Дәрісті қорытындылау:
1. Лексикология- тілдің лексикасын, сөздің құрамын зерттейтін ғылым .
2. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология, салыстырмалы лексикология болып бөлінеді.Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар.
3. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды.
4. Ұғым – заттың немесе құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып , топшыланған бейнесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісіне не жатады?
2. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының салалары қалай жіктеледі?
3.Сөзге қандай анықтама бересің?
4. Сөз- лексикалық бірлік, ұғым және сөз, сөз және мағына бұлардың арасында қандай байланыс бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№2 дәріс тақырыбы: Сөздің лексикалық мағынасының негізгі түрлері.
1.Сөз мағынасының түрлері және топтастырылуы.
2.Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары.
3. Сөздің негізгі мағынасы және тұрақты мағынасы.
4. Сөздің нақты және абстракты мағынасы. Сөздің контекстік мағынасы.
5. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
Сөздердің беріп тұратын негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына - сөздерді бір бірінен ажырытып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс,әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. 1950ж. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:1) тура немесе номинативті мағына 2) фразеологиялық байлаулы мағына 3) синтаксистік шартты мағына.
Сөздің негізгі мағынасы - айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіретін мағына. Сөздің тұрақты мағынасы- сөзді контекстен бөліп алып ешбір тіркессіз, өзіне арнулы негізгі мағынамен бірге тұрақты мағынасы айқындалып тұрады. Сөздің нақты және абстракты мағынасы - Бір сөзге берілген түпкі атауы – нақты мағына болса, сол сөздің жалпылама ұғымды білдіруі абстракт мағына болып табылады. Сөз мағынасы әуел баста көп болмаса да, бертін келе дамып, молайып отырған. Бір сөздің уақыт өте келе әр қолданыс сапасына қарай, әр түрлі себептермен әр заттың не құбылыстың атауы болып жұмсалуы заттың контекстік мағынасы болады. Сөздің әуел баста берілген және нақ сол зат атауын білдіретін мағынасы – тура мағына болып табылады. Ал сөздердің негізгі мағынасынан дамып,соған ұқсатыла айтылатын, сәл ауытқи қолданылатын сөз мағынасы ауыс мағына.
Достарыңызбен бөлісу: |