Атематика пәнін оқытуда топтық ЖҰмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру



жүктеу 46.45 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі46.45 Kb.

Таттибеков Қонысбек, ф.-м.ғ.к., доцент 

Мырзабекқызы Әлия, жоғарғы сыныпты мұғалім 

 

МАТЕМАТИКА  ПӘНІН  ОҚЫТУДА  ТОПТЫҚ  ЖҰМЫСТАРДЫ 



ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Мақсаты:  Топтық  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы  оқушылар 

арасындағы  өзара  қарым-қатынасты,  тиімді  араласу  және  проблемаларды 

шешу дағдыларын дамыту.  



Міндеті:  Оқушыны  өзін  жеке  тұлға  ретінде  тануға  жол  ашу, 

ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалау, өз идеяларын айтуға,  қорғауға 

үйрету.  

Болжамы:  Топтық  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы  оқыту  -  

оқушылардың ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметтерді алдыңғы 

игерген  білімдерімен  байланыстыратын  үдеріс  болуы  мүмкін,  оқудың 

ынтымақтастық  ортасында                        оқушыларды  танымдық,  логикалық 

тұрғыдан  дамытуы  мүмкін,  себебі  әрбір  сабақта    топтық  жұмыс  арқылы 

бірлесе әрекеттенген тиімді.  



Күтілетін  нәтиже:  оқушылар  топта  бірлесіп  жұмыс  істеу  арқылы 

шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйренеді. 

Топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады, сабаққа белсенді қатысады. Бұл 

көрсетілген  нақты  ұстаным      констурктивтік  білімнің  басты  идеяларының 

бірі.  Осы  бағытта  ұстанған  оқу  мен  үйрену  жобаларының  барлығы  да 

бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп танылады.  



Негізгі  бөлім:  Ж.  Пиаже  бұл  туралы  былай  деп  жазады:  «Адамның 

ақылы  өзін  таниды,  яғни  психологиялық  тілмен  айтқанда,  басқа  заттармен 

немесе  басқа  ақылдармен  қатынаста  ғана  болады».  Адамның  санасы  тек 

басқа  адамдармен  қарым-қатынаста  ғана  дамиды,  тек  қарым-қатынас 

әрекеттері  ғана  бізді  жаңа  түсінікке  әкеледі.  Ал,  қарым-қатыныс  дегеніміз 

басқаларға бейімделу деген сөз.  

Бастауыш  сыныптарда  математика  сабақтарында  оқушылардың  бәрі 

мысалдарды  шығаруды  белсене  орындайды.  Есепті,  логикалық  есептерді 

шешу  кезінде  көбінесе  сыныптағы  үздік  оқушылар  ғана  қатысып,  басқа 

оқушылар  белсенділік  танытқанымен,  дұрыс  шеше  алмайды.  Сыныпта 

білгенін  өз  бетінше  айтып,    түсіндіруге  келгенде  көбінесе  үндемей  тасада 

қалып қоятын балалар бар. Әсіресе ойлануды қажет ететін есептерді шешуге 

келгенде,  бір  рет  қателескеннен  кейін-ақ  ынталары  төмендеп,  ары  қарай 

басқа  балалармен  топтасып,  талқыламағандықтан,  ол  есептің  жауабын  тек 

бір-екі бала ғана таба алады.  

Педагогикалық  зерттеулерге  жүгінсек,  ойлаудың  негіздерін  бастауыш 

сынып  балаларымен  жұмыс  барысында,  қажетті  дағдыларды  дамыту 

мақсатында  ерте  кезеңнен  бастап  қалыптастыруға  болатынын,  ең  оңтайлы 

тәсілі  -  балалардың  жеке  басының  тәжірибесіндегі  дәлелдерге  мән  беріп, 

ынтымақтастық  және  топтағы  бірлескен  жұмыс  арқылы  ынталандыру 

керектігі белгілі болды.  


Мектептің  тұрғысынан біздің зерттеу жұмысымыздың маңыздылығы -  

жаңа  заманға  бейімделген,  интеллектуалды  және  рухани  бағытта  өзін-өзі 

жетілдіре  алатын,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау.  Жоғарғы  сыныптарда  

физика  және  математика  пәндері  тереңдетіліп  оқытылады.  Сондықтан 

бастауыш  сыныптарынан  бастап  ойлау  дағдысын,  пәнге  қызығушылығын 

жетілдіру маңызды мәселе екені белгілі. 

Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен 

жұмыс  соңғы  нәтежиеге  немесе  мақсатқа  жетуге  ықпал  етуге  бағытталған 

өзара  әрекеттің  құрылымы  болып  табылады.  Балалар  топтарға  бірлескен 

барлық  жағдайда  топтың  жекелеген  мүшелерінің  қабылеті  мен  іске  қосқан 

үлесі  құрметтеліп,  атап  көрсетілетін,  оқушылармен  жұмыс  істеудің  басқа 

тәсілі орын алады.  

Оқыту кезінде ескерілетін мәселелер: 

-оқытудың қалай жүретінін түсіну, оқытудың қолайлы әдістерін назарға алу; 

-ойлануға жүйелі түрде үйрету.  

Өз  кезегінде,  оқытушының  сабақ  беруіне  емес,  оқушылардың  оқу 

ептілігін дамытуға назар аударуы керектігі аса қажет. Осы мақсатта мұғалім 

оқыту  ортасын  құру  керек,  соның  арқасында  оқушылар  ақпаратты  енжар 

қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысады.   

Сабақ  барысында  оқушыларды  оқуға  ынталандыру,  олардың  көңіл-

күйлері, олардың мектептен тыс уақыттағы өмірі туралы мағлұмат керектігін  

К.Роджерстің                               «Мен» тұжырымдамасының 3 компоненті 

арқылы  жеке  тұлғамен,  оның  іс-тәжірибесімен  қарым-қатынас  жасау 

маңыздылығын түсіндік [2].  

Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, 

көбірек  білетін  жандармен  әлеуметтік  қарым-қатынас  кезінде  ойлау  және 

сөйлеу дағдыларын дамытады [2,5]

Оқушының басқаның көмегіне сүйене отырып, жасайтын қадамдары мен 

сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдылары:  

 - Көру арқылы немесе ауызша дәлелдермен алынған ақпаратпен танысу. 

-  Дәлелдерді  зерттеуді  құрайтын  немесе  болжам  мен  ұсыныстарды 

анықтау. 

- Өз ара байланысты талдау. 

- Ұқсастығын,айырмашылығын салыстыру. 

- Ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтау. 

- Дәлелдердің заңдылығын, беріктігін дәлелін бағалау. 

- Алынған білімді қолдану. 

-  Жасалған  қорытындыларды  негіздеп,  өзектілігі  мен  маңыздылығын 

анықтау. 

Оқыту  -  мұғалімдердің  оқушыларға  жасаған  сыйы  емес,  бұл 

құзыреттіліктер  білім  алу  үшін  оқушының  өзі  де  оқу  үдерісіне  белсенді 

қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін оқушы қалай 

оқу  керектігін  білулері  керек.  «Қалай  оқу  керектігін  білулері  керектігін 

үйренудің»  қозғаушы  күші  «метатану  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда, 

оқу  бар,  бірақ  сонымен  бірге  оқытуды  үйрету  бар.  Адамдар  ойлауға 


қабылетті  және  ойлау  туралы  ойлануға  да  қабылетті.  Тап  осы  сияқты 

танымдық қабылет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.  

«Метатануды»  индивид  қалай  ойлайтынын,  оқитынын  қадағалау, 

бағалау,  бақылау  қабылеті  ретінде  сипаттайды.  Бұл  үдерісте  мұғалім 

оқушыға:  білім  міндеті  қоятын  талаптарды  түсінуге,  жеке  ойлау  үдерісін 

және  олардың  жұмыс  қағидаттарын  зерттеуге,  міндеттерді  орындау 

стратегияларын  әзірлеуге  және  ойластыруға,  нақты  міндет  үшін  сәйкес 

келетін  стратегияларды  таңдауға  көмектеседі  [1,4,6].  Ойлау  дағдысы 

мынандай бөлшектерден құрылады: 

-

 



проблемаларды  анықтау  және  оларды  шешудің  шынайы  құралдарын 

айқындау; 

- тиісті ақпаратты жинау; 

- мән-мәтіндік алғышарттар мен басымдықтарды белгілеу; 

- нақтылықты, анықтық пен объективтілікті сақтай отырып, сөзді түсіну, 

пайдалану; 

-  дәлелдер  мен  дәйектерді  бағалау  мақсатында  деректерді  интерпре-

тациялау; 

-  сөйлемдер  арасындағы  логикалық  байланыстардың  болуын  (немесе 

болмауын ) белгілеу; 

- қортынды мен шолу жасау; 

- алынған қорытындылар мен щолуларды сараптау  

-  өз  ұстанымдарының  бастапқы  моделін  алынған  тәжірибенің  нәтижесі 

жүйесіне енгізу; 

-  күнделікті  шынайы  өмір  тұрғысынан  нақты  нәрсе  туралы  бара  бар 

пікір қалыптастыру. 

Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 

- тиісті ақпаратты жинауды 

- дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды 

- кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар 

- ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарау-

ды қамтиды [1,2]. 



1956  жылы  Б.Блумның  төрағалық  етуімен  білім  беру  комитеті 

әзірлеген  Блум  таксономиясы  сын  тұрғысынан  ойлауды  қарастаруға 

болатын  ойлау  дағдыларының  кеңінен  қолданылатын  иерархиялық  моделі 

болып  табылады.  Бұл  жұмыстың  мақсаты  үш  бағыт  бойынша:  танымдық, 

эмоционалдық, 

психогеомериялық 

жағынан 

оқушыларды 

оқыту 

мақсаттарының  тізімін  жасау  болатын.  Блум  таксономиясының  мақсаты  - 



оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің 

күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. 

Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік, сыни 

ойлау  тұрғысынан  қаралады.      Блум  таксономиясы  ең  төменгі  үдерістен 

жоғарыға қарай кезең – кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды: 

1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Жинақтау. 6.Бағалау.  [1,2] 



Топтық  жұмыстарды  ұйымдастыру  арқылы  оқытушы  мынандай 

мақсаттарға жетеді: 

-  үйрену  процесіне  қатысушылардың  әрқайсысы  бір-бірімен  жеке 

қарым-қатынас  орнатады; 

-  үйренушілер  туындаған  сенімсіздік  қобалжудан  арылады,  әр 

үйренушіге өзінің қабылеттері мен ерекшеліктерін ащуға жағдай жасалады.  

- сенімдік пен еркіндік атмосферасы қалыптасады. 

үйренушілер 



топ 

жұмысында 

позитивтік, 

конструктивтік, 

шығармашылдық қағидаларын ұстанады  

Сабақта  тиімді  әдіс-тәсілдерді,  жұмыс  түрлерін  қолдану  мұғалімнің 

біліктілігі  мен  әдістемелік  шеберлігіне  байланысты.  Педагогикада 

ынтымақтастық оқу тәсілдері саны жеткілікті, бірақ бірлескен оқу үдерісінің 

негізгі сипаттамалары мынандай.  

1.Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған 

дейін  меңгерген  білімдерімен  байланыстыратын  белсенді  үдеріс  болып 

табылады.  

2.  Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  жәй  есте  сақтап,  қайталау  емес, 

топ  мүшелерінің  белсенді  қатысуын,  ақпаратты  өңдеуі  мен  қорытуын  талап 

етеді. 3. Топ мүшелері әр оқушының көз-қарасымен танысудан пайда алады. 

4.  Оқу  оқушылардың  әнгімелесу  кезіндегі  әлеуметтік  ортасы 

жағдайында жетіледі.  

5. Топтық жұмыстарда олар өз идеяларын қорғауға мәжбүр болады. 

Осылайша  ынтымақтастық  оқу  жағдайында  оқушылар  құрбы-

құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға,  идеяларды  ұсынуға  және  қорғауға, 

әртүрлі  ұстанымдармен  алмасуға,  басқа  тұжырымдамаларға  күмәнмен 

қарауға және оған   белсенді қатысуға мүмкіндік алады [3].  

Осы  мақсатпен,  ынтымақтастық  және  топтағы  бірлескен  жұмыстар 

арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын  арттырып, 

топтық  жұмысты  ұйымдастыру  негізінде  сабақ  үстінде  оқушылар  арасында 

қандай  нәтежиеге  қол  жеткізуге  болатынын  анықтауға  болады? 

Оқушылардың  бір-бірінің  пікірін  тыңдау,  сыйлауға  ынтымақты  қарым-

қатынастың әсері болатынына да көз жеткізуге болады. 

Өзін  жеке  дара  тұлға  ретінде  тануға  жол  ашуға,  бір-біріне    құрметпен 

қарап,  өз  ойын  ашық,  еркін  айтып,  өзін-өзі  және  бірін-бірі  бағалап, 

мұғаліммен  емін-еркін  сөйлесіп,  достарының  ойын  тыңдай  отырып, 

қиындықты шешуге көмектесе алатыны қалыптасады. 



Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2-деңгей. Назарбаев зияткерлік мектептері 

ДББҰ, 2012 ж., 128 б. 

2.  Alexander  R.J.  Tomards  Dialogic  Teaching:  rethinking  classroom  talk 

(Диалогтік оқыту жолында: сыныпта талқылауға арналған жаңа тәсіл).  New 

York: Dialogos, 2012. 

3.  Beckman  M.  Collaborative  Learning:  Preparation  for  the  Workplace  and 

Democracy  (Бірлескен  оқу:  Жұмыс  пен  демократияға  дайындық).  College 

Teaching, 38(4), 128-133. 


4.  Bronson  M.  Self-regulation  in  early  childhood:  Nature  and  Nurture  (Ерте 

жастағы өзін-өзі басқару: табиғат және тәрбие). London: Guilford Press, 2000. 

5.  Gardner  H.  Multiple  intelligences:  New  horizons  (Зияткерлік  қырлары:  жаңа 

көкжиектер). New York, NY:Basic Books, 2006. 

6.Lave  J.  Cognition  in  Practice  (Тәжірибе  арқылы  тану).  Cambridge  University 

Press, 1988 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал