5. Биология ғылымының салаларын айтып беріңіз. Негізгі арасында биология бағыттары



бет13/18
Дата25.01.2023
өлшемі1,8 Mb.
#62744
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
калган ответ биозн

25 Ғылыми фактілер туралы түсінікті өз сөзіңізбен жазыңыз.
Ғылыми факт – заттар мен процестердің объективті қасиеттерін көрсететін ғылыми білімнің элементі. Ғылыми факт – тақырыпты зерттеу, қорытындыны бекіту үшін қолданылатын оқиға, құбылыс. Ғылыми фактілерге сүйене отырып, құбылыстардың қасиеттері мен заңдылықтары анықталады, теориялар мен заңдар шығарылады. Ғылыми фактілер объективтілігімен, сенімділігімен, нақтылығымен сипатталады. Ғылыми фактіні пайдаланғанда оның жаңалығының маңызы зор. Ғылыми фактінің маңыздылығына байланысты зерттеуші оған сыни баға береді, оның объективтілігін, сенімділігін ашады. Сенімділік оның бастапқы көздері негізінде анықталады. Егер ғылыми фактінің сенімділігі анықталмаса, оны біріншіден, ғылыми деп атауға болмайды, екіншіден, диссертация болып табылатын ғылыми жұмыста қолдануға болмайды. Мемлекеттік ұйымдардың атынан жарияланған ресми басылымда дұрыстығына күмән тудырмайтын материалдар бар. Сонымен қатар, зерттеушілер тіпті ресми басылымдардан алынған фактілерді қайта тексере отырып, дұрыс әрекет етеді. Ғылыми фактілердің сенімді көздеріне монографиялар мен басқа да ғылыми еңбектер жатады, оларда ғылыми фактінің бастапқы көзі ұсынылуы керек, оның сенімділігі дәлелденген. Монографияда дереккөзге сілтемесіз келтірілген фактіні кейін оның сенімділігін анықтамай және растамай ғылыми факті ретінде пайдалануға болмайды.
24 ғылым деген не
Ғылым дегеніміз – табиғат туралы білім және оны арнайы әдістер арқылы зерттеу. Ғылымның басты міндеті – тек қана нақты айғаққа негізделген. Ол сол арқылы белгілі бір болжамды не растайды, немесе жоққа шығарады. Ғылыми –зерттеу жұмыстарын зерттеу реті: зерттеу обьектісін таңлау, оның өзекті проблемасын агықтау, зерттеу әдісін меңгеру, эксперимент өткізу. Ғылымда дәстүрлі екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағытта техникалық зерттеулер және технология шығару, екіншісі – табиғат пен қоғамды дамуын зерттеу. Техникалық зерттеулер мен технология шығару нәтижесінде шаруашылыққа қажетті өнім шығаратын, жаңа технологиямен жабдықталған завод пен фабрикалар салынады. Мысалға: автомашина, телевизор, компютьер. Технологияға: цифрлық, плазмалық телевизор; электромобильдер; монокомпютерлер. Бұл бағыттардың екеуі де мәдениеттің бет-бейнесін тарихи анықтай алады. Әрине, біздің техникалық өркениеттің дамуы кезеңінде жаратылыстануды абсолютті түрде қарастыру тенденциясы байқалып отырғандығы ақиқат. Бұл тарихи фактыны жаратылыстанудың мәдениет шеңберіндегі орны мен маңызын анықтауы мен түсіндіруге тырысуы деп қабылдауымыз керекаратылыстану мәдени құндылық ретінде қарастырылады. Сондай-ақ ол міндетті түрде екінші бір концепцияға қарама-қарсы қойылуы керек, мысалға гуманитарлық мәдениетте: физика – лирика дегеніміз секілді. Осыған байланысты жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттің арақатынасы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Бірінші пікірді жақтаушылардың көзқарастары бойынша: гуманитарлық ғылымдар үшін тек қана жаратылыстану мен оның нақты зерттеу әдістері үлгі болуы керек дейді. Осы пікірді ең қызу жақтаушы позитивистер үшін математикалық физика басқа ғылымдар үшін идеальды болуы керек, ал кез келген ғылыми танымның әдісі – математиканың аксиомалық-дедуктивті әдісі деп санайды. Антипозитивисттік бағытты ұстанушы, яғни тарих, психология, социология, т.б. гуманитарлық ғылым салаларының ғылымдары бұндай көзқарас гуманитарлық зерттеудің ерекшеліктері мен күрделілігін толыққанды ескермейді, сол себепті бұл көзқарас утопиялық және нәтижесіз деген ойда. Жалпылай айтсақ, ғылым – жүйелі түрде теоретикалық білімді дүниеге келтіретін адамның әрекеттерінің бір түрі болып табылады. Сонымен қатар ғылым қоғамның аса маңызды өндіргіш күштерінің бірі бола отырып, ғылым адамның өзін-өзі тану процесінің түрі болып табылады. Жалпы білім берудің, яғни жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рациональды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар: а) дәл анықталған фактілер; ә) жинақтаушы заңдылықтар; б) заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар; в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі. Ғылымның сенімді негізі – нақты фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл ғылымның эмпириктік, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпирикалық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет