5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет15/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Глава 5 новый

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Дидактикалық зерттеудегі эксперимент бағдарламасын құрастыру қисынын негіздеңіз.


2. Дидактикалық зерттеулердің типтері мен олардың мазмұнын сипаттаңыз.
3. Болгар зерттеушісі И. Марев «Дидактиканың әдіснамалық негіздері» атты зерттеуінде жалпы әдіснамалық мәселелермен қатар қандай теориялық мәселелерді қарастырды.
4. Поляк ғалымы В. Оконь дидактикадағы қолданылатын қандай зерттеу әдістерін ұсынды?
5. Неге 1971-1991 жылдары Кеңес өкіметі кезінде білім мазмұнын құрастыру теориясының дамуын дидактикалық және әдістемелік зерттеудің классикалық үлгісін көрсетеді деп бағалайды?
5.3. Дидактикалық және әдістемелік зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі

Дидактикалық зерттеулер – педагогика ғылымы мен педагогикалық практиканы байланыстыратын тізбектің органикалық бөлігі. Дидактика-педагогика ғылымының қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға қойылатын аса жауапты міндеттерді шешу барысында үнемі дамып отыратын, білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны ұйымдастыру әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін құрылымы қалыптасқан маңызды да күрделі саласы. Дидактиканың тарихи тамырларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептегі пәндерді оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын жүйелеу, білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге қол жеткізу үшін құнды болып табылады.


Өзінің 300 жылдық даму тарихында оқытудың мәнін ашатын көптеген дидактикалық тұжырымдамалар пайда болды. Олардың бәрі де осы кезге дейін мектептерде білім беру мен тәрбиелеу тәжірибесіне үлкен ықпал етіп келді және әлі де ықпал ете береді. Дидактикалық тұжырымдаманың мәні мен мазмұнын сипаттау үшін оны жіктеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жіктеудің негізі жалпы дидактиканың зерттеу пәні болып есептелетін оқу үдерісі болып табылады. Бұл жөнінде көптеген ғалымдар өз көзқарастарын білдірді. Осыған сәйкес, дидактикалық тұжырымдама үш топқа бөлінеді: дәстүрлі, педацентристік және қазіргі заманғы дидактикалық жүйе. Әр топтың өзіндік теориясы мен белгілі бір бағыттары бар. Солардың бірі (Ч. Куписевич, П.И. Пидкасистый бойынша) дидактикалық зерттеулердің басты пәні сабақ беру үдерісі (дәстүрлі дидактикалық жүйе) және тәрбие үдерісі (педацентристік жүйе) немесе оқыту үдерісі (дидактиканың қазіргі жүйесі) болатынына тәуелділігіне байланысты жүзеге асады. Басты рөлді сабақ беру мәселесі алатын дәстүрлі жүйеге Я.А. Коменскийдің, Песталоццидің, А. Беллдің, Д. Ланкастердің, И.Ф. Гербарттың тұжырымдамалары жатады.
Оқушы іс-әрекетіне басымдық берілетін педацентристік жүйеге ХХ ғасырдың бас кезіндегі Д. Дьюи, Г. Кершенштейнер және В. Лай теориялары жатады.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйеде оқыту мен оқу өзара бірлікте. Дидактикалық тұжырымдама шеңберінде бағдарламалап оқыту, мәселелеп дамыта оқыту, гуманистік психология, когнитивтік психология, педагогикалық технология және педагогикалық ынтымақтастық т. б сияқты әртүрлі бағыттарда жұмыс істейді.
Педагогиканың даму барысында дидактика барынша үлкен дәрежеде өз алдына зерттеу пәні бар жеке педагогикалық ғылыми пән статусын иемденген пән болып табылады. Дидактиканың пәнін анықтауда теория мен практиканың бірлігі туралы таным теориясының іргелі мәні бар. Дидактика практикаға, практикалық педагогикалық әрекетке айналған, сондықтан, дидактиканың басты функциясы оқыту практикасының ғылыми тұрғыдан негізделуінде. Дидактиканың пәнін міндетті анықтауда басшылыққа алынатын екінші жалпы әдіснамалық қағида – адамның танымының белсенділігі туралы тезис. Сөйтіп, ғылыми дидактиканың әдіснамалық негізі мәнді өзгерту мен танудың теориясы мен әдісі түріндегі материалистік диалектика болып табылады. Дидактика әдіснама мәселесіне көптеген педагогтардың еңбектері арналды. Бұл еңбектерде оқыту теориясының әдіснамалық негізі таным теориясы екендігін бірдей түсіну орын алған. Дидактика практикамен тығыз байланыста дами отырып, ірі жетістіктерге жетті.
Оқыту теориясының өзіндік заңдары мен заңдылықтарын, ұстанымдарын, қағидалары мен тұжырымдамаларын анықтауға және оларды әдіснамалық тұрғыдан зерттеуге С.И. Архангельский және т. б өз еңбектерін арнады. Жалпы білім беретін мектепте оқыту теориясы құрылымдық, қолдану және одан әрі дамуы жағынан оқытудың дидактикалық әдісінен шығады және осы әдісті теория мен оқыту үдерісі тұжырымдамасының барлық байланыстары мен қатынастарында пайдаланады. Мектептегі оқыту теориясының әдіснамалық бастауы таным үдерісін қозғалыста, қайшылықтар дамуында қарастыратын таным теориясы болып табылады. Дидактика танымды күрделі қайшылықты білмеуден білуге, толық емес білуден неғұрлым толықта терең білуге, объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарды танудан олардың мәнін, заңдылықтарын, байланыстары мен қарым-қатынастарын тануға қарай жүретін үдеріс ретінде қарастырады.
Оқыту теориясының ұстанымдары, заңдары, ережелері мен тұжырымдамалары жоғары мектепте оқу үдерісі жүйесі құрауыштарының түсінік алаңын құрастыру, оны басқару, реттеу және бақылау үшін қарастырылады. Зерттеушілер дидактика заңдылықтарын неғұрлым ғылыми мәнділік тұрғыда дамытады, оқыту теориясы үшін жалпығылыми ұстанымдар мен әдістерді тарту мүмкіндіктерін іздейді. Бұл жерде С.И. Архангельскийдің жоғары мектепте оқыту теориясын жасаған ғылыми мектебінің маңызын атап өтуге болады. Ғылыми мектеп өте нақты, әдіснамалық тұрғыдан негізделген жоғарғы мектептің өзіндік оқыту теориясының заңдарында тұжырымдамаларын ашып анықтады. Осы сияқты, В.И. Загвязинский, Л.И. Гриценко оқыту мен тәрбиелеудің, педагогикалық мақсаттылықтың теориялық және практикалық мәселелерінің, мақсатқа жетуге ықпал ететін объективтік және субъективтік факторлардың есебі мен қолданылуының әдіснамалық мәселелерін зерттеп келеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің қозғаушы күшінің әдіснамалық тұжырымдамасын дамытып, қарама-қарсы жақтың табысқа жету шамасының бірлігінің, үйлесімділігін, тәсілдерінің ұстанымдарын нұсқау ретінде ұсынады.
Болгар ғалымы И. Марев өзінің «Дидактиканың әдіснамалық негіздері» монографиясында жалпы әдіснамалық мәселелермен (жалпы дидактиканың мәселелері, пәні, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы және т. б) қатар теориялық мәселелер де (оқу бағдарламаларын құрастыру, интеллектіні дамыту, оқулықтың функциялары мен құрастыру, оқытуда компьютерлендіру және т. б) қарастырады.
Дидактикалық зерттеудің типтері және олардың мақсаты мен мазмұнын 1-ші кестеден көруге болады. Дидактикалық зерттеудің пәні оқу үдерісінде, оның барысында, әдісінде, құралдары мен ұйымдастырылуында қойылған мақсатқа сай көрінетін барлық саналы дидактикалық қызмет болып табылады.
Барлық ғылыми зерттеулер оның әдістемелік негізделуінен басталады.
Ю.К. Бабанскийдің пікірі бойынша, әдіснамалық негіздеу зерттеулер тұжырымдамасынан (мәселенің тарихи-логикалық талдауы, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі – құрылымдық талдау, оның сипаттамасына біртұтас тұғыр тұрғысынан келу, педагогикалық құбылыстың даму үлгісі болып табылатын қарама-қайшылықтарды айқындау, қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстың, үдерістің және басқалардың дамуының заңдылықтарын анықтау сипаттамалары және т. б.) негізі болып табылатын туыстас ғылымдар көздеріне талдаудан тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет