5. Биологиялық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз. Биологиялық қауіпсіздік


Биологиялық қауіпсіздік дегеніміз не .Оның мағынасын сипаттаңыз



бет22/23
Дата16.05.2023
өлшемі1,54 Mb.
#93534
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
биобезопасность сессия 14топ

38.Биологиялық қауіпсіздік дегеніміз не .Оның мағынасын сипаттаңыз
Биологиялық қауіпсіздік – адамдар мен табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер беті мен топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дҥниесі мен өзге де организмдердің (бҧдан әрі-табиғи ортаның жекелеген компоненттері) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілуінің жай-күйі.
Биологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның өзектілігі қазіргі әлемде жаһандық сипатқа ие жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштарынан туындайтын қауіптермен анықталады.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII Заң қабылданды, осы заңды іске асыру сыртқы және ішкі биологиялық қатерлерді болжауға, жедел анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Биологиялық қауіптің негізгі көздері:
- жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен өршуі;
- эпизоотиялар;
- биологиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен диверсиялар;
- патогендік микроорганизмдердің табиғи резервуарлары;
- экожүйелер үшін қауіпті патогендік микроорганизмдердің, флора мен фауна өкілдерінің трансшекаралық тасымалдануы;
- биологиялық терроризм;
- биологиялық қаруды қолдану.
39. зертханалық жағдайда жануарлармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері
Микробиология зертханасында III–IV топтағы ПБА–мен жұмыс істеуге 18 жастан кем емес, медициналық, ветеринарлық, биологиялық және өзге де білімі бар, III-IV топтағы ПБА-мен қауіпсіз жұмыс істеу әдістерін игере отырып, мамандандыру курстарынан өткен адамдар жіберіледі.

Жануарлармен жұмыс істеуге микробиология зертханасында жұмыс істеу үшін биологиялық қауіпсіздік бойынша оқытудан өткен, медициналық-биологиялық зерттеулерге қатысудың тиісті тәжірибесі бар персонал жіберіледі. Биологиялық қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық жылына кемінде 1 рет өткізіледі.



Персонал жануарларды ұстау және пайдалану ережелерін сақтауға жауапты. Жануарларға қызмет көрсету персоналының жұмысын III–IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуге арнайы дайындалған ветеринар бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет