5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет21/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   274
Тірек сөздер
артефакт
тұрақ
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Байпақов Қ.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан 
ар хеологиясы. – Алматы, 2009.
Оқулық: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары
16-17-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
археологтар Қазақстан 
жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды 
тапты?
Сабаққа дайындық
• Сабаққа дейін 4 топқа 2 стикерден дайындап 
қойыңыз. 
• Сыныптағы барлық оқушыларға тас шапқы-
ның, найзаның тастан үшкірленген ұшы, ағаш сапқа 
бекітілген тас балта суреттері жеке-жеке желімдел-
ген кеспеқағаздар дайындап қойыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары 
Жер бетіндегі ең алғашқы адамдардың өмірі жай-
лы ақпараттың негізгі көзі – археологтардың зерттеуі. 
Адамзаттың тарихына шамамен 2,6 млн жыл болған-
дықтан, ежелгі адамдардың заттары және қанқа 
сүйектері арқылы ғана олардың тұрпаты, тұрмысы, 
кәсібі, тұтынған тағамдары, киімі туралы ақпарат 
аламыз. Археология ғылымы әлемнің түкпір-түкпірі-
нен тарихи маңыздылығы жоғары жаңалықтарды 
ашқан болатын. Ежелгі Месопатамия, Египет, темір 
дәуіріндегі Еуразия даласын мекендеген тұрғындар-
дың мәдениетіндегі ерекшеліктердің ашылуы – ар-
хеологтар еңбегінің жемісі. 
Қазақстандағы тас дәуірін зерттеу күрделі және 
кешенді жұмысты талап етеді. Бұл дәуірді зерттеудің 
өз ерекшеліктері бар. Жазу әлі болмағандықтан, қаз-
ба жұмысы нәтижесінде табылған олжаларға сүй-
еніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы ақпараттар 
аламыз. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы тас 
дәуірі тұрақтарын зерттеген археологтардың олжа-
лары көбіне тастан жасалған еңбек құралдары бо-
лып отыр. Бұл еңбек құралдарының жасалу техни-
касы мен қолданылуы да бір-бірінен ерекшеленеді. 
Археологияда көне олжалардың жасын анықтаудың 
бірнеше әдіс- тері бар. Соның бірі – геологиялық әдіс 
бойынша археологиялық олжаның жасы топырақ 
қабатына қарай есептеліп, шығарылады. Ғылымның 
дамуымен бірге артефактілердің жасын анықтау 
тәсілі дамып келеді. Көміртектік әдіс – солардың бірі. 
Осы туралы көбірек ақпаратты К.М. Байпақов пен 
Ж.Қ. Таймағамбетовтың "Қазақстан археологиясы" 
атты еңбегінен алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет