5. Биологиялық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз. Биологиялық қауіпсіздік


Қауіпті зиянды өндіріс факторларын тізіп, оларды сипаттаңыз



бет20/23
Дата16.05.2023
өлшемі1,54 Mb.
#93534
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
биобезопасность сессия 14топ

31.Қауіпті зиянды өндіріс факторларын тізіп, оларды сипаттаңыз.
Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа бөлінеді: биологиялық , психофизиологиялық, физикалық, химиялық.
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, электр тоғы, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б

32. ПБА (патогендік биологиялык агенттер) зертханадан тыс берілу тэртібіне койылатын негізгі талаптарды тізімденіз.
Биологиялық қорғау - патогенді биологиялық агенттерді заңсыз пайдаланудан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені (ұйымдастыру іс-шараларының, инженерліктехникалық құралдардың және оларды қорғау жөніндегі іс-қимылдардың жиынтығы), патогенді биологиялық агенттермен қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау, есепке алу және қамтамасыз ету,
олардың жоғалуын, ұрлануын, санкцияланбаған түрде қол жеткізілуін немесе олармен жұмыс жасалуын, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттерді және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерді пайдалана отырып терроризм және (немесе) диверсия актілерін болғызбау жөніндегі шаралар қабылдау.
Патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА) – адам үшін патогенді микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсийлер, хламидийлер, қарапайымдылар, грибоктар, микоплазмалар, эндо және эктопаразиттер), гендік-инженерлік түрлендірілген микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, сондай-ақ құрамында санамаланған агенттердің болуы ықтимал материал (қанды, биологиялық сұйықтықтарды және организмнің нәжістерін қоса алғанда);
ПБА-мен жұмыс істеу үшін қауіптілігі 2-сыныптағы БҚБ қолданылады.

Зертхана үй-жайларында:


1) арнайы киімсіз жұмыс жүргізілмейді;
2) желдеткіш бұзылған кезінде жұмыс жүргізілмейді;
3) реактивтерді заттаңбасыз сақтауға және қолдану жүргізілмейді;
4) улы, от-жарылыс қаупі бар заттар мен ерітінділер қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтау жүзеге асырылмайды.
Патогендігі І-ІV топтардағы микроорганизмдермен орындалатын жұмысқа байланысты қорғаныш костюмдерінің мынадай типтері пайдаланылады:
1) I тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үшкіл орамал (капюшон), обаға қарсы халат, оң қысымды респиратор-капюшон, мақта-дәке маскасы (шаңға қарсы респиратор, сүзетін немесе оттегі-оқшаулаушы газтұтқыш), көзілдірік, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
2) II тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үлкен үшкіл орамал (капюшон), обаға қарсы халат, мақта-дәке маскасы, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
3) III тип – пижама, медициналық қалпақ, үлкен үшкіл орамал, обаға қарсы халат, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, галоштар;
4) IV тип – пижама, қалпақ (кішкентай үшкіл орамал), обаға қарсы халат (хирургиялық), шұлықтар, аяқ киімдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет