызмет  дағдыларын  дамытуымыз  қажет.  Мектеп 
қабырғасында  шәкірттің  бойына  терең  білім  берумен  қатар  өзге  ұлт  өкілдеріне 
толеранттылық  қасиеттерін  қалыптастыруда  мұғалімнің  атқарар  рөлі  зор. 
Ұрпағымыздың  көптілді  тұлға,  азамат  болып  өсуі,  жаhандану  үдерісінен  туындап 
отырған уақыт талабы. 
Қазіргі  таңда  педагогика  ғылымының  басты  мақсаты  тек  іргелі  білім  беруде 
ғана  емес,  сондай-ақ  біліктілігін  өз  бетінше  жетілдіре  алатын,  шет  тіліндегі 
ақпараттық  ресурстарды  өз  бетінше  тауып,  талдап  және  тиімді  пайдалана  алатын 
азаматтарды тәрбиелеу. 
Қорыта  келе  ой  түйгенім,  өзгеріске,  жаңалыққа  толы  бүгінгі  заман  мұғалімге 
сегіз қырлы, бір сырлы қасиет иесі болуды міндеттейді. Кез-келген тұлға тіл арқылы 
әмбебап,  ғаламдық  құндылықтарды  таниды,  көрші  мәдениет  өкілдерімен  өзара 
әрекеттестік орнатады және әлемдік кеңістікке ене алады. 
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы  – елімізді, оның әлеуетін ары қарай 
нығайтуға  бағытталған  концепция.  XXI  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды 
инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің 
басты нышаны болып табылады. 
Орта  мектепте  үш  тілді  оқытудың  тиімділігі  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығымен  бірге  сабаққа  түгел  атсалысатындығы,  бәсекеге  қабілеттілігі, 
бір-бірінен  қалғысы  келмей,  емін-еркін  сөздерді  қайта-қайта  айтуда,  бір-бірімен 
ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижеге жетелейді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет