Дәрісті қорытындылау:
1.Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады.
2. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.
3. Варваризмдер - тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді.
4. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады?
2. Стильаралық лексика дегеніміз не?
3. Тұрмыстық – қарапайым лексикаға қайсысы жатады?
4. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды - экспрессивті сөздер.
5. Варваризмдер дегеніміз не? Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика нені қарастырады? Экспресивті – эмоционалды лексика дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 2002.3 тарау.,138-147 б.б.
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
3.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
4.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.89-98 б.б.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
№ 10 Дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
1.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.
2. Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер.
3. Архаизм сөздер және тарихи сөздер.
Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылуы мүмкін. Мұның есесіне сөздік құрамға уақыт озған сайын туынды сөздер қосылып отырады және ондағы сөздер мағыналық жақтан да дамиды. Сөздердің көнеру, қолданылудан шығып қалу үдерісінен гөрі туынды сөздердің жасалып, сөздік құрамға қосылып отыру үдерісі тілдің лексикасына өте-мөте тән үдеріс болып саналады. Тілдегі көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: aрхаизм сөздер және тарихи сөздер. Әр халықтың тұрмыс-салтына, күнкөріс тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі баскаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған сөз — архаизмдер деп аталады. Өздері белгілеген заттар не құбылыстар өмірден қолданылудан қалады да да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеленіп, активті сөздерден шығып қалады. Мұндай сөздер тарихизмдер деп аталады. Қазірде басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Неологизмдер- тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екі түрде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |