5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет12/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Глава 5 новый

Зерттеудің міндеттері оның мақсатына және болжамға байланысты. Әдетте зерттеудің төрт міндеті белгіленеді:
1. Құбылысты немесе үдерісті сипаттау (зерттеудің пәні). Бұған мәселенең мәні, мүмкіндігі, ерекшелігі және пайда болу уақыты кіреді.
2. Педагогикалық қызмет жүйесіндегі құбылыстың даму жайын сипаттау (білім беру, тұтастықтың шығуы, сатылары, кезеңдері, немесе эксперименттік жұмыстың әсерімен ұжымның немесе жеке тұлғаның даму үрдісі).
3. Педагогикалық мақсатқа жетудің жолын, тәсілін және оған көмектесетін жағдайларын анықтау.
4. Оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешудегі қиындықтарды анықтау және қателіктерді жоюдың жолдары.
Салыстырмалы педагогикалық зерттеудердің жетекші идеясы – салыстырмалы педагогика бойынша зерттеу әрекетінің нақты мазмұнын, нысанын және әдістерін белгілейді, алынған мәліметтер мен фактілерді түсіндіреді.
Зерттеу әдістері – салыстырмалы педагогиканың сан алуан ғылыми мәселелерін шешу, құбылыстарын зерттеуге арналған тәсілдер мен амалдардың жиынтығы.
Теориялық деректер – салыстырмалы педагогиканың белгілі мәселесі бойынша жарияланған ғылыми, анықтамалық және статистикалық әдебиеттер. Теориялық деректерді талдау кешенді міндеттер атқарады: бұрынғы зерттеулерді сын елегінен өткізу, ғылымның қажетті қорын белгілеу және оның әлсіз, кемшіліктерін анықтау, зерттеудің бағытына, мақсатына, міндеттеріне, ғылыми болжам жасауға негіз болу, өз зерттеуінің қорытындысын анық белгілеу, автордың теориялық тұжырымдамасын басқа ғалымдардың қорытындыларымен салыстыру.
Зерттеу кезеңдері. Салыстырмалы педагогика бойынша ғылыми зерттеуді жоспарлауда және ұйымдастыруда өзара байланысты болатын негізгі үш кезең ұсынады: зерттеудің тақырыбын дәлелдеу, зерттеудің бағдарламасы, зерттеудің тәртібі.
Дәлелдеуде зерттеудің бірінші кезеңінде зерттелетін құбылыстың тақырыбы мен мәселесі анықталады, оның философиялық, әлеуметтік және психологиялық жақтары белгіленеді.
Бағдарламада дәлелдеуде көрсетілген міндеттерді шешудің нақты жолдары белгіленеді (зерттеудің бүкіл бойындағы мәселені қоюдан оның ғылыми нәтижесін практикада жүзеге асыруға дейінгі жұмыстардың түрі).
Тәртібі – ғылыми зерттеуді орындаудың технологиясы, яғни анықтау, қалыптастыру және бақылау эксперименттерін дұрыс өткізу, қабылдау, ғылыми нәтижесін білім беру практикасына қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет