5 I тарау ішкі саяси дамудың Өзекті мəселелері



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата31.03.2017
өлшемі479,82 Kb.
#10673
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Əдебиеттер:

1.  Питер де Крем. Тридцать лет после Хельсинки: будущие вызовы. 

Доклад для Общего Комитета по политическим вопросам и безопас-

ности. Парламентская Ассамблея ОБСЕ. PA (05) I.1 R- Вашингтон, 

1-5 июля 2005 г.

2.  Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева 

на Саммите тысячелетия ООН (Нью-Йорк, 6 сентября 2000 г. // http://

www.mfa.kz.

3.  ОДКБ намерен создать многостороннюю вооруженную группи-

ровку в центральноазиатском регионе//www.regnum.ru.



ЕҚЫҰ жəне аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократия-

ландыру үрдістері: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-

ренцияның материалдары (Алматы қ, 28 мамыр 2009 ж.). – Алматы: 

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҒЫ 

АЯСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУЫ 

Əсел Назарбетова

Қазақстан Республикасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан ЕҚЫҰ 

төрағаларының Үштігіне ресми түрде кірісті. Үштіктің негізгі 

мақсаты – ЕҚЫҰ іс-қимылдарын үйлестіру жəне жоспарлау. Со-

нымен қатар Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету-

де, əрі қызметтегі төрағаға кеңес беретін орган ретінде Үштіктің 

маңызы зор. Бұл орган қызметіне қатысу Қазақстан үшін Мадрид-

те алған міндеттемелерін орындауға қызу кіріскендігінің айғағы, 

яғни бүгінде ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің ЕҚЫҰ-ға 

төрағалық етуі жолында дайындық жұмыстарын жауапкершілік-

пен жүргізуде. 

Бүгінде Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы 

басқа да халықаралық немесе аймақтық құрылымдармен 

салыстырғанда Еуропа құрлығында ерекше орын алатындығы 

баршаға мəлім. Ұйым қауіпсіздік, оның ішінде қару-жараққа 

бақылау, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары, қақтығыстан 

кейінгі реттеу, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздік, адам 

құқықтары, сайлауға бақылау сияқты кең ауқымды мəселелермен 

айналысады. Осыны басты назарға алатын болсақ, Қазақстан 

үшін болашақ төрағалықтың қаншалықты сын екенін түсінуге 

болады. Сонымен қатар мəселені күрделендіріп отырған бүгінгі 

таңда орын алған əлемдік экономикалық дағдарыс, оның салдары 

ретінде халықаралық ахуалдың ушығуы, энергетикалық жəне 

азық-түлік дағдарысының қаупі, халықаралық қауымдастықтағы, 

сондай-ақ, ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы қарым-қатынастар 

болашағының айқын еместігі. 

1992 жылы пост ке ңестік мемле кет  тердің  ЕҚЫҰ  мүшелігіне 

кіруі ұйымға басқаша пішін беріп, қызметінің мазмұнын 

өзгерткен болатын. Сон дық тан да ұйым қызметінің тиім ділігін 

арттыру осы заманғы та лап тарға дер кезінде үн қатуға мүмкін дік 

бе реді. Сол себепті 2007 жылы қарашада Мадридте Қазақстанның 

аймақтық қауіп сіз дік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі 

мүмкіншіліктерінің дəлелі ретінде елімізге əлемдегі қауіпсіздік 

саласындағы ең бір ірі ұйымның тізгіні берілген. Осы тұрғыдан 



120

121


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

алғанда Қазақстан ЕҚЫҰ мандатының, əсіресе, Орта лық Азияда 

та быс пен жүзеге асуына тікелей мүд делі. 

Сондай-ақ, осы беделді ұйымның еуро атлан тикалық жəне 

еуро азия лық бө ліктері деп шартты түрде ата латын елдер дің ара-

сын бірік тіріп тұратын факторларды бір лесе із деудің мүдделес 

мемле кет тер үшін өте маңыз ды екенін еске отырып, Қазақстан 

ЕҚЫҰ мандатын жүзеге асы руға, соның ішінде Орталық 

Азия аймағында қарастырылған міндеттерді ше шу ге  барын ша 

атсалысуға міндеттеме алған болатын.

Орталық Азияның қандай аймақ екені бүгінде əлемдік 

қауымдастыққа белгілі. Жердің асты мен үстіндегі байлықтары 

мол Орталық Азия əлем елдерінің аса қызығушылығын 

тудырып отырған аймақ, сонымен қатар шешімін таппай 

отырған ішкі қайшылықтары да жетерлік. Осынау алып 

аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, игілігін игеру 

үшін де төрағалықтың жөні бөлек, яғни бұл үлкен жа-

уапкершілік болып табылады. Осы орайда Қазақстанның 

төрағалығы қауіпсіз, тұрақты жəне салиқалы Орталық Азия-

ны қалыптастырудың маңызды факторы болмақ. Оған тек 

аймақтағы елдер ғана емес, барлық халықаралық қауымдастық 

мүдделі екені сөзсіз.

Тағы бір айта кететін жəйт, Қазақстанның төрағалық етуінен 

тек біздің еліміз бен аймақ елдері ғана емес, Ұйымға мүше ел-

дер де бірқатар табысқа жетуі мүмкін. Біріншіден, бұл ЕҚЫҰ-

ның Еуропа шекарасынан асып, таралу аумағының ұлғаюына 

жол ашады. Екіншіден, ЕҚЫҰ күннен күнге энергетикалық, 

өндірістік, жалпы алғанда, экономикалық қуаты артып келе 

жатқан Орта лық Азия елдеріндегі плацдармын нығайтады. 

Үшіншіден, бұл – ЕҚЫҰ-ның нығаюы, ұйым қызметі тиім ді-

лігінің артуына септігін тигізеді. 

Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ шеңберінде қарастырылып отырған 

негізгі мəселелер – жаңартылған күн тəртібі мен ескісін жандан-

дыру, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің базалық мəселелері мен 

ынтымақтастықты ұлғайту мəселелерін барынша сəтті шеше алу. 

Осы орайда Қазақстан Ұйым ұстанымдарын салыстырып, келісу-

ге, ұжымдық шешімдер қабылдауға көмектесе отырып, үнқатысу 

алаңында пайдалы, əрі маңызды рөл ойнауын жалғастыра беруі 

ықтимал. Біздің ортақ міндетіміз – Ұйымды күн өткен сайын 

өсіп келе жатқан қауіп-қатерлердің алдында мықты, əрі тиімді 

күш қылу. 

Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындауға, ЕҚЫҰ-

ның басты қағидаларын жү зеге асыруға, аймақтық қауіпсіздікті 

қамтамасыз  етуге  еліміздің  іс-тə жі рибесі  же тетіндігінің  айғағы 

ретінде өткен жылы Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның Парламенттік 

Ассамблеясының ХVІІ сессиясында Елбасы Нұр сұл тан  Назар-

баев: «Біздің еліміз ядролық қарусыздануға жəне таратпауға, 

халықарлық лаң кестік пен, діни экстремизммен, есірткі саудасы-

мен жəне басқа осы заманғы қатерлермен күреске бағытталған 

кең халықарлық ынтымақтастықтың белсенді қа тысушысы болып 

отыр» деген болатын [1]. 

Сондай-ақ, тəуелсіздіктің алғашқы жылдары ядролық 

қарусыздануға бет бұру арқылы Қазақстан  бейбітшілік пен 

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаншалық дайын екенін іс 

жүзінде дəлелдеді. Бұл үдеріске ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің 

бірқатары тартылды, яғни мұндай бірегей тəжірибе Батыс 

елдерінің үнемі қаперінде.

Қазақстан аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге 

барынша ат салысып отырған Орталық Азия аумағындағы 

ең ірі мұсылман елі, Ауғанстанның қалпына қайта келуіне 

үлес қосып, Батыстың халықаралық лаңкестікпен күресінде 

əріп тес болып жүрген, Батыс пен Ислам əлемінің арасында 

дəнекер боларлық мемлекет. Сенат спикері Қ. Тоқаевтың 

Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа 

əзірлігі барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламент-

тік Ассамблеясының арнайы сессиясында атап өткеніндей, 

«əлемдегі төртінші ядролық арсеналдан ерікті бас тартқан 

Қазақстан аймақтағы қауіпсіздіктің қашан да белсенді 

жақтаушысы ретінде Орталық Азиядағы жəне ЕҚЫҰ-

ның барлық кеңістігіндегі тұрақтылықты қолдау саясатын 

жалғастырады». Сондай-ақ, қазақстандық спикер аймақтық 

қауіпсіздікке, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі 

құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, 

адам саудасына қарсы күрес сияқты мақсаттарды Ұйымға 

мүше-мемлекеттердің барлығы да еш күмəнсіз қолдайтынына 

тоқталды. Қазақстан осы қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін 

барлық күш-жігерін жұмсайтын болады [2].


122

123


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

Қазақстан үшін, Орталық Азия елдері үшін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-

ның барлық қауымдастығы үшін халықаралық лаңкестікпен жəне 

діни экстремизммен күрес айрықша басымдылық. Ауғанстанмен 

көршілік Орталық Азия аймағын қауіпсіздіктің қазіргі заманғы 

қауіп-қатерлеріне қарсы тұрған ЕҚЫҰ-ның форпостына айнал-

дырды. Орталық Азия əлемдік саясаттың тысқары аймағы болу-

дан қалған, яғни аймақтағы кез келген оқиға тұтас еуразиялық  

кеңістіктегі жағдайға тікелей əсер етеді. Сондықтан, ЕҚЫҰ 

еуроатлантикалық кеңістіктің ғана емес, Орталық Азияның да 

тынысы мен тамыр қағысын сезінуі тиіс. Олай болмаған күнде 

қалыптасқан бос кеңістік аймақтағы аумалы-төкпелі тұрақтылық 

жағдайында басқа бір арам пиғылды сыртқы күштердің 

ықпалында қалуы мүмкін.

Алдына қойған міндеттерінің қатарында Қазақстан ЕҚЫҰ 

төрағасы ретінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз 

ету,  төзімділік пен кемсітпеушілікті нығайту, халықаралық 

лаңкестікке қарсы тұру секілді мəселелерге ден қояды. 

Қазақстанның сыртқы істер министрі М. Тəжиннің пікірі бойын-

ша,  «Қазақстанның төрағалық етуі арқасында ЕҚЫҰ батыстың 

Азияда болып жатқан үрдістер туралы хабардарлығын жəне 

оларға деген қызығушылығын арттыруға, осы аймақтың ел-

дерімен анағұрлым тығыз серіктестік қатынастар орнатуға жəне 

Ауғанстан шекарасында едəуір айқындықты қамтамасыз етуге 

керемет мүмкіндікті иемденеді» [3]. 

Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы беделін 

жаңғырту үшін жүйелі жұмыс керек. Бұл алдағы Төрағалықтың 

ғана емес, бүгінгі күннің де күн тəртібінде тұрған басымдық 

болуы тиіс.  Қазақстан ЕҚЫҰ қауымдастығын осы мəселеге мəн 

беріп қарауға шақырады. Сондай-ақ, əскери-саяси қауіпсіздікті 

сақтау, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздік, адам 

құқығын қорғау жəне демократияландыру мəселелері аймақ 

елдері үшін өзекті болып табылады. 

Қазіргі кезеңде Орталық Азия аймағының барлық мем-

лекеттері халықаралық қауіпсіздіктің əділетті жəне тиімді 

архитектурасының қалыптасуына мүдделі. Осы орайда өзгеру 

үстіндегі халықаралық қатынастарда тиімді саяси алаң бола 

алатын халықаралық ұйымдарға зəрулік арта түседі, яғни біздің 

аймақ үшін осындай қажетті ұйым ЕҚЫҰ болуы мүмкін. Бұл 

тұрғыдан қарастырғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы 

өз кезегінде аймақтық қауіпсіздік жүйесінің сапалы өзгеруіне 

ықпал етеді. Дəлірек айтсақ, əлемдік қоғамдастықтың, сондай-ақ, 

ұйымға мүше мемлекеттердің Қазақстандағы, жалпы Орталық 

Азия аймағындағы маңызды жəне өзекті мəселелерге назарын 

аударады. 

Аймақ пен ұйым арасындағы өзара ықпалдастық Қазақстанның 

жалпыеуропалық құрылымдарға қатысуы арқылы Еуро-

па мемлекеттерінің аймақтағы əлеуметтік, экономикалық 

жəне экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға ЕҚЫҰ-

ның жобалық қызметі арқылы донорлық көмек көрсетуіне 

бағытталады. Осы орайда төраға ретіндегі Қазақстанның басты 

міндеттерінің бірі – Орталық Азия аймағына жалпыəлемдік, 

демократиялық стандарттар мен құндылықтарды енгізуге ықпал 

жасау. 


Жалпы алғанда, өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына 

қарамастан, Орталық Азия мемлекеттері қалыптасты. Аймақ 

елдерінің біріне ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мүмкіндігін беру сая-

си элитаға күшті ынталандыру, əрі аймақтағы мемлекеттердің 

əрі қарайғы дамуына жəне саяси-экономикалық жүйесінің 

ашықтығын қамтамасыз етуге жігер берері даусыз. Сонымен бір-

ге Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі біздің Орталық Азия 

аймағындағы экономикалық жəне саяси үрдістерге қалай əсер 

етуімізбен де байланысты. Көршілес мемлекеттер Қазақстанның 

беделді ұйымға төрағалығын бүкіл Орталық Азияның, ТМД-

ның жетістігі ретінде қарастырады, себебі біздің еліміз кеңестік 

дəуірден келген, түркі əлеміндегі жəне көпшілік бөлігі дəстүрлі 

ислам мəдениетінің аумағына кіретін тұңғыш мемлекет. 

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің 

осы аймаққа əсері жөнінде айтатын болсақ, біріншіден, ЕҚЫҰ-

ның институттарын Орталық Азия жағдайында пайдалануға 

болады. Бұл – теңдесі жоқ, орасан зор басқарушылық, мəдени, 

құрылымдық тəжірибе, оның үстіне ұйымның өте күрделі 

қайшылықтарды реттеудегі тəжірибесі отыз жылдан асады. 

Бүгінгі күні əлемнің əр бөлігі арасындағы мəміле алаңы болатын 

ұйымның құрылымдық тəжірибесін іске жарату өте маңызды. 

Екіншіден, ЕҚЫҰ – қаржылай демеу көрсетудің өте қолайлы 

арнасы, мейлінше ыңғайлы құралы, себебі ЕҚЫҰ-ның өз 



124

125


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІІІ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы

қаражаты бар жəне мұның сыртында – ЕҚЫҰ-ның тиімді 

тетіктері  арқылы басқа экономикалық ұйымдармен жұмыс жа-

сап, ресурстық база тарту ісіне ден қоюға болады. 



Үшіншіден, ЕҚЫҰ – ымыралық шешімдер қабылдайтын 

орын, мұндай ретте оларды ішкі жағдайға бейімдеу мен жүзеге 

асыру тетігі де қарастырылған. ЕҚЫҰ-да таза ымыра негізінде 

қабылданған шешім кейіннен жүзеге асырылады. 

Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының 

əскери-саяси өлшемдегі мүмкіндіктеріне тоқтала кетсек, соңғы 

екі онжылдықтағы Шығыс Еуропа мен посткеңестік мемлекет-

тердегі қарама-қайшылықтарды реттеуде жəне тиімді шешуде 

ұйым əлеуеті жеткілікті екені дəлелденген болатын. Сондай-ақ, 

лаңкестік, радикалдық əрекеттер мен көзқарастарды насихаттауға 

қарсы тосқауыл қою мəселесі, есірткі тасымалы, радикалды экс-

тремистік топтар, адам саудасы, жасырын көші-қон процестері-

мен күресте əр мемлекет жалғыз емес, ұйым құрылымдарының 

қызметін үйлестіріп, қуатты ақпараттық базаларды жасаумен 

ғана шешуге болады. 

Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық барысында үлкен 

жетiстiктерге қол жеткiздi. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Орталық Аз ия-

дағы экономикалық жағдайға қатысты, аймақтақтың нарықтық 

экономикаға өтуiне қатысты, экономикалық реформалар жүргiзу, 

адам құқықтарын қор ғау, аймақтық қауiпсiздiк салаларында 

бiрқатар семинарлар өткiздi. 

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы аясында Орталық 

Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту мүмкіндігі қаншалықты 

дəрежеде болатындығына болжам жасау əрине күрделі сұрақ. 

Алайда, Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық 

ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің 

кеңесінде ҚР СІМ Марат Тəжин баяндама жасап, онда «Біздер 

ұйымның орын ды лығы мен оның қазіргі жағдайға бейім делу 

мүм кіншілігін анықтап алуымыз керек. Қазіргі күн тəртібінде 

ЕҚЫҰ бір тұ тас қауіпсіздік қағидаларын қамтамасыз ете тін 

құрал бола ала ма, əлде ғаламдық қауіпсіздік жүйесінде статист 

рөлін ғана атқара ма деген мəселе. ЕҚЫҰ-ның соғыстан кейін-

гі Ауғанстанды қалпына келтіру сияқты мəселелерде ШЫҰ 

жəне ҰҚШҰ сынды аймақтық құрылымдармен серіктестікті 

нығайтуы қажет деп есеп тейміз» – деген болатын. Дəл осын-

дай қиын кезеңде елі міздің ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұс тауы, өзіне 

зор міндеттемелер алуы мемле ке ті міз ге  асқан  жауапкер шілік 

жүктеп отыр. Осы жолда барлық мемлекеттік құрылымдар 

тиісті дəрежесінде өз үлестерін саналы түрде мемлекет мүддесі 

үшін қосқан жағдайда, бұл жауапкершілікті абыроймен атқара 

алатынымызға күмəн тумайды. 

Əдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік 

Ассамблеясының жыл сайынғы 17-ші сессиясының ашылуында сөйлеген 

сөзі. // www.akorda.kz

2.  Венада Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалыққа əзірлігі 

барысын таныстыруға арналған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 

арнайы сессиясы өтті.//www.minplan.kz

3.  ҚР Сыртқы істер министрі М.Тəжиннің «Хабар» агенттігінің «Жеті 

күн» бағдарламасына берген сұхбаты. //www. mfa.kz.

ЕҚЫҰ жəне аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократия-

ландыру үрдістері: халықаралық ғылыми-тəжірибелік конфе-

ренцияның материалдары (Алматы қ, 28 мамыр 2009 ж.). – Алматы: 

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2009. 


126

127


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

IV ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК 

ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРҚЫНЫ

Əдемі Ерасылова

Қазақстанның əлемдік 50 көшбасшы мемлекеттер қатарына 

ену жолындағы шешетін негізгі стратегиялық мəселелерінің 

бірі – ол өз халқының даму деңгейін əлемнің алдыңғы қатарлы 

мемлекеттер деңгейіне жеткізу мəселесі болып отыр. Республика 

Президенті өзінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның 

əлемнің бəсекелестікке барынша қабілетті 50 ел қатарына ену 

стратегиясы» атты Жолдауында адам потенциалын дамыту, 

оның ішінде халықтың «əлеуметтік осал» топтарын қорғау мен 

денсаулық сақтау, оқу-білім, жұмыс ресурстарын дамыту жəне 

де əлеуметтік қамтамасыз етуді нарықтық экономикаға қатысты 

бейімдеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап 

көрсеткен. 

Бұл бағыттың таңдалып алыуына мемлекеттердің өзінің ұлттық 

бəсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық үрдістерді 

дамытумен қатар, адам ресурстарын дамыту саясатының 

сапалылығын да жоғарғы дəрежеге көтеруі себеп болған. Жан 

басына есептегендегі ішкі жалпы өнім көрсеткіші, сауаттылық 

пен адам өмірінің ұзақтығы секілді адамзат дамуының негізгі 

көрсеткіштерін жоғарғы деңгейге көтеру бəсекеге қабілетті 

экономиканың негізгі белгілері болып отыр.

Адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерінің рейтингтік 

жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы күн санап жоғарылап келе 

жатыр. Қазіргі уақытта адамзат дамуын зерттейтін БҰҰ-ның 

өркендеу бағдарламасының (БҰҰӨБ) əлемдік баяндамасында 

Қазақстан дүниежүзінің 177 мемлекеттің ішінде 73 орында тұр.

Бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД елдері арасында Ресейден 

кейінгі екінші орынды иемденіп отырмыз. Сонымен қатар, 

БҰҰӨБ болжамы бойынша Қазақстан 2010 жылға қарай адам-

зат дамуы бұдан да жоғары деңгейдегі Исландия, Норвегия, 

Австралия, Канада, Ирландия секілді мемлекеттердің қатарына 

көтерілетіні белгілі болған.

Қазақстан мемлекетінің қазіргі таңдағы негізгі саяси 

ұстандарының бірі – республиканың əрбір азаматы үшін өмір 

сүру деңгейінің жоғарғы сапалық үлгісін қамтамасыз ету екендігі 

ел Президентінің 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында баса 

айтылды. Аталынған құжатта қазақстандықтардың əлеуметтік 

жағдайы мен қоғамның барлық таптары мен əлеуметтік 

топтарының əл-ауқаты əрқашанда мемлекеттік саясаттың не-

гізгі жоспары ретінде қаралатындығы баяндалған. Қазақстан өз 

алдына адамзат өркендеуінің европалық деңгейіне жету секілді 

кеудемсоқ мақсат қойып отыр. Бұл жағдайда əр қазақстандыққа 

жаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 13 мың долларды құрап, 

жоғарғы сапалы жəне қол жетімді денсаулық сақтау жүйесі да-

мыту ман қатар жалпыға бірдей сапалы білім беру қалыптасады.

Сонымен қатар,əлеуметтік жеңілдіктер кеңінен пайдаланылып, 

ауыл мен қала арасындағы əлеуметтік алшақтылық азаяды.

Бұл мақсаттарға жетіп, оны жүзеге асыруға Қазақстанның 

барлық мүмкіндігі бар. Саралай қарар болсақ,дұрыс таңдап 

алынған экономикалық саясаттың арқасында Қазақстандағы 

əлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы 

байқалып отыр. Өткен жылғы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 

2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп жан басына шаққанда 

6600 АҚШ долларын құрады. Қазақстан экономикасының қазіргі 

жағдайын бағалай келіп, Əлемдік банк елімізді кірісі ортадан 

жоғарғы елдер қатарына қосатынын мəлімдеген.

 Осылайша, бүгінгі таңдағы экономикадағы дамудың жоғарғы 

деңгейі кейбір негізгі көрсеткіштердің жақсаруына мүмкіндік 

беріп отыр. Мысалы, жұмыспен қамтамасыз ету саласына келер 

болсақ, 2005 жылғы 7,1 миллион адамды құраған көрсеткіш 

жаңарып, ел экономикасындағы еңбекке тартылғандар саны 

7,5 милион адамға жеткен.Бұл жерде айта кететін жайт, жұмысқа 

орналасқандар арасында жаңа жұмыс орындарға орналасу 

қарқыны байқалған. Еңбек жəне халықты əлуметтік қорғау 

министрлігінің мəліметінше тек қана 2007 жылдың мамыр 

айының өзінде 18,3 мың адам немесе еңбекке тарту мекемесіне 

тіркелген азаматтардың 84,5 пайызы жұмыспен қамтамасыз 


128

129


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

етілген. Жыл басынан бері қайта ашылған орындарына 45,1 мың 

адам тартылған.

Қазіргі кезде «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасының 

іске асыуынан үлкен экономикалық жəне əлеуметтік нəтиже 

күтілуде. Бұл жерде жаңа құрылған немесе жаңартылған өндіріс 

орындары айналасында пайда болатын қызмет көрсетуші ұсақ 

жəне орта кəсіпкерлік нысандарымен қатар инфрақұрылым 

жүйесі дамып, кеңейетіндігі мəселесі айтылып отыр. Жоспар-

ланып отырылған өндірістердің ауқымын есепке алар болсақ, 

қаншалықты жаңа жұмыс орындары пайда болатынын болжау 

қиын емес. Бұл жағдайдадағы əлеуметтік нəтижені кедейшілік 

пен жұмыссыздықтың төмендеуі жəне де қазақстандықтардың 

өмір сүру деңгейінің көтерілетінінен көруге болады. 

Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткішінің 

жоғарлауы мен мемлекеттің жұмыссыздықты азайтып, еңбекке 

тарту саясаты еліміздегі кірісі төменгі күнкөріс көрсеткішінен 

төмен азаматтардың санының қысқаруына жағдай жасады.

Мысалы, 2000 жылы еліміздегі кірісі ең төменгі күнкөріс 

көрсеткішінен төмен азаматтар саны 31,8 пайызды көрсеткен 

болса, ол көрсеткіш 2008 жылдың 1 қаңтарына 13,8 пайызға 

төмендеген.

Сонымен қатар, қаржылық инфрақұрылымды дамытуға 

бағытталған саясаттың нəтижесі ретіндегі республикадағы 

қаржы кірісі көрсеткішінің ұлғаюуын қолайлы тұғырнама 

ретінде көрсетуге болады.Осылайша, қазіргі күннің өзінде 

қазақстандықтардың материалдық жағдайын жасауға мүмкіндік 

беретін экономикалық іргетас қаланған деуге болады. Мысалға 

алар болсақ, орташа кіріс 2004-2007 жылдары екі рет өсіп, 

20 714 теңгені құраса,орташа айлық еңбекақы 2004 жылмен 

салыстырғанда 80 пайызға артып, 2007 жылы 51 101 теңгені 

қамтыды. Осындай көрсеткіштер арқасында Қазақстан қазіргі 

таңда ТМД елдері арасындағы көшбасшы болып отыр.

Елдегі экономикалық қарқынды даму мемлекеттік қазынаға 

түсетін пайданың мөлшерінің көбеюуіне ықпал етсе, ол өз 

кезегінде халықты əлеуметтік жағынан қамсыздандыру жоба-

ларын іске асыруды қолға алды. Қазақстан Республикасының 

«2008 жылғы республикалық бюджет туралы» заңға сəйкес 

əлеуметтік шараларға арналған жалпы шығынның көлемі 

545 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы бөлінген қаржыдан 

17 пайызға көбейген. Осы құжатқа сүйене отырып, ең төменгі 

жалақы, зейнетақы мен төменгі күн көріс көрсеткіштерінің 

жоғарылағанын көруге болады.

Сонымен қатар елімізде ана мен бала денсаулығына деген 

қомқорлық күшейіп келеді. Мысалы,осы жыл басынан бастап 

315 мың əйел бала туылуына байланысты 34 740 теңгені құрайтын 

бірреттік жəрдемақы алды жəне де бала бір жасқа толғанша 

төленетін əр ай сайынғы жəрдемақының мөлшері де өсіп келеді. 

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен 

еңбек етуші əйелдердің жүктілігін,босануы мен бала қарау мер-

зімін міндетті түрдегі əлеуметтік сақтандыру шарасы енгізілді. 

Осымен бірге, əйелдің демалыста болғанына қарамастан оның 

зейнетақы қорына аударымдар жүріп отырады. Міне, ана мен 

бала өміріне деген дəл осындай əлеуметтік саясат еліміздегі 

демографиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда сонымен бірге қоғамның əлеуметтік төменгі тап 

өкілдеріне арнайы жəрдемақы төленуде. 2008 жылы 400 мың 

мүгедек үшін 52,7 миллиард жəне қосымша көмектер үшін 

11 миллиард тенгені құрайтын қаржы республикалық бюджеттен 

бөлінді.


Республикамызда лайықты кəрілікті əлеуметтік қамсыздандыру 

жүйесі қалыптасуда. Еліміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 

мүгедектеріне арнайы мемлекеттік жəрдемақылар тағайындалып, 

олардың емделуі мен демалуына арналған ақысыз санаторий-

курорттар еліміздің барлық аймақтарынада ашылған.

Қазіргі таңдағы экономикалық даму мен бəсекеге қабілет-

тіліктің негізі тауар өндіру емес, оны дамытатын идея екені ес-

керіліп, еліміздегі оқу-ағарту саласын дамытуға көп күш жұмсалу 

үстінде. Сондықтан да Қазақстанда соңғы кездерде жаңа сапа 

үлгісі «білім экономикасына» көп көңіл бөлінеде. Соңғы бес 

жыл ішінде еліміздегі білім саласындағы мемлекеттік салымдар 

бірнеше рет көтерілді. Сонымен бірге мектепке дейінгі тəрбие 

мəселесіне де қатысты инвестиция көлемі ұлғайып, ол 2000 жыл-

мен салыстырғанда 6 есеге артуы нəтижесінде 2007 жылы 

17,2 миллиард теңгені құрады. Мүгедектер мен жітім балаларды 

қорғау мақсатында оларды жоғарғы оқу орындарына қабылдауда 

арнайы квота белгіленді.


130

131


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Оқу-ағарту саласын дамытудың 2005-2010 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасына сəйкес жағдайы нашар 

жанұялардан шыққан балалардың 30 пайызын балабақшаларға,  

ал бес жасар балалардың 75 пайызын дайындық сыныптарына 

тарту көзделінген. Жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасының 

артуы үшін оқу-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалық 

жағдайын жақсарту, лингафондық жəне компютерлік класстар-

мен жабдықтау, нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ол 

мекемелерде қызмет ететін мұғалімдердің кəсіби деңгейін көтеру 

мəселесі де қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердегі 

«интернетизация» үрдісі де өз шарықтау жегіне жетіп,бүгінгі 

таңда Қазақстан мектептерінің 95 пайызы бұл əлемдік жүйеге 

қосылған.

Қазақстанда сонымен қатар денсаулық сақтау саласын 

дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Экономикалық дамуды 

жүзеге асыратын дені сау жұмыс күші еліміздің бəсекеге 

қабілеттілігін арттырары даусыз. Мемлекеттің бұл саланы 

дамытуға шығарған шығысы соңғы он жыл ішінде 13 есе 

көбейіп, 2007 жылы 338,5 миллиард тенгені құрады. Денсаулық 

сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2010 жылға дейінгі 

мемлекеттік бағдарламасы аясында халыққа алғашқы көмек 

көрсету мен аурулардың алдын алу принциптеріне сүйенген 

профилактикалық денсаулық сақтау жүйесіне өту көделінген. 

Осыған байланысты соңғы бес жыл ішінде алғашқы жəрдем 

беру қызметінің құрал-жабдықтар мен техникаық қамтамасыз 

етілуі үш есе өскен. Нəтижесінде осыдан он жылдай бұрын 

ешқандай медициналық көмексіз қалған ауылдық аймақтарда 

медициналық бөлімшелер ашылып, жедел жəрдем қызметі 

жұмыс істей бастады.

Республикада ауыл мен қала өмірі арасындағы алшақтықты 

азайту жолында қажырлы жұмыс жүргізілуде. 2003 жылы 

ауылдық аймақты дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған 

мемлекекттік бағдарламасы қабылданған. Қазіргі ауыл жағдайын 

бақылай отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңінде жоспарланған 

мəселелердің іске асқаны, яғни ауылдың инженерлік жəне 

əлеуметтік инфрақұрылымы қалыптасқанын көруге болады. Мем-

лекеттік шаралардың нəтижесінде ауыл тұрғындарының кірісінің 

мөлшері көтерілді. Жеке тұлғаның азық-түлікке жұмсалатын ор-

таша кірісінің өлшері 2004 жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға 

артып, 2006 жылы 9 944 теңгені құрады.

Жалпылай алғанда, біздің əлеуметтік жағдайымыздағы жеткен 

жетістіктер мемлекеттің əр қазақстандық үшін жасап отырған 

қамқорлығының жемісі. Сондықтан да, əлеуметтік саладағы 

жетістіктер еліміздің экономикалық жағдайын жақсартып, 

дамуына серпіліс берумен қатар, республикамыздың тұрақты 

даму арқылы əлемдік рейтинг жүйесіндегі орнының сапалық 

көтерілуіне мүмкіндік жасайды. 



«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №3, 2008.

132

133


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет