5. Биологиялық қауіпсіздік түсінігіне анықтама беріңіз. Биологиялық қауіпсіздік


Патогенді биологиялық агентпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері бойынша жабдыққа қойылатын талаптарды атаңыз



бет4/23
Дата16.05.2023
өлшемі1,54 Mb.
#93534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
14.Патогенді биологиялық агентпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері бойынша жабдыққа қойылатын талаптарды атаңыз.
Патогендік тобы I-II ПБА-мен немесе патогендігі I-II топқа жататын ПБА жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыстар жүргізілетін стационарлық зертханалардың қоршаулары күрделі болуы және типтік жобалар бойынша салынуы тиіс. ПБА-мен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар бактерицидті сәулелегіштермен жабдықталуы тиіс. Әрбір сәулелегіштің жұмыс уақытын есепке алу журналда белгілеу арқылы жүргізіледі.. Зертхана жұмысында қолданылатын аспаптар, жабдықтар және өлшеу құралдары аттестатталуы, техникалық жарамды болуы тиіс, техникалық паспорты және қауіпсіздік талаптары ескерілген пайдалану жөніндегі жұмысшы нұсқаулығы болуы тиіс.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажетті технологиялық жабдықтар: патогенді биологиялық агенттерді сақтауға арналған контейнерлер мен температурасы төмен шкафтар, сору шкафы, автоклав, термостат, су моншасы
Зертхана су құбырымен (ыстық және суық сумен), кәрізбен, электр тогымен, газбен, сығылған ауамен және вакууммен, минералдандырылған (дистилденген) сумен, шыныдан жасалған зертханалық ыдыстарды, зертханалық жабдықтар мен аспаптарды жууға арналған раковинамен жабдықталуы тиіс.
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін атаңыз.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;
1-1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру әрі іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйені жүргізу;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерді, ықтимал қауіпті биологиялық объектілерді, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттерді және олармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарды есепке алудың жүзеге асырылуын мониторингтеу;
5) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін әзірлеу;
6) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын келісу; 
7) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін әзірлеу;
8) патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
9) биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін келісу;
11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
12) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
13) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар жүргізетін биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеу;
14) биологиялық қатерлерді талдау және болжау; 
15) биологиялық қауіпсіздік саласындағы нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды келісу;
16) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету; 
17) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі туралы хабар беру;
17-1) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін бекіту;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет