5. Биология ғылымының салаларын айтып беріңіз. Негізгі арасында биология бағыттары


 Нысандарды фенотипі бойынша бағалауды сипаттаңыз



бет10/18
Дата25.01.2023
өлшемі1,8 Mb.
#62744
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
калган ответ биозн

13. Нысандарды фенотипі бойынша бағалауды сипаттаңыз.
Нысан - ең алдымен сыртқы кескін, заттың сыртқы түрі; қандай да бір мазмұнның ішкі көрінісі, сонымен қатар, ішкі кұрылысы, кұрылысы, заттың анық немесе анықтаушы тәртібі және процестің өту тәртібі, материяның құраушысы немесе маңызы.
Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – ағзаның онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип ағзаның тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол ағзаның дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. 1909 жылы Фенотип терминін алғаш рет дат ғалымы В. Иогансен (1857 – 1927) ұсынды. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Фенотип — бір ағзаның барлық көрінісі мен қасиеттерінің жинағы. Генотиптің сыртқы ортамен қарым-қатынасынан туады.
26. Ч. Дарвиннің биология ғылымы саласындағы еңбегін тұжырымдаңыз.
Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882) - органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынының ұлы жаратылыстанушы ғалымы. "Бигль" кемесімен 5 жылға созылған саяхатта жинаған деректері - зерттеулерінің негізгі арқауы болды. Өзгергіштік, сұрыптау, тіршілік үшін күрес эволюцияның негізгі факторы екендігін және адамның төменгі сатыдағы жануарлардан шыққандығын дәлелдеді. Органикалық дүние эволюциясының себептері мен заңдылықтарын ашты. Еңбектері: "Табиғи сұрыпталу", "Түрлердің шығуы", "Үй жануарлары", "Адамның шағу тегі", "Жыныстық сұрыпталу", "Құрттар" және т.б. Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы анатомия, цитология және т.б) жиналған материалдар "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды. Ч.Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен эволюция- өзгерткіштік қатар жүруінен болатын құбылыс екендігін дәлелдеді. Ол тек табғаттың табиғи заңының әсерінен дамитынын түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып дәлелдеп берді. Ч.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтардың және тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Табиғи сұрыпталу тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқтарды жойып отырады деген қорытындыға келді.
Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күресжәне табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп, өзгеріп отырады. Міне, бұл – Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет