Дәрісті қорытындылау:
1. Даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды.
3. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады.
4. Фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық, синонимдік, антонимдік, варианттылық құбылыстар жиі кездеседі.
5. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
6. Фразеологиялық оралымдар тарихта болған кейбір жайлардың, дағдылардың негізінде пайда болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге және сөз табына қатысы қандай?
2. Белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық қандай жолмен жасалады?
3. Фразеологиялық синонимдер, фразеологиялық антонимдер дегеніміз не?
4. Фразеологиялық варианттар дегеніміз не?
5.Фразеологизмдердің шығу арналарына не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
№ 13 Дәрістің тақырыбы: Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
1. Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихы.
2. Отандық терминтанудың негізінің калана бастауына ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қосқан үлесі.
Терминтаудың қалыптасу, даму тарихы ХХ ғасырдан бастау алады.
Отандық терминтанудың негізінің калануына Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты. 20-жылдары Ахаң термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. Сөз болып отырған кезеңдегі терминологиялық лексиканың жасалуы мен қалыптасуына Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы сынды алаш зиялыларының да елеулі үлес қосқанын айту керек.
30-жылдардан бастап қазақ терминологиялық лексикасын қалыптастыру мен дамытудың жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңді «қазақ терминологиясы дамуының кеңестік дәуірі» деуге болады. Қазақ терминологиясы дамуының бұл кезеңіне тоқталғанда белгілі тілші ғалым Құдайберген Жұбанов есімін атамай өте алмаймыз. 30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды немесе терминтанудың теориялық, әдіснамалық, әдістемелік негізі жасалды, отандық терминтанудың ғылыми мектептері қалыптасты, ұлт тіліндегі термин шығармашылығы дамытылды деп айта алмаймыз.Алайда бірқатар практикалық жұмыстардың жүргізілгенін, терминологиялық сөздіктер жасалғанын айту керек.
Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев, Т.Жанұзақова, А.Әбдірахманов, Ж.Молдажаров сынды тілші ғалымдар мен Ә.Сатыбалдиев, Е.Аққошқаров сияқты сала мамандарының термин мәселелеріне арнап қалам тартқан өзге де авторлардың жекелеген ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |