50 эмпирикалық жане теориялық зерттеу адистері Эмпирикалық зерттеу әдістері
Танымның жалпы әдістерін үш топқа бөлуге болады:
- эмпирикалық зерттеу әдістері;
- эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылатын әдістер;
- теориялық зерттеу әдістері.
Алайда, әдістердің осы топтар арасындағы қырлар аздаған шамамен ғана
ерекшеленеді.
Эмпирикалық зерттеу әдістері.
Бақылау – бұл нысанды жүйелі, мақсатты қабылдау. Нәтиже оңды болу
үшін бақылау келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- арнайы (бақылау белгілі бір, нақты қойылған міндет үшін жүргізіледі);
- жоспарлы (бақылау жұмыс міндеттері бойынша, жасалған жоспар бойынша
жүргізіледі);
- мақсатты (тек қызықтыратын құбылыстар бақыланады);
- белсенді (байқаушы қажетті нысандарды, құбылыстың шегін белсенді
іздейді);
- жүйелі (бақылау үздіксіз немесе белгілі бір жүйе бойынша жүргізіледі).
Таным әдісі ретінде бақылау алғашқы ақпаратты эмпирикалық
тұжырымдардың жиынтығы түрінде алуға мүмкіндік береді. Эмпирикалық
жиынтық шынайылық объектілерін алғашқы үлгілеуді құрастырады, бұл
ғылыми зерттеудің бастапқы объектілері болып табылады.
Салыстыру– бұл шынайы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын немесе
айырмашылығын анықтау, сондай-ақ екі немесе бірнеше объектіге тән ортақ
болуды анықтау үрдісі. Салыстыру әдісі келесі талаптар орындалса, оң
нәтижелі болады:
- олардың арасында белгілі бір объективті тұтастық болуы мүмкін және
құбылыстар ғана салыстырылуы мүмкін;
- салыстыру аса маңызды (нақты міндет жоспарында) белгілер бойынша
жүзеге асырылуы тиіс.
Әртүрлі объектілер немесе құбылыстар өздерін қандай да бір үшінші
объектімен (эталонмен) тікелей немесе жанама түрде салыстырылуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, әдетте сапалы нәтижелер алынады (көп – аз; жоғары –
төмен). Сол нысандарды эталонмен салыстыру сандық сипаттамаларды алуға
мүмкіндік береді. Мұндай салыстырулар өлшеу деп аталады. Салыстыру
арқылы нысан (объект) туралы ақпаратты екі жолмен алуға болады:
- салыстырудың тікелей нәтижесі (бастапқы ақпарат);
- бастапқы деректерді өңдеу нәтижесі (қайталама немесе туынды ақпарат).
Өлшеу– өлшеу бірлігі арқылы кейбір шаманың сандық мәнін анықтау.
Өлшеу мынадай негізгі элементтердің болуын көздейді: өлшеу объектісі,
көрсеткіш, өлшеу аспаптары, өлшеу әдісі. Өлшеу салыстыру операциясынан
дамиды, дегенмен ол күшті және әмбебап танымдық құрал болып табылады.
Эксперимент (тәжірибе)– бұл зерттеуші жасанды жағдайлар жасау
немесе тиісті қасиеттерді анықтауда қажетті табиғи жағдайларды пайдалану
жолымен оған белсенді және мақсатты әсер ететін объектіні зерттеу әдісі.
Бақылаумен салыстырғанда объектіні эксперименталды зерттеудің
артықшылықтары келесідей:
-эксперимент барысында негізгі үдерісті қараңғылайтын жанама
факторларды жою арқылы «таза түрде» құбылысты зерттеуге болады;
- эксперименталды жағдайларда объектілердің қасиеттерін зерттеуге
болады;
- эксперименттің қайталануы, яғни қажет болғанша сынақты қайтадан
өткізуге болады.
Эксперимент келесі жағдайларда жүргізіледі:
- объектінің бұрын белгісіз қасиеттерін табу әрекеті кезінде;
- теориялық құрылыстардың дұрыстығын тексеру кезінде;
- құбылысты көрсету кезінде.
Ғылыми зерттеуде эксперимент және теория бір-бірімен байланысты
болып келеді. Экспериментті елемеу қателіктерге әкеп соқтырады, сондықтан
эксперименталды зерттеулерді жан-жақты өрістету бүкіл заманауи ғылымның
дамуының ең маңызды жолдарының бірі болып табылады.
Теориялық зерттеулердің мақсаты, міндеттері және кейбір
ерекшеліктері
Теориялық зерттеулердің мақсаты – білімді меңгеру үрдісінде зерттелетін
нысан мен қоршаған орта арасындағы елеулі байланыстарды бөлу,
эмпирикалық зерттеу нәтижелерін түсіндіру және қорыту, жалпы
заңдылықтарды анықтау және оларды формализациялау.
Теориялық зерттеудің негізгі міндеттері төмендегідей:
- бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін қорыту, осы нәтижелер мен
тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру жолымен жалпы заңдылықтарды
табу;
-бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін зерттеулердің барлық
көлемін қайталаусыз бірқатар ұқсас нысандарға тарату;
- тікелей зерттеуге қол жетпейтін нысанды зерттеу;
- нысанды зерттеуде тәжірибелік зерттеудің сенімділігін арттыру.
Теориялық зерттеулер жұмыс гипотезасы мен зерттеу нысанын үлгілеуден
басталады және теорияны қалыптастырумен аяқталады. Кез келген модельді
құру негізіне есептер жағдайына елеулі әсер етпейтін факторлармен елемеуге
мүмкіндік беретін жорамалдар жатады. Бұл ретте зерттеуші қабылдаған модель
нақты нысанға сәйкес келуі тиіс. Бірақ, бұл екі ұшы бар таяқ тәрізді: бір
жағынан, негізсіз қабылданған жорамалдар зерттеулер жүргізу кезінде өрескел
қателіктерге әкеп соғуы мүмкін, екінші жағынан – нысанға әсер ететін
факторлардың үлкен санын есепке алу –талдауға келмейтін күрделі
аналитикалық тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан, барлық теориялық
зерттеулер бір – біріне жақын. Зерттелетін объектіні оңайлату үшін оны жеке
элементтерге бөледі, олардың өзара байланыстарын қарайды және сипаттайды,
содан кейін күрделі объектінің моделіне қосады. Мысалы, күрделі түрдегі
ғимараттың немесе құрылыстың есептік схемасын құрастыру қажет. Бұл
жағдайда ең қарапайым шешім – барлық ғимаратты жалпақ рамаларға бөліп,
одан әрі оларды жеке элементтерге (ригельдер, бағаналар) бөліп, әр элементті
жеке-жеке есептеу қажет болады.
Осы есептік үлгіде көптеген факторлар ескермегендіктен, алынған жоба
жоғары материалдық шығынға ие болады, бұл әдетте құрылыстың беріктігін
қамтамассыз етеді. Алайда, бұл оңтайлы емес, себебі материалдардың едәуір
артық жұмсалуына әкеледі. Сондықтан күрделі жүйелерді есептеу, мысалы,
бағаналар мен ригельдерді жалғау тораптарының қаттылығы және т.б. көптеген
факторларды ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Теориялық зерттеулер өздеріне тән бірнеше кезеңдерді қамтиды:
- процестер мен құбылыстардың физикалық мәнін талдау;
- зерттеу гипотезасын қалыптастыру;
- физикалық моделді құру;
- математикалық зерттеу;
- теориялық зерттеулерді талдау және жалпылау;
- қорытындыларды қалыптастыру.
Кез келген міндет келесі көрсеткіштерді қамтиды:
- ақпараттық жүйемен анықталатын бастапқы шарттар;
- мәселені шешу кезіндегі мақсат – талаптар. Міндеттің шарттары мен
талаптары үнемі қарама-қайшы келеді, және оны шешу кезінде оларды бірнеше
рет салыстыруға тура келеді.
31 Өсімдіктерселекциясындақолданылатыннегізгіәдістердітүсіндіріңіз.