5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет10/22
Дата07.09.2023
өлшемі89,29 Kb.
#106382
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
5 в 050117 « аза тілі мен дебиеті» маманды ына арнал ан

Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері.
2. Сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика.
3. Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.
4. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипатына байланысты түрлері қандай ?
2. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне қайсысы жатады ?
3. Жалпыхалықтық лексика, терминдік лексика дегеніміз не ?
4. Арнаулы лексика неше салаға бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.

9 Дәрістің тақырыбы: Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.



1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.
2. Стильаралық лексика .
3. Тұрмыстық – қарапайым лексика.
4. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды - экспрессивті лексика.
5. Варваризмдер .Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика.

Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы: көпшілік, келісім, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Кемсітіп, мұқатуды білдіретін: қортық, қатын, шүйкебас, бозөкпе, сүмелек, тажал, байқұс т.б. Алғыс-тілек мәнді: жолың болғыр, алла жар болсын т.б.


Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы - адамдардың әртүрлі тақырыпта өзара сұқбаттасуынан басқа дәріс оқыған кезде, сұхбат бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазіргі кітаби лексика – сөйлеу тілінің тұрмыстық қарапайым, лексикасынан басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін ғылыми, ресми құжат стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Экспресивті – эмоционалды лексика адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет