16.Патогенді биологиялық объектілерді есепке алу мен сақтауға қойылатын талаптарды тізімдеңіз.
Патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар.
Биологиялық материалды сақтау төмен температураға төтеп беретін, сынбайтын, тығыздалған ыдыстарда, төмен температуралы шкафтарда немесе сұйық азот бар ыдыстарда орналастырылады.
1. Биологиялық қауіпсіздік саласында есепке алу және мониторинг биологиялық тәуекелдерді басқару элементі болып табылады және қауіпті биологиялық факторлар әсерінің теріс салдарының туындауының алдын алуға бағытталған.
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық кезеңінде:
1) мыналардың:
ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің;
патогендіктің I және II тобындағы патогенді биологиялық агенттердің;
патогендіктің І және ІІ тобындағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізу;
2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы ақпаратты жинау және талдау;
3) статистикалық, есепке алу және есептік құжаттаманы жинау және талдау;
4) аумақты, табиғи орта компоненттерін (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа), аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың таратушылары мен тасымалдаушыларын (оның ішінде олардың тіршілік әрекеті өнімдерін), заттар мен материалдарды зерттеп-қарауды жүргізу, халықтың, жануарлардың, өсімдіктердің инфекциялық және паразиттік ауруларының туындау себептері мен жағдайларын анықтау;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық ақпарат алмасу және есепке алу
6) халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ақпарат алмасу;
7) ашық дереккөздерден ақпарат жинау, қорытындылау және талдау жолымен жүзеге асырылады.
17. Биозертханаларда улгілерді (ПІБА) кабылдау мен сактауды сипаттаны ("БІктимал кауіпті химиялык жэне биологиялык заттарды пайдаланатын зертханаларга койылатын санитарлык- эпидемиологиялык талантар" N° КР ДСМ-105).
Биологиялық қорғау - патогенді биологиялық агенттерді заңсыз пайдаланудан қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені (ұйымдастыру іс-шараларының, инженерліктехникалық құралдардың және оларды қорғау жөніндегі іс-қимылдардың жиынтығы), патогенді
биологиялық агенттермен қауіпсіз жұмыс істеуді бақылау, есепке алу және қамтамасыз ету,
олардың жоғалуын, ұрлануын, санкцияланбаған түрде қол жеткізілуін немесе олармен жұмыс
жасалуын, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттерді және (немесе) ықтимал қауіпті
биологиялық объектілерді пайдалана отырып терроризм және (немесе) диверсия актілерін
болғызбау жөніндегі шаралар қабылдау
Биологиялық қауіп-патогендік биологиялық агенттердің адамдардың,
жануарлардың, өсімдіктердің денсаулығына зиян келтіру, сондай-ақ олардың табиғи
ортаның жекелеген компоненттеріне ену ықтималдығы.
патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА) – адам үшін патогенді микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсийлер, хламидийлер, қарапайымдылар, грибоктар, микоплазмалар, эндо және эктопаразиттер), гендік-инженерлік түрлендірілген микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, сондай-ақ құрамында санамаланған агенттердің болуы ықтимал материал (қанды, биологиялық сұйықтықтарды және организмнің нәжістерін қоса алғанда);
ПБА-мен жұмыс істеу үшін қауіптілігі 2-сыныптағы БҚБ қолданылады. ПБА-мен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар бактерицидті сәулелегіштермен жабдықталады
Зертханаларда нормалау құжаттарында көрсетілген зерттеулердің сапасын бақылау жүйесінің талаптары орындалады.
38. Зертхана үй-жайларында:
1) арнайы киімсіз жұмыс жүргізілмейді;
2) желдеткіш бұзылған кезінде жұмыс жүргізілмейді;
3) реактивтерді заттаңбасыз сақтауға және қолдану жүргізілмейді;
4) улы, от-жарылыс қаупі бар заттар мен ерітінділер қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтау жүзеге асырылмайды.
Патогендігі I-IV топтармен жұмыс жүргізуге арналған "жұқпалы" үй-жайларда еден жабынының жиектері көтеріледі. Траптар болған жағдайда еден еңіс болады.
22. Санитариялық-гигиеналық зертханада еден қышқылға төзімді материалмен жабылады.
23. Радиологиялық зертхананың едені, төбесі және қабырғасы жуу құралдарына төзімді, нашар сіңіретін материалмен жабылады.
24. От және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда екі шығатын есік көзделеді.
Жұмыс үстелдері тотығуға төзімді, жанбайтын материалмен қапталады, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу үшін ернеу құрылғысы болады.
25. Зертханаларды реконструкциялау және жөндеу кезінде жоғарыда көрсетілген талаптар сақталады.
Патогендігі І-ІV топтардағы микроорганизмдермен орындалатын жұмысқа байланысты қорғаныш костюмдерінің мынадай типтері пайдаланылады:
1) I тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үшкіл орамал (капюшон), обаға қарсы халат, оң қысымды респиратор-капюшон, мақта-дәке маскасы (шаңға қарсы респиратор, сүзетін немесе оттегі-оқшаулаушы газтұтқыш), көзілдірік, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
2) II тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үлкен үшкіл орамал (капюшон), обаға қарсы халат, мақта-дәке маскасы, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
3) III тип – пижама, медициналық қалпақ, үлкен үшкіл орамал, обаға қарсы халат, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, галоштар;
4) IV тип – пижама, қалпақ (кішкентай үшкіл орамал), обаға қарсы халат (хирургиялық), шұлықтар, аяқ киімдер.
57. Комбинезондар мен пижамалар алдыңғы жағынан тұмшаланып түймеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |