Байланысты: 5 в 050117 « аза тілі мен дебиеті» маманды ына арнал ан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
УМКД
УМКД 042-16.1.32/03-2013
УМКД
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
______2013 жылғы
№ 3 басылым
5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілкті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.
Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылық -тың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз.
Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым.
Эмоциональды-экспрессивті сөздер.Адамдардың көңіл - күйі немесе белгілі бір затқа , құбылыстарға қатысты түрлі көқарасын білдіретін сөздер.
Омографтар- біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер.
Омоформалар деп сөздердің барлық формаларында емес, формалардың белгілі бір түрінде ғана бір-бірімен омонимдес болып келуін айтады.